инвестиция. Дәріс 7. Инвестиция. ТАырып Инвестициялы саясат туралы ым Инвестицияны экономикалы мазмны мен рлі Инвестиция термині латынны invest сзінен аударанда салым салу
Скачать 25.77 Kb.
|
ТАҚЫРЫП: Инвестициялық саясат туралы ұғым Инвестицияның экономикалық мазмұны мен рөлі Инвестиция термині латынның «invest» сөзінен аударғанда «салым салу» мағынасын білдіреді. Қазақстанда нарықтық қатынастарға өтумен байланысты және экономикадағы реформаларды жүргізу нәтижесінде инвестиция ұғымы пайда болды. Жоспарлы экономика кезінде негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне және оның жөнделуіне кеткен шығындар деген термин бойынша «капитал салымы» немесе «капитал жұмсалымы», яғни ұзақ мерзімде негізгі капиталға салым салу термині қолданылған. Қазіргі уақытта «инвестиция» термині әртүрлі мағынада қолданылады, солардың бірнешеуіне тоқталайық. Инвестиция – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік объектілерге салынатын заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді, интеллектуалдық құндылықтарды, ақшалай салымдарды, бағалы қағаздарды білдіреді. Инвестиция – табыс немесе пайда табу үшін ақша қаражаттарын салу, табыс немесе пайда табу үшін сатып алынған мүлік. Инвестиция – экономикалық жүйеде қызмет ететін капитал көлемінің, яғни адамдармен құрастырылған өндіріс құралдарының ұсынылған мөлшерінің ұлғаюы. Инвестиция – ол өнеркәсіптің, құрылыстың, ауылшаруашылықтың және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып жұмсалатын шығындар жиынтығы. Сонымен қатар, инвестиция – капитал салу және күрделі қаржы. Инвестиция – бұл жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да еңбек құралдарын енгізумен байланысты өндірістің ұлғаюына және жаңаруына жұмсалатын шығындар. Инвестиция – бұл шаруашылық өмірге бағытталған салымдар және капитал құнын сақтайтын немесе өсіретін, сондай-ақ табыстың өсуіне әкелетін капитал жұмсау әдісі. Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес инвестиция – лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері деп анықтама берілген. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде «инвестиция» түсінігі әртүрлі мағынада қолданылады. Кең мағынасындағы инвестиция пайда табу кезінде активтердің қолданылуын түсіндіреді. Халықаралық заңдарда инвестицияны саяси және әлем шаруашылығы аспектілері шеңберінде сипаттайды. Жалпы инвестицияны қарастырғанда, оның мазмұндық сипаттамасынан бұрын инвестицияның мақсатты бағыттарын білу керек. Осы тұрғыдан алғанда инвестиция – табыстың ең маңызды бөлігін құрайды. Себебі, ол жалпы ұлттық табысты өндіруге жұмсалады және капитал құру мен ақша капиталына қарағанда нақты капиталды ұлғайтумен байланысты өндірісті ұлғайтуға, оны кеңейтуге кеткен шығындарды көрсетеді. Инвестицияларға ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалдар, өндірістік қорлар және тағы басқалар жатады. Экономикалық қызметіне байланысты инвестицияның жалпы капиталы келесідей бөліктерге бөлінеді: ауыл шаруашылығы, орман және аң аулау шаруашылықтары, балық аулау шаруашылығы, өндіріс, сауда, автокөлік жөндеу, қонақ үй мен мейрамхана, көлік пен байланыс, қаржылық қызмет, жалға беру қызметтері, мемлекеттік басқару, білім және әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі, коммуналдық қызметтердің көрсетілуі. Нақты инвестициялар үш негізгі бағытқа бөлінеді. Жалпы капиталдың кәсіпкерлік инвестициялары, тұрғын үй құрылысының инвестициялары және қорлардың өзгеруі (тауарлыматериалды қорлардың инвестициялары). Сондай-ақ, инвестициялар таза және жалпы инвестициялар болып бөлінеді. Бұл бөліну функционалдық капиталдың айналмалылығы инвестициямен байланысты екендігін көрсетеді. Инвестицияны жүзеге асыру үшін оның белгілі формалары болады. Олар ақшалай және