Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырып

  • Уақыт

  • Сабақ мақсаты

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары

  • Тәжірибелік сабаққа дайындалуға арналған әдістемелік құрал.

  • Тыныс алу ортасының құрамы мен қасиеттері.

  • Сыртқы тыныс алу жолдары.

  • Перде ішілік өкпе ішілік қысым

  • ГАЗ АЛМАСУ ЖӘНЕ ГАЗДАР ТАСЫМАЛЫ

  • Өкпенің желдетілуі және өкпе көлемдері

  • Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу құралдары

  • Компьютерлік спирография көмегімен мынаған

  • Спирографияны жүргізудегі көрсеткіштер

  • Спирометриялық зерттеу әдісі

  • Содан соң зерттеудің келесі кезеңін жүргізуге болады

  • Соңғы кезең өкпенің максималды желдетілуін өлшеу

  • STPD

  • Эмфизематоздық

  • Бронхтың экспираторлық коллапс

  • методичка_Тәжірибе. тыныс алуды зерттеу. Таырып Тыныс алу, ас орыту жйесі практикалы саба Маманды 5В130100 Жалпы медицина


    Скачать 1.26 Mb.
    НазваниеТаырып Тыныс алу, ас орыту жйесі практикалы саба Маманды 5В130100 Жалпы медицина
    Дата27.02.2022
    Размер1.26 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файламетодичка_Тәжірибе. тыныс алуды зерттеу.doc
    ТипДокументы
    #375284





    ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

    ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ БИОСТАТИСТИКА КАФЕДРАСЫ

    Тәжірбиелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс



    Тақырып: Тыныс алу, ас қорыту жүйесі практикалық сабақ

    Мамандық: 5В130100 «Жалпы медицина»

    Курс: 2

    Құрастырушы: Бражанова А.К.

    Уақыт (ұзақтығы )

    Тақырып: Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу

    Тақырыпша: Сыртқы тыныс алу қызметін өлшеуге арналған аспаптары. Құрылысы және жұмыс жасау принципі.

    Сабақ мақсаты: Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеудегі әдістердің физикалық негізгдерін, олардың құрылымдарын білу. Алған білімді тәжірибеде қолдану.

    Оқыту талаптары:
    • Тыныс алу жүйесін зерттеуде қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар

    • Ұлпаның газ алмасу қызметі. Дем алу, дем шығарудың биофизикалық процестерін талдау.

    • Сыртқы тыныс алуды зерттеу әдістерінің негізгі физикалық сипаттамаларына анықтама беру.

    • Негізгі тыныс алу көлемдер және индекстер

    • Алған білімді адамның сыртқы тыныс алу жүйесін зерттеуде қолдану
    Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Тыныс алудың негізгі қызметтері.

    2. Тыныс алу биофизикасы. Газалмасу қызметі

    3. Тыныс алуды зерттеудің әдістемелік нұсқасы.

    4. Тыныс алуды зерттеу әдістерінің негізгі аспаптар тобы.

    5. Статикалық және динамикалы көлемдер.

    6. Өкпенің қызметтік қалпын анықтаудағы негізгі жолдар.

    Әдебиет

    1. Көшенов.Б Медициналық бифизика Алматы.Қарасай 2008 ж

    2. Б.К.Койчубеков,А.А.Айткенова,С.Букеев,Г.Г.Балмагамбетова Медициналық және биологиялық физика негіздері. Оқу құралы. ,<< Эверо>> баспaсы ,2014

    3. Антонов В. Ф. Физика и биофизика [Текст] : учебник / В. Ф. Антонов, Е. К. Козлова, А. М. Черныш. - 2-е изд., испр. и доп. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 472 с. : ил. .

    4. Ремизов А. Н. Медицинская и биологическая физика [Текст] : учеб. для вузов / А. Н. Ремизов, А. Г. Максина , А. Я. Потапенко . - 10-е изд., стереотип. - М. : Дрофа, 2011.

    5. В. Н. Федоров Медицинская и биологическая физика [Текст] : курс лекций с задачами: Учеб. пособие / В. Н. Федоров, Е. В. Фаустов. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010. - 592 с



    Тексеру:

    1. Тыныс алудың негізгі қызметі.

    2. Дем алу мен дем шығарудың биофизикасы

    3. Газалмасу. Гемоглобиннің оттегіге табиғи қатысы.

    4. Статикалық және динамикалы көлемдер.

    5. Статикалық көлемдер (өкпенің жалпы көлемі, өкпенің тіршілік сиымдылығы, өкпенің қалдық көлемі, тыныс көлемі, резервті көлем).

    6. Динамикалы көлемдер (ЖДШК1).

    7. Тіркеу және қайталану.

    8. Санитарлық өңдеу

    9. Негізгі тыныс алу индекстері.

    10. Тыныс көлемдерін зерттейтін негізгі әдістер (спирометрия, спирография және т.б.).

    11. Сыртқы тыныс алу қызметін зерттейтін әдістеме.

    12. Тыныс алу қызметін зерттеу көрсеткіштері мен кері көрсеткіштер.

    13. Обструктивті және рестриктивті өзгерістер.

    Тесттік тапсырмалар:

    1. Тыныс алу қимылдарын графикалық түрде бейнелеу арқылы өкпенің функциясын зерттеу әдісі қалай аталады?

    - спирометрия

    - спирография

    - спиртометрия

    - спиритуализм

    - графология

    2. Тыныс алу көлемдері қандай факторлардан тәуелді?

    - жыныстан, жастан, бойдан

    - өмір сүру шамасы

    - саламатты өмір

    - тек жыныстан

    - тек жастан

    3. Уақыт факторын есепке алу арқылы өкпе функциясын зерттеу әдісі?

    - пневмотахометрия

    - спирография

    - спиртометрия

    - цифрометрия

    4. Тыныштық күйде тыныс алудың орташа минуттық көлемі қаншаға тең?

    • 15 л/мин

    • 12 л/мин

    - 8 л/мин

    • 10 л/мин

    • 25 л/мин

    5. Ересек адамда дем алудың резервтік көлемі шамамен қаншаға тең?

    • 1,2-1,4 л

    • 0,8-1,4 л

    - 1,8-2,0 л

    • 1,6-1,8 л

    • 2,5-2,6 л

    Тәжірибелік сабаққа дайындалуға арналған әдістемелік құрал.

