Технологиялық карта Білім беру саласы:«Таным»
Бөлімі: Қарапайым математика
Тақырыбы: 1-ден 3-ке дейін санау
Мақсаты: а) 1-2-3 санымен таныстырып тура санап, кері санап үйрету. Цифр мен заттың санын сәйкестендіруді жалғастыру; ә) мамематикалық жұмбақтар шешу; б) балалардың зейінін дамыту;
Қолданылатын көрнекі құралдар: Сандар, көрнекі суреттер,
Қажетті құрал жапдықтар: қолшатыр, доп, қорапша.
Сөздік жұмыс: санау 1,2,3
Іс - әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
| мотивациялық - қозғаушылық
| Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберін жасау үшін ортаға шақырады.
Шаттық шеңберінде тұрып, барлығы бірге өлең жолдарын айтады:
Амансың ба алтын күн! Амансың ба көк аспан! Амансың ба достарым! Амансыздарма қонақтар! Сабағымызды бастайық Жамандықты тастайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті. - Балалар қазыр жылдың қай мезгілі? - Қыс. - Қыс мезгілінде неше ай бар? - 3 ай - Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
| Балалардың көңіл күйлері көтеріңкі. Тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айтады.
Қайталап айтады.
| Ұйымдастырушылық-ізденістікк
| Қызықты сәт. Ренжіп Дара кіреді. Тәрбиеші: Дара, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің? Дара: Кеше мен Ботимен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді жаңбырға әбден жаурап қалдым, оның үстіне қолшатырымда тесіліп қалды.
Дидактикалық ойын: «Тесік қолшатыр» Тәрбиеші: Балалар, Дараның қолшатырын жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін стол жанына жақындайық. Балалар стол жанына жақындап түрлі - түсті қағаздардан жасалған «қолшатырға» үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш пішінді қағаз қиындыларын жапсырады. Тәрбиеші: Балалар қандай пішіндер жапсырдыңдар? Дара: Ой, рахмет! Қолшатырым бүтінделіп, әдеміленіп қалыпты. Дара: Ой балалар мен жолда келе жатып мына бір қорапша тауып алдым ішінде не бар екенін білмеймін. Тәрбиеші: Қорапшада не бар, көрейік.
Балалар, бұл математика ханшайымының қорапшасы екен, мұның ішінде бізге тапсырма берілген екен. 1 - тапсырма: «Математикалық жұмбақтар» - Үш мысықтың құйрығы нешеу? - Балада неше құлақ бар? - Сиырдың басы нешеу? 2 - тапсырма: Дидактикалық ойын «Цифрды тап» Мақсаты: Балалар атаған цифрларды табады да, оны айналдырып сызады.
3 - тапсырма: «Доптарды жинастыр» Мақсаты: Доптардың көлемін айыра білу және дұрыс атау машығын бекіту, тура және кері санауға жаттықтыру.
Сергіту сәті:«Аңқайма, қайтала» Қане, достым, аңқайма, Менен кейін қайтала. Барша қимыл үш – үштен: Көзіңді қыс үш рет: 1,2,3 Басыңды еңкейт үш рет: 1,2,3 Иықты көтер үш рет: 1,2,3 Солға – оңға иіл үш рет: 1,2,3 Орныңда секір үш рет: 1,2,3 Ентігімізді басамыз және орнымызға отырамыз.
Ойын: М.Монтессори технологиясы бойынша қол моторикасы.Қыстырғыштармен жұмыс:«Күн шуағы» қыстырғышпен.
Балалар қараңдаршы менің қолымда не?
Мақсаты: Балаларды 3 топқа бөліп, берілген күннің шуағына қыстырғыштарды санай отырып 3-тен күннің шуағын қыстыру. 2 топ күннің шуағын құрайды. 3 топ ермексазбен күнді шеңбер жасайды.
4 – тапсырма: «Көрші сандар» Мақсаты: цифрларды қайталау, балаларға бір цифрды көрсету, ал балалар оның «Көршілерін» атайды.
| Балалар Дарамен амандасады.
Алихан,Маржан,Мейірлан шығып көмектеседі.
Балалар: Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш.