тауарлы, қысқа және ұзақ мерзімді, несиелік және кәсіпкерлік болып бөлінеді. Қазіргі кезде кәсіпкерлік форма Қазақстан экономикасы үшін өте қолайлы. Кәсіпкерлік капитал жеткізілімі өз кезегінде шекарадан тыс жерлерде филиалдар, еншілес компаниялар және бірлескен кәсіпорын құруға бағытталған ұзақ мерзімді шетелдік инвестициялар болып табылады. Инвестициялар экономикалық категория ретінде келесі негізгі функцияларды атқарады: өндірістік және өндірістік емес аймақтағы негізгі қорлардың жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс үдерісі; айналым капиталын қамтамасыз ету және толтыру үдерісі; капиталды бір саладан басқасына, аса тартымды, нақты және портфельдік инвестициялардың негізінде қайта құру үдерісі; басқа кәсіпорындардың акцияларын сатып алу және активтеріне қаражаттарды салу жолымен меншік иелері арасында капиталды қайта бөлу үдерісі. Қорыта айтқанда, инвестиция – бұл пайда табу мақсатында тауарларды өндіруге және қызметтерді көрсетуге бағытталатын барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың түрлерін сипаттайды. Инвестицияның жіктелінуі және түрлері Жалпы экономикалық әдебиеттерде инвестициялардың жіктелуіне бірнеше көзқарастар бар. Бөліну белгілерінің жиынтығына сәйкес инвестициялардың келесідей жіктелуін қарастырайық: Инвестицияның жіктелінуі Бағытталуы бойынша: нақты инвестициялар материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар интелектуалдық инвестициялар қаржылық инвестициялар Объектіні басқару мүмкіндігі бойынша: тікелей инвестициялар портфельдік инвестициялар басқа да инвестициялар 1-сурет. Инвестицияның жіктелінуі Нақты инвестициялар – негізгі капиталға, жөндеу жұмыстарына, айналым қаражаттары қорларына, құрал-жабдықтарды сатып алуға, жер учаскелеріне және кен орындарының қорларына салынатын салымдар. Материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар – жер учаскесін пайдалану құқықтарын сатып алу, лицензияны, тауар белгісін, патенттерді, ноу-хау және тағы басқаларды алуға кететін салымдар. Интеллектуалдық инвестициялар – жұмысшылардың кәсіби біліктілігін көтеруге және ғылыми-зерттеулер мен ғылыми-техникалық жұмыстарды жүргізуге жұмсалынатын салымдар. Қаржылық инвестициялар – бағалы қағаздарды сату мен сатып алуға жұмсалатын салымдар. Тікелей инвестициялар – нақты ұзақ мерзімді жобаға қаражат салу және нақты активтерді сатып алумен байланысты салымдар. Портфельдік инвестициялар – капиталды жобалар тобына салу, мысалы әртүрлі кәсіпорындардың бағалы қағаздарын сатып алуға кететін салымдар. Басқа да инвестициялар – басқа да әр түрлі ұйымдармен берілетін займдар. Инвестицияның типтері: 1. Салым салу саласына және ақша-қаражаттарды жұмсау бағытына қарай инвестиция үш түрге бөлінеді: қаржылық инвестициялар; материалдық емес активтерге жұмсалынатын инвестициялар; материалдық активтерге жұмсалынатын инвестициялар. Қаржылық инвестицияларға бағалы қағаздарды сатып алу шығындары, басқа да заңды тұлғаларға берілетін несиелер, кепілдіктер, сонымен қатар несиелік және банктік мекемелермен берілетін несиені ұсыну жатады. Материалдық емес активтерге жұмсалынатын инвестицияларға лицензиялар, зерттеу, барлау жұмыстары, ноу-хау, кадрларды оқытуға, даярлауға кеткен шығындар, жарнама, фирма имиджі, әлеуметтік салаға жұмсалынған шығындар, тауар белгілері, авторлық құқықтар жатады. Материалдық активтерге жұмсалынатын инвестицияларға негізгі капиталға жұмсалынған салымдар, негізгі қордың жөндеу шығындары, жер учаскелері, табиғатты пайдалану объектілері жатады. Материалдық активтерге жұмсалынатын инвестицияларды нақты инвестициялар, ал бағалы қағаздарға жұмсалынатын инвестицияларды портфельдік инвестициялар деп атайды. 