ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 41
Мектеп
| Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия
| Мұғалімнің аты-жөні
| Тилесбаев Берик Аргынбайулы
| Сынып
| 6 «А»
| 6 «Ә»
| 6 «Б»
| 6 «В»
| 6 «Г»
| Күні
|
|
|
|
|
| Қатысушылар саны:
|
|
|
|
|
| Қатыспағандар саны:
|
|
|
|
|
| Бөлім
| 4. Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары
| Сабақтың тақырыбы
| Қазақтың ұлттық ойындары
| Оқу мақсаттары
| 6.2.3.1. Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтау және қолдана білу
| Сабақ мақсаттары
| Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыр уға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету
| Бағалау критерийі
|
| Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады
Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: ұлттық ойындар, «Тоғызқұмалақ», құмалақ, тұздық, отау, атсырау, «қазандық», команда, ойыншы, төреші, қарсылас, шабуыл, қорғаныс, ереже, баға, әділ ойын, «Бес табан», «Бестас», «Жаяу көкпар», «Арқан тарту».
Талқылауға арналған сұрақтар:
- командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?
- жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?
- жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?
- сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?
- «Жаяу көкпар» ойынында жеңіске жету үшін ойыншы мен команда қандай дағдыға ие болуы керек?
| Құндылықтарды дарыту
| Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.
Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.
| Пәнаралық байланыстар
| Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка
| АКТ қолдану дағдылары
| Ұялы телефон, планшет, ноутбук
| Бастапқы білім
| Қазақтың ұлттық ойындары
| САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ Сабақтың кезеңдері
| Оқушының әрекеті
| Педагогтің әрекеті
| Оқу ресурстары
| Сабақтың
басы
10 минут
| Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
| Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.
| Әр топқа 5 асықтан. Ұлттық ойындар... Бестас Асық ойынына сілтеме:
https://www.facebook.com/oneshanyrak/posts/824860494229723:0
| Сабақтың
ортасы
25 минут
| (Т, ҚБ) «Бестас асық». Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Әр топта қатысушы саны 5 адамнан аспау керек. Ойынға қатысу кезегі жеребе арқылы анықталады. Барлығы шеңбер бойына жайғасады. Ойынды бірінші бастап, ойын ережесі бұзылғанша жалғастыра береді. Одан кейін екіншісі ойынға араласады, үшіншісі және с.с. жалғасады. Бір қолмен ойнайды. Бірінші тәсіл: Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгерді. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң үшінші, төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады.
Екінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастап ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілмен жерде жатқан тастарды екі-екіден жиып алады.
Үшінші тәсіл: Еденге бес тасты шаша тастайды да, ішінен біреуін алып, жоғары лақтырып, алдымен біреуін іліп алып, лақтырған тасын тосып алады, сонан соң жерде жатқан үш тасты сол тәсілмен бірден жиып алуы керек.
Төртінші тәсіл: Бес тасты қолына алады да, біреуін жоғары серпіп жіберіп, қолындағы төрт тасты жерге қойып, жоғары серпіген тасын қағып алады. Сонан соң ол тасты жоғары қарай қайта лақтырып, жерге қойған төрт тасты жинап алып, жоғары лақтырған тасты қоса қағып алады.
Бесінші тәсіл: Бес тасты уысына алып, бірін жоғары қарай серпіп жібереді де, тасты алақанына қыса ұстап, шынашағымен еденді үш, не бес рет (ойыншылардың алдын ала келісімі бойынша) сипап өтіп (жалап өтіп деп те айтады) лақтырған тасын қағып алады.
Алтыншы тәсіл: Төрт тасты бұрышқа (төрт) орналастырып (мөлшерін алдын ала келіседі), бір тасты жоғары серпе тастайды да, төрт тасты жедел теріп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгереді.
Жетінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастайды да, арасынан бір тасты алып, оны жоғары серпіп жібереді де, жердегі тастарды жиып алып, лақтырған тасын қайта қағып алады. Сонан соң оны сол қолына салады да, жоғары серпе лақтырып, жерге түсірмей, қайта қағып алады.
Сегізінші тәсіл: Тастарды еденге тастайды да, арасынан біреуін алып жоғары лақтыра отырып, жерде жатқан тастарды бір-бірлеп алақанына жинай береді. Осы тәсілмен жерден тасты (төрт) жиып алады.
Тоғызыншы тәсіл: Бірінші тәсілдегі қайталанады. Бірақ тастарды қағып алған кезде тастар бір-біріне тимеу керек.
Оныншы тәсіл: Бірінші тәсіл қайталанады. Бірақ жерден іліп алған тасқа жоғарыдан қағып алған тас дәл тиюі керек.
Он бірінші тәсіл: Сол қолының бас бармағы мен (сұқ қолын ортан қолының үстіне айқастыра ұстап) ортан қолын жерге тіреп тұрып, оң қолымен сол қолының астына әкеліп сыртынан асыра бес тасты алдыға қарай тастайды да, ішінен бір тасты «ата» деп белгілейді. Оны «Нәби» деп атайды. «Нәбиді» (атаны) белгілейтін отырған ойыншылар. Ол иілген қолдың астына өткізуге қиын бір тас болады. He тас өткізетін жерге тақау, не ең алыс түскен тас болады. Ойыншы жерде жатқан «Нәбиден» басқа тастардың бірін алып, оны жоғары серпе тастап отырып, барлық, тастарды біртіндеп иілген қолдардың астынан өткізеді де, ең соңында «Нәбиді» өткізеді. Жоғары лақтырып отырған тасын жерге түсірмеумен бірге «Нәби» сайлаған тасқа да басқа тастарды тигізуге болмайды.
Он екінші тәсіл:
Барлық тәсілдерді мүлтіксіз өткізген ойыншы өзіне жазылатын ұпайды екі жолмен белгілейді.
Бірінші жол: бес тасты уысына алады да, жоғары лақтырып, алақанымен қағып алады. Сонан соң оны екінші рет лақтырып, қолының сыртымен қағып алуы керек. Әр тас он ұпайдан есептеледі. Бес тас елу ұпай болады.
Екінші жол: Бес тасты жоғары лақтырады да, жоғарыдан төмен қарай қақшып, қағып алады. Мұнда да бір тас он ұпай деп белгіленеді. Бес тасты түгел қағып алса, елу ұпай алады.
Әр тәсілді орындаған кезде қойылатын шартты бұзған ойыншы кезегін келесі ойыншыға береді де, өзіне қайта кезек келгенше көруші болып отырады. Қайта кезек алған кезде, қай тәсілден қателік жіберсе, сол тәсілден бастап ойнайды.
| Ойынды өткізу үшін нұсқама алу үшін оқу ресурстарын оқыңыз. 1) Ойыншылар асықтарды жерден көтерген кезде, басқа асықтарға қолын тигізбеуі керек. Егер қолы тиіп кетіп, ережені бұзатын болса, онда ойынды келесі ойыншы жалғастырады.
2) Ойыншы әр ойынды жалғастырған сайын қай тәсілден қателік жіберсе, сол тәсілден бастап ойнайды. Сұраңыз: бірігіп жұмыс жасау үшін қандай дағдыңызды қолданасыз? Өз командаңыздың ішіндегі қарым-қатынасыңызды 5 балдық жүйемен бағалағанда қалай бағалар едіңіз және неге олай бағаладыңыз?
|
|
| Сабақтың
соңы
5 минут
| Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.
| ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?
| Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.
| Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.
| Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау
| Сабақ бойынша рефлексия
-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
| Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ
| Жалпы баға
Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?
_____________________________________________________________________________________________________
| |