    Тыныс алу – маңызды физиологиялық қызметтердің бірі. Бұл сыртқы орта және организм арасындағы газ алмасу, яғни оттегін сіңіріп, СО2 газын шығау салдарынан қажетті энергия түзіледі. Ол сыртқы (өкпелік) тыныс алуды және газдардың қанмен тасмалдануы, ұлпалардағы газ алмасу яғни, ұлпалық немесе ішкі тыныс алу деп бөлінеді. Тыныс алу жүйесі бұл – ағзада сыртқы тыныс алуды, сондай-ақ тыныс алумен байланысты бірқатар аса маңызды қызметтерді қамтамасыз ететін органдардың жиынтығы. Сыртқы тыныс алудың негізгі қызметі, яғни жұтылатын ауадан оттегін сіңіріп, оны қанға тасымалдау, сонымен қатар ағзадан көмірқышқыл газын сырқа шығару. Сонымен қатар, тыныс алу жүйесі мынандай маңызды қызметтерге де қатысады: термореттеу, иіс сезу, дауыс қалыптастыру, жұтылған ауаны ылғалдандыру; Өкпе ұлпасы гармондар синтезіне, яғни алвеолоциттер өкпе сурфактанттарының липид және фосфолипид синтезі қызметін қамтамасыз етеді. Су-тұз алмасу, липид алмасу қызметіне қатысады.

    Тыныс алу жүйесі сыртқы орта факторлерінен механикалық және иммундық қорғанысты қамтамасыз етеді.

    Тыныс алу жүйесінің басты мүшесі өкпе болып табылады. Өкпе кеуде қуысында сүйектер мен кеуде жасушасының бұлшық еттері айналасында орналасқан. Атмосфералық ауаның өкпеге түсуін және одан шығарылуын тыныс алу жолдары деп аталатын түтікше жүйесі қамтамасыздандырады. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдары анықталған. Жоғарғы тыныс алу жолдарынан төменгіге ауысу ас қорыту және тыныс алу жүйесі көмейдің жоғарғы бөлігінде жүзеге асырылады. Жоғарғы тыныс алу жолдары жүйесі мұрын, жұтқыншақ, сондай-ақ ауыз қуысының бөліктері де жатады. Төменгі тыныс жолдары жүйесі көмей, кеңірдек, бронхы, бронхиола, альвеоладан тұрады (1 сурет).

    Римдіктердің айтуынша: тыныс алу – «әзірше тыныс аламын - үміттенемін» сөздерінің синонимі және өмірдің тапжылмас белгісі. Ал гректер атмосфераны «өмір жайылымы» деп атаған. Адам күніне шамамен 1,24кг тамақ жейді, 2л су ішеді, 9кг астам ауа жұтады (10 000 л астам).

    Тыныс алу – бұл ағзаны оттекпен қамтамасыз етіп, көміртегінің қос тотығын бөлетін процестердің жиынтығы. Тыныштық күйде ағзада 1 минут ішінде орташа есеппен 250 - 300 мл О2 сіңіріліп, 200-250мл СО2 газы шығарылады. Физикалық жұмыс кезінде ағзада оттегіге деген қажеттілік артады, соған сәйкес оттегінің максимальды жұмсалуыда (ОМЖ) жоғарғы көрсеткішке ие болады, жоғарғы жаттығушы адамдарда бұл көрсеткіш 6-7 л/мин жетеді. Тыныс алу атмосфералық ауадан О2 ағза ұлпаларына жеткізуді, ал кері бағытта атмосфераға ағзадан СО2 газын шығаруды жүзеге асырады. Жалпы тыныс алу бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

    1. Сыртқы тыныс алу – атмосфера мен альвеолалар арасындағы ауа алмасу;

    2. Өкпе капиллярларындағы қан альвеолалар арасындағы газ алмасу;

    3. Қан мен газдардың тасмалдануы – өкпеден ұлпаларға О2 – нің және ұлпалардан өкпеге СО2 газының тасмалдануы;

    4. Организмнің ұлпа жасушаларына және капиллярлық қандар арасындағы О2 мен СО2 алмасуы;

    5. Ішкі немесе ұлпалық тыныс алу – митохондрия жасушаларында биологиялық тотығу;



    1 сурет. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдары

    Тыныс алу ортасының құрамы мен қасиеттері. Адам үшін тыныс алу ортасы атмосфералық ауа болып табылады (1кесте). Құрғақ атмосфералық ауада 1 л-де 750мл азот, 210мл О2, 0,3мл СО2, 10мл инертті газдар, яғни аргон, неон, гелий, криптон, ксенон және сутегі болады.

    Кесте 1 Әртүрлі ортадағы оттегі және көмірқышқыл газының құрамы мен парциальды қысымы

    Орта

    Оттегі

    Көмірқышқыл газы

    %

    мм с. б.

    мл/л

    %

    мм с. б.

    мл/л

    Дем алу ауасы

    20,93

    159

    209,3

    0,03

    0,2

    0,3

    Дем шығару ауасы

    16,0

    121

    160,0

    4,5

    34

    45

    Альвеолярлық ауа

    14,0

    100

    140,0

    5,5

    40

    55

    Артериальды қан

    -

    100-96

    200,0

    -

    40

    560-540

    Күре тамыр (веналық) қан

    -

    40

    140-160

    -

    46

    580

    Ұлпа

    -

    10-15

    -

    -

    60

    -

    Митохондрия жанында

    -

    01-1

    -

    -

    70

    -

    Теңіз деңгейіндегі қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сынап бағанын құрайды. Дальтон заңына сәйкес бұл көрсеткіш ауа құрамына енетін барлық газдардың парциальды қысымы негізінде алынған. Атмосфералық ауада сонымен бірге су буы болады. Қоршаған ортамен салыстырғанда организмде су буының қысымы жоғары болады. Температура 22°С қалыпты климат кезінде ауадағы су буының парциальды қысымы 20 мм с.б. құрайды. Атмосфералық қысым 760 мм с.б. және адам дене температурасы 37°С кезінде өкпеде қанмен су буының парциальды қысымы 47 мм с.б. құрайды. Ағзадағы су буының қысымының жоғары екендігін ескере келе, тыныс алу кезінде ағза суды жоғалтады.

