Главная страница

ғылыми жоба Биология - Бурханова А. Аннотация зерттеу жмысыны масаты


Скачать 1.01 Mb.
НазваниеАннотация зерттеу жмысыны масаты
Дата20.10.2021
Размер1.01 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлағылыми жоба Биология - Бурханова А.docx
ТипДокументы
#252112

АННОТАЦИЯ

Зерттеу жұмысының мақсаты: 6-7 жастағы балалар ағзасының морфофункционалды және психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттей келе және гигиеналық баға бере отырып, олардың ағзасының мектепке бейімделуін қарастыру.

Зерттеу жұмысымның болжамы: Балалардың мектепке бейімделуін көптеген арнайы мектепке дейінгі мекемелер, дайындық топтары бар бала-бақшалар ашып, арнайы техникалар пайдаланып жүзеге асыруды арттыру.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: Комплексті зерттеу жұмыстарын жүргізу Қапшағай қаласындағы «Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп» МКМ мектепке бейімделу кезіңдегі 6-7 жастағы балалардың морфофункционалдық және психофизиологиялық ерекшеліктері жайлы жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік берді. Мектепте 1-сыныпта оқитын балалардың жынысына байланысты ағзасының антропометриялық және функционалдық көрсеткіштерінің жеке өзгерістері анықталды. 1-сынып оқушыларының даму динамикасының мониторингі жасалып, мұғалімдерге және ата-аналарға ұсынылды.

Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі: Бала ағзасының мектепке бейімделуіне баға беру үшін антропометриялық әдіс, физиометриялық әдіс және психофизиологиялық әдіс арқылы зерттеу жүргізілді.

Зерттеу нәтижесі және қорытындысы:

Алға қойған міндетті орындап, мынадай қортындыға келдім:

1.6–7 жас онтогенездің сезімтал кезеңінің бірі болып табылады. Бұл кезеңде ағзада дене ұзындығының қарқыны және дамуының жекеше айырмашылықтарын сипаттайтын мәнді өзгерістер жүзеге асады.

2.6–7 жастағы балаларда антропометриялық зерттеу қорытындылары авторлардың көптеген ұқсас жұмыстарымен салыстырғанда жоғары көрсеткіштерге ие болды.

3. Ал функционалдық көрсеткіштер бойынша 6-7 жастағы балаларды салыстырғанда, кейбір көрсеткіштер (ЖСЖ) арасында сенімділік айырмашылықтар байқалды.

4. Ал ақыл – ой еңбегіне қабілеттілік 7 жастағы балаларда, 6 жастағылармен салыстырғанда жоғары сенімді айырмашылық көрсетті. Бұл олардың көңіл аудару тиімділігінің және есте сақтау қабілетінің 7 жастағыларда жақсы жетілгендігін дәлелдейді.

Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы: Қазіргі мектепке бейімделу жағдайында оқу тәрбиелеу үрдісіндегі нәтижеліктің жоғарлауы кезінде балалардың толық дамуын қамтамассыз ету үшін алынған мәліметтер маңызды болып табылады.

АННОТАЦИЯ

Цель научной работы: изучить морфофункциональные и психофизиологические особенности организма детей 6 - 7 лет и рассмотреть адаптацию их организма к школе с гигиенической оценкой.

Гипотеза: повышение реализации адаптации детей к школе с использованием специальной техники, с открытием большого количества специальных дошкольных учреждений, детских садов с подготовительными группами.

Новизна исследовательской работы: проведение комплексных исследований позволило получить новые данные о морфофункциональных и психофизиологических особенностях детей 6 - 7 лет в период адаптации к школе в ГКУ «Средняя школа №4 имени Касыма Кайсенова» г. Капшагай. В школе выявлены индивидуальные изменения антропометрических и функциональных показателей организма детей, обучающихся в 1 классе, в зависимости от пола. Проведен мониторинг динамики развития учащихся 1-х классов и рекомендован учителям и родителям.

Методическая основа исследовательской работы:

Для оценки адаптации детского организма к школе было проведено исследование с помощью антропометрического метода, физиометрического метода и психофизиологического метода.

Результаты исследования:

Выполнив поставленную задачу, пришел к следующим выводам:

1. 6-7 лет является одним из наиболее чувствительных этапов онтогенеза. На этом этапе в организме происходят существенные изменения, характеризующие индивидуальные различия в темпе длины тела и развитии.

2. результаты антропометрического исследования у детей 6-7 лет имели более высокие показатели по сравнению со многими аналогичными работами авторов.

3. По функциональным показателям, по сравнению с детьми 6-7 лет, между некоторыми показателями (ЧСС) наблюдались достоверные различия.

4. Умственная работоспособность показала высокую достоверную разницу у детей 7 лет, по сравнению с 6-летними. Это доказывает, что их эффективность внимания и память хорошо развиты в возрасте 7 лет.

Прикладное значение исследовательской работы: при повышении результативности учебно-воспитательного процесса в условиях адаптации к современной школе важное значение имеют полученные данные для обеспечения полноценного развития детей.

ANNOUNCEMENT
The purpose of the research work: to study the morphofunctional and psychophysiological characteristics of the body of children 6-7 years old and consider the adaptation of their body to school with a hygienic assessment. Research forecast: increasing the implementation of adaptation of children to school using special equipment, with the opening of a large number of special preschool gardens with preparatory groups.

