Главная страница
Навигация по странице:

  • ТӨЛЕУХАННЫҢ ЖАСТЫҚ ШАҒЫ Советхан Мырзақанұлы СҮЛЕЙМЕНОВ

  • АРМАНДА КЕТКЕН ДОСЫМ-АЙ

  • Тау тлалы талант. Эпиграфы Жасыны аты лмейді, алымны хаты лмейді


    Скачать 61 Kb.
    НазваниеТау тлалы талант. Эпиграфы Жасыны аты лмейді, алымны хаты лмейді
    Дата30.03.2023
    Размер61 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла1513871789.doc
    ТипДокументы
    #1025305

    9 сынып Тәрбие сағаты
    Сабақ тақырыбы: Тау тұлғалы талант.
    Эпиграфы: Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді.

    Сабақ мақсаты: білімділік : оқушыларға кибернетик – ғалым, ақын, жерлес, мектеп түлегі Т.Н. Бияровтың өмірі мен қызметі, шығармашылығымен таныстыру арқылы білімдерін кеңейту,

    дамытушылық : оқушының білімге деген қызығушылықтарын арттыру, жан- жақты білімдерін кеңейтіп, таным белсенділіктерін нығайту;

    тәрбиелік : ұлтжандылыққа, патриотизмге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
    Көрнекілігі: нақыл сөздер, кітаптар көрмесі, фотосуреттер, бейнефильм, презентация.

    Әдіс- тәсілдері : баяндау, көрнекілік, ұжымдық жұмыс, аймақтық компонент, ой қозғау стратегиясы.

    Принциптері: жүйелілік, бірізділік, ғылымилық.

    Пәнаралық байланыс : математика, әдебиет, тарих.

    Сабақ түрі: дәстүрлі емес, дөңгелек үстел

    типі : жаңа білімді меңгерту

    Сабақ кезеңдері: 1. ұйымдастыру

    2. кіріспе

    3. негізгі

    4. қортынды

    5. үй тапсырмасы

    I. Ұйымдастыру -

    II. Мұғалімнің кіріспе сөзі - бүгінгі тәрбие сағатындағы өтілетін тақырып жайында қысқаша әңгіме

    III. 1. Дөңгелек стол басында - өмірбаяншы, математик, әдебиетші, журналист.

    1) Өмірбаяншы - ғалымның өмір жолы туралы шолу (туған жері, ата-анасы, оқыған мектебі, ҚазМУ- гі оқу жылдары)

    2.) Математик - ғылымдағы орны, ашқан жаңалықтары туралы (кибернетика, механика,ақпараттық технология, экономикалық кибернетика, ҰБТ- ке дайындау құралы)

    3.) Әдебиетші - өлеңдерімен таныстыру («Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы» өлеңдер жинағы )

    4) Журналист - ғалым туралы естеліктер жайында әңгімелеу (ұстазы Төлеген Рахымжанұлы, сыныптасы Қ.Назырбаев, академик Б. Жұмағұлов).
    2. Т. Н.Бияров жайында түсірілген бейнефильм, слайдтарды тамашалау.
    IV. 1. Баспасөз орталығы таныстырады (оқушылардың 2 тобы) - ғалым, ақын жайында постер жасау.

    2. Қортындылау - мұғалім сөзі


    V. Үй тапсырмасы: сабақтан алған әсерлерін ой түйіндеу түрінде жазып әкелу.

    Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі.

    «Білім беру ісінің үздігі» белгісінің иегері.

    Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Рахымжанұлының естелігі

    Екеуміз де бір ауылданбыз. Жерлеспіз. Қазір ғой Еңбек болып кеткені, осыдан 40-50 жыл бұрын ауыл Таңба деп аталатын. Тіпті ауылдағы балаларға білім беру ордасы да алғашында Таңба бастауыш, кейінірек Таңба орталау мектебі делінуші еді..1961 жылы сол кездегі Алматыдағы С.М Киров атындағы университетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітіріп, бір жыл Ақмарал орталау мектебінде мұғалім болып қызмет атқардым. Келер жылы Таңба орталау мектебіне оқу ісінің меңгерушісі болып ауыстым. Төлеухандар 8-сыныпта оқиды екен. Сегізжылдық мектептің алғашқы түлектері.

