Главная страница
Навигация по странице:

  • ШАНЦ ЖАҒАСЫ Нау

  • Айналмалы (циркулярлы)

  • ЖАРАНЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ

  • Диагноз: ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫНЫҢ АШЫҚ ЖАРАҚАТЫ. ЛАПАРАТОМИЯ

  • БИОЛОГИЯЛЫҚ АНТИСЕПТИКА

  • БИОЛОГИЯЛЫҚ АНТИСЕПТИКА 18. Ота жасау бөлімінің қай қызметтік бөлімінде хирург ота алдында қолын өңдейді Неге ПРЕДОПИРАЦИОННЫЙ

  • ФИЗИКАЛЫҚ АНТИСЕПТИКА 22. Жаралаға БХӨ жүргізу антисептиканың қай түріне жатады Неге МЕХАНИКАЛЫҚ АНТИСЕПТИКА

  • Тау материалын бекіту шін андай дкелік байламды олданады


    Скачать 22.38 Kb.
    НазваниеТау материалын бекіту шін андай дкелік байламды олданады
    Дата14.09.2020
    Размер22.38 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1.docx
    ТипДокументы
    #137948

    1. Мойын омыртқаларының жарақатынан соң және жұлынның зақымдануынан кейін, оның декомпрессиясының мақсатында 25 жасар С. науқасқа шұғыл түрде ламинэктомия жасалған. Мойынның артқы бөлігіндегі жара тігілген, дәкелі салфеткамен жабылған.

    Таңу материалын бекіту үшін қандай дәкелік байламды қолданады? Неге?

    ШАНЦ ЖАҒАСЫ

    Науқастың алған жарақатынан кейін, жұлынның зақымдануы жүріп омыртқа жотасында қысымның өсуі көрініс берген. Омыртқа жотасы омыртқы денесі, аяқшаларынан, байламдардан тұрып, мықты каркас береді. Сонығ нітижесінде жұлынға зақымданудың салдарынан туындаған қысым оданда жоғарыға көтеріліп, жұлынның комперссиясына, одан кейін құрылыстық бұзылысына әкелуі м.мкін. Ал шанц жағасын қолдану, бұл омыртқа жотасы ішіндегі қысымды төмендетеді, омыртқалардың аралығын кеңейтіп, бір қалыпта фиксациялайды. Сонымен қатар, қан айналымда жақсартып, бастың мойынға түсетін қысымын азайтады.

    2. Шынтақ буынының іріңді бурситі бар, 25 жасар К. науқасқа іріңдікті ашу отасы жасалды. Қапшық антисептик ерітіндісімен жуылған, натрий хлорид гипертоникалық ерітіндісімен суланған, турундамен дренаждалған, дәкелі салфеткамен жабылған.

    Таңу материалын қалай бекітеді? Неге?

    Тасбақа тәрізді таңғыш
    3. Кеуде куысының оң жағында енген жарақаты бар науқасқа жедел жәрдем шақыртылды. Жарақаттанушының жағдайы ауыр. Ол оң жағына еңкейіп, жарасын қолымен жабады. Жараны қараған кезде дем алғанда ауа кеуденің ішіне енеді, ал дем шығарғанда жарақаттан ауа шумен шығады.

    Қандай дәкелік таңғышты салған жөн? Неге?

    ОККЛЮЗИОНДЫ

    4. 45 жастағы ер адам, велосипедтен құлаған. Оң жақ иық үсті аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Визуалды қарағанда ісінген, деформация, оң бұғананың ортаңғы үштен бір бөлігінің проекциясында ауырсыну және сүйек сықыры анықталады. Оң жақ кәрі жілік артериясының пульсі қанағаттанарлық.

    Иммобилизациялайтын дәкелік таңғыштың қай түрін қолданады? Неге?

    ДЕЗО БАЙЛАМЫ

    5. Орта жастағы ер адам ауылдың жергілікті ауруханасына оң жақ төбе аймағында соғылған-шабылған жарасымен түсті. Жарасын науқас бет орамалымен басып отыр.

    БХӨ жүргізген соң қандай таңу қолданған жөн? Неге?

    Шапка ГИППОКРАТА
    6. 68 жастағы науқастың, оң балтырының төменгі ішкі үштен бір бөлігінде түбі некроздалған, көлемі 1,5*2 см трофикалық ойық жарасы бар, терісі гиперемиялы, айналасы ауырсынады. Ойық жара антисептик ерітіндісімен өңделген, құрғатылған, «Ируксол» майын жағып салфеткамен жабылған.

    Бекіту үшін қандай дәкелік байламды қолданады? Неге?

    Айналмалы(циркулярлы)

    7. Науқас жол апаты салдарынан зардап шеккен. Оң иық буынының жоғарғы бетінде шабылған – жыртылған жарақаты бар. Иық сынуының белгілері жоқ.

    Алғашқы көмек көрсеткенде науқасқа қандай байлам жасау керек? Неге?

    МАСАҚ ТӘРІЗДІ БАЙЛАМ

    8. Ауылдық амбулатория дәрігеріне 11 жасар ұл бала келді, бір сағат бұрын хоккей ойыны кезінде доп-таяқпен (клюшка) сол жақ көзі аймағына соққы алған. Бірден біріншілік көмек корсету мақсатында сол көзіне қар басқан. Визуалдыі қарағанда көз алмасының бірқалыпты гиперемиясы, торлы қабықтың эрозиясы анықталады. Пальпация кезінде көзі ауырсынады. Қойылған диагноз: сол көздің тұйық жарақаты.

