фирменный. фирменный01111543510427114310. талдыОРан аласыны Жмыспен амту, леуметтік бадарламалар жне азаматты хал актілерін тіркеу блімі мемлекеттік мекемесі
Скачать 163.88 Kb.
|
К.Ш. Мустафаеваға Талдықорған қаласы, «Самал» шағын ауданы, 9 үй, 89 пәтер «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сіздің атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 3-бабы, 1-тармағына сәйкес, өтініш беруші жеке өзінің немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді. «Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 39/НҚ бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, халықты жұмыспен қамту орталығы және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырады. «Электрондық үкімет» Www e-gov.kz веб-порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмекті онлайн тағайындауға өтініш беру үшін, электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) болуы қажет. ЭЦҚ көмегімен порталға кіріп, келесі әрекеттерді жасайсыз: "Әлеуметтік қамсыздандыру" бағанын басасыз, "отбасыларға көмек" таңдайсыз, содан кейін «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» және «қызметке онлайн тапсырыс беру», осыдан кейін келесі әрекеттерді орындайсыз. 1-ші қадам Ұялы телефон нөмірін, нақты тұрғылықты мекен-жайын, отбасы мүшелерін қосуды және өткен тоқсандағы кірістерді өңдеуді толтырасыз. 2-ші қадам Шотты растау. 3-ші қадам Өтінішке ЭЦҚ кілтпен қол қояды. 4-ші қадам Өтініш мәртебесі пайда болады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде «электрондық үкіметтің веб-порталы» арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін белгіленген нысан бойынша өтініш беруіңіз қажет. Қазақстан Республикасы әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 91-бабына сәйкес, әкімшілік актымен келіспеген жағдайда Сіз жоғарғы тұрған әкімшілік органға шағымдануға құқылысыз. Басшысының м.а. А. Қашқынбаев Орын.Б.Қуатов Г.Жанайбекова Тел. 24-46-05, 25-08-83 |