    Сыртқы тыныс алу жолдары. Сыртқы тыныс алу – кеуде жасушаларының көлемінің өзгеруімен және соған сәйкес өкпе көлемі өзгеруімен жүзеге асады. Дем алу кезінде кеуде жасушалары ұлғаяды, дем шығарғанда кішірейеді. Тыныс алу қозғалыстарына қатысатындар:

    1.Тыныс алу жолдары – құрамы жағынан созылғыш, тартылғыш және ауа ағымын құраушы болып табылады. Тыныс алу жүйесі өкпе желдетілуін және өкпе тыныс алуын (ауа өтетін жолдар, өкпе және тірек-бұлшық ет жүйесінің элементтері) қамтамасыз ететін ұлпалар мен органдардан тұрады. Ауа ағымын басқаратын ауа өтетін жолдарға: мұрын, мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, бронхы (ауа тарамдары) және бронхиолалар жатады. Өкпенің өзі бронхиолдармен альвеолярлық қапшықтардан, сондай-ақ артериялар, капиллярлар және өкпедегі қан айналу шеңберіндегі тамырлардан тұрады. Ал, тыныс алуға байланысты тірек- бұлшық ет элементтеріне қабырға, қабырға аралық бұлшық еттер, диафрагма және қосалқы тыныс бұлшық еттері жатады. Мұрын және мұрын қуысы ауа үшін жылынатын, ылғалданатын, сүзілетін каналы болып табылады.

    2. Иілгіш және созылғыш өкпе ұлпасы. Бұл тыныс органдарының респираторлық бөлімі альвеолалардан тұрады. Өкпеде әртүрлі қызмет атқаратын альвеолоциттердің (пневмоцит) үш типі бар.Альвеолоциттердің екінші өкпе сурфактантының липид және фосфолипид синтезіне қызметін қамтамасыз етеді. Ересек адамда альвеоланың жалпы көлемі 80-90м2.

    3.Кеуде жасушасы – диафрагма күмбезінің қозғалысын және қабырғаның көтерілуімен төмен түсуін қамтамасыз ететін тыныс алу бұлшық еттері мен байланыстырушы сіңірлермен біріккен, пассивті сүйек шеміршекті негізден тұрады. Өкпе ұлпасының көбісі эластикалық, яғни майысқыш болғандықтан ол едәуір созылғыш, иілгіш қасиетке ие бола отырып, кеуде жасушасының көлемінің және барлық конфигурациялық өзгерістері біртіндеп өтеді. Өкпенің сырқы және ішкі жағындағы ауа қысымының арасындағы айырмашылық неғұрлым көп болса, соғұрлым ол созылады. Бұған мысал ретінде Дондерс моделін келтіруге болады (2 сурет).



    Сурет 2 Дондерс моделі: а – дем шығарғаннан кейінгі өкпе; б – дем алу кезіндегі өкпе;

    Кеуде жасушасының көлемінің өзгеруін тудыратын екі механизм бар: а) қабырғаны көтеру мен түсіру; б) диафрагма күмбезінің қозғалысы.

    Тыныс алу бұлшық еттері инсператорлық және эксператорлық деп бөлінеді. Инсператорлық бұлшық еттеріне диафрагма, сыртқы қабырға аралық және шеміршек аралық бұлшық еттер жатады. Жайбырақат тыныс алғанда кеуде жасушасының көлемі негізінен диафраманың жиырылуына байланысты және оның күмбезінің 1см, яғни кеуде қуысының сиымдылығы шамамен 200-300мл ұлғаюына сәйкес өзгереді. Динамикалық кезеңде форсирленген терең тыныс алу кезінде дем алудың қосалқы бұлшық еттері қатысады: бұлар трапеция тәрізді, алдыңғы сатылық және кеуделік сүйір тәрізді бұлшық еттер. Бұлар тыныс алу процесінің белсенді кезінде өкпе желдетуінің едәуір үлкен көлемі кезінде қосылады. Мысалы, альпинистардың таудың ұшар басына шыққан кезінде немесе тыныс алу жетіспеушілігі кезінде.

    Экспираторлық бұлшық еттеріне: ішкі қабырға аралық және құрсақ бұлшық еті немесе іш бұлшық еті жатады. Тыныс алған кезде кеуде жасушаларының жоғарғы бөлімдері алдыңғы, артқы бағытта кеңейеді, ал төменгі бөлімдері жанына қарай көбірек кеңееді. Тыныс алған кезде (дем алу) сыртқы қабырға аралық бұлшық еттердің жиырылуынан қабырға көтеріледі, ал дем шығарған кезде ішкі қабырға аралық бұлшық еттердің белсенділігіне байланысты қабырға төмен түседі.

    Жайбырақат дем алу кезінде кеуде жасушасының көлемі шамамен 500-600мл құрайды. Тыныс алу кезіндегі диафрагма қозғалысы өкпе желдетілуінің 80% дейін шартталады. Жоғарғы квалификациядағы спортшылар терең тыныс алу кезінде диафрагманың күмбезі 10-12см-ге дейін ығыса алады.

    Перде ішілік өкпе ішілік қысым

    Өкпе орналасқан кеуде ішілік кеңістік, герметикалық тұйық болып келеді және сыртқы ортамен қатыспайды. Өкпені перде (плевра) беттері қоршап тұр: париетальдық беті кеуде жасушасы қабырғаларымен, диафрагмамен тығыз жабысқан, висцеральдық - сыртқы беті өкпе ұлпаларының бетімен біріккен. Перде жапырақшалары сероздық сұйықтың аз мөлшерімен ылғалданған, майлау ролін атқарып жапырақшалардың тыныс алуы кезіндегі –үйкелісін жеңілдетеді. Перде ішілік қысым немесе герметикалық тұйық переделік қуыстық висцеральдық және париетальдық перделік жапырақшалар арасындағы қысым қалыпты кезде атмосфералық қысыммен салыстырғанда теріс болып келеді. Жоғары тыныс жолдарының ашық кезінде өкпенің барлық бөлктеріндегі қысым атмосфералық қысымға тең. Атмосфералық ауаны өкпеге тасу сыртқы ортамен өкпе альвеолдары арасындағы қысым айырмасы пайда болған соң жүреді. Әр тыныс алу кезінде өкпе көлемі ұлғаяды, өкпе ішінде тұрған ауа қысымы немесе өкпе ішілік ауа қысымы атмосфералық қысымнан төмен болады, ауа өкпеге қарай сорылады. Тыныс шағырғанда өкпе көлемі кішірейеді, өкпе ішілік қысым ұлғаяды және ауа өкпеден атмосфераға шығарылады. Перде ішілік қысым өкпенің эластикалық тартылуына немесе өкпенің өзінің көлемін кішірейтуге ұмытылуына негізделген. Қарапайым жайбырақат тыныс алуда перде ішілік қысым атмосфералық қысымнан төмен: инспирацияда 6-8см су бағанына төмен, экспирацияда 4-5 см су бағанына төмен. Тура өлшеулер перде ішілік қысым өкпенің апикальдық бөлігіне қарағанда төмен болатындығын көрсетті. Түрегеліп тұрған жағдайда бұл градиент сызықтық болып келеді және тыныс алу процесінде өзгермейді (3 сурет).