Forecast of scientific work: The novelty of the research work: comprehensive research has made it possible to obtain new data on the morphofunctional and psychophysiological characteristics of children 6 - 7 years old during the period of adaptation to school at MCOU "Secondary School No. 4 named after Kasym Kaisenov" in Kapshagai. The school revealed individual changes in the anthropometric and functional indicators of the organism of children in grade 1, depending on gender. The monitoring of the dynamics of development of 1st grade pupils was carried out and recommended to teachers and parents.

Methodological basis of research work:

To assess the adaptation of the child's body to school, a study was carried out using the anthropometric method, the physiometric method and the psychophysiological method.

Results and results of the study:

Having completed the task, I came to the following conclusions:

1. 6-7 years is one of the most sensitive stages of ontogenesis. At this stage, significant changes occur in the body, characterizing individual differences in the rate of body length and development.

2. The results of anthropometric research in children 6-7 years old had higher rates compared to many similar works of the authors.

3. А in functional indicators, in comparison with children 6-7 years old, there were significant differences between some indicators (HR).

4.a mental performance showed a high significant difference in 7-year-old children compared with 6-year-olds. This proves that their attention efficiency and memory are well developed at the age of 7 years.

Applied value of research work: while increasing the effectiveness of the educational process in the context of adaptation to a modern school, the data obtained are important for ensuring the full development of children.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ....................................................................................................................3-4

2. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1.Балалардың денсаулығы мен оған әсер ететін қоршаған орта жағдайы.......................................................................................................................5-6

2.2. Балалардың мектепке дайындығын психологиялық – физиологиялық зерттеу және оған мұғалімнің беретін көмегі.......................................................................7-12

2.3 Зерттеу материалдары мен нәтижелері............................................................13-19

3. ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................20

4. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................................................21

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ...........................................................................22

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі: Адамзат денсаулығы, негізінен балалық шақта қалыптасатындықтан, өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын сақтау Мемлекеттің маңызды міндеттерінің біріне жатады.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің халықтарына арнаған үндеуінде Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайтуды жақсарту мәселесінің маңызды ерекше орында тұрғаны атап көрсетілген.

Балалардың денсаулығының жақсы дәрежеде болуы, сабақ үлгерімі, қызмет қабілеті, оқу жүктемелеріне, мектепке бейімделуі, мектепішілік, әлеуметтік факторларға дағдылануы олардың ағзасының функционалдық дайындығына тікелей байланысты.

Мектепке бару – бала өміріндегі шешуші кезең өмір мен іс – әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым – қатынастарға көшу болып табылады. Сондықтан, бейімделу – бұл белгілі ортада табысты функционирлеуге үйрену ғана емес, ол келесі психикалық, тұлғалық, әлеуметтік дамуға икемделу. Мектепке бейімделу жалпы мағынада баланың жаңа әлеуметтік жағдайлар, жаңа байланыстар, сұраныстар, өмір жағдайларының түрлері мен тәртіптер жүйелеріне үйрену болып келеді.

Бейімделу процесінің табысы көбінесе бала денсаулығының жағдайымен анықталады, сондықтан бала денсаулығына байланысты мектепке бейімделу мәселелерімен бұрыннан дәрігерлер айналасуда. Физиологиялық дайындық бала ағзасының негізгі қызметтік жүйесінің даму деңгейі мен денсаулығы арқылы анықталады. Мектепте баланың психологиялық дайындығын анықтау диагностикасын жүргізуде денсаулығы мен физиологиялық дамуы есепке алынуы қажет. Баланың ақыл – ойы жетік дамығанмен, денсаулығы әлсіз болса, білімді игеру мүмкіндігі төмендейді.

Жоғарыда аталғандардың бәрі балалардың мектепте оқуға бейімделуін зерттеудің қажеттігін көрсетті. Оқудың бастапқы кезеңі дағдарыс кезеңімен және қарқынды морфофункционалды қайта құрылулармен байланысты.

Зерттеу жұмысының мақсаты: 6- 7 жас аралығындағы балалар ағзасының морфофункционалды және психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттей келе және гигиеналық баға бере отырып, олардың ағзасының мектепке бейімделуін қарастыру.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі зерттеу міндеттері қойылды:

1. Мектеп жағдайына бейімделу және дайындалу кезеңіндегі 6-7 жастағы балалар ағзасының антропометриялық өзгерістерін анықтау. Көктемгі және күзгі көрсеткіштерді салыстыру, айырмашылықтарын анықтау.

2.Жүйелі оқуға бейімделу кезеңіндегі дайындық тобында оқитын балалардың ағзасының функционалдық жағдайына баға беру.

3. Жасын және жынысын есепке алып, жалпы білім беретін мектептін дайындық тобында оқитын 6-7 жастағы балалардың ақыл - ой еңбегін талдау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Комплексті зерттеу жұмыстарын жүргізу «Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектеп» МКМ 1-сыныпта оқитын 6-7 жастағы балалардың морфофункционалдық және психофизиологиялық ерекшеліктері жайлы жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік берді. 1-сынып оқушылардың даму динамикасының мониторингі жасалып, мұғалімдерге ұсынылды.

Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы: Әртүрлі типтегі оқу орындарында 6-7 жастағы балалар ағзасының морфофункционалдық жағдайының және психофизиологиялық ерекшеліктерінің өсу, дамуын обьективті бағалау үшін алынған мәліметтер қолданылады. Қазіргі мектеп жағдайында оқу тәрбиелеу үрдісіндегі нәтижеліктің жоғарлауы кезінде балалардың толық дамуын қамтамассыз ету үшін алынған мәліметтер маңызды болып табылады.

2. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1 Балалардың денсаулығы мен оған әсер ететін қоршаған орта жағдайы

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтік ортасындағы өзекті мәселелерінің бірі Қазақстан халқының денсаулығының сақталуы және нығаюы болып келеді.

Денсаулық бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық жағдайы.

Қолданылатын денсаулық критерийлердің жүйесінде назар аудартатын орынды балалардың физикалық дамуы алып жатады.Өйткені физикалық даму денсаулықтың тура көрсеткіші болып келеді. Және бұл көрсеткіш ауытқыса, ағзада қолайсыздық жағдайы туындағаны мен балалар өмірінде әлеуметтік, экономикалық және гигиеналық жағдайдың өзгергені байқалады. Әр түрлі қолайсыз факторлардың әсерінен баланың физикалық даму көрсеткіштері өзгеруі мүмкін [1].

Қоршаған орта - ластану деңгейінің азаюы мен артуымен, жаңа факторлардың пайда болуы мен жоғалуымен байланысты сапалық және сандық өзгерістер жүретін динамикалық орта болып есептеледі.

Қазіргі кезде адам денсаулығына жағымсыз әсер етіп, өлім – аурулардың артуына, ағзаның физикалық дамуының төмендеуіне әкеліп соқтыратын қоршаған ортаның әр түрлі факторлары бар. Олардың ішінен әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, табиғи – климаттық, химиялық, физикалық сияқты факторларды атап кетуге болады [2].

Қоршаған ортаның жағымсыз әсер етуіне көбінесе бейімделу жағдайлары төмен тұрғындар топтары сезімтал болып келеді. Оларға бірінші ретте, балаларды жатқызамыз. Өйткені олардың эндокринді, иммунокомпетентті және басқа да жүйелері толық дамымағандықтан, балалар инфекцияларға, аллергиялық реакцияларға және ауруларға тез шалдығады [3].

Балалар денсаулығының жағдайы қазіргі кезде өзекті экопатологиялық мәселе болып келеді. Өйткені соңғы он жылдықта бала жасындағы аурулардың көбеюі мен олардың ауыртпалығы тенденциясы ерекшеленеді. Балалардың ағзасы өсу мен дамудың барысында болғандықтан, сыртқы ортаның әр түрлі жағымсыз факторлардың әсеріне душар болады [4].

Атмосфералық ауа қарқынды ластанған аудандарда тұратын ұл балалардың оттегіні максималды жұтуының төмендуі дәлеледенген. Ластанған аудандарда тұратын балалардың стандарттық физикалық жүктемеге жүрек – қан тамырлар жүйесінің функционалді жағдайының көрсеткіші төмендегені байқалды. Бұл физиометрикалық зерттеулер балалардың кардиореспираторлы жүйесіне қоршаған ортаның аэротехногенді ластаушылары жағымсыз әсер ететінін дәлелдейді [5].

Балалар арасында, әсіресе, тыныс алу мүшелерінің (64%), жүйке жүйесінің (8,5%), инфекциялы және паразитарлы аурулардың (6,6%), тері мен тері асты аурулары (5,3%), ас қорыту мүшелерінің (3,5%), бұлшық ет жүйесінің (2,9%) аурулары орын алған [6].

Аурулардың артуы, балалардың денсаулығын сақтау жүйесінің жұмысының нәтижеліксіздігі мен бейімделу жағдайларының төмендеуі екендігіне куәландырады [7].

Л. Чепикова айтуы бойынша, қазіргі заманғы табиғи және әлеуметтік – экологиялық жағдайда балалардың денсаулығының жайы өте үлкен орын алады. Қазір бұл мәселе баланы оқыту мен тәрбиелеу мәселелерімен бірдей орынға ие. Барған сайын мектеп қабырғасында денсаулығы бұзылған немесе ақаулары бар, тіпті созылмалы аурулары бар балалар көптеп келе бастады. Мұның бәрі елеусіз қалдыратын мәселелер емес, өйткені баланың денсаулығы мен оқу үлгерімі медальдің екі беті тәрізді бір-біріне өте тығыз байланысты. Соңғы жылдары мектеп оқушыларының денсаулығының нашарлығы туралы көп айтылып келеді. Әйтсе де бұл жерде тек мектеп кінәлі ме? Әрине, олай емес. Баланың денсаулығын сақтау мен нығайту, ең алдымен, ата – ананың басты міндеті. Денсаулықты жоғалту оңай, ал оны қалпына келтіруге кей жағдайда бір ғұмыр да жеткіліксіз. Кейде мектеп оқытушыларының бар күш – қимылы жеткіліксіз болады, өйткені баланың мектепке дейінгі өмірі тұтастай текке кеткен, орнын толтыру мүмкін емес болып жатады. Бұл мәселенің шешімін ата – аналарға, дәрігерлерге жаба салуға да болар, әйтсе де бала денсаулығы күн өткен сайын нашарлап, кемістіктері беки беретінін де ұмытпалық. Баланың негізгі уақыты мектепте өтетіндіктен оның денсаулығына жауапкершілік те негізінен оқытушының мойнында. Өйткені бала денсаулығы сыныптағы оқыту процесінің қалай ұйымдастырылғанына да байланысты.

