Главная страница
Навигация по странице:

  • Жиынтық бағалаудың құрылымы

  • Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

  • *Тапсырма Қ амтылатын ма қ сатта р *Тапсырма т ү рлер і

  • Барлығы 40 минут 30 « » Сынып оқушысы

  • Шығармалар

  • Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс б і рге ж ү ред і . В) Отан үшін отқа түс күймейсің. С) А қ ыл

  • Жауап Балл Қосымша ақпараттар

  • ТЖБ әдебиет 11-сынып. 11 сынып ТЖБ Әдебиет. Тексерілді доіжо жумадилова а 1тосан бойынша жиынты баалау спецификациясы


    Скачать 29.58 Kb.
    НазваниеТексерілді доіжо жумадилова а 1тосан бойынша жиынты баалау спецификациясы
    АнкорТЖБ әдебиет 11-сынып
    Дата26.10.2022
    Размер29.58 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла11 сынып ТЖБ Әдебиет.docx
    ТипАнализ
    #756358

    Тексерілді: ДОІЖО Жумадилова А

    1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



    Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

    Ұзақтығы – 40 минут

    Түсіну және жауап беру 10 минут

    Анализ және интерпретация 10 минут

    Бағалау және салыстыру 20 минут

    Балл саны – 30
    Тапсырмалар түрлері:

    Бір және көп таңдауы бар сұрақтар

    Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

    Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
    Жиынтық бағалаудың құрылымы

    Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
    Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

    *Тапсырма

    Қамтылатын мақсаттар

    *Тапсырма түрлері

    *Тапсырмалар сипаттамасы

    *Орындау уақыты, минут

    Балл

    1-5


    11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну
    11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету
    11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

    Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

    Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.

    10

    5

    6-8


    11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау
    11.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау

    11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау

    Толық жауапты қажет ететін сұрақ

    тар

    Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.

    10

    15

    9

    11.3.3.1 шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

    Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

    Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.

    20

    10

    Барлығы

    40 минут

    30


    « » Сынып оқушысы-------------------------------------------------------------------------

    «Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша ТЖБ
    «Кеңістік пен уақыт» бөлімі
    Шығармалар: О. Бөкей «Атау кере» повесі,

    Ж. Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі
    1-БӨЛІМ
    1. «Неге біз осы...» деген қолданыс қай кейіпкерге тиесілі?

    А) Таған

    В) Ерік

    С) Шал

    D) Айна

    [1]

    2. Шығарма қай жанрға жатады?

    А) поэзия, жыр

    В) проза, роман

    С) проза, әңгіме

    D) проза, ой толғау

    3. Қай кейіпкердің ойы немесе айтқан сөзі екенін көрсетіңіз.

    А) Кінәні өзгеге арта салу – пәледен құтылудың ең оңай жолы.

    В) Жеңу үшін, жең түріп төбелесе беру шарт емес…

    С) Еркектер-ай, есер қылықтарың ғой әйел затын зәтте қылатын…

    D) Адамның қателігі – кемшілік жіберуінде емес, сол кемшілікті кешіктірмей түземеуінде.

    1. Айна

    2. Таған

    3. Ерік

    4. Нүрке кемпір


    1__, 2__, 3__, 4__ .

    [1]

    4. «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңінен берілген үзіндінің идеясына сәйкес келетін мақалды анықтаңыз.

    Құйын кезде желің болып жүгірдім,

    Қиын кезде белің болып бүгілдім,

    Туған дала, ұлың емес тек қана

    Қабақ шытпас құлақ кесті құлыңмын.
    А) Ынтымақ жүрген жерде,

    Ырыс біргежүреді.

    В) Отан үшін отқа түс күймейсің.

    С) Ақылкөпкежеткізер,

    Өнер көккежеткізер.

    D) Маңдай термен тапқан нан тәтті.

    [1]
    5. «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңінде автор ойын қалай тұжырымдайды?

    А) Елді қорғап ұрпаққа аманат екені жайлы

    В) Туған жерін шексіз сүйе беретінін жеткізу арқылы

    С) Туған даласы алдында кінәсін жуып-шаюы арқылы

    D) Ұлы тұлғалардың қасиеттерімен байланыстыру арқылы

    [1]
    2-БӨЛІМ
    6. «Дүниедегі ең қиын нәрсе – шын сүйген адамыңнан қалған көңіл; ол– шыққан жан, кешірімі мен кеңдігі болмайды екен» деген Айнаның тұжырымына қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз. Айнаның ішкі толғанысын, ойын шығармадан мысалдар келтіріп талдаңыз, ойыңызды тұжырымдаңыз. 3-4 сөйлем

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    [5]

    7. Шығарма неге «Атау кере» деп аталды? Ондағы мәселені өмір шындығымен байланыстырып түсіндіріңіз. 3-4 сөйлем

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    [5]

    8. Туған дала, табалап жатқан күліп,

    Жауларымен ісі жоқ мақтан біліп,

    Мықтылығы дейсің бе кей ұлдарың

    Тағдырыңды тартыпты көкпар қылып.
    Топқа кіріп жүргендер төсін ұрып,

    Алдыменен алса екен осыны ұғып,

    Бармақ тістеп, бас шайқап өкінгеннің

    Несі салт, несі дәстүр, несі ғұрып, деген жолдардағы көркемдегіш құралдарды анықтаңыз, қолданысы мен мәтіндегі рөліне талдау жасаңыз.

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    [5]
    3-БӨЛІМ
    9. Оралхан Бөкей «Атау кере» шығармасындағы Таған бейнесін талдаңыз. Таған бейнесі арқылы шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығын бағалап, әдеби эссе жазыңыз.

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    [10]

    Балл қою кестесі




    Жауап

    Балл

    Қосымша ақпараттар

    1

    А

    1


    5

    2

    В

    1

    3

    1 D

    2 В

    3 А

    4 С

    1

    4

    D

    1

    5

    D

    1

    6

    Өз ойымен байланыстырып талдайды;

    2

    15

    Шығармадан мысал келтіреді;

    2

    Өзіндік тұжырым жасайды;

    1

    7

    Мағынасын түсіндіреді;

    1

    Өмір шындығымен байланыстырады;

    2

    Ойын дәлелдейді;

    2

    8

    Берілген өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдарды анықтайды;

    2

    Қолданысына талдау жасайды;

    3

    9

    Кейіпкер әрекетіне өзіндік баға береді;

    2

    10

    Көзқарасын шығармадан мысалдар келтіріп дәлелдейді;

    2

    Көркемдік-эстетикалық құндылығын талдайды;

    2

    Логикалық қорытынды жасайды;

    2

    Эссе құрылымын сақтайды.

    2


    написать администратору сайта