    3 сурет.Тыныс алу процесінде өкпе ішілік (1) және перде ішілік (2) қысының өзгеруі

    Өкпенің эластикалық қасиетімен созылғыштығына ықпал ететін маңызды фактор альвеолдардағы сұйықтықтың беттік керілуі болып табылады. Альвеолдардың кішіреюіне антиателектатикалық фактор, немесе сурфактант бөгет жасайды, ол альвеолдардың ішкі бетіне жағылған альвеолдардың кішіреюіне және сонымен бірге сұйықтың өкпе капиллярлары плазмасынан альвеол бетіне шығуына бөгет жасайды. Беттік белсенді заттар – сурфактанттың синтезі мен алмастырылуы тез жүреді, сондықтан өкпедегі қан жүруінің бұзылуы, қабынулар, темекі тарту, ісіктер, оттектің аса жетіспеушілігі (гипоксия) немесе оттектің шамадан тыс болуы (гипероксия), сонымен бірге әр түрлі заттар, оның ішінде кейбір фармокологиялық препараттар (май, еріткіш анестетиктер), оның қорын төмендетіп альвеолдардағы сұйықтардың беттік керілуін жоғарылатады. Осының бәрі ателектазаға немесе кішіреюге алып келеді. Ателектаздың профилактикасы мен емдеудің фосфолипидтік компоненттері бар, мысалы, қайта орнына келтіретін лейцитин дәрілік заттардың аэрозольдық ингаляциясы белгілі бір маңызға ие болады.

    Пневмоторакс деп кеуде жасушасының өткір жаралануы кезінде пайда болатын өкпе аралық кеңістікке ауа келуін айтады. Бұл жағдайда перде куысының герметикалығы бұзылады. Өкпе кішірейеді, себебі перде ішілік қысым атмосфералық қысыммен бірдей болады. Адамда сол және оң жақ перделік қуыстар бір – бірімен ауа қатыстырылмайды, осыған байланысты бір жақты пневматракс, мысалы сол жақтағысы оң жақ өкпенің тыныс алуының тоқтауына әкелмейді. Екі жақты ашық пневмоторакс тіршілікті қолдамайды.

    Өкпе көлемдерін және сыйымдылықтарын, өкпенің функционалдық жағдайының маңызды көрсеткіштерін зерттеу мидициналық-физиологиялық тұрғыдан аурудың (ателектаз, өкпенің берішті өзгерісі, плевра зақымдалуы) диагностикасы үшін ғана емес, сондай-ақ аймаққа экологиялық мониторинг жүргізуде және экологиялық қолайсыз аймақтарда тыныс алу қызметінің популяциялық жағдайын бағалауда маңызы зор болып табылады. салыстыру үшін зерттеу материалдары BTPS стандартты жағдайға келтірілу қажет, яғни альвеолярлық ауа температурасы дене температурасына сәйкес, сонымен қатар ауа белгілі-бір қысымда және су буымен қанығуы қажет.

    Тыныс жолдарында болатын ауа (ауыз қуысы, мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек, бронхтар мен бронхиолаларда) газ алмасу қызметіне қатыспайды, сондықтан бұл тыныс жолдары кеңістігін зиянды немесе өлі тыныс кеңістігі деп атайды. Жайбырақат дем алу кезіндегі жұтылған атмосфералық ауаның 500мл альвеолаға түсетіні тек 350 мл ғана. Қалған 150 мл анатомиялық өлі кеңістікте қалады.

    Кейбір потологиялық жағдайларда – анемия кезінде, өкпелік эмболия немесе эмфизема (өкпенің өз қалпынан өсіп кернеп кетуі) кезінде альвеолярлық өлі кеңістік аймақтары – ошағы орын алуы мүмкін. Өкпенің мұндай аймақтарында газ алмасу процесі жүрмейді.
    ГАЗ АЛМАСУ ЖӘНЕ ГАЗДАР ТАСЫМАЛЫ

    Ұлпалық тыныс алу зерттеуде биохимиялық әдістерді мысалы, веналық қандағы лактатаны анықтау, электрохимиялық анализатор қандағы газдарды анықтауда және полярография әдісі.

    Қанмен газдардың тасмалдануын оксигемометр көмегімен бағалауға болады. Қалыпты жағдайда гемоглабин оттегімен 96-98% қаныққан.

    Альвеолярлы – капиллярлы мембраналар арқылы газдардың диффузиясы – О2 мен СО2 газ алмасуы екі кезеңде жүзеге асатын диффузия көмегімен жүреді. Бірінші кезеңде газдардың диффузиялық тасымалы аэрогематикалық тосқауыл арқылы жүреді, екіншісінде – өкпе капиллярларындағы қанда газдардың байланысы жүреді – оның көлемі 80-150мл, мұнда капиллярдағы қан қабатының қалыңдығы бар болғаны 5-8 мкм құрайды. Қан плазмасы эритроциттердің мембранасымен салыстырғанда газдардың диффузиясына кедергі етпейді. Өкпе құрылымы газ алмасуға жағымды жағдай жасайды: әр бір өкпенің тыныс алу зонасы шамамен 300 млн.альвеолдардан және дәл сондай капиллярдан тұрады, олардың ауданы 40-140м2, аэрогематикалық тосқауыл қалыңдығы бар болғаны 0,3-1,2 мкм. Газдар диффузиясының ерекшелігі сан жағынан өкпенің диффузияға қабілеттігі арқылы сипатталады. Диффузиялық қабілеттілікті тыныс алу кезінде уландырғыш газдың қанға түсу жылдамдығы бойынша аз концентрациясымен анықтайды. О2 үшін өкпенің диффузиялық қабілеттілігі – альвеолярлық- капиллярлық газдар қысымы градиенті кезіндегі 1мм с.б. тең альвеолдан қанға минут ішінде оттекті газ алмасу. Газдардың қозғалысы парциальді қысым айырымы нәтижесінде жүреді. Парциальды қысым – бұл барлық газдар қосындысындағы берілген газды құрайтын қысымы. Ұлпалардың төмендетілген О2 қысымы оттектің ұлпаларға қарай жүруіне жағдай жасайды. СО2 газы үшін қысым градиенті қарсы жаққа бағытталған және дем шығарылған ауамен қоса СО2 қоршаған ортаға кетеді. Тыныс алу физиологиясын зерттеу шын мәнінде осыградиенттерді қарастыруға және оларды қалай ұстап тұруға келіп тіреледі. Оттек пен көмірқышқыл газдың парциальдық қысымның градиенті – бұл газдардың молекулалары альвеолярлық мембрана арқылы қанға қарай өтуге тырысады. Қандағы немесе ұлпадағы газдың парциальдық кернеуі – бұл ерітілген газдың молекулалары газдық ортаға шығуға ұмтылатын күш. Парциальды қысым – бұл жалпы газдардың қосындысынан сол газды құрайтын қысым бөлігі.

