Главная страница

ҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Дата01.02.2023
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық.docx
ТипДокументы
#916118
страница60 из 97
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   97


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 63


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

6 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

6. Шытырман оқиғалы ойындар

Сабақтың тақырыбы

Ынтымақтастық дағдыларын дамыту.

Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны: Қысқа көтерілген допты шабуылдап соғу әдістерін үйрету. Екінші сызықтан шабуылдап соғу әдістерін үйрету.

Оқу мақсаттары

6.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білу

Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру

Сабақ мақсаттары

Көшбасшылық, команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану.

Бағалау критерийі




Тілдік мақсаттар

Оқушылар: шытырман ойындарда өзінің дағдыларын талқылау, талдау және көрсету

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: шабуыл, қорғаныс, әділ ойын, жарыс кезіндегі қарым-қатынас, кеңістікте бағдар алу, командалық жұмыс, тактика, стратегия, шығармашылық қабілет, көшбасшылық дағды, жүгіру, бағыт өзгертіп, жылдам жүгіру, ынтымақтастық сыни ойлау

Талқылауға арналған сұрақтар:

- белсенді әрекет дегеніміз не ?

- ойын алаңында ұсыныс қабылдаудың ең қолайлысы қандай?

- команда ретінде алаңда әрекет етудің жолдарына қалай жетуге болады?

- көшбасшы болу үшін қандай негізгі қасиеттер болу керек?

- тапсырма орындаған кезе қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Ынтымақтастық дағдыларын дамыту

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Кең ауқымды ойын алаңы, доп, бор, арқан, секундомер, ысқырық.

Қозғалмалы ойынға сілтеме: http://www.gomelscouts.com/athletic-games.html

Сабақтың

ортасы

25 минут

(С, Т) «Допты капитанға». Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Ойыншылар бір-бірінен кем дегенде 1 м қашықтықта бағанға орналасқан. Ойыншыларға қарама қарсы қолында добымен капитан тұрады. Ойыншылар мен капитандар арасында шекара сызықтары сызылады. Капитандар допты волейбол ойын әдісімен қатарда тұрған бірінші ойыншыға береді. Ол ойыншы допты кері қайтарып өзі қатар соңына тұрады. Барлық ойыншылар допты қабылдау әдісін орындағаннан кейін соңғы ойыншы допты капитанға берген соң капитан допты жоғары көтеріп аяқтағанын білдіреді. Ойынды, бірінші аяқтаған ойыншылар жеңіске жетеді.

Ойыншылардың ойын кезінде ережені бұзбауын қадағалаңыз. Ойын кезінде өз сызығынан шықпауға кезекті сақтауға допты лақтыруды өткізіп жіберуге дұрыс орындамаған кезде қайта бастауына көңіл бөліңіз.

Ұсыныс жасаңыз ең мықты ойыншыларды алдына қойсаңыз тапсырманы жылдам орындауға көмек береді.

(С, Т, ҚБ) «Доп арқанның үстінде». Сыныпты екі топқа бөліңіз. Әр топ допты тор арқылы немесе жіп арқылы қарсыластарының, алаңына түсіру және бір мезгілде өз алаңына тигізбеуге жол бермеу керек. Допты ұстап алған ойыншы оны қайта қарсыласының алаңына лақтыру керек.

Әр бір қателікке бір ұпай кемиді.

Содан соң доп қайта ойнатылады. Доп торға тигізсе қателікке саналмайды.

Ойын белгілі бір уақытта жалғасады. (5-10мин). Көп ұпай жинаған ойыншылар жеңіске жетеді.

Қателік болып табылады: доптың түсуі; алаңға түсуі; доптың бағыты «ойыннан тыс»; арқанға тигізу немесе одан асыру; ойыншыларға ойын алаңынан шығып кетуге.

Сұраңыз: Ойын алаңында бастамасын ұстап қалудың қандай жақсы жолы? Команда ретінде алаңда әрекет етудің жолдарына қалай жетуге болады?

Командалық дағдылар мен көшбасшылық рольді талдаңыз.

Спорттық және қозғалмалы ойындар.

Волейбол ойыны:

Қысқа көтерілген допты шабуылдап соғу әдістерін үйрету;

Екінші сызықтан шабуылдап соғу әдістерін үйрету;




Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   97


написать администратору сайта