    Ұмытпасам, сыныпта 16 оқушы болды Бәрі де оқуға ынталы, білім алуға ықыластары бөлек, әсіресе тәртіп сақтаулары ерекше еді. Ұйымшылдығы да ұнады. Мен ол кезде аудандық, облыстық газеттерге өлеңдерім жарияланып, жас ақын деген атым шығып қалған кез. Қайырды мен Төлеухан да өлең жазудың соңына түскен екен. Екеуі де маған өлеңдерін әкеліп көрсетеді, үшеуміз бірігіп талдаймыз.. «Жас талап» деген атпен мектептің әдеби қабырға газетін ұйымдастырдық. Шығарушылар алқасы Қайырды мен Төлеухан бастаған оқушылар тобы. Сөйтіп Қайырды мен Төлеуханның өлеңдері мектеп оқушысы кезінде-ақ Республикалық «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» журналдары мен «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттерінде жариялана бастады. мен үшін 16 оқушының ішінен Қайырды мен Төлеуханның орны мүлде бөлек еді. Біреуін айтсам, екіншісі ойда тұратын.

    ТӨЛЕУХАННЫҢ ЖАСТЫҚ ШАҒЫ
    Советхан Мырзақанұлы СҮЛЕЙМЕНОВ,

    Еңбек ауылының тумасы,

    қазірде Еңбек ауылының тұрғыны,

    Төлеуханның сыныптас досы

    Біз 1955-56 оқу жылында бірінші сыныптың, оқушылары болып қабылдандық. Ол кезде мектеп жеті сыныптық, жартылай орта мектеп еді. Балалардың саны аз болғанды. Төлеухан жасының кішілігіне қарамай, сабақты белсене оқыды. Тіпті, біздің қате кеткен тұстарымыз болса, «олай емес, бұлай» деп кө-мек беріп жүрді. Оның жөні де бар еді. Ол мектепке әріптердің бәрін танып келді. 1962-63 оқу жылы сегізінші сынып ашы-лып, мектебіміз «Таңба сегіз жылдық» болып қайта құрылды. Оның алғашқы түлектері болып біздің сынып оқушылары бітір-ді. Сегізінші сыныпта көптеген өзгерістер болды. Жаңадан мұға-лімдер келді. Сол жаңа келген мұғалімдердің арасында Төлеген Рахымжанұлы да бар еді. Ол бізге қазақ тілі мен әдебиетінен дә-ріс берді. Сол жылы мектепте көптеген игі істер жүзеге асты. Мектепте бірнеше үйірмелер жұмыс істей бастады. Сөйтіп жүріп, Таңба сегіз жылдық мектебін де бітіретін уа-қыт келіп жетті. Күн жылынған, көктем айы болатын. Бір күні мектепте «дружина советінің» кезекті мәжілісі болды. Оның төр-ағасы Төлеухан Бияров еді. Күн тәртібіндегі бір мәселе болып «мектептің маңын көгалдандыру» қойылды. Ол кезде мектептің маңайында бір де бір ағаш жоқ еді. Бұл мәселе бойынша ұстаз-дарымыз Төлеген Рахымжанұлы мен Қатира Сахариева сөз сөй-леп, мектебіміздің маңын көгалдандыру керектігін айтты. Келесі сөзді алған Төлеухан, биыл сегізінші сыныпты бітіріп, бәріміз жан-жаққа кететінімізді айтып, бізден қалған «қолтаңба» бола-ды, барлығымыз бір кісідей қатысып, ағаш отырғызуға шақыр-ды. Бірімізден кейін біріміз қолдап жатырмыз. Кейін «Таңба мектебінің 8-сыныбын тұңғыш бітіргендер отырғызыпты» деп айтып жүреді шәкірттер, – деп қояды арасында Төлеухан. Сөй-тіп, ертеңгісін сыныбымыз түгелдей жиналып, күрек-сайманда-рымызды сайлап, ағаштың өскіндерін қазып әкелуге кеттік. Тауға жеткен соң ұстаздарымыз Төлеген мен Қатира, ағашты қазарда, ағаштың күнге қарап тұрған жағына шүберек байлап берді, дәл сол тұрған бағытта отырғызу үшін. Өскіндерді әкеліп, мектептің жаныны отырғыздық, ешкімге айтқызбай-ақ өзіміз күнделікті өзеннен су тасып, суарып жүрдік Сол ағаштар түгел-дей дерлік өніп, өсіп кетті. Төлеухан: «Мен қарағай ағаш әкеліп отырғыздым, әне тұр», – деп көрсетті бізге. «Менің ағашым әне, қос қайың әкеліп өсірдім» деп жатырмын мен де. «Мен де қара-ғай отырғыздым» деді Қайырды Назырбаев. Сол ағаштар бұл күнде қанат жайып, үлкен баққа айналған. Содан бері 46 жыл болады екен биыл. Сол жерден өткен сайын әлі мектепте оқып жүргендей сезінемін өзімді. Төлеухан қандай пән болмасын, бәрін жақсы көретін. Математика, химия, физика сабақтары болғанда қуаныш сезіміне бөленіп отырғандай көрінетін маған. Мектеп өмірінде болып жатқан барлық қоғамдық жұмыстарға ат салысудан қашпайтын. Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, сахнаға шығып ән шырқаған қездері де болған. 1965-66 оқу жылында орта мек-тептің он бірінші сыныбын тәмамдаған Төлеухан мен Қайырды Алматыға оқуға жол тартты. . Мі-не, осылайша Төлеуханмен жастық шағымыз бірге өтіп еді....

    Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі, Ұлттық ғылымакадемиясының академигі Бақытжан Жұмағұловтың естелігі

    Белгілі ғалым, жоғары білім саласына үлкен үлес қосқан педагог, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Бияров Төлеухан Нұралдаұлы жоғары білім саласына елеулі із қалдырған ғалым-педагог десек артық айтпаған болармыз.

    Автоматтық басқару жүйесі, техникалық, экономикалық және т.б. ғылымдар саласын математикалық модельдеу арқылы зерттеу – автоматтандырылған жобалар жасаудың теориялық негізі болып табылады. Осы саланы жете игерген білікті маман Төлеу-хан Нұралдаұлы жайлы қалай мақтап айтсақ та жарасады.

    Профессор Төлеухан Нұралдаұлы білікті маман, ұлағатты ұстаз болумен қатар мәдениетті басшы, дарынды ұйымдастырушы болатын. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Математикалық кибернетика» мамандындығы мен «Информа-тика» мамандықтарының қалыптасуында өзіндік қолтаңбасы қалса, «Бизнестегі информациялық жүйелер» мамандығының ашылуы оның есімімен тығыз байланысты.

    Ғалымның жеке басқаруымен «Бизнестегі информациялық жүйелер» және «Информатика» мамандықтарына мемлекеттік стандарттар жасалып, өзі осы мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқу-әдістемелік бірлестігінде әдістемелік комиссияның төрағасы болды. Ол жоғары оқу орындарына арнап «Вариациялық есептеу және оңтайландыру әдістері», «Экономикалық кибернетика», «Дискреттік кибернетика пәні бойынша есептер жинағын», «Оңтайландыру әдістері» сияқты т.б. бірқатар оқулықтар жазды. Көрнекті ғалым Т.Бияров 232 ғылыми-әдістемелік жұмыстың, оның ішінде 7 монографияның, 17 оқу-әдістемелік құралдың, авторы. Оның жетеуі қазақ тілінде жарық көрсе, орта мектеп оқушыларына арнап «300 есеп шешімдерімен», «Қарапайым математика есептері» (қазақ тілінде), «Тестілеу бойынша 1000 есеп» атты оқу құралдарын жарыққа шығарды.
    Республикамызда ғана емес алыс-жақын шетелдерде де кибернетика және ақпараттық технологиялар саласында Төлеухан Нұралдаұлы жетекші ғалымдардың бірі болып табылды. Ғалым көптеген халықаралық конференцияларға қатысып, терең баяндамалар жасады. «Динамикалық жүйелерді соңғы уақыт қимасында импульстік басқару», «Инсулинге тәуелді диабет кезіндегі артериялық қысымды реттеудің математикалық моделі» атты баяндамаларын шетелдік ғалымдар жоғары бағалады. 2005 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде жасаған «Қазіргі ақпараттық технологиялар негізіндегі бизнес-процестер мен білімді басқару жүйелері» атты баяндамасы қазақ ғалымының білім саласына қосқан зор үлесі болып саналады.

