САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ Сабақтың кезеңдері
| Оқушының әрекеті
| Педагогтің әрекеті
| Оқу ресурстары
| Сабақтың басы
10 минут
| Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
| Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.
| Ысқырық, секундомер, конустар, бор, граната, резеңке доп, өлшеуіш, жалаушалар, 1-2 резеңке доптар, интернет ресурсы
| Сабақтың ортасы
25 минут
| (С, Ж, К) Сыныпты бірнеше топқа бөліп, лақтырудың бірнеше түрін қолдануларын ұсыну. Жаттығуларды орындау барысында қайшылай басу әдісін қолдану. 1 нұсқа. 4 адым жасап, қолды сермей гранатаны (допты) лақтыру, 2 адымды «тура-артқа» басып орындау. 2 нұсқа. 4 адым жасап, қолды сермей гранатаны (допты) лақтыру, 2 адымды «доғамен жоғары-артқа» басып орындау. 3 нұсқа. 4 адым жасап, қолды сермей гранатаны (допты) лақтыру, 2 адымды «алға-төмен-артқа» басып орындау. Жасалған жұмыстың қорытындысын топтарда талдау. Оқушыларға ұсынылған нұсқалардан жетілдірілген лақтырудың бір өнімді нұсқасын ұсынуын сұраңыз.
| Оқушылар лақтыруға арналаған құралдарды дұрыс ұстауын қадағалаңыз. Кіші допты алақанға қыспаймыз, лақтыратын қолдың саусақ бойларымен ұстаймыз. Сұқ, ортаңғы және аты жоқ саусақтар доптың артқы жағында орналасады, ал бас бармақ пен кішкентай саусақ жанынан ұстайды. Лақтырушы екпін алар алдында құралды иық тұсында, шынтақ буынында бүгілген қолда ұстайды. Екпін алу. Бірінші(алғашқы)кезең. Бастапқы қалыптан басталып, белгіленген жерге дейінгі(жекелей таңдалады). Екінші кезең(соңғы)екпін алу кезеңі. Қозғалу жылдамдығына, адымның ұзындығына және лақтырудан кейінгі тоқтауға байланысты жекелей таңдалады, белгіленген жерден басталып, соңғы күш салу жерінде аяқталады. Сұраңыз: Максималды қашықтыққа доп пен гранатаны лақтыру үшін қандай бұрыштан құралды шығару керек. Лақтырудың алыстығы екпін алуға байланысты ма? Лақтыруды түрлі құралдармен орындауға болады(құралдардың болуына байланысты).
| (Б, К, Ф) «Аңшылар мен үйректер» Сынып екі топқа бөлінеді. «Аңшылар» тобы бір-бірінен 10-12м арақашықтықта орналасқан параллельді сызықтарда қатысушылар саны тең болып орналасады. «Үйректер» тобы сызықтардың арасына орналасады. Алаңның әр жағында орналасқан аңшыларға 1-2 кіші доп беріледі. Ысқырық бойынша үйренген әдіспен желкеден иық арқылы лақтырып, әртүрлі бағытта қозғалып жүрген «үйректердің» денелерінің төменгі бөлігіне тигізуге тырысады. «Жараланған» үйректер ойыннан шығады. Барлық үйректер ойыннан шыққаннан кейін командалар рөлдерімен ауысады. Үйректерді тез ойыннан шығарған және лақтыру барысында азырақ қате жіберген команда жеңіске жетеді.
| Сабақта қауіпсіздік ережелерін өткізу. Ойын басталар алдында оқушылармен ойын ережесін талқылау. Ойын барысында ережелерінің сақталуын қадағалау. Ойын алаңын белгімен шектеп, оқушыларға осы шекарадан өтпеуі керек. Осы уақытта мұғалім уақытты белгілеп, лақтырулардың дұрыс орындалуын қадағалайды. Қате әдіспен орындалған лақтыру кезінде тиген мүмкіндіктер есептелмейді. Ойын 5-8мин жалғасады. Ойын кезінде допты қағып алуға болмайды.
| Спорттық және қозғалмалы ойындар.
Баскетбол ойыны:
Ойыншылардың алаңдағы орын ауыстыру (жүру, жүгіру, бұрылу, секіру, тоқтау) әдісі
Бағытты өзгертіп допты алып жүру әдістерін үйрету;
| Сабақтың соңы
5 минут
| Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік және бірін бірі бағалау арқылы білім бекітеді.
| ҚОСЫМША АҚПАРАТ Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?
| Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.
| Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.
| Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау
| Сабақ бойынша рефлексия
-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
| Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ
| Жалпы баға
Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?
_____________________________________________________________________________________________________
| ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 10
Мектеп
| Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия
| Мұғалімнің аты-жөні
| Тилесбаев Берик Аргынбайулы
| Сынып
| 10 «А»
| 10 «Ә»
| 10 «Б»
| 10 «В»
| 10 «Г»
| Күні
|
|
|
|
|
| Қатысушылар саны:
|
|
|
|
|
| Қатыспағандар саны:
|
|
|
|
|
| Бөлім
| 1-бөлім. Жеңіл атлетика түсінігі және қозғалыстың озық дағдысы
| Сабақ тақырыбы
| Лақтыру және оның түрлері
| Оқу мақсаттары
| 10. 1. 2. 2. Түрлі дене жаттығулары аясында және жағдаяттарда үздік үйлесімділік пен бірізділікті ойлап табу және қолдану
| Сабақ мақсаттары
| Әр түрлі дене жаттығуларындағы реттілік және оның қозғалыс комбинациясы.
| Бағалау критерийлері
| Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жетілдіреді. Жаттығуларды ретімен орындайды.
| Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Жеңіл атлетикадан арнайы қозғалыс әрекеттерін талқылап, көрсетіп, талдай алады. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: екпін алу, итерілу, ұшу, қону, «Ұшу фазасы», «Қайшылай басу», қозғалыс сапалары: күш, жылдамдық, шыдамдылық, иілгіштік, ептілік, қадамдар, секірулер, лақтырулар, жылдамдату, қауіпсіздік, тәуекел, сөре, сөрелік екпін, қашықтық бойымен жүгіру, сөреге келу, бір орыннан, жүгіріп келіп лақтыру, екпін алу кезіндегі адымның ұзындығы, лақтыру кезіндегі дәлдік, дұрыс қону, секіру мен лақтыру кезеңдері, жүгіру ырғағы.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- секіру мен лақтыруды орындаған кезде, неліктен қатаң түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
- лақтыру кезінде қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
- секірулер орындалатын тапсырмаларда жарақат алып қалу мүмкіндіктерін қалай азайта аласыздар?
- ұзындық пен биіктікке секіруді үйрету кезінде алдын-ала дайындық жаттығуларын неліктен ретімен орындау маңызды?
- дене қыздыру жаттығуларын қай ретпен орындау керек?
- қысқа және орта қашықтықтарға жүгіруге арналған тапсырмаларға дайындалу кезінде, арнайы жаттығуларды орындау қаншалықты қажет?
| Құндылықтарды дарыту
| Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.
Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.
| Пәнаралық байланыстар
| Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка
| АКТ қолдану дағдылары
| Ұялы телефон, планшет, ноутбук
| Бастапқы білім
| Жылдамдық, төзімділік қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар кешенін біледі.
| САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ Сабақтың кезеңдері
| Оқушының әрекеті
| Педагогтің әрекеті
| Оқу ресурстары
| Сабақтың басы
10 минут
| Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
| Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.
| Ысқырық, секундомер, конустар, бор, граната, резеңке доп, өлшеуіш, жалаушалар, 1-2 резеңке доптар, интернет ресурсы
| Сабақтың ортасы
25 минут
| (С, Ж, К) Сыныпты бірнеше топқа бөліп, лақтырудың бірнеше түрін қолдануларын ұсыну. Жаттығуларды орындау барысында қайшылай басу әдісін қолдану. 1 нұсқа. 4 адым жасап, қолды сермей гранатаны (допты) лақтыру, 2 адымды «тура-артқа» басып орындау. 2 нұсқа. 4 адым жасап, қолды сермей гранатаны (допты) лақтыру, 2 адымды «доғамен жоғары-артқа» басып орындау. 3 нұсқа. 4 адым жасап, қолды сермей гранатаны (допты) лақтыру, 2 адымды «алға-төмен-артқа» басып орындау. Жасалған жұмыстың қорытындысын топтарда талдау. Оқушыларға ұсынылған нұсқалардан жетілдірілген лақтырудың бір өнімді нұсқасын ұсынуын сұраңыз.
| Оқушылар лақтыруға арналаған құралдарды дұрыс ұстауын қадағалаңыз. Кіші допты алақанға қыспаймыз, лақтыратын қолдың саусақ бойларымен ұстаймыз. Сұқ, ортаңғы және аты жоқ саусақтар доптың артқы жағында орналасады, ал бас бармақ пен кішкентай саусақ жанынан ұстайды. Лақтырушы екпін алар алдында құралды иық тұсында, шынтақ буынында бүгілген қолда ұстайды. Екпін алу. Бірінші(алғашқы)кезең. Бастапқы қалыптан басталып, белгіленген жерге дейінгі(жекелей таңдалады). Екінші кезең(соңғы)екпін алу кезеңі. Қозғалу жылдамдығына, адымның ұзындығына және лақтырудан кейінгі тоқтауға байланысты жекелей таңдалады, белгіленген жерден басталып, соңғы күш салу жерінде аяқталады. Сұраңыз: Максималды қашықтыққа доп пен гранатаны лақтыру үшін қандай бұрыштан құралды шығару керек. Лақтырудың алыстығы екпін алуға байланысты ма? Лақтыруды түрлі құралдармен орындауға болады(құралдардың болуына байланысты).
| (Б, К, Ф) «Аңшылар мен үйректер» Сынып екі топқа бөлінеді. «Аңшылар» тобы бір-бірінен 10-12м арақашықтықта орналасқан параллельді сызықтарда қатысушылар саны тең болып орналасады. «Үйректер» тобы сызықтардың арасына орналасады. Алаңның әр жағында орналасқан аңшыларға 1-2 кіші доп беріледі. Ысқырық бойынша үйренген әдіспен желкеден иық арқылы лақтырып, әртүрлі бағытта қозғалып жүрген «үйректердің» денелерінің төменгі бөлігіне тигізуге тырысады. «Жараланған» үйректер ойыннан шығады. Барлық үйректер ойыннан шыққаннан кейін командалар рөлдерімен ауысады. Үйректерді тез ойыннан шығарған және лақтыру барысында азырақ қате жіберген команда жеңіске жетеді.
| Сабақта қауіпсіздік ережелерін өткізу. Ойын басталар алдында оқушылармен ойын ережесін талқылау. Ойын барысында ережелерінің сақталуын қадағалау. Ойын алаңын белгімен шектеп, оқушыларға осы шекарадан өтпеуі керек. Осы уақытта мұғалім уақытты белгілеп, лақтырулардың дұрыс орындалуын қадағалайды. Қате әдіспен орындалған лақтыру кезінде тиген мүмкіндіктер есептелмейді. Ойын 5-8мин жалғасады. Ойын кезінде допты қағып алуға болмайды.
| Сабақтың соңы
5 минут
| Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік және бірін бірі бағалау арқылы білім бекітеді.
| ҚОСЫМША АҚПАРАТ
|