    Теңіз деңгейінде атмосфералық қысым орташа 760 мм сынап бағанын құрайды. Ал оттектің пайыздық құрылымы – шамамен 21%. Бұл жағдайда О2 атмосферада 760х21/100=159мм.с.б. құрайды. Альвеолярлық ауадағы газдардың парциальдық қысымды есептеуде бұл ауада су буының бар екенін (47мм с.б.) есепке алу қажет. Сондықтан бұл санды атмосфералық қысым мәнінен алып тастайды, және газдардың парциальдық қысымының үлесіне (760^47)=713мм с.б. тиеді. Альвеолярлық ауада оттектің мөлшері 14%, оның парциальдық қысымы 100 мм с.б. болады. Көміртектің қос тотығы 5,5% СО2 парцальдық қысымы шамамен 40мм с.б. болады. Артериальдық қанда оттектің парцальдық кернеуі 100мм с.б. тең, веналық қанда – шамамен 40 мм с.б. ал ұлпалық сұйықта, жасушада – 10-15 мм с.б. Артериальдық қанда көмірқышқыл газ кернеуі шамамен 40 мм с.б., веналық қанда – 46 мм с.б., ал ұлпаларда – 60 мм с.б. дейін. Қандағы газ екі күйде болады: физикалық ерітілген және химиялық байласқан.

    Өкпе перфузиясын бағалау үшін изотопты әдісті венаға альбуминді енгізумен (гамма сәулелену изотопын белгілеу) және рентгенконтрасталық әдіс қолданады.
    Өкпенің желдетілуі және өкпе көлемдері

    Өкпе желдетілуінің көлемі тыныс алу тереңдігі және тыныс алу жиілігі қозғалыстарымен анықталады.

    Өкпе желдетілуінің сандық сипаты тыныс алудың минуттық көлемімен анықталады, (ТМК) – 1 минутта өкпеде болатын ауа көлемі. Тыныштық күйде адамның тыныс алу жиілігінің қозғалысы шамамен 1 минутта 16-18 циклды, ал тыныс алу ауа көлемі шамамен - 500 мл. Бір минуттағы тыныс алу жиілігін тыныс алу көлемінің шамасына көбейтіп, тыныс алудың минуттық көлемін (ТМК) анықтауға болады, ол тыныштық күйде адамда орташа 8л/мин құрайды.

    Өкпенің максимальды желдетілуі (ӨМЖ) – максимальды тыныс алу жиілігі және тыныс алу тереңдігімен сипатталатын 1 минут ішінде өкпеден өтетін ауа көлемі. Максимальды желдетілу қарқынды жұмыс кезінде, жұтылатын ауада 02 (гипоксия) құрамының жетіспеушілігі кезінде және СО2 (гиперкапния) газының шамадан тыс болуы кезінде туындайды. Бұл жағдайда тыныс алудың минуттық көлемі (ТМК) минутына 150-200л жетуі мүмкін.

    Өкпенің желдетілу қызметін бағалау үшін, тыныс алу жолдарын зерттеу үшін әртүрлі зерттеу әдістерін қолданады: пневмография, спирометрия, спирография, пневмоскрин. Спирографтың көмегімен адамның ауа тарамдары өтетін жолдары арқылы өкпе көлемінің ауа шамасын жазу және анықтау (4 сурет).



    4 сурет. Өкпе көлемдері мен сыйымдылықтары (түсініктері мәтінде)

    Өкпелік көлемдер деп тыныс алудың әр түрлі фазаларындағы өкпедегі жиналатын ауа мөлшерін түсінеді. Өкпе сиымдылығы бірнеше көлемдердің қосындысы. Статикалық көлемдер жайбырақат тыныс алу мен анықталады, ал динамикалық көлемдер жылдамдатылған тыныс алумен анықталады. Туынды көлемдер формулалармен анықталады.

    Жайбырақат дем алу және дем шығару кезінде өкпе арқылы тыныс алу көлемі (ТК) ересек адамдарда шамамен 500мл құрайды. Бұл кезде дем алу акты, дем шығаруға қарағанда тезірек жүреді. Негізінен қалыпты жағдайда 1 минутта 16 тыныс алу циклы жүзеге асырылады. Тыныс алудың мұндай типі "эйпноэ" немесе "жақсы тыныс алу" деп аталады.

    Терең тыныс алу кезінде адам қосымша тағы да ауа көлемін жұтуға қабілетті. Бұл дем алудың резервті көлемі (РКДА) – жайбырақат дем алғаннан кейін тағы да адам дем жұта алатын максимальды ауа көлемі. Ересек адамда дем алудың резервтік көлемінің шамасы шамамен 1,8-2,0 л.

    Жайбырақат дем шығарғаннан кейін адам терең тыныс шығарғаннан кейін де тағы да қосымша ауа көлемін шығара алады. Бұл дем шығарудың резервтік көлемі (РКдш), оның орташа мөлшері 1,2 - 1,4 л.