2. Жүзеге асырылу мерзіміне байланысты: қысқа мерзімді инвестициялар (1 жылдан 5 жылға дейін); орта мерзімді инвестициялар (5 жылдан 20 жылға дейін); ұзақ мерзімді инвестициялар (20 жылдан жоғары). 3. Қайта өндіру үдерісіне қатысу деңгейіне байланысты: қайта инвестициялау – реинвестициялар, негізгі өндірістік қорларды жаңартуға, жөндеуге, қайта қалпына келтіруге бағытталған инвестициялар; нетто инвестициялар – өндірісті кеңейтуге арналған инвестициялар; брутто инвестициялар – қайта инвестициялау және нетто инвестициялардың жиынтығы. 4. Тәуекелдік деңгейіне байланысты: тәуекелділігі төмен инвестициялар – бағалы қағаздарға салынатын салымдарға қатысты инвестициялар; тәуекелділігі орта инвестициялар – нетто инвестициялар; тәуекелділігі жоғары – компанияның акцияларына салынатын салымдар, венчурлық инвестициялар. 5. Аймақтық сипатына байланысты: шетелдегі инвестициялау – берілген елдің мемлекеттік шекарасынан тыс орналасқан инвестициялау объектілеріне қаражаттарды салу; ішкі инвестициялау – берілген елдің аумағында орналасқан объектілерге қаражаттарды салу; аймақтық инвестициялау – мемлекеттің нақты аймағының шегінде қаражаттарды салу. Қазақстан экономикасында инвестициялардың тікелей және портфельдік жіктелінуі кең тараған. Портфельдік инвестициялар – заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын қаржы делдалдары шығарған бағалы қағаздарға салу арқылы жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарға салынатын салым есебінен инвестор өзінің қаржылық капиталын арттырады және дивиденд алады. Портфельдік инвестицияларда инвестордың басты негізгі міндеті қор нарығында бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларымен жүзеге асырылатын оңтайлы инвестициялық портфельді құру және басқару болып табылады. Сондай-ақ, портфельдік инвестициялар көбінесе қысқа мерзімді қаржылық операцияларды жүзеге асырады. Тікелей инвестициялар – инвесторға объектіні басқаруға немесе оның қызметін қадағалауға құқық береді, заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады. Инвестор тікелей инвестицияға қаражат салу нәтижесінде өзінің өндірістік капиталын арттырады, яғни тікелей инвестицияның капитал құру негізіне ие салымдар болып табылады. Экономикалық деңгейде инвестицияларды макро және микро деп екіге бөлуге болады. Макродеңгейдегі инвестициялар: өндірісті дамытуға үлес қосуға; елдің төлем қабілеттілігі сұранысын қанағаттандыруға; тозығы жеткен өндірістік қорларды жаңартуға; ірі өнеркәсіптердің мәселелерін шешуге; әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге; экономиканың болашақтағы өсіміне негіздер қалауға; тауардың қажетті мөлшерде, сәйкес сапада, ішкі сұранысын қалыптастыруға бағытталады. Микродеңгейдегі инвестициялар: негізгі өндіріс қорларын кеңейтуге, жаңасын салуға, жөндеуге, қайтадан жаңғыртуға; негізгі қорлардың моралдық, физикалық тозуын болдырмауға және өндірістің техникалық денгейін көтеруге; жаңа техника мен технологияларды енгізуге; жоғары білікті мамандарды дайындауға және кәсіпорынның басқа да мақсаттарына жетуге; қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды жүргізуге; еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін енгізуге бағытталады. Инвестицияның субъектілері мен объектілері Инвестиция түсінігі инвестициялық қызмет, инвестициялық қызметтің субъектісі және инвестициялау объектісі түсініктерімен тығыз байланысты. Инвестициялық қызметтің алғашқы кезеңі – инвестициялау объектісін таңдау болып табылады. Инвестициялау объектісі дегеніміз – инвестицияға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрі. Инвестициялау объектісіне: ақша-қаражаттар, мақсатты банктік салымдар, пайлар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар; жылжитын және жылжымайтын мүліктер; авторлық құқық, ноу-хау және тағы басқа да интеллектуалдық құндылықтар; жер учаскелері