Балалардың дұрыс дамуы тек қана жанұя және балалар мекемелеріндегі оқу тәрбиелік процестің дұрыс ұйымдастырылу жағдайында ғана мүмкін [8].

2.2 Балалардың мектепке дайындығын психологиялық – физиологиялық зерттеу және оған мұғалімнің беретін көмегі

Мектепте жүйелі оқуға баланың даярлық мәселесі ондаған жылдар бұрын және осы уақытқа дейін ғалымдардың көңілін аударуда. Осы мәселе бойынша әдебиеттерді талқылау, оқуға дайындық мәселесіне қатысты екі жолды көрсетті: бірінші жолды жақтаушылар, мектепке келгенге дейінгі баланың білімін, дағдысының түзілуін қарастырды. Ал екінші жолды жақтаушылар, мектепке оқуға баланың даярлығының мазмұнын, әр түрлі құбылыстарды көрсетіп, дайындықтын “алғы шарты”, оқуға дайындықпен “білім алуды” байланыстырды, баланың психологиялық дамуының жаңа түзілулерін, мектепке дейінгі кездегі психофизиологиялық жаңа түзілулер бірлігін қарастырады. “Мектепке оқуға даярлық” түсінігінің өзін әр түрлі авторлар үш тығыз байланысқан құбылыстармен түсіндіреді: физиологиялық, жеке тұлғалық және психикалық. Баланың физиологиялық дамуы, мектептегі үлгеріміне және мектепке психологиялық, әлеуметтік даярлығының түзілуі үшін негіз болып табылады [9].

6 - 7 жас шамасы көптеген зерттеушілердің ойынша «бейтарап» балалық шақ кезеңі болып есептеледі, себебі осы жаста ұлдар мен қыздар

тәжірибе жүзінде бір - бірінен дене пішіні мен мөлшері бойынша айырмашылықтары болмайды.

Осы жас кезеңінде барлық физиологиялық жүйелердің әрекетінде маңызды өзгерістер болады. 6 - 7 жаста дене пропорциясы айқын өзгереді, кеуде көрсеткіші азайып, аяқтары ұзарады. Жүрек - қантамыр және тыныс алу жүйесінде морфофункционалды ерекшеліктер жетіледі.

Бұл жүйелер әрекеті үнемді болып келеді, тамыр соғысы және тынысалу жиілігі минутына қысқарады, жүрек жиырылуының күші жоғарлайды.

Сол себептен, 6 - 7 жаста бала морфологиялық психофункционалдық дамудың «мектептік есею» деп аталатын деңгейіне жетеді. Осы жас, физиологиялық дамудың дағдарыс кезеңдерінің бірі, ол көбінесе тіршіліктің жаңа жағдайларының келесі адаптацияларына байланысты болып келеді.

Қазіргі кезде балалардың дене дамуын және денсаулық деңгейін бағалауда аймақтық ерекшеліктерді, елді мекеннің этникалық құрамының әр түрлілігін, тіршілік ахуалдарын, климатогеографиялық жағдайларын есепке алмау мүмкін емес [10].

Мектепте оқытуға баланың психологиялық даярлығы – мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың басты қорытындыларының бірі [11].

Оқушы орнының өзгеше ерекшелігі оның оқуының міндетті, қоғамдық мәні бар іс – әрекет екендігінде. Оқу үшін бала мұғалімнің, мектептің, үй ішінің алдында жауап береді. Оқуышының өмірі мектеп балаларының бәріне бірдей және қатал ережелер жүйесінде бағындырылады. Оқудың негізгі мазмұны барлық балаларға ортақ білімдерді меңгеру болып табылады [12].

Оқушы мен мұғалім арасында қарым – қатынастардың мүлде ерекше типі қалыптасады. Мұғалім баланың жақтыратын не жақтырмайтын үлкен адамдарының бірі емес. Ол балаға қоғамдық талаптар қоятын нақтылы адам болып табылады. Сабақта алынатын баға – баланың жеке өзімен қарым – қатынас емес, оның білімдерінің, оның оқу міндеттерін орындаудың нақтылы өлшемі. Жаман бағаны тіл алумен де, өкінумен де түзеп болмайды [13].

Балалардың психикалық дамуы бір қалыпты болмайды, бала психикалық бейненің қандай да бір негізгі белгілерін ұзақ уақыт бойы сақтағанда дамудың біршама баяу, бірте – бірте өзгеретін кезеңдері және ескі психикалық белгілердің құрып бітуімен, жойылуымен және жаңа белгілердің пайда болуымен байланысты, кейде баланы неғұрлым тез, секірмелі түрде адам танымастай өзгертіп жіберетін өзгерістер кезеңі байқалады. Осы секірмелі түрдегі өтуді даму дағдарысы деп атайды. Олар шамамен бірдей жағдайда тұрған, жас жағынан шамалас балалардың барлығында пайда болады да балалық шақты жас шағына қарай бірнеше кезеңге бөлуге мүмкіндік береді.