    АРМАНДА КЕТКЕН ДОСЫМ-АЙ

    «Нұра-Астана» баспасының директоры, сыныптас досы Қайырды Назырбаевтың естелігі
    Төлеухан екеуіміз Еңбек ауылында бала кезден құлын-тайдай жұбымыз жазылмай бірге өстік, Ауылдағы үйлеріміз де Бұқтырманың жағасындағы бір көшенің бойында еді, біздің ойынға, спорт жағына әуестігіміз онша болмады. Екеуімізді қызықтыратыны шахмат ойнау, кітап оқу. Ауылдық кітапханадағы шағын кітап қорын сегізінші сыныпты бітіргенше әлденеше рет қайта оқып шыққамыз. Соның әсері ме, жетінші сыныптан бастап өлең жазу дертіне шалдықтық.

    Сегізіншіге келгенде ауылдасымыз Төлеген Рақымжанов КазГУ-дің филология факультетін бітіріп келіп бізге сабақ берді. Өзі өлең жазатын ақын екен. Ол біздің өлеңдерімізді өңдеп, аудандық, облыстық газеттерге бастырып, әдебиет үйірмесін ұйымдастырып, еліктіріп әкетті. 1966-шы мектеп бітірген жылы «Ой, Төке, бір оқуға түсейік, бірге жүреміз» деген менің азғыруыммен Төлеухан екеуіміз де құжаттарымызды Каз ГУ-дың филология факультетінің журналистика бөліміне тапсырып, мектепте шетел тілін оқымағандықтан жолымыз болмай үйге қайтқанбыз. Төлеухан бір қыс бойы «Өрел» кеңшарының Еңбек бөлімшесінде жұмысшы болып істеп, оқуға өз бетімен дайындала жүріп, келер жылы Каз ГУ-дың механика-математика факультетіне түсті. Содан кейін оқуын бітірді, университетте ұстаздық жұмыста қалды, аспирантура бітірді, кандидаттығын қорғады, одан әрі оқыды.

    Алматыға барған сайын Төлеухан екеуіміз ылғи да кездесіп, өткен-кеткенді еске түсіріп, мәз-мейрам болып, бір жасап қалатынбыз. Сырт қарағанда Төлеухан сөзге сараң, бір тоға, тұйық көрінгенімен, негізінде өткір тілді, қазақ әдеби тілін жетік білетін, өзі де арагідік өлең жазып қоятын. Әдеби процесті жіті қадағалап, қазақ жазушыларының, өзіміздің жерлестеріміздің шығармаларын үнемі оқып, олардың шығармашылығы туралы ой-пікірін айтып отыратын. Өзі де ақын, өлеңді жанындай жақсы көретін жан досым Төлеуханға арналған естелігімді бірер шумақ өлеңмен аяқтайын.
    Он бір жыл бірге жұп жазбастан оқып ек,

    Ұстаздар берген білімді миға тоқып ек.

