Главная страница

ҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Дата01.02.2023
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық.docx
ТипДокументы
#916118
страница34 из 97
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 35


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

6 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

3. Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Сабақтың тақырыбы

Топтық жиынтық

Оқу мақсаттары

6.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Көшбасшыл ық, команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану

Бағалау критерийі

Көшбасшылық және командада жұмыс істеу дағдыларын анықтап, қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: копозициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете алады

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: топтастыру, домалау, тепе теңдік, алға домалау, артқа домалау, қадам , ұзындыққа домалау, гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою, мақсат, тәуекел, қауіпсіздік, басқа тұру, жылдамдық алу, көпірше жасау, аяқпен серпілу, ұшуға дейінгі қолмен серпіліс, қолмен итерілу, қонуға дейінгі қолмен интеріліп ұшу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?

- акробатикалық жаттығулардың денеге әсері қандай?

- белгілі бір снаряд қандай бұлшық ет топтарын дамытады?

- снарядтарда жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін өзі реттеу

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Бос кеңістік, гимнастикалық доптар, секіртпе, шеңбер, ленталар.

http://www.cnopm.ru/gymnastics/theory/1984/january/characteristics_of_group_exercises

http://cyberleninka.ru/article/n/sovremennyy-podhod-k-protsessu-postanovki-sorevnovatelnyh-kompozitsiy-v-hudozhestvennoy-gimnastike

https://www.youtube.com/watch?v=3ti0ILqA958

http://2.russia.tv/video/show/brand_id/17693/episode_id/1225898/video_id/1344113/

Сабақтың

ортасы

25 минут

Топтық жиынтық.

(Т, ҚБ) Оқушылар арнайы техникалық дайындық жаттығуларын топпен орындайды.

Заттармен жаттығулар:

а) Доппен әдістер:

- шеңбер, сегіздік, бүркелу, қолсыз жұмыс; мойын тұсында беру, дене, бастың үстінде, аяқтың астында; бір немесе бірнеше қағып тастаулар, ырғақты өзгерту, қағып алу және лақтыру, (қарамай; қолдың көмегінсіз); дененің екі және үш бөлігімен домалау; қарамай денемен домалау, доппен қозғалыста бұрылу; доппен жұмыстағы тепе-теңдік; доппен жұмыс кезіндегі еңкеюлер, лақтыру кезіндегі динамикалық элементтер; доппен жұмыс кезіндегі үлкен секірулер.

б) Секіртпемен әдістер:

- шеңбер, сегіздік; алдыға артқа айналдыру, айқастырып алға, артқа, екі рет алға, одан кейін артқа; ұстап лақтыру (қарамай, қолдың көмегінсіз); «болгар секіруі»; барлық бағыттағы қимыл қозғалысы; Әр түрлі дене бөліктерімен жұмыс; диірмен; секіртпемен секіру, айналып секіру; тепе-теңдікті сақтап секіру, лақтыру кезіндегі динамикалық элементі.

в) Шеңбермен әдістер:

- барлық бағыттағы сермеу; айналдыру, барлық бағыттағы сегіздіктер; денемен айналдыру, еденде айналдыру; айналдыру (түрлі дене бөліктерінде), шеңберден өту; орташа лақтырып, ұстау; шеңбермен секіру; шеңбермен айналу; шеңбермен тепе-теңдік сақтау; шеңбермен иілу, лақтыру кезіндегі динамикалық элементар, айналып тұрған шеңберден секіру;

г) Лентамен әдістер:

- Сермеу, шеңберлер, сегіздіктер; жыланшалар, шиыршықтар, бір қолдан екінші қолға беру.

Жаттығуларды жаттап үйреніп алмас бұрын, затсыз орындап үйрену керек.

Қадамның, жүгірулердің, секірулердің түрлері. Тігінен және көлденең еңкеюлер; бір уақыттағы және кезектесе; алға және артқа қолмен толқын.

Гимнастика элементтерін қолданып, көшбасшылық және командада жұмыс істеу дағдыларын эстафеталық сайыста көрсетіңіз.

Сынып екі топқа бөлінеді. Залдың төменгі ортасынан жоғарғы ортасына қарап екі лек түзейді. Команда мүшелері бірінен соң бірі кедергілерден өту арқылы гимнастикалық қозғалыстарын орындайды:

- белгіленген межеге алға домалау арқылы жету;

- белгіленген межеге гимнастикалық бөрененің үстімен жүріп өту арқылы жету;

- белгіленген межеге кіші ағаш аттан тіреліп секіруді жүзеге асырғаннан соң жету.

Дескриптор

- гиманстика элементтерін орындайды;

- көшбасшылық және командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді.




Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97


написать администратору сайта