Главная страница

ҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Дата01.02.2023
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық.docx
ТипДокументы
#916118
страница46 из 97
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 48


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

6 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

4. Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену.

Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны: Допты жоғарыдан тура беру арқылы ойынға қосу әдістерін үйрету. Допты жоғарыдан бір жанынан ойынға қосу әдістерін үйрету. Допты ойынға қосу кезіндегі қателіктермен таныстыру.

ӨҚН. Әртүрлі жарақат алу жағдайындағы алғашқы медициналық көмек.

Оқу мақсаттары

6.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру

ӨҚН. Өмір қауіпсіздігі негіздері курсының теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Өзінің және өзгелердің шығармашыл ық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Бағалау критерийі




Тілдік мақсаттар

Оқушылар: түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: ұлттық ойындар, «Тоғызқұмалақ», құмалақ, тұздық, отау, атсырау, «қазандық», команда, ойыншы, төреші, қарсылас, шабуыл, қорғаныс, ереже, баға, әділ ойын, «Бес табан», «Бестас», «Жаяу көкпар», «Арқан тарту».

Талқылауға арналған сұрақтар:

- командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?

- жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?

- жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?

- сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

- «Жаяу көкпар» ойынында жеңіске жету үшін ойыншы мен команда қандай дағдыға ие болуы керек?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Асықтар, бор, конустар, ысқырық.

http://www.tursport.akmol.kz/public/uploads/pravila_igri_asik.pdf

http://www.tursport.akmol.kz/public/uploads/pravila_igri_asik.pdf

Сабақтың

ортасы

25 минут

(Т, ҚБ) «Бес табан». Сынып екі топқа бөлінеді. Алаңға көмбе сызығы сызылады. Осы жерге әр қатысушы екі топайдан тігеді. Көмбе сызығынан бес табан өлшеніп сызық сызылады. Бұл бес табан сызығы болады. Бес табан сызығынан 5 метр қашықтықта атыс сызығы сызылады. Осы сызықтан ойыншылар кезек-кезек Көмбедегі топайды қатты құлаштап атып, тігілген кенейлерді Көмбедегі сызықтан әрі қарай 5 табан сызығынан шығаруы керек.

Ойыншылар екіге бөлініп сақаларын иіріп ату кезегін анықтап алады, содан кейін атуды бастайды. Көмбеден шыққан топай атқан ойыншыныкі болып есептеледі. Егер ол көмбеден шығара алмаса, сақа тиген топай қайта тігіледі де келесі ойыншы атады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Ең көп топай жинаған ойыншы жеңімпаз болып табылады.

«Бес табанды» әдетте «топаймен» ойнайды. Бірақ, оқушылардың денсаулығына қауіпті болмау үшін қауіпсіз спорт құралын пайдалану қажет.

Сұраңыз: Ойынды қалай жақсарта аласыз?

Жиналған ұпай санын қадағалаңыз.

(С, Т, ҚБ) «Алшы». Ойыншыларға бір сақа, 4 кенейден беріледі. Ойыншылар сақасын алып қалып, қалған бір кенейден көнге тігеді.

Оны шыр дейді.

Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдалып алынады. Ойыншылар сақада көрсетілген номер кезегімен ойын бастайды.

Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет.

«Алшы ойынында» 1 алаңға 4 ойыншыдан шығады. Бірінші бала сақасын ешкім көздей алмайтындай жерге алысырақ тастайды. Екінші баланың да, бақасының да солай тастауына болады. Оны «жаттым» дейді. Бірақ тастаған сақа атуға ыңғайлы жатса, кезектегі түптегі қарсылас көздеп атуға құқы бар.

Тигізсе «өлді» дейді. «Өлген» сақаның иесі келесі кезекке дейін ойыннан шығады. Алдыңғы баланың одан да әрі маңында жатқан сақаларды атып «өлтіруге» еркі бар. Болмаса, бір

сақаны «өлтіргеннен» кейін, сол жерден «шырды» атып бұзады. Сақасының жұбына қарай құлаған асықтарды жиып алып, енді біртіндеп кенейлерді атады. Жұп түссе – ұтысын алып, ойынды жалғастыра береді. Бөлек түссе, сол жатқан жерінде жатады. Егер сақасы кенейлермен жұп түспей-ақ алшы түссе, ойыншының қайта атуына болады. Тәйке түссе, алыстау басқа жаққа «жатуға» болады. Бұл заңдылық сақаны сақа көздегенде де сақталады. Тимей кетіп, бүгінен не шігінен түссе, сол жерде жатады. Қарсылас ойыншы кезегін алғанда, оны оп-оңай өлтіре салады. Бұл ойында сақаны атып «өлтіріп» не «шыр» бұзып, жұп асықтарды көбірек ұтып, көбірек ұпай жинаған ойыншылар жеңімпаз деп танылады. «Шыр» түбінде ең соңғы ойыншының сақасы ғана жата алады. Оның пайдасы, қарсыластар сақаларын атып, ұзап кетеді де, «шырға» тигізе алмай қалады. Кезегі келгенде «шырды» бұзып, жұп – асықтарды жиып алады. Ыңғайлы кенейді жақын жатқан сақаға қарай атып жақындап, кенеймен жұп түссе, оның сақасын «өлтіруге» болады. «Шырды» бұзып, бар кенейді ұтқан бала жеңімпаз атанып, ойынды басындағыдай қайта жалғастырады. Кенейі біткендер ойыннан ұтылып шығып қалады. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды.

Ойын алаңда өткізіледі.

Ортаға диаметрі 8 метр шеңбер сызылады. Шеңбердің ортасынан бөле көмбе сызығы сызылады.
Оқушылармен жекелеген ойыншылардың іс-әрекетін талқылаңыз.

Спорттық және қозғалмалы ойындар.

Волейбол ойыны:

Допты жоғарыдан тура беру арқылы ойынға қосу әдістерін үйрету;

Допты жоғарыдан бір жанынан ойынға қосу әдістерін үйрету;

Допты ойынға қосу кезіндегі қателіктермен таныстыру;




Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97


написать администратору сайта