Главная страница

ҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Дата01.02.2023
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық.docx
ТипДокументы
#916118
страница58 из 97
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 61


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

6 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

6. Шытырман оқиғалы ойындар

Сабақтың тақырыбы

Ынтымақтастық дағдыларын дамыту

Оқу мақсаттары

6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу

Сабақ мақсаттары

Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану.

Бағалау критерийі

Берілген жүктемелерді орындауда нормалары мен техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: шытырман ойындарда өзінің дағдыларын талқылау, талдау және көрсету

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: шабуыл, қорғаныс, әділ ойын, жарыс кезіндегі қарым-қатынас, кеңістікте бағдар алу, командалық жұмыс, тактика, стратегия, шығармашылық қабілет, көшбасшылық дағды, жүгіру, бағыт өзгертіп, жылдам жүгіру, ынтымақтастық сыни ойлау

Талқылауға арналған сұрақтар:

- белсенді әрекет дегеніміз не ?

- ойын алаңында ұсыныс қабылдаудың ең қолайлысы қандай?

- команда ретінде алаңда әрекет етудің жолдарына қалай жетуге болады?

- көшбасшы болу үшін қандай негізгі қасиеттер болу керек?

- тапсырма орындаған кезе қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту.

Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны: Шабуылдау соққыларының тәсілдерімен таныстыру. Тіке шабуылдау соққысын үйрету.

ӨҚН. Жаппай жарақат алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Интерактивті тақта, маркер, доп, арқан, секундомер, ысқырық,

http://nashyfizkultura.ru/tekhnika-bezopasnosti-2/bezopasnost-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami/bezopasnosti-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami

Сабақтың

ортасы

25 минут

(С, Т, ҚБ) Ойыншылар бір мезетте қарама- қарсы тұрғызып екі арқанды бір біріне тартып тұрғызыңыз. Арқан (3м) арқылы волейбол добын дөңгелетіңіз.

Допты арқан арқылы екі рет дөңгелетіңіз. Егер доп түсіп кетсе ойынды қайта бастаңыздар. Допты домалатқан кезде қолмен ұстауға болмайды.

Қауіпсіздік ережесін және ойын ережесін түсіндіріңіз. Мұғалімнің мақсаты балалар басқа оқушыларды тыңдауға, естуге, өзінің сыныптасының ойын құрметтеуге, ойын толық айтуға мүмкіншілік беру. Сұраңыз: тапсырма орындау кезінде қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз? Ойын кезінде неге көңіл бөлу керек?

Қозғалмалы ойындар кезінде жарақаттың алдын алу үшін шараларды тізбектеп жазыңыз. Сыныптасыңызбен талқылаңыз. Ойын барысында қолданыңыз. Ойыннан соң тізбектің ішінен орындалмағанын белгілеп, себебін анықтаңыз.

Ойын түрі: «Жүргізушіге допты бермеу».

Ойыншылар дөңгелек бойымен тұрады, олардың бір-бірінен арақашықтықтары қол созым. Аяқтарының алдынан сызық жүргізіледі. 2 немесе 4 жүргізуші тағайындалады, олар ортаға шығады. Дөңгелек бойындағы ойыншылар доп алады.

Жетекші допты ұстай алмауы үшін ойыншылар оны әуелетіп немесе жермен бір-біріне береді. Дөңгелек ішінде жүрген жетекші допты ұстап алуға тырысады. Егер ол допты ұстап алса, онда ең соңғы допты лақтырған, немесе қолындағы доптан айырылып қалған ойыншы жетекші болады, ал жетекші оның орнына тұрады.

Дескриптор

- арнайы спорттық қозғалыстарды тәжірибелеуде қауіпсіздікті сақтайды;

- команданы ұйымдастыруда жетекшілік қабілетін көрсетеді;

- ойынды ережеге сай ойнайды.




Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97


написать администратору сайта