Психикалық дамудың бірдей жас шағы кезеңіндегі балаларды біріктіретін негізгі психикалық белгілер – олардың қоршаған дүниеге көзқарасы, олардың қажеттері мен қызығулары және осы қажеттілік пен қызығулардан туындайтын бала іс – әрекетінің түрлері [14].

Мектептің рөлі балаға адамның нақты қызметінің әр түрі үшін қажетті білім мен іскерлікті үйрету және тиісті психикалық сапаларды дамыту болып табылады [15].

Бірінші сынапқа келген оқушыға оқу жылының басында ерекше салмақ түседі, жүйелі оқу, көлемді ақпарат, орындықта ұзақ отыру, күн тәртібінің өзгеруі кішкентай баланы ақыл – ой жағынан да, физиологиялық жағынан да шаршатады. Бала денсаулығын нығайтуда психологияда көптеген әдістер қолданылады, соның бірі тыныштық сәті (аутотренинг). Оны сабақтың әр бөлігінде, әр түрлі мақсатта пайдалануға болады. Бұл адамның өзін, дене және психикалық күйін өзі басқара алуы, яғни босаңсу, өзін еркін сезіну, бір сәт бәрін елестету, қиялға берілу, қайта қалыпқа келу.

Түзету жұмысын жүргізгенде оқушыларға аутотренингті пайдалану баланың есте сақтау қабілетін, көріп есте сақтау, зейін тұрақтығын, түстерді ажырату, қоршаған ортаны бағдарлау қабілетін дамытуына көп көмегі тиеді [16].

Психологиялық зерттеудің мақсаты – баланың оқуға деген психологиялық дайындығы мен жеке басының даму деңгейін анықтау.

Психологиялық дайындықты анықтайтын негізгі компоненттер:

Бала ағзасы 6–7 жас аралығында көптеген өзгерістерді бастан кешеді. Оқу жылының басында баланың физиологиялық дамуы белсенді болады. Бала ағзасы 6–7 жаста мектептегі оқу жүйесіне дайын болатындығын, сонымен қатар сыртқы ортаның әсерлеріне өте сезімтал, ақыл – ойға, денеге түсетін күшті жасы кіші болған ауыр қабылдайтыны ғалымдар тарапынан тұжырымдалған. Сондықтан да бірінші сыныпқа қабылданар алдында бала толығымен медициналық тексеруден өтеді.

Баланың физиологиялық дамуы, денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді медициналық қызмет орындары береді. Дәрігердің қорытындысында баланың денсаулық жағдайы толық көрсетілуі керек.

Балаланың әрбір жасындағы дамуының физиологиялық, психологиялық ерекшелігін біліп, қажетті әдістерді пайдаланған жөн.

Бұл баланы дене, ақыл – ой дамуының да жүйелі болуымен қатар жас кезінде ғана емес, ересек болғанда да көптеген аурулардан қорғайды. Ересектер көп жағдайда өздері байқамай, баланың тілінің дұрыс дамымауына себепші болады. Ең алдымен баланың психикасының зақымданбауын қадағалау керек.

Баланы қатты шудан, қорқудан, шектен тыс қатаңдықтан, қатты жекуден, қатаң тәрбиеден бірден еркелетуге көшуге, ашушаң адамдардың шамадан тыс қозғалатын балалардың арасында болмауын қадағалау керек. Сонымен қатар бала үлкендердің іс – әрекетін айна – қатесіз қайталайтынын ескеру қажет.

Оқушылар зерттеуден өткен соң, әрбір зерттеулер жеке қаралып, көмек керек оқушылардың тізімі жасалады. Ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен байланыс жасалып оқушының қиындық көру себебі анықталып түзету жұмыстары жүргізіледі. Егер түзету жұмысына арнайы мамандар керек болса, ата – анасының келісімімен арнайы тексерілуден өткізіледі.

Мектепішілік психологиялық түзету жұмыстары оқу, ойындар, тест, сурет тестері, әңгімелеу түрінде өтеді.

Баланың әрбір кезеңі – бөбек жайға түсуі, одан бала-бақшаға көшуі, мектепте оқи бастау – өзімен күрделі жағымсыз қиын жағдайлар кешенін алып келеді. Үйрену, жаңа қалыпқа бейімделу көптеген қиындықтармен байланысты. Бала үшін маңызды кезең мектеп өмірінің басталуы. Баланың мектеп талаптарына бейімделу деңгейі туралы дәрігерлер оның шаршауынан, үлгерімінен, денсаулық қалпынан қорытынды шығарады [16].

2.3 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ

Қойылған міндеттерді шешу мақсатында 6-7 жас аралығындағы балалардың мектепке бейімделуі сипатын анықтау мен бұл балалардың ағзасының морфофункционалды жағдайын, мектепте оқуға психологиялық даярлығын анықтауға зерттеу жүргізілді. Зерттелетін объектілер ретінде 2019 – 2020 оқу жылының қазан айында, «№4 орта мектептің» 1-сыныпта оқитын балаларға зерттеу жүргізілді. 6 жастағы зерттелінген балалардың жалпы саны 23, олардың 11- ұл және қыз 12. Ал 7 жастағы зерттелінген балалардың жалпы саны 22, олардың 12 ұл және 10 қыз.

