Главная страница

ҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Дата01.02.2023
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық.docx
ТипДокументы
#916118
страница38 из 97
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   97

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 40


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

6 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

4. Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындары

Оқу мақсаттары

6.2.7.1. Жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді түсіну және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтаст ыққа жататын мінез-құлық көрсету

Бағалау критерийі

Жарыс кезінде әділ ойын көрсетеді. Ойын барысында патриоттық, ынтымақтастық, мінез-құлық көрсетеді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: ұлттық ойындар, «Тоғызқұмалақ», құмалақ, тұздық, отау, атсырау, «қазандық», команда, ойыншы, төреші, қарсылас, шабуыл, қорғаныс, ереже, баға, әділ ойын, «Бес табан», «Бестас», «Жаяу көкпар», «Арқан тарту».

Талқылауға арналған сұрақтар:

- командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?

- жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?

- жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?

- сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

- «Жаяу көкпар» ойынында жеңіске жету үшін ойыншы мен команда қандай дағдыға ие болуы керек?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Қазақтың ұлттық ойындары.

Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны: Волейбол ойыны туралы жалпы түсінік беру. Волейбол алаңы және волейбол добы туралы түсінік беру. Волейбол ойынының қауіпсіздік ережесін түсіндіру. Волейбол ойынының негізгі ережелерін түсіндіру.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Ысқырық, гимнастикалық арқан, бор, ойын тақтасы, қағаз, қалам, сызғыш

https://www.youtube.com/watch?v=sU47RYbRAhs

https://www.youtube.com/watch?v=W9GoaJXiaGI

http://alashainasy. kz/ultsport/togyizkumalak-kalay-oynaladyi-1608/ https://www.youtube.com/watch?v=IwD_8vqU2k0 http://www.iggamecenter.com/info/ru/maintoguz.html

Сабақтың

ортасы

25 минут

(С, ЖЖ, К, ҚБ) «Арқан тарту». Оқушылар жұптарға бөлініп, «Арқанға жақында» белгісі бойынша ойыншылар арқанның оң және сол жағына тұрады. «Арқанды ал» екінші белгісі бойынша командалар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығынан кейін командалар арқанды өз жағына тартып алуға тырысады. Командалардың бірі арқанды өз жағына тартып алса, онда ол команда жеңімпаз атанады да, тартыс тоқтатылады.

Арқан тарту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Арқан тарту кезінде жарақат алып қалу себептерін, түсіндіріңіз. Жарақат алып қалуды болдырмау жолдарын түсіндіріңіз.

Сұраңыз: арқан тарту кезінде серіктестік қалай дамиды? Бұл ойында патриотизм қалай байқалады?

(С, ҚБ) Сынып кіші топтарға бөлінеді. «Тоғызқұмалақтан» командалық біріншілік өткізіледі.

Оқушылар жұптарда «тоғызқұмалақ» зияткерлік ойынын ойнайды. Жалпы жеңіс саны көп команда жеңіске жетеді.

Егер ойын тақтасы болмаса, онда ойын алаңы мен ұяшықтар сызылған қағазды пайдалануға болады. «Құмалақты» қағаздан орап жасауға болады. Ойыншыларға ойынның ережесін естеріне салыңыз. Сұраңыз: Жарыс кезінде «әділ ойын» қағидасын қалай көрсетуге болады?

Қазақтың ұлттық ойыны «Теңге алу» ойынын спорт зал жағдайына икемдеп ойнаңыз. Бірнеше командалар бірнеше лек түзеп, белгіленген межеге дейін жүгіріп барып, оны айналып жүгіріп кері қайту керек. Ойыншының мақсаты – межеге дейін жүгіру барысында шүберекке түйілген тиындарды жинау. Әрбір айналым сайын шүберектер саны және жүгіру қашықтығы өзгертіліп отырады. Тапсырманы тез әрі тиянақты орындаған команда жеңіске жетеді.

Дескриптор

- тапсырманы тез орындау үшін командаға идея ұсынады;

- «теңге алу» ойынының негізгі ережесі мен ерекшеліктерін айтады;

- «ойындағы әділдік» түсінігі туралы ойын көпшілікке баяндайды.




Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   97


написать администратору сайта