Главная страница
Навигация по странице:

  • Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы

  • Тақырып

  • 10 тәуліктегі биохимиялық қан талдауы

  • Кіндік жарасының бөлінділерін және қанды егу

  • 3 тәуліктегі қан талдауы

  • тема 2 сит есептер. Таырып Нрестелерді жне ерте кезедегі баланы ауіпті белгілері. Бактериалды инфекцияны асынан трі. Менингит. Неонаталды инфекцияны алдыналу. Ситуациялы есеп 1


    Скачать 37.42 Kb.
    НазваниеТаырып Нрестелерді жне ерте кезедегі баланы ауіпті белгілері. Бактериалды инфекцияны асынан трі. Менингит. Неонаталды инфекцияны алдыналу. Ситуациялы есеп 1
    Дата15.02.2021
    Размер37.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатема 2 сит есептер.docx
    ТипДокументы
    #176442

    Тақырып: Нәрестелердің және ерте кезеңдегі баланың қауіпті белгілері. Бактериалды инфекцияның асқынған түрі. Менингит. Неонаталды инфекцияны алдын-алу.

    Ситуациялық есеп №1

    Өмірінің 3-ші тәулігіндегі жетіліп туылған қыз бала.

    Анасы 18 жаста, созылмалы тонзиллитпен ауырады, бірінші жүктілігі. Жүктілік кезеңінде созылмалы тонзиллит өршуі бірнеше рет орын алған, дене қызуы 38˚С жоғары болған. Соңғы өршуі босануға дейінгі жеті күн бұрын болған. Уақытында босанған: босанудың I кезеңі – 10 сағат, II кезеңі – 30 минут, сусыз кезең – 15 сағат. Жатырмаңы суы бұлыңғыр, иісті, қабықшалары көмескі. Туылған кездегі дене салмағы 3000 г, бойы 50 см. Апгар шкаласы бойынша 7/7 балл.

    Баланың туылғаннан кейінгі жағдайы ОЖЖ айқын тежелу симптомдарына және тыныс жетіспеушілігіне байланысты ауыр дәрежеде. Қарағанда әлсіз, енжар, ыңырсып дем алады. Нәрестенің шартсыз рефлекстері тежелген. Айқын бұлшықеттік гипотония.

    Бірінші тәулікте дене қызуы бір рет 38,3 ˚С дейін жоғарылады. Екінші тәулікте кофе қоюы тәрізді құсу пайда болды және инъекция орнынан қан кету байқалды. Үшінші тәулікте дене қызуы 39,5˚С дейін көтеріліп, терісі сұршыл тартып, соның фонында субиктериялы және акроцианоз байқалып, «мәрмәр суреті» тәрізді болып өзгерді. Беттің, бел аймағының, балтырдың жұмсақ тіндерінің ісіңкі болуы, іш терісінде петехиалды майда нүктелі қан құйылулар бар. Аускультацияда тынысы әлсіз, өкпенің артқы беткейімен көптеген крепитациялық сырылдар бар. ТЖ минутына 60 рет. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 180 рет/мин. Іші кебіңкі, пальпацияда жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры бұғана ортасы сызығымен қабырға доғасы астынан 3,5 см шығыңқы. Көкбауыры 1 см шығыңқы. Нәжісі қорытылмаған, шырышты. Диурез 0,8 мл/кг/сағ.
    Тексеру нәтижелері:

      1. 3-ші тәуліктегі қан талдау: Hb 170 г/л, эр. 4,9×10¹²/л, лейк. 25×109/л, т/я 18%, с/я 56%,

    лимф. 20%, мон. 6%, тромб. 60×109/л, ЭТЖ 2 мм/сағ.

      1. 3-ші тәуліктегі биохимиялық қан талдауы: белок 39 г/л, альбумин 27 г/л, СРБ 90 мг/л, креатинин 140 ммоль/л, мочевина 9,8 ммоль/л, глюкоза 8,6 ммоль/л, АСТ 44 Ед/л, АЛТ 48 Ед/л, жалпы билирубин 156 мкмоль/л, тікелей билирубин 7,7 мкмоль/л, прокальцитонин 19 нг/мл.

      2. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы: бронх-тамырлық суретінің күшеюі, өкпенің екі жағында да төменгі бөліктерінде ошақты- инфильтративті көлеңкелер.
    Тапсырма:

    1. Болжам диагнозын құрастырыңыз және негіздеңіз.

    2. Дифференциалды диагностика қандай аурулармен жүргізіледі?

    3. Диагнозды нақтылау үшін қажетті қосымша зерттеу әдістерін тағайындаңыз

    4. Антибиотикотерапия. Осы жағдайда қолданылатын альтернативті антибактериальды препараттар . Дәрілік заттардың дозалануы мен емдеу курсының ұзақтығы.

