Главная страница

ҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Дата01.02.2023
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық.docx
ТипДокументы
#916118
страница43 из 97
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 45


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

6 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

4. Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену.

Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны: Допты ойынға қосу әдістерін үйрету. Допты төменнен тура беру арқылы ойынға қосу әдістерін үйрету. Допты төменгі бір жақ жанынан ойынға қосу әдістерін үйрету. Допты ойынға қосу кезіндегі қателіктерді көрсету.

Оқу мақсаттары

6.2.6.1. Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білу

Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру

Сабақ мақсаттары

Жарыс іс- әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу

Бағалау критерийі

Жарыстағы іс-әрекеттерге төрелік етеді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: ұлттық ойындар, «Тоғызқұмалақ», құмалақ, тұздық, отау, атсырау, «қазандық», команда, ойыншы, төреші, қарсылас, шабуыл, қорғаныс, ереже, баға, әділ ойын, «Бес табан», «Бестас», «Жаяу көкпар», «Арқан тарту».

Талқылауға арналған сұрақтар:

- командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?

- жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?

- жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?

- сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

- «Жаяу көкпар» ойынында жеңіске жету үшін ойыншы мен команда қандай дағдыға ие болуы керек?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Қазақтың ұлттық ойындары

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

http://www.tursport.akmol.kz/public/uploads/pravila_igri_asik.pdf

https://articlekz.com/article/5852

https://www.youtube.com/watch?v=zpavGOT2GmM

http://www.tursport.akmol.kz/public/uploads/pravila_igri_asik.pdf

Сабақтың

ортасы

25 минут

Төрешілердің міндеті:

Бас төреші жарыстың ойдағыдай өтуіне жауапты. «Тақта» немесе «Алаң» басындағы төрешілердің шешіміне наразылық туса, әділ төрелік жасайды. Жарыс өтетін орынның техникалық дайындығын тексереді. Жауапты хатшыны тағайындайды.

Техникалық хатшы – төрешілер алқасының хаттамасын әзірлейді. Бәсекеге түсетін топтарды жіктейді. Жарыстың уақытын белгілейді. Бас төрешінің шешімдерін жеткізеді және ұсыныс жасай алады. Журналистерге ақпараттық мәлімет таратады. Жарыс барысында орын алған ескертпелерді жазып алады. Техникалық хатшы чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтауға қатыспайды.

Төрешілер – тақта немесе алаң басында тұрып ойынды бастауға, тоқтатуға үкім береді. Қолына қызыл және көк түсті екі шағын жалауша ұстайды. Ойыншыға «Баста» деп айтып, көк жалаушаны көтереді. Бұл ойын басталғанының белгісі. Ойыншы қателік жібергенде «Тоқта» деген бұйрық беріп, қолындағы қызыл жалаушаны көтереді. Осылай келесі ойыншыға «Баста» сөзі айтылып ойынды жалғастыруын ұсынады.

Ойын басындағы төреші ереженің қатаң сақталуын қадағалайды. Әрі жеңімпазды анықтайды. Ұпай санын белгілеп, хатшыға хабарлама жасайды.

Ойын қалай басталады?

Ойын қалай аяқталады?

(Т, ҚБ) «Хан алшы» ойыны ойлауды, зейін қоюды қасиеттерін дамытады. Ойынға 5-10 ойыншы қатыса алады. Ойын бірнеше асықты қажет етеді. Асықтардың ішіндегі ең үлкені, қызыл түстісі «хан» болады. Санамақ арқылы жүргізушіні анықтайды. Ол барлық асықтарды екі қолына алып, сырмақ үстіне шашады. Басты шарты ұқсас түскен асықтарды ғана атады. Асықтарды ату бас бармақпен орындалады. Басқа асықтарға тигізбей атып алынған асық, ұпай ретінде олжаланады. «Ханды» ең соңғы қалған ұқсас асықпен ғана атады. Егер жүргізуші басқа асықтарға қолымен немесе асығымен тигізсе, кезек келесі ойыншыға беріледі.

