ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 43
Мектеп
| Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия
| Мұғалімнің аты-жөні
| Тилесбаев Берик Аргынбайулы
| Сынып
| 6 «А»
| 6 «Ә»
| 6 «Б»
| 6 «В»
| 6 «Г»
| Күні
|
|
|
|
|
| Қатысушылар саны:
|
|
|
|
|
| Қатыспағандар саны:
|
|
|
|
|
| Бөлім
| 4. Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары
| Сабақтың тақырыбы
| Қазақтың ұлттық ойындары
| Оқу мақсаттары
| 6.3.5.1. Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана білу
| Сабақ мақсаттары
| Басқалардың дене жаттығула ры тәжірибесін байыту масқатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану
| Бағалау критерийі
|
| Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады
Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: ұлттық ойындар, «Тоғызқұмалақ», құмалақ, тұздық, отау, атсырау, «қазандық», команда, ойыншы, төреші, қарсылас, шабуыл, қорғаныс, ереже, баға, әділ ойын, «Бес табан», «Бестас», «Жаяу көкпар», «Арқан тарту».
Талқылауға арналған сұрақтар:
- командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?
- жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?
- жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?
- сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?
- «Жаяу көкпар» ойынында жеңіске жету үшін ойыншы мен команда қандай дағдыға ие болуы керек?
| Құндылықтарды дарыту
| Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.
Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.
| Пәнаралық байланыстар
| Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка
| АКТ қолдану дағдылары
| Ұялы телефон, планшет, ноутбук
| Бастапқы білім
| Қазақтың ұлттық ойындары.
Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны: Ойыншылардың алаңдағы тұру әдістерін үйрету. Ойыншылардың алаңдағы орын ауыстыру (тіркемелі, қосарланған адым, жүгіру, секіру, құлау) әдістерін үйрету. Волейбол ойынындағы қолданылатын әдіс-тәсілдердің түрлерімен таныстыру.
ӨҚН. Әсері мықты улы заттардан уланғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек көрсету.
| САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ Сабақтың кезеңдері
| Оқушының әрекеті
| Педагогтің әрекеті
| Оқу ресурстары
| Сабақтың
басы
10 минут
| Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
| Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.
| Ысқырық, түрлі доптар, конустар, бор, екі жалауша, орамал.
http://pedagogic.ru/books/item/f00/s00/z0000002/st244.shtml
ttp://pedagogic.ru/books/item/f00/s00/z0000002/st242.shtml
| Сабақтың
ортасы
25 минут
| (С, Т, ҚБ) «Жаяу көкпар». «Көкпар» сөзінің әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алып, оны ат үстінде жүріп бір-бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналыпты-мыс. Ойын жастардың дене күшін, жүгіру қабілетін жетілдіріп, денелерін шыңдап, денсаулықтарын жақсарта түседі. Бұл ойын алаңда ойналады. Ойынды 10 адамнан 30 адамға дейін ойнай алады. Ұлдар мен қыздар бөлек ойнайды. Ойынға көкпар - нығыздалған доп (нығыздалған қап немесе басқа зат) қажет. Алаңның бір жақ шетінде сөре сызығы сызылады(белгіленеді). 50м қашықтықта оған паралельді сызық сызылады да, ол сызыққа көкпар қойылады. 50-100м қашықтықта мәре сызығы болады. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді де сөре сызығының бойына суретте көрсетілгендей, араласып, бір команданың қатысушысынан кейін екінші команданың ойыншысы сапқа тұрады. Белгі бойынша барлығы көкпарға қарай жүгіреді. Көкпарға ие болған ойыншы ары қарай жүгіреді. Оны қуып жеткен, көкпарды алып жүгіруді жалғастырады. Көкпармен алда жүгіріп бара жатқан ойыншыны қуып жеткен ойыншы, көкпармен мәре сызығына қарай жылжи береді. Қай команданың ойыншысы көкпарды мәре сызығына жеткізсе, сол команда жеңімпаз атанады.
| Оқушылардың есіне салыңыз: 1. Көкпарды бірінші болып алған ойыншы, оны өзінің әріптесіне бере алады. 2. Ойын кезінде киімнен тартып, итеріп және дөрекі әдістерді қолданып, көкпарды алуға болмайды. 3. Егер қарсыласы ойыншыны қуып жетіп қолын тигізсе, көкпар оған беріледі. Командаласына көкпарды алға-жанына лақтырып беруге болады. Көкпарды алғашқы болып қолын тигізген ойыншы алады Сұраңыз: «Жаяу көкпар» ойынында жеңіске жету үшін ойыншы мен команда қандай дағдыға ие болуы керек?
| (С, Т, ҚБ) «Жігітті қуып жет». Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді де сызылған сызықтың үстінде қатарласып тұрады. Сол сызықтан 15—20 метрдей қашықтықта екінші сызық сызылады да, екі жағынан екі жалауша қадалады. Ойын жүргізуші әр топтан бір-бір ойыншыдан ортаға шақырып, оның біреуіне шиыршықталған орамал береді. Содан кейін екеуі бірінші сызықтың бойында қатар тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша олар екінші сызыққа тұра жүгіреді. Қолында орамалы бар ойыншы екінші сызыққа жүгіріп жетіп, жалаушаның жанына орамалды тастап, кері жүгіреді. Ал екінші ойыншы белбеуді ала салып оны қуады. Егер бірінші сызыққа дейін оны қуып жетіп, арқасына орамалмен тигізіп дақтай алса, жеңген болып табылады да, тигізе алмаса, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі ойыншы шақырылады. Ойынды орындарымен ауыса 2 рет қайталайды. Жеңімпаздары көп команда жеңіске жетеді.
| Қадағалаңыз: 1. Ойыншылар жалаушаның оң жағынан өтеді. 2. Келесі ойыншыларға сызықтан уақытынан бұрын шығуға болмайды. Алдыңғы ойыншы қолын немесе орамалды келесі ойыншыға тигізгенде ғана жүгіріп шығуға болады.
Сұраңыз: сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?
|
|
| Сабақтың
соңы
5 минут
| Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.
| ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?
| Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.
| Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.
| Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау
| Сабақ бойынша рефлексия
-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
| Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ
| Жалпы баға
Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?
_____________________________________________________________________________________________________
| |