ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 14
Мектеп
| Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия
| Мұғалімнің аты-жөні
| Тилесбаев Берик Аргынбайулы
| Сынып
| 6 «А»
| 6 «Ә»
| 6 «Б»
| 6 «В»
| 6 «Г»
| Күні
|
|
|
|
|
| Қатысушылар саны:
|
|
|
|
|
| Қатыспағандар саны:
|
|
|
|
|
| Бөлім
| 2. Командалық спорттық ойындар
| Сабақтың тақырыбы
| Ойын техникасының дағдысын дамыту
| Оқу мақсаттары
| 6.1.1.1. Аз ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану
| Сабақ мақсаттары
| Түрлі арнайы спорттық қимыл- қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және үйлесімділік ті дамыту
| Бағалау критерийі
| Спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлділігін және үйлесімділік дағдыларын қолданады
| Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.
Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: ыршыту допты беру, лақтыру, қағып алу, допты алып жүру, қарсылық білдіру, шабуыл, қорғаушы, тактика, мәселе, мәселені шешу, қауіпсіздік, рөлі мен орны: қорғаушы/шабуылшы, ойыншы, қапталдағы төреші.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- бұл ойында қандай тактиканы қолдандыңыз?
- допты ұстап қалу немесе доппен ілгері жүру үшін қандай тактикаларды пайдаландыңыз?
- бұл ойынды жақсырақ ойнау үшін, сендерге нені жетілдіру қажет-жеке немесе командалық дағдыларды ма?
- сендер өз ойындарыңа қатысты қарсылас командаға қарсы ойынның бастапқы тәжірибесі болған кезде, қандай басқаша шешім қабылдар едіңізде?
- сіздер ойын ережесін сақтадыңыздар ма?
- ойындардағы қауіпсіздік туралы неліктен хабардар болуымыз керектігін айта аласыздар ма?
| Құндылықтарды дарыту
| Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.
Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.
| Пәнаралық байланыстар
| Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка
| АКТ қолдану дағдылары
| Ұялы телефон, планшет, ноутбук
| Бастапқы білім
| Эстафеталық ойындар
| САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ Сабақтың кезеңдері
| Оқушының әрекеті
| Педагогтің әрекеті
| Оқу ресурстары
| Сабақтың
басы
10 минут
| Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
| Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.
| Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар.
Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, уақыт өлшегіш
| Сабақтың
ортасы
25 минут
| (Ж, ЖЖ, К) Оқушылар жұпта жұмыс жасайды Баскетболшының тұрысы: а) Допты бір орында оң және сол қолмен алып жүру; б) Бір қолдан екінші қолға ауыстырып алып жүру; в) Қозғалыста допты оң және сол қолымен алып жүру.
| Тапсырманы орындау барсында, қауіпсіздік ережесін сақтауын қадағалаңыз.
Допты еденге соғып алып жүру қолдың саусақтары мен білезік бөлігімен орындалады. Қолдың білезік бөлігі доптың үстінде, арт жағында орналасады.
| (С, ЖЖ, К) Эстафета. Ойынға екі-үш команда қатысады. Сызықтың алдынғы жағында бір қатарға саппен тұрады. Әр қатардың алдына 1.5-2м ара қашықтықта 4-5 конус қойылады. Мұғалімнің белгісімен, қатардың алдында тұрған қатысушылар конустардың арасынан допты алып жүріп өтеді, соңғы конусты айналып артқа түзу жүгіріп қайтып қатардың соңына тұрады. Бірінші боп тапсырманы орындаған команда жеңіске жетеді.
| Баскетболшының тұрысында допты жанында алып жүру. 2 метр ара қашықтықты сақтау. Допқа қарамай алып жүруге тырысу керек. Тапсырманы орындап болған соң топта бірін-бірі бағалап, кері байланыс жүргізу.
Қатысушылар допты алып жүру барысында доппен конусқа тимеуін қадағалаңыз.
Сұраңыз: осы ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?
| 4-5 адамнан тұратын команда жасақтаңыз. Эстафеталық ойында сайысқа түсу үшін дайындық жүргізіңіз. Топта орындалатын жаттығулар: қысқа қашықтықта жүгіру; жүгіруден кейінгі эстафеталық таяқшаны жалғау. Негізгі дайындықты жүзеге асырып, дағдыны сынамалаған соң, эстафеталық ойында қолданып, сайысқа түсіңіз.
Дескриптор
- жүгіруде жылдамдықты арттыру үшін екпін алу қозғалыстарын орындайды;
- эстафеталық таяқшаны жалғаудың тәсілдерін техникасына сай орындайды.
|
| Сабақтың
соңы
5 минут
| Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.
| ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?
| Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.
| Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.
| Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау
| Сабақ бойынша рефлексия
-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
| Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ
| Жалпы баға
Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?
_____________________________________________________________________________________________________
| |