Главная страница

сабақ жоспары. 5қмж130. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Анкорсабақ жоспары
Дата29.11.2021
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла5қмж130.docx
ТипДокументы
#285696
страница63 из 97
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 68


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

5 «А»

5 «Ә»

5 «Б»

5 «В»

5 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

6-бөлім. Бірлескен іс-әрекеттегі ойын-сауық ойындары

Сабақтың тақырыбы

Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту

Оқу мақсаттары

5.2.8.8. Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен шарттастырылған рөлдерді анықтай білу;

Сабақ мақсаттары

Түрлі қимыл-қозғалыстарға негізделген рөлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын сезіне білу

Бағалау критерийі

Қимыл-қозғалыстармен шарттастырылған рөлдерді анықтайды. Қозғалмалы ойын арқылы қимыл-қозғалыстарын жақсартады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: әр түрлі қызықты ойындардағы қимыл дағдылары мен қарым-қатынас дағдыларын талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: қызықты, проблеманы шешу, стратегия, тактика, бағдар, кедергілер жолағы, бағдарлану, карта, талқылау, жоспарлау, танысу, есептеу, бағалау, турист, бағыттаушы сөздер: тоқтау, жүру, оңға, солға, артқа, алға, бірге мазасыздану, ынтымақтастық, қарым-қатынас

Талқылауға арналған сұрақтар:

- сендер ойын барысында қандай пайдалы стратегияларды пайдаландыңдар?

- топ қалай орындап шықты?

- олар өзара жақсы әрекеттесті ме?

- олар топта түсінісумен байланысты туындаған проблемаларды қалай шешті?

- бағдар жобасын қандай баламалы идеялар жетілдіре алады?

- тапсырманы орындау кезінде сендер проблемаларды шешу үшін қандай стратегияларды/тактикаларды пайдаландыңдар?

- осы тапсырма бойынша сендер қайдан және қалай қолдау алдыңдар?

- пәнді сезіну және оны көзбен көрмей қабылдап табу қаншалықты оңай болды?

- осы тапсырма қандай ынтымақтастық дағдыларын дамытады?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Бор, секунд өлшегіш, жоспарланған әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Оқушылардың талап етуі бойынша, олар таңдаған ойынға сәйкес.

Жуков М.Н. Қозғалыс ойындары: Пед. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. - М.: «Академия» баспа орталығы, 2000. - 160 б.

Сабақтың

ортасы

25 минут

Ойын арқылы проблемаларды шешудің негізгі дағдыларын оқу

(С, К, Ф) «Күзетшілер және барлаушылар». Ойыншылар екі командаға - «барлаушыларға» және «күзетшілерге» - бөлінеді және бір-бірінен 18-20 м арақашықтықта алаңның екі қарама-қарсы бөлігін бойлай сапқа тұрады. Саптан үш қадам алда сызық жүргізіледі, ал сызылған шеңбердің ортасына волейбол добы салынады.

Командалардағы ойыншылар рет нөмірлері бойынша саналады. «Барлаушылар» командасының міндеті-допты өз сызықтарынан асыра алып кету, басқа команда ойыншыларының міндеті - бұған кедергі жасау. Мұғалім нөмірді дауыстап атайды және қарама-қарсы тұрған ойыншылар (осы нөмір бар) допқа жүгіріп келеді. Егер «күзетші» кідіріп қалса, «барлаушы» допты қағып әкетіп, оны ала өз үйіне қарай жүгіреді, ал «күзетші» тұтқынға түседі де, «барлаушы» артына барып тұрады. Егер екі ойыншы да ортаға бір уақытта жүгіріп шықса, онда «барлаушының» міндеті - бірқатар алаңдатпа әрекеттер орындау (қолдарын қозғалту, орнында тұрып секіру, бұрылу, құлау және т.б.).

Мұғалім қауіпсіздік техникасына назар аударуы тиіс.

Оқушылардан ойын туралы кері байланыс алу маңызды.

Мұғалім ойынның ережелерін түсіндіреді: 1. «Күзетші» «барлаушының» барлық қимылдарын қайталауға міндетті, әйтпесе ол жеңіледі. 2. Қашып бара жатқан ойыншыны оның үйінің сызығына дейін қууға болады. 3. Допты түсіріп алған ойыншы ұсталған болып есептеледі. 4. Әр ретте допты «барлаушы» орнына қояды. Ойын ойынға барлық нөмірлер қатысқанға дейін жалғасады. Тұтқындар саналып, өз командаларына жіберіледі. Ойын қайталанады, ойыншылар рөлдерімен ауысады. Тұтқынды көбірек ұстаған команда жеңімпаз атанады.

Ойынға қатысушылар жұпқа немесе 2 топқа бөлініңіз. Ойын басқарушысы бірінші жұпты немесе әр топтың бірінші ойыншыларын шақырыңыз. Екі ойыншының біреуі қолыңыздағы таяқты мәре сызығында тұрып, алға қарай жоғарылата лақтырыңыз. Оның соңынан екінші ойыншы қолыңыздағы таяқты жоғары лақтырып, қарсыласыңыздың ауадағы таяғына тигізуге тырысыңыз. Егер таяққа тигізсеңіз балл аласыз. Әрі қарай келесі ойыншылар ойынды жалғастырыңыз. Екінші кезекте жұптар рөлдеріңізбен ауысыңыз. (Жеңіске көп балл алған топ жетеді).

Дескриптор

- қозғалмалы ойындағы шарттастырылған рөлдерді атқарады;

- таяқты мәре сызығында тұрып, алға қарай лақтырады;

- келесі ойыншы ауадағы таяққа тигізеді;

- рөлдерін ауыстырады, қимыл-қозғалыстарын жақсартады

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97


написать администратору сайта