және тағы басқа да ресурстарды пайдалану құқықтары, сонымен қатар, басқа да мүліктік құқықтар мен құндылықтар жатады. Инвестициялық қызметтің субъектілеріне: жеке және заңды тұлғалар; мемлекет; шетелдік мемлекеттер; басқа да халықаралық ұйымдар жатады. Инвестициялық қызметтің субъектілері ретінде, бір жағынан, бос инвестициялық ресурстарға ие қатысушыларды (инвесторларды), екінші жағынан, инвестициялық ресурстарға қажеттілігі бар кәсіпорындарды, ұйымдарды және тағы басқаларды қарастыруға болады. Инвестициялық қызметтің үшінші жағы инвестициялық институттар мен инвестициялық ресурстардың тұтынушылары арасындағы өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін делдалдар болып табылады. Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы Инвестициялық қызмет инвестицияларды салу үдерісін сипаттайды. Ол берілген инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ынталы заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттің тәжірибелік мақсатты кешенін қамтиды. Инвестициялық қызмет экономикалық өсуге қол жеткізу мақсатын көздейді. Сонымен қатар, ғылыми-техникалық, өндірістік үдерісті қамтиды және оның кейбір мәселелеріне (мысалы, негізгі өндіріс қорларын жөндеуден өткізуге, жаңа техниканы ендіруге) әсер етеді. Сондай-ақ инвестициялық қызметке қаржы салу және арнайы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жатады. ҚР-да инвестициялық қызмет заңдармен реттеледі және бағдарламалық мақсаттық сипатқа ие болып табылады. Инвестициялық қызмет – бұл инвестицияларды салу және инвестициялау, инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік қызметтер жиынтығы. Сонымен қатар, инвестициялық қызмет инвестордың инвестициялық объектіні таңдауы және құруы, оны пайдалануы мен жоюы, қажетті қосымша салымдарды жүзеге асыруы мен сыртқы қаржыландыруды тартуы бойынша инвесторлардың қызметін түсіндіреді. ҚР-ның заңында инвестициялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік кызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған, тіркелген активтері жөніндегі қызметі деп көрсетілген. Жалпы инвестициялық қызметті құқықтық реттеудің 2 формасы бар: 1) Ұлттық құқықтық реттеу; 2) Халықаралық құқықтық реттеу. Ұлттық құқықтық реттеу формасы – бұл инветициялық қызметке байланысты және оны реттеуге бағытталған сол елдің аумағында әрекет ететін заңдылықтар мен нормативтік-құқықтық актілер кешені. ҚР-ның инвестициялар туралы заңдары ҚР-ның Конституциясына негізделеді және ҚР-ның «Инвестициялар туралы» заңы мен өзге де нормативтік-кұқықтық актілерінен тұрды. Сонымен қатар, бұл заң мемлекеттік бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асыруға, коммерциялық емес ұйымдарға – оның ішінде білім беру, қайырымдылық, ғылыми немесе діни мақсаттар үшін капитал салуға байланысты қатынастарды реттемеді. «Инвестициялар туралы» заң ҚР-дағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттеді, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындады. ҚР сында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік берді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгіледі. Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының қолданылатын саласына байланысты қатынастарға «Инвестициялар туралы» заңының ережелері ҚР-ның осындай заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылды. Егер ҚР бекіткен халықаралық шартта осы зандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылды. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі негізінде ҚРның заң актілерінде инвестициялық қызметте шектелетін немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлері мен аумақтары белгіленген. Сонымен қатар, бұл заңда инвестиция, инвестициялық қызмет, инвестор, инвестициялық преференция ұғымдарына анықтама берілген. |