Главная страница

Таным бойынша ойында. Таным бойынша ойындар ересек топ — копия. Таным білімберу саласы бойынша


Скачать 401.46 Kb.
НазваниеТаным білімберу саласы бойынша
АнкорТаным бойынша ойында
Дата12.07.2022
Размер401.46 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТаным бойынша ойындар ересек топ — копия.docx
ТипДокументы
#629777



Таным»білімберу саласы

бойыншаойындар

картотекасы



Біреу және көп.

Мақсаты: Біреу және көп түсініктерін

қалыптастыру, танымдық қабілетттерін

дамыту.

Шарты: Бір ойыншықты көрсту. Біреу деген

түсініктерін

қалыптастыру. Көп ойыншықты көрсету.

Көп деген түсінікті қалыптастыру.



«Ойыншықты тап»
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. 
Көрнекілік: Топтағы ойыншық. 
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып

қойып, бір баланы тақтаға шақырады.

Тәрбиеші нұсқауымен,

мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл,

2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа

дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған

нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.

«Орнына қойып шық»

Мақсаты: жиһаздардың аттарын атап айту

және бөлме ішінде өз орындарына орналастыру

Қажетті құралдар: жиһаздардың суреті мен

магниттік тақта

Ойынның барысы:Магниттік тақтаға жиһаздар

бейнеленген суреттер жапсырылады.

Тәрбиеші әр жиһазды өз орнына орналастыруды

ұсынады.

«Санамақ»
Бір – білім ал

Бір – білім ал,
Екі – ерлік көрсет,
Үш – үлгі тұт,
Төрт – тәртіп керек,
Бес – бестік баға ал,
Алты – алғыс ал,
Жеті – жеңіс біздікі,
Сегіз – сенім керек.
Тоғыз – тоқу керек,
Он – оқу керек.






Заттың санның цифрмен белгіле

Мақсаты: Зейіннің аударылуы бөліну

қасиеттерін дамыту. Баланың сан туралы

түсініктерін дамыту

Ойын барысы :

1.Топтағы заттарды санау.

2.Бір қатарда немесе шашырап аққан бір

тектес заттарды санау осы заттардың сандық

мөлшерін білдіретін цифрды атау.

3.Бірден бастап баланың мүмкіндігіне қарай

санату

Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі суреттер мен

цифрлар




«Менің көшем»

(Воскобовичтің дамытушы ойындары)

Мақсаты: Балалардың ұсаққол маторикасын

дамытуЛогикалық ойлайалу қабілеттерінқалыптастыру





Көршісін тап!

Мақсаты: Сан құрамын атап, неше бірліктен

тұратынын, сандарды салыстыра білуге үйрету.

Көрнекілік: Кеспе қалтадағы сандық карточкалар:1-10.

Барысы: Тәрбиеші бір санды атайды, м:7 санын.

Тақтаға бір бала шығып аталған санды «кеспе

қалтадағы» сандар арасынан 7 санын алып қояды.

Тәрбиеші: осы санның көршілерін көрсетіндер

дегенде , екі бала шығып 6 және 8 санын көрсетеді.

Әр бала өз санын түсіндіру керек, м: 7 саны 6

санынан 1-уі артық, 8 санынан 1-уі кем, 7

бірліктен тұрады



Кiм тез жинайды”

Ойын мақсаты: Көкөнiстер мен жемiстер жайындағы

балалардың бiлiмiн тиянақтау /жинақтау/. Бейнелеу iс-әрекетi

барысында пiшiн, көлем, түстi, салыстырмалы көлемдi қабылдауын қалыптастыру. Балалрдың есте сақтауын дамыта отырып, зейiндiлiкке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулу.

Қажеттi құралдар: Көкөнiстер мен жемiстердiң ұсақ

суреттерi /10х10; 10х15 см/ немесе муляждар. Екi себет.

Ойын барысы:А) Көкөнiстер, жемiстер жайында әңгiмелеп, түрi,

түсi, көлемi, пiшiнi т.б. Ә) Үстелдiң екi шетiне қойылған екi

себетке жемiстердi бiр бөлек, көкөнiстердi, бiр бөлек, бiр-бiрлеп салу тапсырылады.

Мыс: Алма қызыл домалақ пiшiндi, дәмi тәттi, т.б. көкөнiске

немесе жемiске жататынын сұрап, тәрбиешi жауаптарын

толықтырып отырады. Ойын балалардың жемiстер, көкөнiстер

жайында өлең-тақпақтар айтуымен аяқталады.


«Жұбын тап»

Мақсаты: Балаларды суретте бейнеленген заттарды салыстыруға, ұқсастықтарды табуға және бірдей бейнелерді іріктеуге үйрету;

байқампаздық, өзін-өзі жинақтауға тәрбиелеу, сөйлеу қабілетін дамыту,

ойын ережесіне бағынуды қалыптастыру.

Ойын ережесі.Тек бірдей суреттерді көрсетіп атау;

кімде-кім дұрыс жұп суреттерді дұрыс таңдап, дұрыс атаса,

сол фишкаға ие болады.

Ойын әрекеттері. Қажет суретті іздеу.

Ойын барысы.Тәрбиешінің қолында жұп суреттер

(дайын, баспадан шығарылған немесе тәрбиешінің өзі жасаған) бар.

Суреттерде заттар бейнеленген: ойыншықтар, ыдыстар,

киімдер т.б. Тәрбиеші балалармен бірге суреттерді қарастырып,

оларды атайды. Бұдан кейін оқытушы бірдей екі суретті қолына алады да,

біреуін көрсетіп тұрып, сұрайды:

Бұл не? Кесе, - деп жауап береді балалар.



«Бұл қай мезгіл?»

Мақсаты:Балалардың жыл мезгілдері, оларға тән белгілері

жайында мағлұматтарын бекіту; сөйлеу қабілетін,

байқампаздығын, тапқырлығын, төзімділігін дамыту.

Ойын ережесі.Кмге бағыт көрсеткіш бұрылса, сол өз суреті

туралы айтып және оны шешеді. Суретті ешкім ойлап

таппайынша көрсетпейді.

Ойын әрекеттері. Суреттерді жасыру және табу.

Бағыт көрсеткішті айналдыру.

Ойын барысы.Балалар үстелді жағалай отырады.

Тәрбиешінің қолында жыл мезгілдері бейнеленген

(әр жыл мезгіліне 2-3 сурет) бірнеше сурет бар.

Мысалы, қысқы табиғат, қысқы қызықтар, қысқы балалардың

еңбектері: жолды қардан тазалау, құстарды тамақтандыру.

Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді:


написать администратору сайта