    5. Осы балада иммунокоррекция жасауға көрсеткіштер немесе қарсы көрсеткіштер бар ма?

    Тақырып: Нәрестелердің және ерте кезеңдегі баланың қауіпті белгілері. Бактериалды инфекцияның асқынған түрі. Менингит. Неонаталды инфекцияны алдын-алу.

    Ситуациялық есеп №2

    10 күндік шала туылған нәресте.

    Анасы 23 жаста. Созылмалы пиелонефритпен, вазомоторлы ринитпен зардап шегеді, 1 жүктілік, І триместрі вазомоторлы риниттің өршуімен, ІІІ триместрі нефропатиялық асқынумен (ісіну) өткен. Босану мерзімінен бұрын жүктіліктің 32 аптасында табиғи жолмен болды, бала жамбаспен келген. Плацента гипоплазиясы. Туылған кездегі дене массасы 1730 г, бойы 41 см. Апгар шкаласы бойынша 4/6 балл.

    Туылғаннан кейін баланың жағдайы тыныс жетіспеушілігіне және неврологиялық симптоматикасына байланысты ауыр дәрежеде. Босану бөлмесінде интубация жасалып, ӨЖЖ жасалған. Кіндік венасы арқылы инфузиялық және антибактериалдық ем жүргізу мақсатында катетеризацияланған. Жүргізіп жатқан ем барысында жағдайы жақсарып, 4 тәулікте экстубация жасалып, мұрын арқылы СРАР көшірілді. 5 тәуліктен бастап, оттегі шатырына ауыстырылып, тыныс жетіспеушілігі артқан жоқ.

    6 тәулікте қараған кезде жалпы жағдайы ауыр, оттегі маскасы арқылы тыныс алуда. Тынысы пуэрильді, ТЖ минутына 46 рет, барлық бөлімдерге бірдей таралады, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 168 рет/мин, шулар естілмейді. Іші жұмсақ, бауыры +3 см, көкбауыры +0,5 см. Кіндік жарасы аздаған серозды-іріңді бөлінділермен, айналасында әлсін байқалатын гиперемиялық валик бар. 7 тәулікте кіндік жарасынан іріңді бөлінділер көптеп бөліне бастады, гиперемия және ісіну аймағы да арта бастады. 9 тәулікте баланың жағдайы нашарлап, гипотермия байқалды, гепатоспленомегалия артып, инъекция орнынан және кіндік жарасынан қан ағу байқалды.
    Зертеу нәтижелері:

      1. Қан талдауы: Hb 192 г/л, эр. 5,3×10¹²/л, лейк. 4,2×109/л, миелоциты 4%, п/я 8%, с/я 52%, лимф. 26%, эоз. 0%, мон. 10%, тромб. 80×109/л. ЭТЖ 2 мм/сағ.

      2. 10 тәуліктегі биохимиялық қан талдауы: жалпы белок 41 г/л, альбумин 30 г/л, креатинин 70 ммоль/л, мочевина 6,8 ммоль/л, СРБ 120 мг/л, глюкоза 12,3 ммоль/л, ГГТ 150 Ед/л, ЩФ 120 Ед/л, жалпы билирубин 78 мкмоль/л, тікелей билирубин 9 мкмоль/л, АСТ 42 Ед/л, АЛТ 37 Ед/л, натрий 134 ммоль/л, калий 6,6 ммоль/л, прокальцитонин 34 нг/мл.

      3. Кіндік жарасының бөлінділерін және қанды егу нәтижесінде Staph.aureusанықталды, ванкомицин мен фузидинге сезімтал.
    Тапсырма:

    1. Болжам диагнозын құрастырыңыз және негіздеңіз

    2. Клиникалық диагнозын негіздеңіз.

    3. Қосымша зерттеу әдістерін жоспарлаңыз

    4. Осы жағдайда ванкомицинге альтернатива ретінде қандай препаратты қолдануға болады?

    5. Иммунокоррекция: көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, негізгі препараттар, курс ұзақтығы.

    Тақырып: Нәрестелердің және ерте кезеңдегі баланың қауіпті белгілері. Бактериалды инфекцияның асқынған түрі. Менингит. Неонаталды инфекцияны алдын-алу.

    Ситуациялық есеп №3

    17 күндік жетіліп туылған нәресте.

