Главная страница

жоспар. 10қмж130. Тексерілді дожжо


Скачать 1.08 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Анкоржоспар
Дата18.03.2022
Размер1.08 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла10қмж130.docx
ТипДокументы
#402579
страница2 из 65
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 2


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

10 «А»

10 «Ә»

10 «Б»

10 «В»

10 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

1-бөлім. Жеңіл атлетика түсінігі және қозғалыстың озық дағдысы

Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі. Жүгіру және оның түрлері

Оқу мақсаттары

10. 3. 4. 4. Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру

Сабақ мақсаттары

Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану

Бағалау критерийлері

Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыра алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Жеңіл атлетикадан арнайы қозғалыс әрекеттерін талқылап, көрсетіп, талдай алады. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: екпін алу, итерілу, ұшу, қону, «Ұшу фазасы», «Қайшылай басу», қозғалыс сапалары: күш, жылдамдық, шыдамдылық, иілгіштік, ептілік, қадамдар, секірулер, лақтырулар, жылдамдату, қауіпсіздік, тәуекел, сөре, сөрелік екпін, қашықтық бойымен жүгіру, сөреге келу, бір орыннан, жүгіріп келіп лақтыру, екпін алу кезіндегі адымның ұзындығы, лақтыру кезіндегі дәлдік, дұрыс қону, секіру мен лақтыру кезеңдері, жүгіру ырғағы.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- секіру мен лақтыруды орындаған кезде, неліктен қатаң түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

- лақтыру кезінде қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

- секірулер орындалатын тапсырмаларда жарақат алып қалу мүмкіндіктерін қалай азайта аласыздар?

- ұзындық пен биіктікке секіруді үйрету кезінде алдын-ала дайындық жаттығуларын неліктен ретімен орындау маңызды?

- дене қыздыру жаттығуларын қай ретпен орындау керек?

- қысқа және орта қашықтықтарға жүгіруге арналған тапсырмаларға дайындалу кезінде, арнайы жаттығуларды орындау қаншалықты қажет?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік техникасын меңгерді.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Қауіпсіздік ережелерінің журналы. Ысқырық, секундомер, секундомерлер, конустар, хаттамалар, бор.

https://www.youtube.com/watch?v=2UF1HKhmXyg

https://www.youtube.com/watch?v=7POHdH5QQWA

Сабақтың ортасы

25 минут

(Ж, ЖЖ, Ф) Оқушылар 60-100 метр қашықтықты 2-3 рет өтіп, төменгі сөреден жүгіру әдісін жетілдіруге жұпта жұмыс жасайды. Жіберілген қателіктерді және оны дұрыстау әдістерін көрсетеді.

Оқушылар бір-біріне төменгі сөреден жүгірудің әдістерін көрсетеді. Олар жаттығудың әр кезеңінде бір-бірін бақылап, түзету түсініктерін береді. Төменгі сөреден жүгіру әдісін орындау барысында бақылап, қажет болған жағдайда әдісті орындауды жақсартуға ұсыныс жасаңыз. Сұраңыз: жұпта жұмыс жасағанда қандай қателерді байқап, көрсеттіңіз? Спринтерлік жүгірістің кезеңдерін атап өтіңіз. Оқу барысында әріптесіңіздің кеңесі қалай көмектесті? Берілген тапсырманы орындау кезінде қандай жарақат алу жағдайлары болуы мүмкін?

(Т, Тәж, Ф) Сыныпты екі кіші топқа бөліп, оқушыларға қысқа қашықтыққа жүгіруден жарысты ұйымдастыру және өткізуді ұсыну (мысалы, №1 бір топ басқа №2 топқа 60м қашықтыққа жүгіруден жарыс ұйымдастырады, одан кейін топтар рөлдерімен ауысады да, 100м-ге жүгіруден жарыс ұйымдастырады. Топтарда жарыстың қорытындысы шығарылып, талқыланады.

Дене дайындығы әлсіз оқушылар төреші, жарысты ұйымдастырушылардың рөлдерін атқарулары мүмкін. Әр топ өздігінен жарысты ұйымдастыру мен өткізуді көрсетеді. Жарысқа қатысушылар басқа топтардың мүшелерінен болады. Топтар бейне таспаға түсіріп, басқа топтың әдісті, ұйымдастыруды мен қашықтықта жүгіруді орындауын бағалай алады.

(Ж, Т, Ф) Ойынға екі команда қатысады. Бір-бірінен 3-4м қашықтықта орналасқан өздерінің А және В сөре сызығының бойына тұрады. Мәре сызығы В сызығынан 9-11м қашықтықта орналасады. Мұғалімнің «Дайындал!» белгісімен оқушылар А және В сызықтарында бірдей бастапқы қалыпта тұрады-отырып тірену, жатып тірену, отыру, жоғарғы сөре және с. с. «Жүгір!» белгісімен екі команда бір уақытта жүгіруді бастайды. А командасының жүгірушісі алдында жүгіріп келе жатқан қарсы команданың ойыншысын С мәре сызығынан өткенше «дақтауға» тырысады. Әр «дақталған» ойыншы үшін қуалаушы командаға 1 ұпайдан беріледі. Келесі жүгірісті бастағанда командалар рөлдерімен ауысады.

Ойынды өзгертуге болады. Командаларды құраған кезде, алдағы жұмысқа ынталандыру үшін күштері тең оқушылардан тұратын топтар болуына назар аудару керек. Осыған ұқсас іс-әрекеттер түрлерін өткізерде қауіпсіздік ережелерін түсіндіру қажет. Осы ойынды өткізгеннен кейін орындалған әрекеттерге талдау жасап, жиі кездесетін қателерді көрсетіп, оларды түзету жолдарын көрсетіңіз. Өткізер алдында ойынды көрсетіп алыңыз. Сұраңыз: Сөреден шығуда және сөрелік екпін кезінде сыныптастарыңызда қандай қателіктер болды? Берілген тапсырманы орындаған кезде қандай жарақат алып қалу қауіпі бар? Осы жаттығуды орындау кезінде жарақат алып қалудан және құлаудан қалай сақтануға болады?

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік және бірін бірі бағалау арқылы білім бекітеді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65


написать администратору сайта