    Өкпеде максимальды дем шығарғаннан кейін қалатын және өлі адамның өкпесіндегі ауа көлемі – өкпенің қалдық көлемі (ӨҚК) деп аталады. Қалдық көлемнің мөлшері 1,2 -1,5л құрайды. Өкпенің келесі сиымдылықтарын ажыратады:

    1. өкпенің жалпы сыйымдылығы (ӨЖС) – өкпеде максималь тыныс алғаннан кейін болатын ауа көлемі – барлық төрт көлем;

    2. өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) бұған тыныс алу көлемі, резервті дем алу көлемі, резервті дем шығару көлемі жатады. ӨТС – максимальды дем шығарған кезде, максимальды дем алғаннан кейін өкпеден шығарылған ауа көлемі. ӨТС = ӨҚК – өкпенің қалдық көлемі. ӨТС ер адамдарда 3,5 - 5,0 л, әйел адамдарда - 3,0-4,0л;

    3. тыныс алу сыйымдылығы (Бр.) тыныс көлемі мен резервті дем алу көлемінің шығынына тең, орташа 2,0 - 2,5 л;

    4. функциональдық қалдық сыйымдылық (ФҚС) – жайбырақат тыныс шығарудан кейін өкпеде қалатын ауа көлемі. Өкпеде жайбырақат дем алған және дем шығарған кезде үнемі альвеоланы және төменгі тыныс алу жолдарын толтырып тұратын шамамен 2500мл ауа қалады. Осыған байланысты альвеолярлық ауаның газдық құрамы қалыпты деңгейде сақталады.

    СЫРТҚЫ ТЫНЫС АЛУ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ


    Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу құралдары

    Тыныс алу қызметінің көрсеткіштерін тіркеуге мүмкіндік беретін қазіргі әдістердің бірі - спирография. Берілген зерттеу әдісі арнайы сулы немесе ауа спирограф құрылғыларының көмегімен жүргізіледі.

    Спирография (латынша spiro «тыныстау» және гректің graphō – «жазу», «бейнелеу» деген сөзінен шыққан) – бұл тыныс алу органдарының ауруларын диагностикалаудың негізгі әдісі. Компьютерлік спирография көмегімен мынаған: нақты түрде бронх спазмы– бронхиальды астманың және обструктивті бронхиттің негізгі симптомын анықтауға және ауруға дифференциальды диагностика жүргізуге, емдеудің тиімді жолын таңдауға және динамикада өткізілетін терапияның тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.

    Спирографияны жүргізудегі көрсеткіштер:

    • ұзақ және созылмалы себепсіз жөтел (3-4 апта бойы және одан да көп);

    • әсіресе дем шығарған кезде «ұйқы» және «сырылмен» тыныстау;

    • Дем алған және дем шығарған кезде қиындықтардың болуы;

    • ентігу.

    Казіргі заманғы спирограф (5сурет) құрылғылары қысым датчигіне жалғанған тыныс алу түтігінен тұрады. Ал, спирогрофтың аппараттық бөлігі USB порты арқылы компьютерге жалғанған.


    Сурет 5 Қазіргі спирографтар. а-Компьютерлік спирометрия, б - үлкен мәліметтер қорын құра алатын және толық көлемде балалармен ересектердің спирометрлік тестін жүргізуге мүмкіндігі бар,түрлі-түсті сенсорлы экранымен портативті спирометр (спирограф).

    Спирометриялық зерттеу әдісі

    Спирометриялық және спирографиялық зерттеулер толық көлемде, қысқартылған нұсқада жүргізілу үшін зерттелушінің отырған қалпында күннің бірінші жартысында, аш қарынға немесе тамақтан кейін 1-1,5 сағаттан соң жүргізіледі. Зерттелуші зерттелер бұрын 8 сағат бойы кофеинқұрамды сусындар және препараттар қабылдамау қажет және 2 сағат бойы шылым шекпеуі тиіс. Күннің екінші жартысында дем алу уақыты ұзартылады. Зерттеу жүргізу барысында басты артқа шалқайтуға, мойынды иіуге, аяқты айқастыруға болмайды. Міндетті түрде мұрынға қысқыш қойылады. Спирографияда міндетті комплекс ретінде функционалды сынама түрінде жайбырақат тыны алу сынамалары мен өкпенің форсирленген (терең және жылдам) тіршілік сыйымдылығын және өкпенің максималды желдетілуін анықтау үшін арнайы үш маневр жүргізіледі. Неғұрлым терең зерттелулерде қосымша фармакологиялық және жүктемелік сынамалардың бірқатары жүргізіледі.

    Бірінші кезеңде жайбырақат тыныс алу параметрі анықталады. Оператордың командасы бойынша зерттелуші құралдың стерильденген ауызға орналастырылатын мундштугын ауызға қарай бұрып, оны ерінімен толық қамтып, тісімен икемдейді. Одан соң, зерттелуші өзінің күнделікті тыныс алуы бойынша табиғи тереңдікпен және жиілікпен жайбырақат 40 секунд бойы тыныстауды бастайды.

    Жайбырақат тыныс алудың параметрлеріне: тыныс алу көлемі (ТК), тыныс алу жиілігі (ТЖ), тыныс алудың минуттық көлемі (ТМК)жатады.

    ТК - жайбырақат дем алған және дем шығарған кезінде өкпе арқылы өтетін ауа көлемі. Ол орташа 500мл құрайды ( 6сурет).



    6 сурет. Жайбырақат дем алған және дем шығарған кезінде тыныс көлемінің графикалық түрі
    ТЖ – бір минут ішіндегі тыныстау циклының көлемі. Тыныс жиілігі қалыпты жағдайда минутына 16-18 тыныс алу циклын құрайды (7сурет).



    7 сурет. Жайбырақат дем алған және дем шығарған кезінде тыныс жиілігінің графикалық түрі
    ТМК – жайбырақат тыныс алған кезде бір минут ішінде өкпеден өтетін, яғни желдетілетін ауа көлемі.

    Екінші кезең – өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау (ӨТС).

    ӨТС – бұл максималды терең дем алғаннан кейін тағы да максималды терең дем шығару мүмкіндігі бойынша максималды ауа көлемі. ӨТС сыртқы тыныс алудың жалпы функционалдық мүмкіншіліктерін, жанама түрде газ алмасумен қамтамасыз етілетін өкпенің максималды тыныс алу ауданын сипаттайды. ӨТС қалыпты жағдайда 3000-5000 мл құрайды.



