Главная страница
Навигация по странице:

  • Диагностикалық белгілер

  • Көмек мақсаты

  • Тақырып Иық дистоциясы. Таырып Бала иыыны дистоциясы


    Скачать 146.78 Kb.
    НазваниеТаырып Бала иыыны дистоциясы
    АнкорТақырып Иық дистоциясы
    Дата26.04.2022
    Размер146.78 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТақырып Иық дистоциясы.docx
    ТипДокументы
    #497797

    Тақырып: Бала иығының дистоциясы

    Иық дистоциясы дегеніміз, баспен туылып келе жатқан бала иығының, шат астында 1 минуттан ұзақ уақыт кептеліп, шықпай қалуы.

    Иық дистоциясы кезінде алдыңғы иық шат байламына, артқы иық сегізкөз мүйісіне тіреліп, баланы басынан төмен тартқан кезде де шықпай тұрып алады.

    Себептері:

    Антенаталды себептер:

    • Баланың макросомиясы (ірілігі)

    • Ананың қант диабеті

    • Анасының семіздігі

    • Күні асып туылуы

    • Ер жынысты бала

    • Әйел жамбасындағы ауытқулар (тар жамбас)

    • Алдыңғы босануда дистоцияның болуы

    Интранаталды себептер:

    - босанудың І, ІІ кезеңінің ұзаққа созылуы

    - күні асудан - толғақ шақыру

    - әлсіз толғақтан - толғақ күшейту

    - Шапшаң, тез босану

    - Кристеллер әдісін қолдану

    - Қынаптық операциялар (вакуум, қысқыш қолдану)
    УДЗ кезінде баланың кеуде айналымының бас айналымынан 16 мм, немесе иық айналымының бас айналымынан 48 мм үлкен болуы, қант диабетімен ауратын әйелде және ұрықтың ірі болуында дистоцияның даму мүмкіндігін арттырады. Кез келген акушерлік қызметкер иық дистоциясына дайын болуы керек.

    Диагностикалық белгілер:

    1. Бас туылған соң, мойынның вульвамен қысылып қалу;

    2. Бала иығы кері ішке қарай тартылып, екіаралықты төмен басуы;

    3. Басынан тартқанмен, иықтың симфизге кептеліп, шықпауы.

    Көмек мақсаты: балаға төнетін жарақат қаупін азайта отырып иықты шығару.

    Көмек:

    1. Босануды акушер - гинеколог өз басқаруына алады;

    2. Неонатолог, анестезиолог, көмекші гинеколог ассистент болуы керек;

    3. Екіаралық тіндерінен болатын қысымды азайту үшін, екіаралыққа эпизиотомия жасап, баланың шығу жолын кеңіту;.

    4. Әйелді шалқасынан жатқызып, аяқтарын тізе-жамбас буындарында толық бүгіп, тізесін кеудеге барынша қысу;

    5. Екі ассистент бүгілген аяқтарды кеудеге итере басу;

    6. Жоғарғы иықты симфиз астынан шығару үшін, басты төмен қарай ұзақ тарту;



    Осы жерде иық жүйке шоғыры зақымдануы мүмкін. Сақ болу керек!

    1. Басты төмен қарай тарта отырып, шаттан жоғары бала иығын кеудесіне қарай итере басу.

    Ескерту! Жатыр түбінен итере басуға болмайды. Себебі бұл иықтың жатырдың төменгі сегментіне қысымын арттырып, жатыр жыртылуы мүмкін.

    Егер жүргізілген шара нәтиже бермесе:

    1. Стерильді перчатка киіп, қынапқа ену;

    2. Баланың алдыңғы иығын сырт жағынан кеудесіне қарай итере басып, көлемін кішірейту үшін, тік өлшемнен қиғаш өлшемге ауыстырып, айналдыру.

    Бұған да иық шықпаса:

    1. Қынапқа екіаралық жақтан қолды енгізу;

    2. Баланың астыңғы қолын шынтақта бүгілген күйде кеудесіне қарай итеру. Бұл жоғары иықтың симфиз астынан сырғып шығуына орын босатады.

    Оған да иық шықпаса:

    1. Алдыңғы бұғана сүйегін сындыру арқылы (клейдотомия), иық өлшемін кішірейту;

    2. Содан кейін артқы қолтықтан тартып, бірінші артқы, сау иықты шығару.





    написать администратору сайта