    Қандай байлам салған жөн? Неге?

    МОНОКУЛЯРЛЫ БАЙЛАМ

    9. Жедел жәрдем бригадасын кеуде куысының оң жағында енген жарақаты бар науқасқа шақырды. Жарақаттанушының жағдайы ауыр. Ол оң жағына еңкейіп, жарақатын қолымен жабады. Жарақатты қараған кезде дем алғанда ауа жарақаттың ішіне енеді, ал дем шығарғанда жарақаттан ауа шумен шығады.

    Қандай дәкелік таңғышты қояды? Салу техникасы?

    ОККЛЮЗИОНДЫ ТАҢҒЫШ
    10. Оң жақ иық буынын шығарып алған науқастың қолын қайта орнына салған (вправление). Енді 1-1,5 аптаға оң қолының жоғарғы бөлігіне иммобилизация жасау керек.

    Қандай иммобилизациялайтын бинтті таңғышты салу керек? Неге?

    ДЕЗО БАЙЛАМЫ

    11. Науқас іштің ашық жарақатынан кейін 1 сағаттан соң қабылдау бөліміне жеткізілді. Қараған кезде жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлықтай. Пальпация кезінде іші жұмсақ, сол жақ қабырға астында шамалы ауырады, ауырсынған жағында 4х1 см, шеттері тегіс, қатты қанталап тұрған жара анықталады. АҚҚ – 110/60 мм с.б.б., пульсі – 88 соққы/мин.

    Хирургтың әрекеті қандай болу керек? Неге?

    ЖАРАНЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ

    12. Операциядан кейінгі кезеңде 5-ші күні науқаста ота жасалған жердегі тігістің тығыздалғаны, жергілікті гипертермия және де пальпация кезінде ауырсыну сезімі байқалады және флюктуация анықталады.

    Болжамды асқыну қандай? Бұл асқынудың профилактикасы қандай?

    ЖАРАНЫҢ ІРІҢДЕУІ

    13. Кіндіктің сол жағынан сұғылып-кесілген жарақат алған науқас ауруханаға жарақат алған соң 1 сағат ішінде жеткізілген. Науқас кіндік тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. Іште ешқандай патологиялық симптомдар анықталмайды, іш дем алу актіне қатысады. Жарасы 2х1см. Жараның түбінде шарбы майының бөлігі анықталады. АҚҚ - 110/70 мм.с.б.б., пульсі- 80 соққы/мин.

    Болжамды диагноз қандай? Хирургтың тактикасы қандай?

    Диагноз: ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫНЫҢ АШЫҚ ЖАРАҚАТЫ. ЛАПАРАТОМИЯ

    14. Науқас оң балтырының төменгі ішкі үштен бір бөлігінде түбі некроздалған, көлемі 1,5*2 см трофикалық ойық жарасымен түседу. Терісі гиперемиялы, айналасы ауырсынады. Ойық жара антисептик ерітіндісімен өңделген, құрғатылған, «Ируксол» майын жағып салфеткамен жабылған.

    Бекіту үшін қандай дәкелік байламды қолданады? Антисептиканың қандай түрі қолданылды? Неге?

    ЦИРКУЛЯРЛЫ, БИОЛОГИЯЛЫҚ АНТИСЕПТИКА ?
    15. Операциядан кейінгі кезеңде 5-ші күні науқаста ота жасалған жердегі тігістің тығыздалғаны, жергілікті гипертермия және де пальпация кезінде ауырсыну сезімі байқалады және флюктуация анықталады.

    Болжамды асқыну қандай?Антисептиканың қандай түрі қолданылды? Неге?

    ЖАРАНЫҢ ІРІҢДЕУІ, МЕХАНИКАЛЫҚ АНТИСЕПТИКА
    16. Аудандық емхананың хирургиялық кабинетіне 3 сағат бұрын қанғыған ит тістеп алған науқас түскен. Тексеру барысында оң жақ балтырында 6 тістеліп жыртылған жара анықталған. Ол жер қан ұйындыларымен толған, жеңіл ісіну мен ауырсыну бар.

    Науқасқа қандай көмек көлемі көрсетілуі керек?
    Науқастың жыртылған жарасын өңдеу мақсатында асептикалық тану қоямыз және де асептикалық және антисептикалық іс-шараларды толығымен жүргіземіз. Алдағы асқынулардың алдын алу үшін антибиотиктер тағайындауымыз керек. ҚҰТЫРУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА


    17. Жараны некроздық тіндерден тазарту мақсатында «Ируксол» фермент құрамды майы жағылған.

    Антисептиканың қандай түрі қолданылды? Неге?


    БИОЛОГИЯЛЫҚ АНТИСЕПТИКА

    18. Ота жасау бөлімінің қай қызметтік бөлімінде хирург ота алдында қолын өңдейді? Неге?


    ПРЕДОПИРАЦИОННЫЙ

    19. Инфекция ағзаға қандай жолмен енетінін атап өтіңіз?



    20. Контактылық инфкецияның анықтамасы, этиологиясы және профилактикасы.



    21. Жараларды дренаждау антисептиканың қай түріне жатады? Неге?


    ФИЗИКАЛЫҚ АНТИСЕПТИКА

    22. Жаралаға БХӨ жүргізу антисептиканың қай түріне жатады? Неге?


    МЕХАНИКАЛЫҚ АНТИСЕПТИКА



    написать администратору сайта