ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 12
Мектеп
| Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия
| Мұғалімнің аты-жөні
| Тилесбаев Берик Аргынбайулы
| Сынып
| 10 «А»
| 10 «Ә»
| 10 «Б»
| 10 «В»
| 10 «Г»
| Күні
|
|
|
|
|
| Қатысушылар саны:
|
|
|
|
|
| Қатыспағандар саны:
|
|
|
|
|
| Бөлім
| 1-бөлім. Жеңіл атлетика түсінігі және қозғалыстың озық дағдысы
| Сабақ тақырыбы
| Лақтыру және оның түрлері
Спорттық және қозғалмалы ойындар. Баскетбол ойыны: Допты әріптесіне беру әдістерін үйрету. Допты әріптесіне екі қолмен кеуде тұстан беру әдістерін үйрету.
| Оқу мақсаттары
| 10. 3. 5. 5. Дене белсенділік тәжірибесі үшін білім мен дағдыны дамыту
Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру
| Сабақ мақсаттары
| Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін сын тұрғысынан бағалау, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну
| Бағалау критерийлері
| Қозғалыс әрекеттерін бақылайды. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды.
Дене белсенділігі үшін білімі мен дағдысын қолданады
| Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Жеңіл атлетикадан арнайы қозғалыс әрекеттерін талқылап, көрсетіп, талдай алады. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: екпін алу, итерілу, ұшу, қону, «Ұшу фазасы», «Қайшылай басу», қозғалыс сапалары: күш, жылдамдық, шыдамдылық, иілгіштік, ептілік, қадамдар, секірулер, лақтырулар, жылдамдату, қауіпсіздік, тәуекел, сөре, сөрелік екпін, қашықтық бойымен жүгіру, сөреге келу, бір орыннан, жүгіріп келіп лақтыру, екпін алу кезіндегі адымның ұзындығы, лақтыру кезіндегі дәлдік, дұрыс қону, секіру мен лақтыру кезеңдері, жүгіру ырғағы.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- секіру мен лақтыруды орындаған кезде, неліктен қатаң түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
- лақтыру кезінде қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
- секірулер орындалатын тапсырмаларда жарақат алып қалу мүмкіндіктерін қалай азайта аласыздар?
- ұзындық пен биіктікке секіруді үйрету кезінде алдын-ала дайындық жаттығуларын неліктен ретімен орындау маңызды?
- дене қыздыру жаттығуларын қай ретпен орындау керек?
- қысқа және орта қашықтықтарға жүгіруге арналған тапсырмаларға дайындалу кезінде, арнайы жаттығуларды орындау қаншалықты қажет?
| Құндылықтарды дарыту
| Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.
Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.
| Пәнаралық байланыстар
| Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка
| АКТ қолдану дағдылары
| Ұялы телефон, планшет, ноутбук
| Бастапқы білім
| Лақтыру, секіру түрлерін меңгерді.
| САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ Сабақтың
кезеңдері
| Оқушының әрекеті
| Педагогтің әрекеті
| Оқу ресурстары
| Сабақтың
басы
10 минут
| Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
| Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.
| Ысқырық, секундомер, конустар, теннис доптары, волейбол доптары, жалаушалар, үлкен теннис доптары, құм салынған қапшықтар, баскетбол доптары, бор, интернет ресурсы
| Сабақтың
ортасы
25 минут
| (Б, К) «Әуедегі нысана» Мұғалім белгі бойынша волейбол добын жоғары лақтырады, ал ойыншылар кезек ретімен теннис добын ұшып бара жатқан нысанаға тигізуге тырысады. Нысанаға тигізген әр ойыншыға ұпай беріледі. 8-10 мүмкіндікте көп ұпай жинаған жеңіске жетеді.
| Ойыншылар сызықтың бойына тұрады. Әрбіреуінің қолында теннис добы. Мұғалім волейбол добын жоғары лақтырып отырады. Ойын мұғалімнің белгісі бойынша басталады. Шеңбердің сыртынан тигізгендер есептелмейді. Ойынды командалармен өткізуге болады. Ойынға қатыспайтын оқушыларды, волейбол доптарын жоғары лақтыратын, көмекшілер мен жүргізушілер ретінде қоюға болады.
| (ЖЖ, К, Ф) Сыныпты жұптарға бөліп, келесі жаттығулар орындалады: -теннис добын немесе жеңіл заттарды 3-4м биіктікте орналасқан жіптің, волейбол торының үстінен 3-5м қашықтықтан лақтыру, екінші жағында басқа оқушылар жабдықтарды көтеріп, кері бағытта лақтыруды орындайды;-үйренген әдістермен допты қашықтыққа лақтырады, жұптар 30-40м қашықтықта орналасады;-ені 2м көлденең нысанаға 12м-ге дейінгі қашықтықтан лақтыру.
| Граната мен допты лақтыру жаттығуларының алдында дене қыздыру жаттығуларын мұқият орындауларын естеріне салу керек. Гранатаны лақтырар алдында орындалатын арнайы дене қыздыру жаттығуларының ішінде лақтыратын қолдың иілгіштігіне және иық буынына арналған жаттығулар қамтиды. Балама нұсқасы ретінде лақтыруды бір қолмен волейбол торының үстінен орындауға болады.
| (Т, Ж, К, Ф) Лақтыру эстафеталары. Сынып 2-3 командаға бөлінеді. Олар өздерінің ішінде тең бөлініп, аралығы 2-3м, 6-8м қашықтықта орналасқан сызықтарда тізбекке тұрады. Бір жағына бірінші баскетбол доптары беріледі. Белгі бойынша қолдарында доптары барлар екі қолмен желкеден алға-төмен 3-4м қашықтықта қарама-қарсы тұрған қатысушыға жеткізетіндей лақтырады. Қағып алушы допты дәл осындай әдіспен лақтырады және т. с. с. жалғасады. Лақтырғаннан кейін оқушы басқа жаққа жүгіріп өтіп, тізбектің соңына тұрады. Бастапқы қалыпқа тезірек келген және айып ұпайларын алған команда жеңіске жетеді.
| Мұғалім лақтырудың дұрыстығын қадағалап, орындалу әдісінің қате кеткен жерлеріне айып ұпайларын есептейді. Қайталау барысында бастапқы қалыпты өзгертуге болады: тік тұрып, аяқ иық деңгейінде, тік тұрып аяқ бірге, тік тұрып сол аяқ алда, тізеде тұрып және т. б. Тапсырманы орындар алдында қауіпсіздік ережелерін өткізу керек. Осы тапсырманы орындар алдында, жарақат алып қалмау үшін, оқушылардың арасындағы аралыққа назар аудару керек.
| Спорттық және қозғалмалы ойындар.
Баскетбол ойыны:
Допты әріптесіне беру әдістерін үйрету;
Допты әріптесіне екі қолмен кеуде тұстан беру әдістерін үйрету;
| Сабақтың соңы
5 минут
| Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік және бірін бірі бағалау арқылы білім бекітеді.
| ҚОСЫМША АҚПАРАТ Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?
| Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.
| Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.
| Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау
| Сабақ бойынша рефлексия
-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
| Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ
| Жалпы баға
Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?
_____________________________________________________________________________________________________
| |