    Баланың анасы 36 жаста, соматикалық дені сау, ЖГВ-2 (ВПГ-2) тасымалдаушысы, 4 жүктілік (1 – жедел босану, қыз бала–3200 г, дені сау; 2 – м/а, 3 – 12 апталық мерзімде өздігінен болған түсік), асқынусыз өткен (анасының айтуы бойынша, себебі тіркеуге уақытында тұрмаған). Босану 39 аптада, табиғи жолмен, басымен келген. Жатырмаңы суының көп болуы. Плацентада кальцинат учаскелері бар. Туылған кездегі дене массасы 2730 г, бойы 49,5 см. Апгар шкаласы бойынша 5/7 балл.

    Туылғаннан кейінгі жалпы жағдайы ОЖЖ тежелуіне байланысты ауыр дәрежеде. Бірінші тәуліктен бастап сарғаю пайда болған. Бауыры +3,0 см, көкбауыры +0,7 қабырға асты доғасынан шығыңқы. Өмірінің бірінші тәулігінде атипиялық тырысу ұстамалары байқалып, өздігінен жойылған. Сонан соң аздап оң динамика байқалған. Салмақтық қисығы монотонды. 14 тәулікте дене қызуы 37,9˚С көтеріліп, бассүйек тігістері 0,3 мм ажыраған. Бұлшықеттік гипотония және гипорефлексия артып, құсу пайда болды, Грефе симптомы оң мәнді. 16 тәулікте жайылған клонико-тоникалық тырысу ұстамасы пайда болды, инъекция орнынан қан кету байқалды.
    Зерттеу нәтижелері:

      1. 17 тәуліктегі жұлын сұйықтығы: сұйықтық бұлыңғыр түсті, қант 2,4 ммоль/л, белок 1,8г/л, цитоз 300 (лимфоциттер 75%).
    Тапсырма:

    1. Болжам диагнозын құрастырыңыз және негіздеңіз.

    2. Диагнозды нақтылау үшін қажетті қосымша зерттеу әдістерін тағайындаңыз

    3. Дифференциалды диагностикасы.

    4. Этиотропты ем. Иммунокоррекция: көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, негізгі препараттар, курс ұзақтығы

    5. Баланы жасанды тамақтандыруға көшірген дұрыс па?

    Тақырып: Нәрестелердің және ерте кезеңдегі баланың қауіпті белгілері. Бактериалды инфекцияның асқынған түрі. Менингит. Неонаталды инфекцияны алдын-алу.

    Ситуациялық есеп №4

    3 күндік шала туылған қыз бала.

    Анасы 24 жаста. Соматикалықы дені сау, 3 жүктілігі (1 – 26 апталық мерзімде өлі туылған, 2 – 11 апталық мерзімде құрсақта шетінеген) ІІ семестрде мононуклеоз тәрізді аурумен өткен. Гестацияның 20 аптасында ЦМВИ вирусына ПТР оң мәнді болған, АД анықталмаған, ал 24 апталық кезеңде қайта тексерген кезде белсенділігі төмен IgG титрі 1:40. Босану гестацияның 35 аптасында табиғи жолмен, бала басымен келген. Жатыр маңы суының көп болуы. Туылған кезде ден массасы 2030 г, бойы 44,5см. Апгар шкаласы бойынша 6/7 балл.

    Нәрестенің туылғаннан кейінгі жағдайы жүйке-рефлекторлық қызметінің тежелуіне, бұлшықеттік гипотонияға байланысты ауыр дәрежеде. Кеудесі мен аяқ-қолдарының терісінде экхимоздар бар. Бірінші тәуліктен бастап гепатосплеомегалия анықталды. Сарғаю екінші тәулікте байқала бастады, қан құрамындағы трансаминазаның он есе артуымен бірге көрінді. 3 күні балада фокальды тырысу ұстамалары пайда болды.
    Зерттеу нәтижелері:

      1. 3 тәуліктегі қан талдауы: Hb 160 г/л, эр. 4,6×10¹²/л, лейк. 18×109/л, т/я 5%, с/я 27%, лимф. 56%, эоз. 3%, мон. 9%, тромб. 120×109/л. ЭТЖ 4 мм/сағ.
    Тапсырма:

    1. Болжам диагнозын құрастырыңыз және негіздеңіз.

    2. Диагнозды нақтылау үшін қажетті қосымша зерттеу әдістерін тағайындаңыз

    3. Иммуноферменттік анализ (ИФА) әдісі ауру этиологиясын анықтау үшін қаншалықты мәліметті болады?

    4. Нәрестелерде осы ауру кезінде таңдау препаратын атаңыз, дозалануы мен курс ұзақтығын көрсетіңіз.

    5. Осы ауру кезіндегі жақын уақыттағы және ұзақ уақытқа болжамы

    6. Тақырып: Нәрестелердің және ерте кезеңдегі баланың қауіпті белгілері. Бактериалды инфекцияның асқынған түрі. Менингит. Неонаталды инфекцияны алдын-алу.

