Микро. Таырыпы Микро жне макроЭволюция ілімі
Скачать 96.83 Kb.
|
Тақырыпы: «Микро және макроЭволюция ілімі» 1. Популяция қарапайым эволюциялық құрылым ретінде; 2. Популяция қарапайым эволюциялық материал ретінде; 3. Қарапайым зволюциялық факторлар. Ч.Дарвин түрдің түзілу процесін жекелеген дарақтармен байланыстырды. Бірақ та тұқым куалау заңдылықтарын осы процесті зерттеуге қолдану түрдің түзілуі жекелеген дарақтардан, тек популяция деңгейінде болатынын көрсетті. Түрдін ішінде ерекшеленген популяпиялар шамасында тұрып, түрдің түзілуімен бітетін процестер микроэволюция деп аталады. Олардан ерекшелеу түрден жоғары жүйелік категориялардың калыптасуына әкелетін процестер макроэволюция деп аталады. Кейде тек тектер, туыстар мен отрядтардың пайда болуы макроэволюция деп түсініліп, ал одан жоғары сатыдағы категориялардын - кластар мен типтердің түзілуін мегаэволюция деп атайды. Жаңа туыстар, отрядтар, кластар мен типтер өздігінен пайда болмайды. Олардын пайда болуы - популяция ішіндегі дивергенция, генофондтың кайта калыптасуымен байланысты жана түрлердін қалыптасу нәтижесі. Макроэволюциялык өзгергіштік микроэволюцяилык деңгейде жүретін процестердің нәтижесі. С.С.Четвериков (1926) пен Р.А.Фишер (1930) еңбектері эволюциялық іліммен генетиканың синтезіне бастама болды. Бұл заңдылықтарды зерттеуде И.И.Шмальгаузен, Ф.Добржанский, С.Райт, Дж.Хексли және т.б. Аты аталған авторлар қарапайым эволюцяиылк құрылымға - популяция, ал қарапайым зволюциялық материалға - мутация жататындығын айқындады. Популяция - бір-бірінен алшақ орналасып, өзара еркін шағылыса алатын бір түрге жататын жеке даралар тобы. Түр - табиғатта белгілі бір аймаққа бейімделген, еркін шағылысып ұрпақ бере алатын, тұкым құалағыш қасиетке ие болып келетін жеке организмдердің (даралардың) жиынтығы. Популяция карапайым эволюциялык құрылым ретінде. Популяцияның ішінде генофондты өзгеріске ұшырататын процестер жүреді. Олар қарапайым эволюциялык оқиға ретінде жүреді. Бұндай оқиғалар бірінші кезекте, жиілігі сыртқы орта факторларына тікелей байланысты болып келетін, мутациянын көрініс беруіне байланысты болып келеді. Мутация қарапайым эволюцнялык материал ретінде. Гендер келешекте жалпы тұрақты бола тұрып, кезек сайын мутация жолымен өзгереді. Әрбір жекелеген ген өте сирек мутацияға ұшырайды, бірақ кез келген ағзаның генотипінде гендердің саны көп болады. Бұдан келе әрбір ұрпақта гендердін көбі мутацияға ұшырайтындығы түсінікті. Сонымен дрозофилланың ұрпағында шамамен 100 гаметаға 1 мутация байқалады. Ағзалардың эволюциясы генотиптердің бірінің екіншісіне ауысып отыруына байланысты. Бұл процесс мутациялану мен сұрыптаудың тығыз әрекеттенуінің нәтижесінде жүреді. Мутациялар гендерді өзгерте отырып, рекомбинация мен сұрыптауға шикі материал береді. И.И.Шмальгаузен эволюциялык процестегі мутацияның ролін зерттей келе ағзадағы процестер мен функциялардың қалыпты тепе-теңділігін іс жүзінде барлық мутациялар бұзады да, осыдан келе олар бірден сұрынтаудан колдау таппайды деген қорытындыға келді. Бірақ та жаңа мутациялар, әдетте, рецессивті, гетерозиготалық жағдайда көрініс бермей, табиғи сұрыптау алғашында мутантты белгісі бар форма бойынша емес, олардын гетерозиготалары бойынша жүреді. Табиғи сұрыптаудың маңызды кызметтерінің біріне гендердің теріс комбинацияларды алшақтау және бейімдеуін пішін түзуді бұзбайтын генотиптерді сақтау жатады. Қарапайым зволюциялық факторлар. Харди-Вайнберг заңына сай шексіз үлкен популяцияда, оның генофондын құрайтын, гендердің сандық аракатынасының белгілі бір тұрақтылығы айқындалады. Гендердің сандык арақатынасын өзгерту үшін популяцияға белгілі бір факторлар әсер етуі керек. Олар: мутациялық процесс, популяциялық толқындар, шектелу (изоляция) және табиғи сұрыптау. 