Главная страница
Навигация по странице:

  • Анықтамасы Теміртапшылықты анемия

  • Хаттама коды

  • 2012 жылғы статистика бойынша ҚР гемотологиялық аурулар кездесу жиілігі

  • Орташа эритроциттік көлемге (ОЭК) байланысты ажыратады

  • Эритроциттердегі Hb құрамы бойынша

  • Ауырлық дəрежесі бойынша

  • Диагностикалық критерийлері

  • Иснструменталдық зерттеулер

  • Мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер

  • Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі Ауруханаға дейінгі кезең

  • Лабораторлық зерттеулер

  • Дəрі-дəрмексіз ем

  • Теміртапшылық анемияның негізгі себептері болып табылады

  • Теміртапшылық анемияның негізгі себептері Профлактика

  • Таырып Темір тапшылыты анемия Орындаан асымхан. А. Т тобы528


    Скачать 254.28 Kb.
    НазваниеТаырып Темір тапшылыты анемия Орындаан асымхан. А. Т тобы528
    Дата15.02.2023
    Размер254.28 Kb.
    Формат файлаpptx
    Имя файла305136.pptx
    ТипДокументы
    #938652

    Тақырып:Темір тапшылықты анемия

    Орындаған: Қасымхан . А.Т

    Тобы-528


    «Астана медицина университеті »КеАҚ

    Зерттеу мақсаты:


    Теміртапшылықты анемия клиниклық хаттамаға сәйкес емдеу және диагностика стандарттарын айту

    Қан аурулары


    Гематологиядағы жиі кездесетін аурулар:
    Агранулоцитоз
    Анемия
    Гемосидероз
    Гемофилия
    Гемохроматоз
    Лейкоздар


    Анықтамасы
    Теміртапшылықты анемия – қан сарысуында, сүйек кемігінде, деподағы темірдің төмендеуі, осының нəтижесінде гемоглобин, əрі қарай эритроциттер түзілуінің бұзылыстары салдарынан тіндердегі трофикалық бұзылстармен мінезделетін ауру.
    Хаттама коды: H-Т-030 "Теміртапшылықты анемия"
    Терапевтикалық саладағы стационарлар үшін АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): D50 Теміртапшылықты анемия
    Қосылған: анемия:
    - Гипохромды;
    - Сидеропениялық.
    D50.0 Қан жоғалу салдарынан екіншілік теміртапшылықты анемия (созылмалы)
    Болмайды:
    - Ұрықтан қан кету салдарынан туа біткен анемия (P61.3);
    - Жіті постгеморрагиялық анемия (D62).
    D50.1 Сидеропениялық дисфагия
    D50.8 Өзге теміртапшылықты анемиялар
    D50.9 Анықталмаған теміртапшылықты анемия

    2012 жылғы статистика бойынша ҚР гемотологиялық аурулар кездесу жиілігі


    Жіктемесі:  
    М.П. Кончаловский жіктемесі бойынша: - постгеморрагиялық анемияны; - қан түзілу бұзылыстары салдарынан анемияларды (оның ішінде теміртапшылықты); - гемолитиздік анемияларды ажыратады.
    Орташа эритроциттік көлемге (ОЭК) байланысты ажыратады: - микроцитарлы (ОЭК 80 фл аз); - нормоцитарлы (ОЭК 81-94 фл аз); - макроцитарлы (ОЭК 95 фл көп).
    Эритроциттердегі Hb құрамы бойынша: - гипохромды (эритроциттердегі Hb орташа құрамы [ЭГОҚ] 27 пг аз); - нормохромды (ЭГОҚ 27-33 пг); - гиперхромды (ЭГОҚ 33 пг көп).  
    Патогенез бойынша:  - жіті; - постгеморрагиялық; - созылмалы.  
    Ауырлық дəрежесі бойынша: - жеңіл; Hb 110-90 - орташа ауыр; Hb 90-70 - ауыр дəреже. Hb 70 төмен


    Қауіп-қатерлі факторлар Қан кетулер, созылмалы энтериттер, кейбір глисттік инвазиялар, соқылмалы аурулар маңызды этиологиялық факторлар болып табылады – ТТА көп жағдайда тамақтану рационында қол жетімді биологиялық темірдің тапшылығы ең көп таралған себебі болып табылады. Əйелдерде қауіп қатарлі факторлар – көлемді етеккірлер, асқазан ішек қан кетулері, жеткіліксіз тамақтану, асқазан ішек жолдарында сіңірілудің бұзылуы, асқазан резекциясы, ісіктер, созылмалы экзогендік улану, ферменттердің тұқымқуалаушылық ақауы.