    8 сурет. Тыныс алуда өкпенің тіршілік сыйымдылығының графикалық түрі

    Дем шығаруда ӨТС анықтау үшін оператор сынама жазу режимін қосады және зерттелуші 2-3 жайбырақат тыныс алғаннан кейін жайбырақат максималды терең дем алып, артынша бірден жайбырақат максималды терең дем шығарады (8сурет). Содан соң тағыда бірнеше жайбырақат тыныс алу жүргізіліп, тағы терең дем алу және терең дем шығару тіркеледі. ӨТС анықтаудың стандартты әдістемесі кем дегенде үш тыныс алу маневрын қажет етеді. ӨТС басқа осы зерттеуді жүргізу кезінде дем алу мен дем шығарудың резервті көлемдері анықталады. Бұл жайбырақат дем алғаннан немесе дем шығарғаннан кейін қосымша дем ала алу немесе дем шығара алу мүмкіндігіндегі ауа. Қалыптысы 1000-1500 мл құрайды.

    ӨТС тіркегеннен кейін зерттелуші 10-20 секунд тынығады. Содан соң зерттеудің келесі кезеңін жүргізуге болады. Өкпенің жылдамдатылған тіршілік сыйымдылығын анықтау. ЖӨТС анықтау үшін зерттелушіні құралдың ауызға орналастырылатын мундштугы арқылы бірнеше рет жайбырақат дем алуын сұрайды, содан кейін терең дем алып, бірден максималды жылдам дем шығарады. Бұл зерттеуде ұзақтығы алты секундтан кем емес дем шығару және барлық сол уақыт бойы неғұрлым экспираторлық күш маңызды шарт болып табылады. Тест үш рет қайталанады.

    Жылдамдатылған дем шығару маневры бойынша алынған спирографиялық қисық анализы (9 сурет) төмендегідей жылдамдық көрсеткіштерімен орындалады:

    Жылдамдатылған дем шығару көлемі (ЖДШК1);

    Тиффно индексы;

    Шыңдық көлем жылдамдығы (ШКЖ);

    Максималды көлем жылдамдығы (МКЖ);



    9 сурет. Өкпенің жылдамдатылған тіршілік сыйымдылығын анықтаудың графикалық түрі.

    ЖӨТС – бұл максималды дем алғаннан кейін жылдамдатылған дем шығару кезіндегі дем шығару ауа көлемі. Бұл тыныс жолдарының өткізгіштігін стпаттауда және тыныс алу жүйесінің механикалық құрамы туралы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Қалыпты жағдайда ол ӨТС-нің 70-80% құрайды.

    ЖДШК1 – бұл максималды тез дем шығарған кездегі дем шығару ауа көлемі. Миллилитрмен өлшенеді. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін және тыныс алу мускулатураларының мықтылығын бағалауды анықтауды сипаттайды.

    Тиффно индексы – жылдамдатылған дем шығару көлемінің өкпенің тіршілік сыйымдылығына қатынасының 100% көбейтіндісімен анықталады. Қалыпты жағдайда ол 70-75% құрайды.

    Шыңдық көлем жылдамдығы – дем шығару кезіндегі ауа ағыны жылдамдығының жоғарғы мәні.

    Максималды көлем жылдамдығы –дем шығаруда диагностикада бронхтың бастапқы тарылуының көріністерін бағалауда маңызы өте зор. Жылдамдатылған өкпенің тіршілік сыйымдылығының 75%, 50%, 25% пайызы деңгейінде өзгеруі мүмкін (10сурет).


    10 сурет. Максималды көлем жылдамдығы

    Соңғы кезең өкпенің максималды желдетілуін өлшеу – бұл бір минут ішінде өкпемен желдетілетін ауа көлемі. Зерттелу кезінде зерттелуші 10секунд бойы максималды терең және жиі тыныс алуы керек. Бір минут ішінде шамамен тыныс алу жиілігі 70ретті құрау керек. Орташа тыныс алу көлемі бір тыныс алу ішінде жарты литрдан астам болады. Тест 10 секунд жүргізіледі. Осы уақыт ішінде алынған мәліметтер бір минуттағы көрсеткішті алу үшін алтыға көбейтіледі. Қалыптысы 50-180л.

    Өкпенің максималды желдетілуі (11 сурет) минутына литрмен өлшенеді.



    11 сурет. Өкпенің максималды желдетілуі

    Өкпе желдетілуінің барлық көрсеткіштері өзгеріске ие. Олар науқастың жасына, салмағына, бойына, дене бітіміне, жынысына, жүйке жүйесінің жағдайына және тағы да басқа факторларға байланысты болады. Сондықтан өкпе желдетілуінің функционалдық күйін бағалау үшін сол немесе басқа да көрсеткіштердің абсолютті мәні жеткіліксіз. Міндетті түрде алынған абсолютті көрсеткіш мәнін сол жастағы, сол салмақтағы және жыныстағы дені сау адамның сәйкесінше қалыпты көрсеткіштері шамасымен салыстыру қажет. Салыстыру қалыпты көрсеткіштердің қатынасы бойынша пайызбен анықталады.. Патологиялық болып қалыпты көрсеткіштер шамасынан 15—20 % асып кеткен ауытқулар есептеледі.

    Тыныс алудың жылдамдатылған көрсеткіштерін зерттеу


    Жылдамдатылған дем шығарудың орташа және тез жылдамдығын ашық және жабық типті аз инерциондық спирографтардың, пневмотахометрдің және пневмотахографтың көмегімен тіркейді. Бұл құралдарда датчик ретінде жиі Флейш (12, а сурет) түтігі – іші жіңішке түтікшелер түріндегі кедергілерімен цилиндрлі (ағын ламинарлы болу үшін) болады. Кедергілерге дем шығару кезінде қысымның әртүрлілігі туындап, ауа қозғалысының жылдамдығын анықтайды. Өкпе жағдайы кезінде ауа көлемін сақтау үшін датчикті дене температурасына дейін қыздыруға болады. Бұл ылғал конденсациясының алдын алады.

    Лилли түтігі соған ұқсас, бірақ кедергі ретінде ауа жолында тор орналасқан (12,б сурет). Бұл датчик сызықты емес (линейлі емес) және нәтижелердің қосымша өңделуін қажет етеді. Механикалық пневмотахометрлер төмендетілген көрсеткіштерді береді, тек дем алу мен дем шығарудың шыңдық жылдамдықтары. Олар жаппай тексеру кезінде скрининг үшін өздерінің қолданылатын нормативтерін қажет етеді (ер адамдарда дем шығарудың орташа максималды жылдамдығы 4-8 л/с, әйелдерде - 3-6 л/с). Жылдамдатылған дем шығарудың формула бойынша алынған STPD жүйесіндегі ЖДШК = 1,2 ӨТС күшті қалыпты шамасына және зерттелушінің алдыңғы алынған мәліметтеріне негізделу ұсынылған.