Ойын ережелері мен қауіпсіздік ережелерінің сақталуына көңіл бөліңіз. Ойыншылардың іс-әрекетін талдаңыз.

(С, ҚБ) Сыныпты бірнеше топқа бөліп, «Асық» ойынындағы төрешілердің ым-белгілерін көрсету:

Бүк – жұмылған қолды алға созып саусақтардың бүгілген жағын төмен қарату.

Шік – жұмылған қолды алға созып саусақтардың бүгілген жағын жоғары қарату.

Алшы – жұмылған қолды алға созып

бас бармақты тік ұстау.

Тәйке - саусақтарды түзу ұстап,

қырынан көрсету

Омпа– қолды алға созып бес саусақты

төмен қаратып ұстау (900).

Шоңқы – қолды созып бүгілген бес

саусақты жоғары қаратып ұстау.

Ереже бұзылған жағдайда төреші көк

білек қабы бар қолын көтеріп, ойынды

тоқтатады.

Мұғалім бұл ойындардың тактикалық білім мен стратегиялық ойлауды қалай дамытатынын көрсетуі тиіс.

Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін, ойыншылардың іс-әрекеттерін талқылаңыз.

Т, ҚБ) «Қаржу»(қақпақыл). Бұл

ойын үш кезеңнен тұрады. Бірінші

кезең – көн киіз немесе кілем үстіне

төреші бес асықты арасын

алшақтатып шашып тастайды Ойыншы өзінің

қолындағы қолайлы асығын жоғары лақтырып

жіберіп, киіз үстіндегі бір асықты іліп алып,

жоғарыдан түсіп келе жатқан өз асығын жерге

түсірмей қағып алады, жаңағы жерден алған

асықты жерге қойып, тағы да өз асығын жоғары

лақтырып, жерден екінші асықты іліп алып,

жоғарыдағы өз асығын қағып алады. Осылай

үшінші, төртінші, бесінші асықты алады . Осы

бес асықты қателік жібермей қаржып алар болса,

10 ұпай беріледі.

Жиналған ұпай санын

қадағалаңыз. Қозғалыс

белсенділігін арттыру үшін

сыныпты бірнеше топқа

бөліңіз. Бұл ойынды өткізу

үшін спорт залында бар спорт

құралдарын пайдаланылады.

Сұраңыз: бұл ойынды қалай

күрделендіруге болады?

Берілген ойын қандай

дағдыларды дамытады?

Тоғызқұмалақ ойынындағы келесідей қалыптан ойын бастау арқылы тактикалық әрекеттерді сынамалап көріңіз, нәтижесімен бөлісіңіз:

а) екі ойыншы да тұздықсыз ойын бастайды;

b) екі ойыншының біреуі ғана тұздықпен ойын бастайды;

с) екі ойыншыда да тұздық бар, тұздықтардың қақтығысын ұйымдастырады.

Әрекеттерді сынамалаған соң сәтті болған тұстарын қарсыласыңызбен талқылаңыз, жетілдіру үшін қолдау көрсетіңіз (төрелік ету, негізгі терминдерді түсіндіру, ұсыныс білдіру т.б.).

Дескриптор

- нәтижеге қол жеткізу үшін бірнеше әрекет түрлерін тізбектеп жазады;

- тиімді нәтиже үшін қол жетімді ресурстарды пайдаланады (кітап, ғаламтор, сыныптасы, ата-анасы т.б.);

- ұлттық ойынды дамытатын дағдылар туралы айтады.

Спорттық және қозғалмалы ойындар.

Волейбол ойыны:

Допты ойынға қосу әдістерін үйрету;

Допты төменнен тура беру арқылы ойынға қосу әдістерін үйрету;

Допты төменгі бір жақ жанынан ойынға қосу әдістерін үйрету;

Допты ойынға қосу кезіндегі қателіктерді көрсету;

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97


написать администратору сайта