ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 5
Мектеп
| Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия
| Мұғалімнің аты-жөні
| Тилесбаев Берик Аргынбайулы
| Сынып
| 6 «А»
| 6 «Ә»
| 6 «Б»
| 6 «В»
| 6 «Г»
| Күні
|
|
|
|
|
| Қатысушылар саны:
|
|
|
|
|
| Қатыспағандар саны:
|
|
|
|
|
| Бөлім
| 1. Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына дамыту
| Сабақтың тақырыбы
| Жүгіру, секіру реттілігі.
| Оқу мақсаттары
| 6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету
| Сабақ мақсаттары
| Түрлі дене жаттығулар ын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетика лық жүйемен байланысын зерттеу
| Бағалау критерийі
| Түрлі жаттығуларды орындайды және ағзаға әсер етуін сипаттайды.
Түрлі қозғалыс дағдысының күнделікті өмірдегі қажеттілігін энергетикалық жүйемен байланысын айтады.
| Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсете алады.
Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: қауіпсіздік, жарақат қауіпі бар жағдайлар, арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері, дене жүктемелері, дене қыздыру жаттығылары және қалыпқа келтіру техникасы, ағзаның энергетикалық жүйесі, лақтыру, қозғалыс комбинациялары, реттілік, дәлдік, точности, бақылау, маневрлік, эстафеталар, жылдамдату, командалық жұмыс.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- ұсынылған ойын кезінде қандай жарақат алу қауіпі бар жағдайларға тап болуымыз мүмкін?
- бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?
- денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?
- эстафеталық жүгіру қандай қозғалыс дағдыларын дамытады?
- лақтыру техникасын қалай жетілдіруге болады?
- әріптесіңіздің ұсынған кері байланысы пайдалы болды ма?
| Құндылықтарды дарыту
| Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.
Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.
| Пәнаралық байланыстар
| Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка
| АКТ қолдану дағдылары
| Ұялы телефон, планшет, ноутбук
| Бастапқы білім
| Жүгіру, секіру реттілігі.
| САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ Сабақтың кезеңдері
| Оқушының әрекеті
| Педагогтің әрекеті
| Оқу ресурстары
| Сабақтың
басы
10 минут
| Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
| Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.
| Ысқырық, фишкалар, бор, эстафеталық таяқшалар.
http://fialka63.narod.ru/Pryshki.htm
http://kakbegat.com/25-jestafetnyj-beg.html
| Сабақтың
ортасы
25 минут
| (Т, Ж, ҚБ) Оқушылардың командалары алаңның шет жақтарында бір-біріне бетпе-бет орналасады. Алаңның орта тұсында орталық сызығы сызылады. Белгі бойынша командалардың ойыншылары орталық сызыққа секіріп (бір орыннан екі аяқпен) барады. Бірінші секіргеннен кейін, оның секіріп түскен жерін сызықпен белгілейді. Секіруді орындаған ойыншы өз командасына оралады. Оның секіріп түскен жерінен команданың келесі ойыншысы секіреді. Егер соңғы ойыншы орта сызығынан өтсе, онда оның командасы жеңіске жетеді.
| Секірулер өте тиімді және қысқа уақыт ішінде адамның ағзасын қыздырады. Жекелей секіру орындалатын болса, секіртпе жіпті белсенді пайдалану ұсынылады. Ал егер топтық секіру орындалатын болса, онда секірудің басқа жаттығулар жиынтығын қолданған жөн. Секірудің нұсқасы: бір орыннан үш рет секіру. Секіруді бастау сызығын барынша артқа қарай
жылжыту керек.
Сұраңыз: Сіздер орындаған секіру жаттығулары ағзаның функционалдық жүйесінің жұмысына қалай әсер етеді?
| (С, Ж, ҚБ) Әр команданың оқушылары екі қарама-қарсы тізбекке бөлінеді. Бір тізбектің бірінші ойыншылары сөреден эстафеталық таяқшаны қолына алып, қарама-қарсы жақтағы командасының жартысына қарай жүгіріп, оларды айналып өтіп, тізбектің алдына келіп, эстафетаны алда тұрған ойыншыға береді. Ал ол болса қарама-қарсы жақта тұрған тізбекті айналып өтіп, алда тұрған ойыншыға эстафетаны береді және с.с. Эстафетаны тез аяқтаған немесе айып ұпайлары аз команда жеңіске жетеді.
| Эстафеталық жүгірістің барлық ережелерін сақтау қажет. Ереженің бұзылғандығына айып ұпайы белгіленеді. Ойыншылар алаңда тізбектерінде орындарын ауыстырғанда ойын аяқталады(немесе екі рет жүгіріп, өздерінің орындарына қайта келсе).
Сұраңыз: Эстафеталық жүгірістен кейін өзіңізді қалай сезінесіз? (жүрек соғуының ырғағы, дене температурасы, тершеңдік). Эстафеталық жүгіріс қандай қозғалыс дағдыларын дамытады?
| Шағын топтарда (жұптарда) екпін алып ұзындыққа секіру фазаларының әрқайсысын орындап, оның ағзаға әсерін сипаттаңыз. Жетілдіру жаттығуларынан кейін әрбір фазаны орындалу техникасына сай ретімен көрсетіңіз.
Дескриптор
- ұзындыққа секіру фазаларын орындайды;
- ағзаға әсерін сипаттайды;
- әрбір фазаның орындалу техникасын көрсетеді.
|
| Сабақтың
соңы
5 минут
| Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.
| ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?
| Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.
| Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.
| Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау
| Сабақ бойынша рефлексия
-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
| Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ
| Жалпы баға
Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?
_____________________________________________________________________________________________________
| |