    Диагностикалық критерийлері Әйелдерде Hb<120 г/л деңгейінің төмендеуі, <130 г/л - ерлерде; бұл кезде анемия пойкилоцитоз, анизоцитоз, сарысулық темірдің төмен деңгейі жəне жалпы жоғары платентті темірбайланыстырушы қабілетімен қосарланған эритроциттердің полихромазиясымен жүретін гипохромды гиперрегенераторлы мінезде болады.
    1. Гемоглобин деңгейінің төмендеуі (110 г/л төмен).
    2. Эритроциттер деңгейінің төмендеуі (4 *109 литрге төмен).
    3. Түсті көрсеткіштің төмендеуі (0.85 төмен).
    4. Қан сарысуындағы темірдің саны (гемоглобиндік емес темір), қалыпта сағатына 12-30 мкмоль. Темірді бета-фенантронинмен қосу əдістемесімен анықталады.
    5. Сарысудың жалпы темірбайланыстырушы қабілеті: 100 мл немесе 1 л қан сарысуын байланыстыра алатын темір санымен өлшенеді, қалыпта ол 1 литрге 30 - 80 мкмоль тең.
    6. Сарысудың темірді байланыстыратын абсолюттік қабілеті, калыпта бос сидероферрин 2/3 - 3/4 құрайды.


    Шағымдар жəне анамнез: - Астеновегетативті синдром: əлсіздік, бас айналу, талмалар, жүректің қатты соғуы, ентікпе, бұлшықеттік əлсіздік; - Сидеропениялық синдром: терінің құрғақтығы мен атрофиясы, тырнақтар мен шаштыңсынғыштығы, шаштың түсуі, дəм сезудің өзгеруі, тамақпен бірге бор, тіс пастасы, саз, шикі дəн, шикі кофе, күнбағыстың тазартылмаған дəндерін пайдалануға құмарлық, иіс сезінудің өзгеруі, бензин, ацетон, əк иісіне құмарлық;
    - Неврологиялық бұзылыстар: бас ауыру, параестезиялар, қатты тағамдарды жұтудың бұзылуы, зəрді ұстай алмау.


    Физикалық тексеру: - Тері жəне шырышты қабық бозаңдығы; - Терінің құрғақтығы мен сызаттары; - Ангулярлы стоматит; - Ауыз бұрыштарындағы сызаттар;  - Тырнақтар қалыңдайды жəне дөңес болады; - Тілдің қызаруы; - Тіл емізіктерінің атрофиясы.
    Иснструменталдық зерттеулер: - Асқазан-ішек жолдары мен кеуде клеткалары ағзаларын рентгенологиялық зерттеу; - ЭФГДС; - ФКС; - Ректороманоскопия; - Гистероскопия;
    - Құрсақ қуысын УДЗ.


    Мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер: - гастроэнтеролог - асқазан-ішек жолдары ағзаларынан қан кету; - стоматолог - қызыл иектен, мұрыннан қан кету;  - онколог - қан кету себебі болып табылатын қатерлі зақымданулар; - нефролог - бүйрек ауруларын алып тастау; - фтизиатр - туберкулез кезіндегі қан кетулер;  - пульмонолог - бронх-өкпе жүйесінің аурулары кезінде қан жоғалту; - гинеколог - жыныс ағзаларынан қан кету, гиперполименорея, жиі жүктілік; - эндокринолог - қалқанша без функциясының төмендеуі, диабеттік нефропатияның болуы.  


    Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі  
    Ауруханаға дейінгі кезең:
    1. Қанның жалпы анализі.
    2. Зəрдің жалпы анализі.
    3. АЛТ, АСТ анықтаумен қанның биохимиялық анализі, жалпы ақуыз, билирубин, қанның қант, ферритин анализдері.
    4. Глисттердің жұмыртқасына нəжіс.
    5. Тиреотроптық гормон деңгейі.
    6. ЭКГ.
    7. ЭХОКГ.
    8. Кеуде клеткалары ағзаларының рентгенографиясы.  