    7. Ситуациялық есеп №5
    8. 1,5 жастағы қызға дене қызуының 39,5-ге дейін көтерілуіне және құрысуына байланысты "жедел жәрдем" реанимациялық бригадасы шақыртылды.
    9. Аурудың анамнезі: бүгін таңертең ауырып қалған. Ауру дене қызуының жоғарылауынан және мұрын жұтқыншағында орташа катаральды құбылыстардан басталды. Теріде бозғылт фонда қызғылт түсті аз тығыз папулалар пайда болды. "Балаларға үйде шұғыл көмек көрсету" дәрігері шақыртылды, ол диагноз қойды: аллергиялық бөртпесі бар ЖРВИ, ол баланы емдеуге жатқызуды ұсынды, бірақ ата-анасы бас тартты. Ауру басталғаннан 6 сағаттан кейін баланың жағдайы тез нашарлай бастады: бүкіл денеде жұлдызды бөртпелер пайда болды, балада айқын мазасыздық, тежелген, тонико-клоникалық құрысулар дамыды.
    10. "Жедел жәрдем" реанимациялық бригадасы тексергенде: баланың жағдайы аса ауыр дәрежеде , ессіз. Глазго шкаласы бойынша бағалау-6 балл. Корнеальді және жұтқыншақ рефлекстері бәсеңдеген. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне реакция жоқ. Қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз. Тонико-клоникалық құрысулар жиі байқалады. Менингеалды белгілер жоқ. Тері сұр-цианозды реңкпен, бозғылт. Дененің барлық бетінде геморрагиялық жұлдызды бөртпелер, некроз құбылыстарынсыз. Аяқ-қолы суық. Тыныс алуы беткей, үзілісті, ТАЖ минутына 56 рет. Өкпеде тынысы қатқыл, сырылдар жоқ. Жүрек шекарасы кеңеймеген. Жүрек тондары әлсіреген. Перифериялық пульс анықталмайды, орталық артерияларда тамыр соғуы жіп тәрізді, санауға келмейді. АҚ 50/20 мм сын. бағ, іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған. Соңғы 6 сағат ішінде бала кіші дәретке шықпаған.

    11. ЭКГ: синусты тахикардия, ЖСЖ 200 соққы/мин.
    12. Тапсырма:
    13. 1. Диагноз қойыңыз және негіздеңіз.
    14. 2. Науқас жағдайының ауырлығын анықтайтын жетекші патологиялық синдромдар.
    15. 3. Пациенттің ауруының алдын алуға болар ма еді?
    16. 4. Шұғыл көмектің тактикасы мен алгоритмі.
    17. 5. Тасымалдау деңгейі.
    18. 6. Стационар жағдайында одан әрі жүргізу және тексеру тактикасы.


    Тақырып: Нәрестелердің және ерте кезеңдегі баланың қауіпті белгілері. Бактериалды инфекцияның асқынған түрі. Менингит. Неонаталды инфекцияны алдын-алу.

    Ситуациялық есеп №6

    Бала 5 жаста, балабақшада жедел ауырған. Сағат 13-те дене қызуы 40°С дейін жоғарылаған. Бас ауруы пайда болған, 3 рет құсқан. Жедел жәрдем дәрігері мынадай диагноз қойды: Тұмау. Бұлшықетке литикалық қоспаны енгізді. Дегенмен жағдайы жақсармаған соң бала госпитализацияланды.

    Эпидемиялық анамнезі: үйінде және балабақшада барлығының дені сау.

    Қарағанда: жағдайы өте ауыр. Бала бозарған, есі бар, қайталамалы құсу байқалған. Сан терісі мен ішінің төменгі бөлімдерінде геморрагиялық бөртпе элементтері бар. Жөтел жоқ. Аңқасы аздап қызарған, жабындылар жоқ. Өкпесінде тынысы қатаң, сырыл жоқ. ЖСЖ 140 рет/мин. Жүрек тондары аздап тұйықталған. Бауыр +1,5 қабырға доғасынан шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланбайды. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі айқын, Кернинг симптомы екі жағынан да оң мәнді, қызыл дермографизм.
    Тапсырма:

    1. Болжам диагнозын қойыңыз және негіздеңіз.

    2. Қандай лабораториялық зерттеулер диагнозды нақтылай алады?

    3. Дифференциалды диагностикасы.

    4. Осы ауру емінің негізгі бағыттары: препараттар, дозасы, ем ұзақтығы.

    5. Болжамы мен диспансерлік бақылау.


    написать администратору сайта