Алынған материалдар оқу жағдайына, төлқұжаттық және биологиялық жас есебімен талданды. Жасқа байланысты топқа бөлу былай жүргізілді: 6 жастағы балаларға 5 жас 5 ай 29 күннен, 6 жас 5 ай 29 күнге дейінгі жастағылар алынды. 7 жастағы балаларға 7 жас 5 ай 29 күннен, 6 жас 5 ай 29 күнге дейінгі жастағылар алынды. Балалардың функционалды жағдайларын және олардың мектеп жүктемелеріне бейімделу дәрежелері оқу жылы басталуынан 1 айдан кейін (1 - зерттеу) және 4,5 -5 айдан кейін (3- тоқсан аяғында, 2 – зерттеу жұмысы) өткізілді.

Қойылған міндеттерді шешу үшін балалардың ағзасының дене дамуын және психофизиологиялық жағдайы туралы ақпаратты алуға мүмкіндік беретін жалпы белгілі зерттеу әдістері алынды.

Дене енінің өсу қарқынын антропометриялық әдіс арқылы анықтадық. Антропометриялық әдіс арқылы анықтаудағы маңызды жағдай, ол пайдаланатын тәсілдердің және құрал – саймандардың біркелкі болуы. Барлық зерттеу жұмыстары ауасы таза, жылы және жарық медициналық бөлмеде күн тәулігінің бірінші жартысында жүргізілді. Антропометриялық өлшеу кезінде бала бойының ұзындығын, дене салмағын, кеуде клеткасы шеңберінің көрсеткіштері еске алынды.

Оқушылардың оқуға мен тәрбиеге деген санитарлы – гигиеналық талаптар жүргізілетін талаптарға жақын. Сыныптағы балалардың саны 26 адамнан артық емес. Оқу жүктемесі аптасына – 24 сағат.

Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдерді зерттеу нәтижесінде алынып орташа сандарға негізделген кестелер немесе цифрлар өлшеу кезінде алынған сандармен салыстырылды. Егер салыстыру кезінде алынған орташа салмақтан едәуір ауытқу сандар шығатын болса /артық немесе кем/ онда дененің өсуінде белгілі кемшілік болғаны. Ондай кемшіліктердің болуында, бастан өткен әр түрлі ауру сырқаулар және кейбір факторлар себеп болуы мүмкін.Сондықтан, антропометриялық зерттеулер жүргізу, тек дененің өсіп жетілу дәрежесін анықтау ғана емес, сонымен қатар баланың денсаулық жағдайына жалпы баға беру.

Оқушылардың өсіп – жетілуін сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша жылына бір не екі рет қадағалайды. Өсіп жетілу көрсеткіштерің алу процесі антропометрия (гр. Антро – адам, метрео - өлшеймін), көрсеткіштердің өзі – антропометрия немесе негізгі деп аталады.

Тұрған кездегі бой ұзындығын өлшегенде, зерттеушіге ростомердің платформасына тұрып, өкшесімен, жамбаспен және көздің сыртқы бұрышымен құлақ қалқаны бір көлденең жазықтықта болуын сұрадық. Зерттелуші ішін өзіне тартып, иығын түзулеп, қолын дене бойына түсіреді. Бойды өлшегенде қозғалмалы планканы басқа түсірдік. Есептеу тік бағана арқылы алынды.

Дене салмағының дәлдігі 50 гр дейін болатын иінді системалы ондық медициналық таразыда өлшедік.

Кеуде клеткасының шеңберін тыныштық жағдайда анықтадық. Өлшегіш лента арқылы арқа жақтан жауырынның төменгі бұрышынан бастап алдыңғы жағынан ортанғы кеуде нүктесінен есептелді.

Физиометриялық әдіс. Артериялық қан қысымын әдеттегі қолданылып жүрген Короткова тәсілі бойынша анықтадық. Жылы бөлмеде, тыныштық жағдайда, зерттеушіні отырғызып, қолдың білегіне танометрдің манжеткасын тығыздап орап алған соң, ондағы кәрі жілік артериясынан естіліп тұратын пульс жойылғанға дейін ауа жіберу арқылы манжетканың қысымын жоғарлаттық. Одан соң қысымды төмендете отырып, бірінші пайда болған пульс дыбысынан, систолалық қан қысымының, пульс жоғалғанда диастолалық қан қысымының деңгейін анықтадық. Әрбір баланы өлшеп болған соң, манжетканың қысымын нөлге дейін түсіріп отырдым.

Жүректің соғуының жиілігі - кәрі жіліктің бас жағына жаңай орналасқан артериялық қан қысымын саусақпен басып, 15 секунд ішіндегі тамыр соғысының жиілігін, ритмін анықтап, соңынан 15 секундты 4-ке көбейту арқылы 1 минут ішіндегі жиілік пен ритімділігін санау арқылы анықтадық.

