Главная страница

сабақ жоспары. 5қмж130. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Анкорсабақ жоспары
Дата29.11.2021
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла5қмж130.docx
ТипДокументы
#285696
страница89 из 97
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 94


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

5 «А»

5 «Ә»

5 «Б»

5 «В»

5 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

8-бөлім. Жеңіл атлетикалық дағдыларды шолу және дамыту

Сабақтың тақырыбы

Ойын арқылы жеңіл атлетика дағдысын дамыту

Оқу мақсаттары

5.3.4.4. Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар болу;

Сабақ мақсаттары

Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану

Бағалау критерийі

Қауіпсіздік техникасын сақтап, жаттығуларды орындайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: әр түрлі жаттығуларда жүгірумен, секірумен және лақтырумен байланысты дағдыларды сипаттай және талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: ширату және қалпына келу техникасы, статикалық созылу, динамикалық созылу, орнынан тұрып ұзындыққа секіру, екпін алып ұзындыққа секіру, «аттау» тәсілімен биіктікке секіру, секіру сатылары: екпін алу, ителіру, ұшу, қону, дене бөліктері: қол, тізе, бас, иық, саусақ ұштары, шынтақ, жүрек соғысы жиілігі, тыныс алу жиілігі, бақылау, талқылау, қарау, бағалау, тапқыр, креативті, балдар, ұпайлар, есептер

Талқылауға арналған сұрақтар:

- спринтерлік және стаерлік жүгіру кезінде қандай физикалық қасиеттер дамиды?

- ұзындыққа секіруді орындау үшін біз қандай физикалық деректерді иеленуіміз керек?

- «Аттау» әдісімен секіру техникасын қалай жақсартуға болады?

- топ мүшелері сендерге жүгіру техникасына қатысты нақты кері байланыс ұсына ма?

- физикалық әрекетті орындамас бұрын, бізге неліктен ширату жаттығуларын орындау қажет?

- қандай ширату жаттығуларын білесіңдер?

- дене жаттығуларын орындағаннан кейін неліктен бізге қалпына келу қажет?

- лақтыру кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін есте сақтау керек?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Ойын арқылы жеңіл атлетика дағдысын дамыту

Спорттық және қозғалмалы ойындар

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Әрбір тапсырма үшін үлкен кеңістік. Жеңіл атлетика бойынша дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, ысқырық.

Жеңіл атлетика сабақтарындағы қозғалыс ойындарының интернет ресурсына сілтеме:

http://bmsi.ru/doc/64d1b8ad-75a1-46f1-9e56-f00d2cd3c017

Сабақтың

ортасы

25 минут

Ойын арқылы жеңіл атлетика дағдыларын дамыту

(Ж, С, Ф) «Көшбасшыларды ауыстыру». Сынып күші бойынша тең 3-4 топқа бөлінеді. Оқушылар аталған арақашықтықты жүгіріп өту тапсырмасын алады. Мұғалімнің белгісі бойынша алда жүгіріп бара жатқан оқушы (көшбасшы) қарқынды бәсеңдетіп, барлық жүгірушілер тобын алға өткізеді (өзінің сол тұсынан), содан кейін жүгіріп бара жатқан серіктестерінің артынан ілеседі. Жаңа белгі бойынша көшбасшылар қайта ауысады. Көшбасшыларды ауыстыру аралығын оқытушы өзі анықтайды және оқушыларға хабарлайды. Жүргізуші немесе мұғалім әрбір топ үшін жүгіру қарқынын алдын ала белгілейді, ол барлық оқушылар үшін қолжетімді болуы тиіс. Балалар өз мүмкіндіктерін асыра бағалауға бейім және жиі жүгіру жылдамдығын көтереді. Белгіленген жүгіру қарқынын көтеретін оқушылардың жүгіру қарқынын қадағалау, көшбасшылықтан шеттету қажет. Әрбір оқушы міндетті түрде көшбасшы рөлінде болуы маңызды.

Оқушыларға жеңіл атлетика бойынша сабақта қауіпсіздік техникасының жалпы ережелерін еске салыңыз. Бақылаушылар ырғақты, баяу және жақсы үйлескен жүгіруді қадағалауы тиіс. Олар сондай-ақ дененің белгілі бір бөліктеріне назар шоғырландыруы мүмкін: аяқ, бас пен дене, қол.

Сұрақ қойыңыз: Тізелерді жоғары көтеру орындала ма? Қолдар босаңсыған ба және 90 градус бұрыш жасай ма?

300 м бастап және ақырындап арақашықтық ұзындығын 5-сыныпта қыздар 600 м дейін (қыздар) және 700 м дейін (ұлдар), ал 6-сыныпта-700 м дейін (қыздар) және 900 м дейін (ұлдар) жеткізеді. Ойынды стадионда да, жергілікті жерде де өткізуге болады.

Эстафеталық ойынды орындаңыз. «Қарлығаш» және «Торғай» болып екі топқа бөлініңіз. А және В сызықтарында (№2 суретті қараңыз) берілген заттарды (кубиктер, доптар, кеглдер) командаға алып келіңіз.

Дескриптор

- ойын шартын орындайды;

- сызық бойындағы заттарды алып үлгереді.

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97


написать администратору сайта