    Стационарлық кезеңде:
    1. Қанның жалпы анализі.
    2. Ретикулоциты.
    3. Тромбоциты.
    4. Эритроциттер морфологиясы.
    5. Зəрдің жалпы анализі*.
    6. АЛТ, АСТ анықтаумен қанның биохимиялық анализі, жалпы ақуыз, билирубин, қанның қант, ферритин, сарысулық темір анализдері.
    7. ЭКГ.
    8. ЭХОКГ.
    9. Кеуде клеткалары ағзаларының рентгенографиясы.
    10. АШЖ рентгенографиясы.
    11. ЭФГДС.
    12.ФКС.
    13. Ректороманоскопия.
    14. Гистероскопия.
    15. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.
    16. Бүйрек УДЗ.
    17. Гельминттер жұмыртқасына нəжісті зерттеу.
    18. Сүйек кемігін зерттеу.


    Лабораторлық зерттеулер:
    - Эритроциттердің саны;
    - Ретикулоциттердің саны;
    - Гемоглобиннің;
    - Гематокрит;
    - Эритроциттердің орташа көлемінің (MCV);
    - Эритроциттердің көлем бойынша таралу ені (RDW);
    - Эритроциттердегі гемоглобиннің орташа құрамы (MCH);
    - Эритроциттердегі гемоглобиннің орташа мөлшері (MCHC);
    - Лейкоциттердің саны;
    - Тромбоциттердің саны;
    - Определение Ферритин, темірді байланыстыруға қабілетті, қан сарысуындағы темірді анықтау;
    - Сүйек кемігін анықтау;
    - Гельминттер жұмыртқасына нəжіс;
    - Креатинин.


    Дифференциалды диагноз Теміртапшылық анемиясы гемоглобин синтезінің бұзылыстарымен шақырылған басқа гипохромдық анемиялармен жүргізіледі. Оларға порфирин синтезінің бұзылыстарымен байланысты анемиялар (қорғасындық уланулар кезіндегі анемия, порфириндердің туа пайда болған бұзылыстары кезінде), сонымен қатар талассемия жатады. Гипохромдық анемиялардың теміртапшылық анемиялардан айырмашылығы – олар гем (сидероахрезия) түзу үшін пайдаланылмайтын, қандағы жəне деподағы темірдің жоғары құрамымен жүреді, бұл аурулар кезінде темірдің тіндік тапшылық белгілері болмайды.  
    Порфириндердің синтезі бұзылыстарымен шартталған анемияның дифференциалды белгілері болып, эритроциттердің, ретикулоциттердің базофильді пунктациясымен, сидеробласттардың көптеген сандарымен сүйек кемігіндегі күшейген эритропоэзбен гипохромды анемия болып табылады. Талассемия үшін эритроциттердің нысанатəрізді формасы мен базофильді пунктациясы, ретикулоцитоз жəне жоғарылаған гемолиз белгілері тəн.


    Емдеу тактикасы:
    1. Этиологиялық факторларды жою.
    2. Емдік тағам.
    3. Құрамында темір бар препараттармен емдеу:
    - Темір тапшылығы мен анемияны жою;
    - Темір қорын толтыру (қаныққан терапия);
    - Рецидивке қарсы терапия.
    4. Симптоматикалық терапия.    
    Дəрі-дəрмексіз ем: режим 1, 2.  
    Этиологиялық факторларды жою: темір тапшылығын жетісті жою жəне үнемі темір тапшылығына алып келетін себептерді жойғаннан кейін ғана теміртапшылық анемияны емдеу жазу мүмкін.


    Теміртапшылық анемияның негізгі себептері болып табылады:  
    -  созылмалы қан жоғалтулармен көрініс табатын, асқазан-ішек жолдарының аурулары (асқазан мен ұлтабардың ойық жаралары; асқазан мен ішек қатерлі ісігі; өңеш қатерлі ісігі; эрозивті эзофагит пен гастрит; диафрагмалды жарықтар; ішек дивертикулезі мен полипозы; өзіндік ерекшеліксіз ойық жаралы колит; Крон ауруы; геморрагиялық васкулиттің абдоминалды формасы; көтеу, тік ішек сызаты; асқазан - ішек жолдарының ангиомалары мен телеангиэктазиялары);  
    - темірді сорып алу бұзылыстарымен өтетін, асқазан-ішек жолдарының ауруы (ащы ішек айтарлықтай бөлімінің резекциясы; созылмалы энтерит, мальабсорбция синдромының дамуына алып келетін ішек амилоидозы жəне басқа аурулар; ұйқы безінің сыртқы секреторлық функциялары бұзылыстарымен созылмалы панкреатит);  
    - бауыр мен порталды жолдар аурулары (өңештің кеңейген көктамырларынан қан кетулермен Бадда-Киари синдромы; өңеш, асқазан көтеу түйіндерінен қан кетулермен асқынған, бауыр циррозы мен бауырдан тыс порталды гипертензия); - микро -  жəне макрогематуриямен асқынған бүйрек аурулары, (IgA-нефропатия немесе Бурже ауруы; алкогольдік нефропатия; геморрагиялық васкулиттің бүйректік формасы; созылмалы нефрит пен пиелонефриттің гематуриялық нұсқалары; қуық полиптері мен қатерлі ісіктері; гипернефроидты қатерлі ісік; зəртас ауруы; бүйрек туберкулезі);


    - жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары (мұрыннан қан кетулермен гипертониялық ауру; қолқаның қабатталған аневризмасы); 
    - тыныс алу ағзаларының аурулары (қан кетулермен жүретін - өкпе қатерлі ісігі, туберкулез, бронхоэктаздармен бронх аурулары);
    - қан жүйесі аурулары (қан кетулермен асқынған гемобластоздар мен гипопластиялық анемиялар, гемосидеринуриямен жəне гемоглобинуриямен Маркиафав-Микель ауруы);
    - геморрагиялық диатез (тромбоцитопениялар, гемофилия, Рандю-Ослер ауруы, коагулопатиялар, ДВС-синдромының геморрагиялық фазасы, геморрагиялық васкулит);
    - гипотиреоз;
    - уыттанумен қатар жүретін аурулар (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен бүйрек аурулары; созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен бауыр аурулары жəне т.б.);
    - анылық без функциясының бұзылыстары, фибромиома, жатыр денесі мен мойнының қатерлі ісігі, эндометриоз, босану, түсіктер, көлемді жəне ұзақ етеккір кезіндегі меноррагиялар мен метроррагиялар;
    - жүктілік пен сүттену кезеңі;
    - тағаммен бірге темірді жеткіліксіз пайдалану;
    - кез-келген орналасудағы қатерлі ісік;
    - глисттік инвазиялар;
    - өте көп қан беру (донорлық).


    Емдік тамақтану:
    Теміртапшылық анемия кезінде, науқасқа темірге бай диета көрсетілген. Тамақтан асқазан-ішек жолдарына сіңірілетін темірдің максималды саны — тəулігіне 2 г. 
    Науқасқа құрамында темір бар келесі өнімдер ұсынылады: сиыр еті, балық, бауыр, бүйрек, өкпе, жұмыртқа, қарамұмық ұнтағы, ас бұршақ, ақ саңырауқұлақ, какао, шоколад, көкөністер, бұршақ, фасоль, алма, бидайық, шабдалы, жүзім, алқоры, сельдь, гематоген. 0.75-1 л тəуліктік дозада, ал жақсы көтерген жағдайда 1.5 л дейін қымыз ішу . Алғашқы екі күнде науқасқа əр ішкенде 100 мл қымыздан артық бермейді, үшінші күннен бастап науқаса 250 мл күніне 3-4 рет қабылдайды. Дұрысы қымызды таңертеңгілік ас алдында 1 сағат бұрын жəне 1 сағат кейін, түскі жəне кешкі ас алдында 2 сағат бұрын жəне 1 сағат кейін қабылдау.
    Қарсы көрсетімдер болмаған кезде (қант диабеті, семіздік, аллергия, диарея) науқасқа бал тағайындау қажет. Бал құрамында ішекте темірдің сіңірілуін арттыруға жағдай жасайтын 40% дейін фруктоза бар. Мұнан басқа бал құрамында сіңірілу үшін аса ыңғайлы формадағы микроэлементтер бар. Ақ балдан гөрі, қара бал сұрыптарына көңіл бөлінеді, олардың құрамында темір 4 есе, мыс 2 есе, марганец 14 есе көп. Балдың тəуліктік дозасы 100 г құрайды (3-4 қабылдауға). Асқазанның секреторлық функциясының төмендеу жағдайында, бал тамақ алдында, ал жоғары қышқылдық кезінде тамаққа дейін 1.5-2 сағат алдын қабылданады.