Сондай–ақ 6-7 жастағы балалардың психофизиологиялық жағдайларын және мектепте оқуға психологиялық дайындығының дәрежесін анықтауға зерттеу жүргізілді. Осы зерттеуге келесі әдістер (см. қосымша): Керна – Йирасек тесті бойынша «мектептік есею» деңгейін анықтау қолданылды. Кестедегі белгілерді қарап шыққан кездегі уақыт бірлігіндегі сандар негізінде және осы кездегі жіберілген қателер санының коэффициенті анықталды. Бас миының жүйкелік процестерінің қозғалғыштығы және жұмыс өнімділігін бағалауға болатын келесі арнайы формуламен есептелді.

Балалардың мектепке даярлығын Керна-Йерасека тест әдісі бойынша талдау. (3-тапсырмадан тұрады)

  • Бірінші тапсырма – ер адамның суретін салу (ағасының немесе папасының)

  • Екінші – сөзді қарап жазу

  • Үшінші– фигураны қарап отырып салу

Әр тапсырма нәтижесі 5 балдық жүйе бойынша бағаланады. (1-жоғары балл, 5-ең төмен балл). Әр тапсырма бойынша, жиынтық балл есептеледі.

  • Баланың дамуы, 3-тапсырма бойынша жиынтық балл көрсетеді:

  • - 3-тен 6-ты  балға дейін, орташадан жоғары

  • - 7-ден 11- балл, орташа деңгей

  • - 12-ден 15- балл аралығы – нормадан төмен.

12-15 ұпай жинаған балларды, терең зерттеуге алу керек. Себебі, ақыл-ойында кемістігі болуы мүмкін. Үш тапсырмада графикалық тест баллардың қолдарының икемділігін, көру координациясын және қолдың қозғалысын анықтауға бағытталған. Баллардың мектепте оқып үйренуде жазу, сызу қажеттілігі үшін қажет. Сонымен қатар, тест баланың жеке дамуын анықтауға есте сақтауын, ойлау қабілетін мүмкіндік береді. мысалы, ер адамның суретін салу, сөзді көшіріп жазу, фигураны салу.

1 тапсырманы орындауға нұсқаулық:

«Бұнда (әр балаға жеке түсіндіру) өзіне таңыс ер адамның суретін сал. Әкесін немесе ағасын, қолынан келгенше. Балаға басқаша былай сал деп көрсетуге немесе түсіндіруге болмайды.

2 тапсырманы орындауға нұсқаулық:

«Қарайық, мында не деп жазылған. Жақсылап қарап ал да, мына жерге жаз деп сол сөйлемнің қасындағы бос орынды көрсету»

«Менің анашым» осы сөйлемді көшір.

3 тапсырманы орындауға нұсқаулық:

«Мына фигураның суретін сал» ........... ....... ....

Мына фигураның қасына дәл осылай сурет сал. Бала суретті қайталау керек.

Зерттеу нәтижелері және талдау

5 - 6 жас аралығындағы балаларды оқу жылының басында зерттеу кезінде осындай көрсеткіштер алынды:

1-кесте. 6–7 жастағы балалардың антропометриялық көрсеткіштері (М± m)

Жасы

6 жастағы балалар

7 жастағы балалар

Көрсеткіштер

Ұлдар

Қыздар

Ұлдар

Қыздар

Дене ұзындығы, см

110 ± 0,9


112 ± 0,18

118 ± 0,36

120 ± 0,08


Дене салмағы, кг

18,5 ± 0,8

19,5 ± 0,22

22,7 ± 0,21

23 ± 0,23


Кеуде клеткасының шеңбері, см

49 ± 0,1

50 ± 0,08


54 ± 0,86

55 ± 0,19




Антропометриялық көрсеткіштерді зерттеу, келесілерді айқындады: 7 жастағы балалардың дене ұзындығы, дене салмағы мен кеуде клеткасы шеңберінің динамикасы 6 жастағы балаларға қарағанда жоғары көрсеткішті байқатты. Барлық антропометриялық көрсеткіштерінің орташа шамасы бойынша 7 жастағы қыздарда құрдас ұлдармен салыстарғанда жоғары болса, ал 6 жастағы балаларда мұндай көрсеткіштердің өсіңкілігін зерттеу керісінше нәтижеге ие болғанын көрсетеді.

2- кесте. 6-7 жастағы балалардың физиометриялық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

6 жас ұлдар

6 жас қыздар

7 жас ұлдар

7 жас қыздар

ЖСЖ, тыныш

85 ± 0,06

82 ± 0,06

90 ± 0,03

88 ± 0,04

ЖСЖ, 10 р о.т

118 ± 0,18

116 ± 0,6

120± 0,16

119 ± 0,6

САҚ

100 ± 0,09

90 ± 0,1

105 ± 0,1

100 ± 0,1

ДАҚ

61,8 ± 0,018

60 ± 0,06

60 ± 0,018

61 ± 0,06

Артериялық қан қысымының деңгейі ұлдарда орташа САҚ 100 ± 0,09 мм,с.б., ДАҚ – 61,8 ± 0,018 мм.с.б., қыздарда САҚ 90 ± 0,1мм,с.б., ДАҚ 60 ± 0,06 мм.с.б. тең болды. Қыздардың бұл көрсеткіштері басқа авторлар мәліметтерімен төмен және де ұлдарда САҚ нормадан төмен болады. Сонымен қатар, ұлдардың функционалдық көрсеткіштері (ЖСЖ, ДАҚ) құрдас қыздарына қарағанда (р≤0,001) жоғары сенімділік көрсетеді. САҚ көрсеткіші бойынша, қыздар құрдас ұлдарына қарағанда төмен көрсеткішке ие (№2 Кесте).

