Главная страница

ҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Дата01.02.2023
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық.docx
ТипДокументы
#916118
страница69 из 97
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 73


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

6 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

6. Шытырман оқиғалы ойындар

Сабақтың тақырыбы

Шытырман оқиғалы ойындар арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту

Оқу мақсаттары

6.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Сабақ мақсаттары

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Бағалау критерийі




Тілдік мақсаттар

Оқушылар: шытырман ойындарда өзінің дағдыларын талқылау, талдау және көрсету

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: шабуыл, қорғаныс, әділ ойын, жарыс кезіндегі қарым-қатынас, кеңістікте бағдар алу, командалық жұмыс, тактика, стратегия, шығармашылық қабілет, көшбасшылық дағды, жүгіру, бағыт өзгертіп, жылдам жүгіру, ынтымақтастық сыни ойлау

Талқылауға арналған сұрақтар:

- белсенді әрекет дегеніміз не ?

- ойын алаңында ұсыныс қабылдаудың ең қолайлысы қандай?

- команда ретінде алаңда әрекет етудің жолдарына қалай жетуге болады?

- көшбасшы болу үшін қандай негізгі қасиеттер болу керек?

- тапсырма орындаған кезе қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Шытырман оқиғалы ойындар арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны: Шабуылдап соғуға ыңғайсыз келген допты бос алаңға алдап тастау әдістерін үйрету.

ӨҚН. Жара мен жарақат алу жағдайларда алғашқы мед-қ көмек көрсету.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Кең ауқымды ойын алаңы, доп, бор, арқан, секундомер, ысқырық.

http://pedlib.ru/Books/6/0301/6_0301-126.shtml

http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2012/04/20/ispolzovanie-podvizhnykh-igr-pri- nachalnom-obuchenii

Сабақтың

ортасы

25 минут

(Т, ҚБ) Топтар жақтау сызық артындағы сапта орналасады. Екі топ ойыншылары кезекпен алты рет допты беру әдісін орындайды. Цифрлы шаршыға түсу және көп ұпай жинауға тырысады. Допты лақтыруда қате орындаған жағдайда қайта орындауға рұқсат берілмейді және ұпайлар есептелмейді. Ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Мұғалім допты беру әдісін мұғалім ескертеді.

Ұпай санына байланысты шаршыдағы сандар сәйкес болу керек.

Сұраңыз: Көп ұпай жинау үшін қандай шығармашылық қабілеттерді қолдандыңыз?

Балама ережесін талқылап жалғастырыңыз.

(Т, Тәж., ҚБ) Сыни ойлау және тактикалық әрекеттерді дамытуға арналған спорттық құралдарының барын пайдаланып оқушыларды 5-6 ойыншыдан бөліп спорттық жаттығуларды құрастыруға. Басқа топтармен бөлісіңіз. Содан соң әр бір топ балама түрін ұсынады, тапсырма сапалы орындалды ма, мақсатқа жеттік па деп кері байланыс береді.

Бұл бөлім бөлігінде оқушылар әлеуметтік дағдылары мен сыни ойлау дағдыларын зерттеу және бағалау үшін серіктеспен талқылау арқылы жүргізеді. Олар топта қаншалықты жақсы орындағаны туралы мәлімет береді. Өзін өзі бағалауды үйренеді.

Бағалау жүйесін немесе ойыншылардың ұстанымын өзгерту арқылы ойын одан әрі дамыту жолдарын талдаңыз?







Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97


написать администратору сайта