1-кесте. Микро және макроэволюцияның ұқсастығы және айырмашылығы
Микроэволюцияның эмблемалық дәлелдемесі, әр түрлі эволюциялық кезеңдерде жануарлар ұрықтарының ұқсастығы. Мутациялык процесс. Аяқ астынан болған мутациялық процессте үзіліс жүріп, мутацияға ағзалардың барлық белгілері ұшырайды. С.С.Четвериков табиғи популяцияларды зерттей келе, олардың гетерозиготалы күййде мутантты гендерге бай болатындығын атап өтеді. Мутациялық процесс жай эволюциялық материалдық жүйелі түрде дайындаушы қызметін атқарады. 2-ші факторга популяциялық толқындар, яғни популяциядағы дарақтар санының өзгеруі жатады. Бірде бір популяция үзіліссіз белгілі бір мөлшерде тіршілік етпейтіндігі айқындалды. Кейбір түрлерде популяциялардың саны 10 және 100 есеге дейін өзгере алады. Бұл құбылыстарды С.С.Четвериков өмір толқындары деп атады. Кейде апатты құбылыстар себеп болады (су басу, орман және дала өрті және т.б.). Саны кенеттен азайған популяция, кейіннен кездейсоқ тірі қалған дарактардың есебінен бастапқы деңгейіне жетіп, орнына келеді. Бірақ та жекелеген дарақтар популяцияның барлык генофондын сақтап қала алмайтындықтан, сандық құрамы орнына келген популяциялар алдыңғыларға қарағанда басқаша генофондқа ие болады. Дарақтар санының ауытқуы уақытша түрдің таралу аймағының кеңеюіне әкеледі. Кездейсоқ мутация концентрациясының (құрамының) артуы сұрыптауға жаңа материал береді. Сонымен мутациялық процестермен қатар популяциялық толқындар қарапайым эволюциялық материал көзі болып келеді. 3-ші эволюциялық фактор шектелу (изоляция). Панмиксия кейде барынша жекеленген популяциялар пайда болып, оларда жүйелі гүрде кездейсоқ еркін шағылысу жүреді. Панмиксияның тоқтау нәтижесінде, ягни шектелу арқасында белгілі бір популяциядан немесе оның топтарынан 2 немесе одан да көп генетикалық жағынан ерекшеленетін организмдер топтары түзілуі мүмкін, ал келешекте жаңа түрлер. Олардың құрылуы үшін генетикалық әртектілік және сұрыптау қажет, бірақ шектелу дивергенцияға әсерін тигізеді. Әдетте, түрлер арасында гибридтену болмай, тиісінше, гендермен алмасу жүреді. Түрдің құрамына кіретін әр түрлі популяциялардың уәкілдері өзара еркін шағылысып, гендермен алмасады да, тиісінше генетикалық ашық жүйеге жатады. Изоляцияның келесі негізгі формалары ерекшеленеді: географиялық, экологиялық және генетикалық. Географиялық изоляция - аналық түрдің таралу аймағының фрагменттеу нәтижесінде пайда болады. Онын салдары: 1. Физикалық тосқауылдармен шектелу; 2. Аралық аймақтағы популяцияларының тіршілігінің жоюынан қандай да бір түрдің тіршілік ету аймағының кеңеюі. Экологиялық шектелу организмдердің 2 тобы бір географиялық аумақта тіршілік еткенімеп, әр түрлі экологиялық жағдайда болып, көбею мерзімдері сәйкес келмеуі арқасында жүреді. Генетикалық шектелуі - хромосомалар саны мен пішінінің ерекшеліктеріне байланысты келіп, оның арқасында гибридтерде мейоз жүрмейді. |