6 –7 жастағы балалардың психологиялық «Мектептік есею» зерттеу көрсеткіштерін талдау

6 жастағы ұл балаларға қараганда, қыз балалардың жазуға икемділігі, жалпы дайындық деңгейлері жоғары. Ал 6 жастағы балалардан, 7 жастағы балалар қабылдауы, есте сақтауы әлде қайда жоғары. Бұл оқу процесіне балалардың бейімделу көрсеткіштері.

2-сурет. 6-7 жастағы балалардың психофизиологиялық көрсеткіштері
(Керна Ийрасек) әдісі бойынша




Психофизиологиялық зерттеу нәти желері, ұл балаларға қарағанда қыздардың ойлау қабілеті «Мектептік есеюі» біршама жоғары екенің көрсетті.

ҚОРЫТЫНДЫ

1. 6 – 7 жас онтогенездің сезімтал кезеңінің бірі болып табылады. Бұл кезеңде ағзада дене ұзындығының қарқыны және дамуының жекеше айырмашылықтарын сипаттайтын мәнді өзгерістер жүзеге асады.

2. 6 – 7 жастағы балаларда антропометриялық зерттеу қорытындылары авторлардың көптеген ұқсас жұмыстарымен салыстырғанда жоғары көрсеткіштерге ие болды.

3. Ал функционалдық көрсеткіштер бойынша 6-7 жастағы балаларды салыстырғанда, кейбір көрсеткіштер(ЖСЖ) арасында сенімділік айырмашылықтар байқалды.

4. Ал ақыл – ой еңбегіне қабілеттілік 7 жастағы балаларда, 6 жастағылармен салыстырғанда жоғары сенімді айырмашылық көрсетті. Бұл олардың көңіл аудару тиімділігінің және есте сақтау қабілетінің 7 жастағыларда жақсы жетілгендігін дәлелдейді.

Зерттеу нәтижесі бойынша келесі шаралар өткізілуі тиіс деп есептейміз:

  1. Медицина қызметкеріне бастауыш сынып оқушылырының морфофункционалды және физикалық дамуына көп көңіл аудару;

  2. Мектеп администрациясы, класс жетекшілері бастауыш сынып оқушыларына денсаулықты сақтау шараларын жиі өткізу қажет;

  3. Ата – аналар балалардың күн тәртібіне, дұрыс тамақтануға, демалу уақытына ерекше көңіл аудару қажет.

«Балалар – өмірдің гүлдері» демекші балалар біздің болашағымыз екендігін ұмытпауымыз керек. Сондықтан да балалардың денсаулығын сақтауды қазіргі кезден бастап ойлауымыз қажет.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Р.Қалыбаева. Мектепке дейінгі педагогика. Бала дамуының психологиялық ерекшеліктері. 2009 жыл, 5- 114 б.

2. Мукина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалардың психалогиясы, 20-223 б.

3. Бастауыш сыныптарға арналған әдістемелік көмекші құрал материалдар. 2002 жыл 15-315 б.

4.О.А.Петришина,Е.П.Попова. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы, және гигиенасы. 15-14 б.

5.Қ. Дүйсембин, З. Алиакбарова. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы, Алматы, 2003.318-319 б.

6. Г. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқалы адамгершіліке тәрбиелеу Алматы, «Рауан», 1992 жыл, 14-16 б.

7. Алгатова Эльмира. Ойын балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы. 2008,11-13 б.

8. М.Ж.Ихласова, Өсіп даму және акселерация. Орал қаласы, 7-8 б.

9. В.Зайцева. Дене дамуының ерекшеліктері, 12-14 б.

10.Волеология дене тәрбие спорт, 2002 жыл, 35-37
11. Г.Лихтенберг Бала тәрбиесі. 11.2008 жыл, 22 б.

12. И.Галкина ізденіс/поиск ,2004 жыл, 55 б.

13. Р.Әбуқызы. Волиология денсаулық және өмірлік дағдылар 2008 жыл. 33 б.

14.В.И.Ядэшко. Мектеп жасына дейінгі педагогика. 1982 жыл. 17-19 б.

15.Вазина В.Я. Воспитание целеустремленности поведения у детей в игровой деятельности /1985, 60 с.

16.Гербова В.В. Занятия по развитию речи с детьми 4-6 лет, 1987. 207 с
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ

ККШ – кеуде клеткасының шеңбері;

ЖСЖ тк– жүректің соғу жиілігі тыныштық кезінде;

ЖСЖ10от – жүректің соғу жиілігі 10 рет отырып-тұрғанда;

САҚ – систола кезіңдегі артерия қысымы;

ДАҚ - диастола кезіңдегі артерия қысымы;

ДҰ – дене ұзындығы;

ДС – дене салмағы;

ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі.

Қосымша А

6-7 жастағы балалардың антропометриялық көрсеткіштерін зерттеу кезінен көрініс





Қосымша Б

6-7 жастағы балалардың физиометриялық көрсеткіштерін зерттеу кезінен көрініс



Қосымша С

6-7 жастағы балаларды психофизиологиялық зерттеу кезінен көрініс







написать администратору сайта