    Неғұрлым нақтырақ нәтижені жылдамдатылған тыныс алуды тіркейтін пневмотахографтар береді.



    12 сурет. Тыныс алудың жылдамдатылған көрсеткіштерін зерттеу, а – Флейш түтігі көмегімен, б – Лилли түтігі көмегімен.

    Пневмотахометрия әдісі


    Әдісті жүргізу жағдайы мен талаптары дәл спирометрия және спирография зерттеуі секілді. ЖӨТС тынс алу маневры да спирография зерттелуі бойынша орындалады. Жылдамдатылған дем шығарудың маңыздылығы зор болып келетін, бастапқы және соңғы көрсеткіштеріне ерекше көңіл аударады.

    «Ағын-көлем» анализі


    Пневмотахометрия нәтижесі әртүрлі тәсілдермен анализденуі мүмкін. Кәдімгі спирограмма қағазға «көлем-уақыт» координатасында жазылады, Егер де ауа ағынының жылдамдығы тіркелетін болса, онда горизонталды жазылуы негізінен уақыт бойынша емес, ауаның құрал арқылы өтетін жиынтық көлемі бойынша «ағын-көлем» қисығын қалыптастыра отырып (ағынның сандық ықпалы жолымен) жүргізіледі. Басқаша сөзбен, график белгілі-бір ауаның мөлшерін жұтқан кездегі дем алудың немесе дем шығарудың жылдамдығын көрсетеді.

    Дұрыс санау барысында және жігерлі тыныс алуда дем алу көлемі дем шығаруға тең және қисық сызық бастапқы нүктеге қайта келеді. Осыған орай, тұйықталған қисық сериясы немесе кей нүктелерді айналдыра орналасқан спираль алынады. Неғұрлым практикалық қызығушылық жылдамдатылған дем шығаруға негізделген.

    Қисық формасының қалыптысын және патологияның негізгі түрлерін қарастырайық. Дем шығарудың бастапқысында ағын 0,1 с бойы максималды жылдамдыққа жетеді және әрі қарай ол сызықтық төмендейді (кейде қисық аз ғана дөңес түрінде болады). Қисықтың бұл бөлігі бұлшық күшіне аз тәуелді және тыныс алу жолдарының жағдайын сипаттайды. Ауа белгілі бір деңгейге жеткен кезде кедергісі көп нүктеде ламинарлық жоғалып, және қозғалыс жылдамдығының жоғарылауына оның қозғалысының кедергісі жол бермейді.

    Обструктивті өзгерістер кезінде аз максималды жылдамдыққа жетіп, әрі қарай қисықтың өзгеруі бүктелген түрде горизонтальды оске жақын неғұрлым сүйір бұрыш жасай отырып бейнеленеді (13 сурет).

    Эмфизематоздық жағдай вариантында обструкциялық дем алу бұзылмайды, және шеңбер жартысына жақын; бронхиттік вариантта дем алу уақытында жылдамдықтың төмендеуі жүреді.


    13 сурет. Тыныс алу графигі.

    Өкпенің жалпы сыйымдылығы мен қалдық көлемін анықтаусыз рестриктивті өзгерістерді сипаттау мүмкін еместігін есте сақтаған жөн, ал пневмотахометрия зерттеуінде тек ӨТС-ның төмендеуі ғана айқындалады. Бұл өзгерістердің неғұрлым толық мағлұматтары жөнінде тыныс алудың патологиялық физиологиясы бойынша қызыққан оқырманды бағыттаймыз.

    СЫРТҚЫ ТЫНЫС АЛУДЫ ТІРКЕУДЕГІ ФУНКЦИОНАЛДЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ТАЛДАУ


    Сыртқы тыны салу патологиясының екі негізгі түрін ажыратады. - рестриктивті (шектелген) және обструктивті. Рестрикция кезінде жалпы және тіршілік сыйымдылығы, тыныс көлемі төмендейді, бірақ ауаның қозғалу жылдамдығы сақталады. Тыныс алу жиілігі өседі. Обструкция кезінде, бронх (спазм, ісік) саңылауының диффузды төмендеуімен байланысты дем шығарудың барлық бөліктерінде, әсіресе жылдамдатылған өкпе көлемдерінде жылдамдық төмендейді, Тиффно және Генслера индекстері төмендейді,ӨТС шамасы, өкпенің қалдық көлемі және дем шығарудың резервті көлемі, әсіресе өкпенің максималды желдетілуі сынағы кезіндегі көлемдер жоғарылайды. Тыныс жиілгі төмендеуі мүмкін.

    Бронхтың экспираторлық коллапс (эмфизем кезінде) жағдайында олардың қабырғаларының әлсіз болуына байланысты жылдамдатылған дем алу жылдамдығының сақталуы кезінде жылдамдатылған дем шығарудың ЖДШК1 шамасының соңы айқын төмендейді. Обструкция айқындалуының қорытындысы, егер де ЖДШК1 <70% қалыпты ЖДШК, ЖДШК/ЖӨТС <70%, немесе ЖДШК, <65% және ЖДШК/ЖӨТС <80%, болғанда, сондай-ақ, бронхолитиктермен оң сынама кезінде жасалады (ЖДШК, >15% өсуі).

    10.5. Санитарлық өңдеу


    Құралмен жұмыс істемес бұрын міндетті түрде санитарлық өңдеу жүргізілу қажет:

    • күнделікті құралдың үстіңгі бөліктерін 3%-тік сутегі тотығы ерітіндісіне 1%-тік хлорамин ерітіндісі немесе жуғыш құралдар қосылған ерітіндіге матырылған бөз матасы салфеткасымен екі мәрте сүртіп, дезинфекция жүргізіледі;

    • мундштук әр қолданыста болар алдында бөлмелік температурада 6%-тік сутегі тотығы ерітіндісінде стерилденіп, артынша сумен шайылады;

    күнделікті түрлендіргішке дезинфекция 1,5с. бөлмелік температурада 3%-тік сутегі тотығы ерітіндісіне салумен жүргізіледі.






    написать администратору сайта