Жұмбақтың шешуін табады.
3 құйрық
2 құлақ
1 бас Аталған санды атап дөңгелетіп сызады.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Күн .
1,2,3 санын санап отырып қыстырүнғыштарды қыстырады.
Күннің шуағын құрайды.
Күнді жалпақтап дөңгелек жасайды. Сандарды атап айтады.
| Рефлексиялық түзтушілік
| Математика әлемінің есігі ашылып, алдарынан математика ханшайымы шығады.
Математика ханшайымы: Қош келдіңдер! Сендер менің жіберген тапсырмамды орындадыңдар. Көп нәрсе білетіндеріңді мен мына «сиқырлы таяқшам» арқылы біліп отырмын. - Жарайсыңдар балалар, бәрің де тапсырманы орындап, тамаша жауап бердіңдер. Балаларды мадақтау.
| Балалар ханшайыммен амандасады.
Жақсы қатысқан балалар марапатталады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1-ден 3-ке дейінгі цифрларда; Игереді: Санауды, пішіндерді ажыратып атауды.
Меңгереді: цифрлар туралы түсініктерді;
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бағдаршам»
Мақсаты: өлеңді түрлі әдіспен орындай отырып, есте сақтай алады. Ойлау қабілеттері артады. Байқампаздыққа, жол ережесін сақтауға үйренеді.
Шаттық шеңбері:
Үлкен шеңбер құрайық,
Алақанды ұрайық,
Күлімдейді күнде,
Күлімдейік бізде.
Алақанды ұрайық,
Күннің нұрын шашайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
Т: балалар көңіл-күйлерің қалай?
Б:тамаша
Т:балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Б:күз мезгілі
Т:далада қазір ауа-райы қандай?
Б: сурет арқылы көрсетеді.
Т:аптаның қай күні?
Б: сәйсенбі
Миға шабуыл
Жұмбақтар:
1.Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ тоқта, жүр дейді.
2.Жоқ өзінде бас та, ауызда, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақта
Бағдаршам туралы түсінік беру. Бағдаршам бізді жолда қорғайтын көмекші құралымыз. Ол бізді жазатайым оқиғалардан сақтайды. Оның 3 көзі 3 түрлі бұйрық береді. Қызыл түсінде-тоқтаймыз, сары түсінде дайындаламыз, жасыл түсінде жүреміз.
Тосын сәт: жол сақшысы машинасының дабылы қағылады.. Сәлеметсіңдерме Еркетай тобының балалары. Сендердің жолда жүру ережелерін қалай меңгергендерінде білу үшін тапсырма жолдап отырмын. Менің тапсырмаларымды орындап жауабын қайтарасыздар
Т:
Бағдаршам өлеңі (С.Дүкенбай)
Мнемокесте арқылы Бағдаршам біледі,
Бәрін де көреді,
Қызыл,сары,жасыл шам
Көшеде тұр бағдаршам
Үлкен біздің қаламыз,
Есте сақтап қаламыз.
Бағдаршам, бағдаршам.
Т:жарайсыңдар балалар, ендеше ойын ойнайық. Жол сақшысының қызыл түсті тапсырмасы ПЖО: «Тоқта, дайындал,жүр»
Мақсаты: байқампаздыққа, жолда жүру ережесін сақтауға үйренеді. Өлеңді қайталау
Барысы: ақ жолмен бір қадам жасай отырып, өлеңді жаттай алады.
Сергіту сәті: Қызыл түсі-қозғалмай
Сары түсі-топылдату
Жасы түсі-жүру
Жол сақшысының сары түсті тапсырмасы
Құрылымдалған ойын: «Шатасқан суретші»
Мақсаты:сұраққа дұрыс жауап бере отырып, бейнелердің туралығын анықтай алады.
Шапалақ әдісі арқылы жаттау
Барысы: шапалақ ұра отырып өлеңді қайталайды.
Жол сақшысының қызыл түсті тапсырмасы
Еркін ойын
Мақсаты: жолды өз еріктерімен аяқтайды немесе бояйды.
Жасаған жұмыстарын маи қызметкерлеріне беріп жібереді.
Қортынды: балалар бүгін біз немен танысты |