    Дəрі-дəрмектік ем
    Темір препараттары: ішке қабылдау үшін (ferrous chloride, ferrous monohydratis, ferrous fumarate+ folic acidi, ferrous gluconate, ferrous sulfate, ferrous sulfate 320 мг + ascorbic acidi 60 мг, non appropriated) парентералды қабылдау үшін (non appropriated).
    Микроэлементтер қосылған витаминдер қоспасы: триовит, три-ви-плюс.
    Макроэлементтер қосылған витаминдер қоспасы: кальциферол, кальций карбонаты.
    Эритропоэзді стимулдейтін препараттар: эпоэтин альфа инъекция үшін ерітінді 10 000 МЕ жəне 40 000МЕ алдын ала толтырылған шприцтерде.
    Антигеморрагиялық жəне гемостатикалық заттар: менадион, фитоменадион, апротинин, аминокапрон қышқылы, этамзилат, протионамин сульфаты, терлипрессин, тахокомб, кальций хлориді, кальций глюконаты.***
    Протондық насос ингибиторлары: омепрозол, пантопразол, рабепразол, лансопразол.***
    Гистаминдік Н2- рецепторларын бөгегіштер: Фамотидин, Цимитидин, Ранитидин, Низатидин, Роксатидин.***
    Көбінесе асқазан рецепторларына əсер ететін М1- холинорецепторлардың бөгегіштері: пирензипин.***
    Асқазан мен ішек шырышты қабығына қорғаныштық əсер ететін заттар: диосмектит, сукральфат, висмут субсалицилат.***


    НР бактериоцидті əсер ететін заттар: кларитромицин.
    Ферменттік заттар: панкреатин.***
    Допаминдік рецепторлар антагонисттері: метоклопрамид.
    Нейролептиктер: левомепромазин.***
    Миотроптық спазмолитиктер: дротаверин, папаверин гидрохлориді.***
    М - холинорецепторлардың бөгегіштері: атропин.***
    Метеоризмді төмендететін заттар: симетикон.***
    Асқазан-ішек жолдарының моторикасын реттейтін препараттар: лоперамид.***
    Бактериялық биологиялық препараттар: хилак форте.***
    Өт айдағыш заттар: гимекромон.***
    Гепатопротекторлар: метионин, лецитин.***
    Қалқанша без гормондарының туындылары: натрий левотироксин.***


    Қорытынды:
    · Темір тапшылығын шақырған себептерді жою.
    · Құрамында темір көп диета (ет, бауыр жəне басқалар.).
    · Темір препараттарын ұзақ қабылдау (4-6 ай).
    · Темірдің парентералды препараттары (көрсетімдер бойынша).
    · Ауыр анемия кезінде эритроцитарлық масса құю.
    · Қауіп-қатер тобындағыларға темір препараттарын профилактикалық қабылдау
    Науқастарға теміртапшылық анемиясын емдегеннен кейін, ұзақтылығы 6 апта профилактикалық курс ұсынылады (темірдің тəуліктік дозасы — 40 мг), сонан соң жылына 6 апталық екі курс жүргізіледі немесе етеккірден соң 7-10 күн бойы күн сайын 30-40 мг темір қабылдау. Күнделікті 100 г. кем емес ет пайдалану қажет.
    Терапевтте тұрғылықты жері бойынша диспансерлік есеп. Жылына 2 рет тексеру, жалпы қан анализін зерттеу, сарысулық темір мөлшерін анықтау. Мұнымен қоса, теміртапшылық анемиясының этиологиясын ескеріп, диспансерлік бақылауды жүзеге асыру, яғни науқас теміртапшылық анемиясын шақырған ауру себебі бойынша диспансерлік есепте тұрады.


    Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
      1. Клиническое руководство по скринингу, профилактике и лечению железодефицитной анемии. Ташкент 2009.
      2. Iron deficiency anemia. EBM Guidelines. 17.04.2014.
      3. Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. “ГЭОТАР-МЕД”, 2004.
      4. Клинические рекомендации для практикующих врачей. ГЭОТАР-МЕД, 2007.
      5. Guidelines for the management of iron deficiency anaemia. Gut, 2000.v.46, p.1. Goddard A.F., Mcintyre A.S., Scott B.B.
      6. Основы клинической гематологии. Справочное пособие. Под редакцией проф. В.Г.Градченко ,2005г.

    Кері байланыс


    Теміртапшылық анемияның негізгі себептері
    Профлактика



    написать администратору сайта