    Арамыздан қыл өтпейтін дос болып,

    Қол ұстасып бір ауылда өсіп ек.
    Таң қалысып қарайтын бізге бәрі,

    «Шын достар» деп қызығып, қызғанады.

    Екі бірдей бала ақын бір ауылда,

    Күн құрғатпай газетке жыр жазады.

    «Сіздің көңіл - күйіңіз қандай?»
    Қажетті заттар: түрлі – түсті қағаздан жасалған фигураларды таңдаңыздар.
    Қызыл қуанышты көңіл - күй
    Алқызыл - ұнамды көңіл - күй
    Сары - жағымды көңіл - күй
    Көк - суық көңіл - күй
    Қоңыр - қиналған көңіл - күй
    Күлгін - алаңдаушы көңіл - күй
    Қара - күш қуаттың төмендеуі
    Ақ – анықталмаған көңіл - күй.

    ІІІ «Мимикалық ситуация».
    Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, пантомимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.

    ІV «МЕН» тренингі
    1) Алдарыңызға қағаз берілген соған бір жеріне нүкте салыңыз
    2) Ал тағы бір жеріне гүл салыңыз.
    3) Ал тағы бір жеріне үй салыңыз.
    4) Кактус өсімдігін салыңыз.
    Нүктені бір нәрсеге пайдаландыңыз ба? Егер пайдалансаңыз сіз алдыңызға мақсат қойып жұмыс жасайсыз. Гүл салдыңыз оның жапырағы 2 ден көп болса сіз өз пайдаңызды ойлайтын адам екенсіз. Ерекше гүл салған адам болса ол кісі ортада өзін жақсы көрсетеді. Үй салдыңыз үйді 2 немесе 3 қабатты салған адам бар ма? Онда сіз тәуекелге бел буатын адам екенсіз. Үйдің шатыры бар ма? Онда сіз биікке ұмтылатын адам екенсіз. Терезесі 2 ден көп болса сіз үйіңізге сәуле, жылу сыйлап отырған адамсыз. Есігіңіз сыртқа қарап немесе ашылып тұрса сіз қонақжай екенсіз. Кактус өсімдігінің астына ыдысын салсаңыз сіз жұмысты бастамас бұрын жақсы ойланып, берік шешім қабылдайтын адамсыз. Кактустың тікенегін сыртқа қаратып салсаңыз сіз зияныңызды сыртқа тигізесіз.

    V. Релаксация
    «Алматыға саяхат»
    Жолға шықты алдымыздан галош кездесті. Галошты алғысы келген адам алсын, алғысы келмеген адам алмасын. Әрі қарай жүрдік алдымыздан түйе кездесті түйеге мінгісі келген адам мінсін, мінгісі келмеген адам мінбесін. Әрі қарай жүрдік алдымыздан зәулім сарай кездесті. Сарайға кіргісі келген адам кірсін, кіргісі келмеген адам кірмесін. Алматыға да келдік ең әсем жер Көк төбеге келдік.

    VІ. Сергіту сәті
    Шеңбер тойында тұрып Үш топқа бөлінеміз.
    І топ - Ит
    ІІ топ - Мысық
    ІІІ топ - Тауық

    VІІ. Мен неше жастамын? Тренингі
    1) Сіз қанша жасқа дейін өмір сүргіңіз келеді?
    2) Өмірді 100% десек сіз қанша пайызын орындадыңыз.

    Шарты: Төмендегі сұрақтар бойынша бланк беріледі. Осы жаттығу сұрақтарына жауап беру керек және өтілген тренингті сабаққа қортынды жасалды.
    Сұрақтар:
    *Тренингтің жүргізілген күні -------
    *Сізге тренингтен не ұнады?-------
    *Не ұнаған жоқ --------------
    *Еркін бола алдыңыз ба? -----------
    *Қалай өткенін қалар едіңіз?-------
    *Жүргізушіге ескерту қажет --------


    написать администратору сайта