№2-7кклин есеп. Тапсырма Диарея жадайын бшаые бадарламасы бойынша жіктеіз жне оральді дегидратация млшерін крсетііз Дрігерді тактикасы.
Скачать 16.75 Kb.
|
№1. 8 айлық Аиданы анасы диарея бойынша дәрігерге әкелді. Диарея 4 күн барысында болған. Қарау кезінде бала әлсіз, суды ішкісі келмей ішеді, тері қатпарлары өте баяу жазылады, көздері шүңірейген. ТАПСЫРМА: «Диарея» жағдайын БШАЫЕ бағдарламасы бойынша жіктеңіз және оральді дегидратация мөлшерін көрсетіңіз? Дәрігердің тактикасы. №2. 2 жастағы Наилда анасы дәрігерге диарея бойынша әкелді. Диарея 3 кун барысында болды. Қарау барысында бала тыныш, дәрігердің қарауына әсер оң, суды қызғанышсыз ішеді, тері қатпарлары жай жазылады, көздері шүңіреймеген. ТАПСЫРМА: 1. Осы науқасқа қандай ем жоспарын тағайындайсыз? 2. Дәрігердің тактикасы. №3. Камшатқа 4,5 апта. Салмағы 4,1 кг. Дене қызуы қолтықастында 36,9 С. Анасы қызын денесінде бөртпелер болуына байланысты амбулаторияларға алып келді.Медициналық қызметкер Камшатта өте ауыр сырқат пен жергілікті бактериялық инфекция бар-жоқтығын тексерді. Камшаттың анасы сәбиде тырысу болмағандығын айтты. Камшаттың тыныс алу жиілігі 55 рет/мин. Ол қызда аздап кеуденің төменгі тұсының тартылуы бар.Сәби кіндігі қалыпты. Медициналық қызметкер сәбидің денесін қарап қызыл бөртпелер мен бөксе терісінен бірнеше пустула тапты. Камшаттың есі анық. Оның қимылы қалыпты. Камшатта өте сырқат немесе жергілікті бактериялық инфекция белгілері бар ма? ТАПСЫРМА: Камшатта өте ауыр сытқат немесе жергілікті бактериялық инфекция белгілері бар ма? Дәрігердің тактикасы. №4. Анасы 3 жасар Саматты диареямен дәрігерге әкелді. Объективті: бала тынышталған, тері қатпарлары қалыпты жазылады, көздері шүңіреймеген, суды зауқы соқпай ішеді. Бала жағдайын жіктеңіз: №5. Анасы 9 жасар Айнұрды жөтелуіне байланысты педиатр қарауына әкелді. Ауырғанына 3 тәулік болған. Объективті: баланың дене қызуы 38,5 С. Тыныс алу жиілігі минутына 60 рет. Кеуде торы төменгі бөлігінің тартылуы жоқ. Бала бүгін емшектен бас тартқан. Сіздің диагнозыңыз: №6. Стационарға дене қызуының 39 С*-қа жоғарылауы, қайталамалы құсу, сұйық сулы нәжіс тәулігіне 10 ретке дейін, 3 тәулік бойы шағымдарымен 8 айлық бала келіп түсті. Объективті: ауырсынуға тітіркенгіш, көзі шүңірейген, суды құмарлана ішпейді, тері қатпарлары тез жазылады. «Диарея» жағдайын БШАЫЕ бағдарламасы бойынша жіктеңіз және оральді дегидратация мөлшерін көрсетіңіз №7. Анасы ауыл аймақтық ауруханасына компенсирленген эксикозбен, дене салмағы 12 кг, 2,5 жасар баланы алып келді. Бала 4 сағат бойы 700 мл ПРТ (ОРС) ішкен. Қайталап қарау кезінде бала жағдайы жақсарған, бірақ эксикоз белгілері әлі де сақталған. Ары қарай не істеу керек? |