Желшешек. желшешек. Таксономиясы. Тымдастыы Herpesviridae Тымдастыы Alphaherpesvirinae Туыстастыы Varicellavirus. Эпидемиологиясы
Скачать 14.74 Kb.
|
3-типтік ұшық вирусы (varicella- zoster вирусы) екі түрлі зақымданулар қоздырады: жел шешек (varicella) және белдеу теміреткі (zoster). Біріншілік инфекция жел шешек түрінде өтеді, ал оның рецидині - белдеу теміреткі түрінде өтеді. Бұл вирусты 1911 жылы бразилиялық дәрігер Э. Арагао ашқан. Вирус екі түрлі ауру қоздырады. Жел шешекке (Varicella ) көбінесе балалар шалдығады, дене қызбасымен, жалпы интоксикацияланумен, мөлдір сұйық толған бөртпе (везихула) шығумен өтеді. Белдеу ұшық (herpes zoster) немесе белдеуші теміреткі- бала кезінде кел шешекпен ауырған ересек адамдарда болатын эндогенді инфекция. Ауру нерв жолдарының бойымен везикулярлық бөртпелер шығуымен көрініс береді. Таксономиясы. Тұқымдастығы: Herpesviridae Тұқымдастығы: Alphaherpesvirinae Туыстастығы: Varicellavirus. Эпидемиологиясы. Жел шешек балалар арасында жиі кездесетін ауру. Ересек тұрғындардың 80-90% жас кезінде жел шешекпен ауырғаны туралы мәлімет берген. Жел шешекпен ауырып тұрғандардың 10%- да белдеу теміреткімен науқастанушылық тіркелген. Инфекция көзі - ауру адам және вирус тасымалдаушылар. Жасырын кезеңі жел шешек кезінде -11-23 күн. Вирус ауалы- тамшылы және жанасу (бөртпе бөлінділерімен) жолдары арқылы беріледі. Балалар белдеу теміреткімен науқастанғандармен тығыз қатынаста болғанда жел шешекпен ауруы ықтимал. Жел шешек инфекциясының айқын маусымдылығы байқалады - науқастанушылық жылдың суық айларында жиілейді. Жасырын кезеңнің соңынан бастап бөртпе шыққаннан кейін 5 күн бойы басқаларға жұқтыру қауіпі сақталады. Патогенезі, клиникалық көріністері. Бастапқы кезінде қоздырғыш жоғары тыныс алужолдарының шырышты қабатының эпителиясында көбейеді, содан кейін лимфа тамырлары арқылы қанға түсіп, вирусемия қоздырады. Қан мен терінің (дерматотроптық әсері) және шырышты қабаттың эпителиялык жасушаларына барады. Нәтижесінде науқастың бетінде, кеудесінде, аяқ қолдарындауыз қуысының шырышты қабатында везикулярлы бөртпелер пайда болады. Жел шешек кезінде жасырын кезеңі -11-23 күн. Сулы бөрітпелер орнындағы күлдіреуктер жарылады да, біраз уақыттан кейін құрғап, қатаяды. Бетіндегі қабыршық түскеннен кейін ешқандай тыртық белгі қалмайды. 2 айдан 1 жылға дейінгі сәбилерде және егде жастағы ересектерде жел шешек ауыр түрде өтеді. Әйелдер жүктіліктің алғашқы 3 айында осы инфекцияға шалдықса ұрығына ақаулык әсер етуі (вирус плацента арқылы берілгенде) мүмкін. Ауырып тұрған балалардың жұлынының артқы түбіршіктерінде немесе бас ми нервінің ганглияларында вирус бірнеше жыл бойы сақталады. Жұлыннынерв жасушасында ұзақ уақыт сақталған вирустың белсенділігі артуының нәтижесінде белдеу теміреткі дамуы ықтимал. Оған әртүрлі жағдайлар (ілеспе аурулар, жарақаттану, иммунитетінің төмендеуі т.б.) ықпалын тигізеді. Белдеу теміреткі жекеленген сезімтал нервтердің бойымен онша айқын емес қызарған дақтар (диаметрі-3-5см) шығумен сипатталады. 18-24 сағаттан кейін бөртпелер айнала шеті айқын шектелген іші суға толған ауыратын везикулаларға айналады. Зақымдану көбінесе кеудеде (қабырға- аралық нервтердің бойымен ауырсыну) және де кез келген сезімталдық нервтердің бойында (біржақты) орналасуы мүмкін. Зақымдану белгілері 2-4 аптадан кейін жоқ болады. сағаттан кейін бөртпелер айнала шеті айқын шектелген іші суға толған ауыратын везикулаларға айналады. Зақымдану көбінесе кеудеде (қабырға- аралық нервтердің бойымен ауырсыну) және де кез келген сезімталдық нервтердің бойында (біржақты) орналасуы мүмкін. Зақымдану белгілері 2-4 аптадан кейін жоқ болады. Иммунитеті. Бала кезінде жел шешекпенауқастанған ересектерде өмірбақилық иммунитет қалыптасады. Қан сарысуында вирусбейтараптаушы және комплементбайланыстырушы анитденелнер жиналады. Бірақ олар аурудың рецидивінен құтқара алмайды. Өйткені персистенциялық инфекция ошағы жұлынның ганглияларында сақталады. Сонымен қатар Т-супрессорлар санының көбеюі байқалады, ол өз кезегінде екіншілік иммунды-тапшылық қоздыруға себепкер болады. Микробиологиялық диагноз кою. Зерттеу заттары: күлдіреуік бөліндісі, қан, мұрын-жұтқыншак шайындысы. Вирусоскопиялық әдіс-таңбалы-жағынды дайындап, Романовский-Гимзе әдісімен бояп, препаратты микроскопта қарап қосынды денешіктер (Липшиц денешігі) бар, Цанк жасушаларын анықтайды. Вирусты бөліп алу (индикациялау)- тек қана адам эмбрионының фибриобластынан дайындалған жасуша дақылдарына жұқтыру (ЦПӘ, синци-тиялар тізілуі бойынша индикациялау). Идентификация - КБР, РИФ. Серологиялық диагноз қою- КБР, ИФТ. Емдеуі. Симптоматикалық және арнайы препараттар - интерферон, интерфероногендер, ацикловир, видарабин қолданылады. Алдын алуы. Жалпы-медициналық сақтану шараларын орындау. Спецификалық профилактика мақсатында қолданылады: VZV-тірі вакцина. Жел шешек ошағында болған балаға иммунды глобулин енгізу. |