Главная страница

ҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Дата01.02.2023
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық.docx
ТипДокументы
#916118
страница92 из 97
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 97


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

6 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

8. Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту

Сабақтың тақырыбы

Қозғалысты дене қыздыру элементтері

Оқу мақсаттары

6.3.3.1 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақ мақсаттары

Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын зерттеу

Бағалау критерийі




Тілдік мақсаттар

Оқушылар: жеңіл атлетикадағы қызметінің және қозғалыс түсінігін талқылап көрсете алады

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: жүгіре бастау, итерілу, ұшу фазасы, қону, физикалық сапа: күш, жылдамдық, төзімділік, лақтыру, күштеп итеру, итеру, қауіпсіздік, тәуекел, сөрелік екпін, қашықтық бойымен жүгіру, мәреге жету.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- жүрек соғысына секіру қалай әсер етеді?

- жаттығу кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

- лақтыру кезінде жеке денсаулығына қатысты қауіпті қалай анықтау керек?

- жүгіргенде сөреден шығу және сөрелік екпін үшін қандай ерекшеліктер қажет?

- бұрылыс бойынша жүгірген кездегі жүгірушінің әрекеттері қандай болу керек?

- жүгіру тапсырмалары денсаулыққа қалай әсер етеді?

- секіру арқылы біз фитнестің қандай компоненттерін дамытамыз?

- дене шынықтыру жүктемесі ағзаның энергетика жүйесіне қалай әсер етеді?

- лақтыру барысында өз денсаулығыңа қатысты қатерлерді қалай анықтауға болады?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Қозғалысты дене қыздыру элементтері.

Спорттық және қозғалмалы ойындар. Аяқ добы ойыны: Екеуара доп беру әдісі «Ирек салу» үлгісімен доп беру әдісі әдістерін үйрету.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Үлкен бос кеңістік, секіру шұңқыры, гимнастикалық маттар, ысқырық, уақыт өлшегіш, конустар, жалаушалар.

Әдістемелік оқытуға сілтеме екпінімен секіруге байланысты: https://www.youtube.com/watch?v=VyoHUzYzaZA

Үлкен бос кеңістік, секіру шұңқыры, ысқырық, нығыздалған доптар, жалаушалар.

Сабақтың

ортасы

25 минут

(С, Т, ҚБ) Сыныпты бірнеше топқа бөліп, ұзындыққа немесе биіктікке келесі реттілікпен секіру үшін өздерінің дайындаған динамикалық дене қыздыру жаттығуларын ұсынып, көрсету тапсырмасын беру:

1. Секірулерге қатысты дене сапасын дамытуды қамтамасыз ететін арнайы жаттығулар.

2. Үйреніп жатқан секірулер бойынша негізгі дайындық және арнайы жаттығулар техникасын жүйелі меңгеру.

Серкіру техникасы туралы қысқа әңгіме, түсіндіру және кинофильмдер көру арқылы жалпы екпінмен секіру техникасын көрсетіңіз. Әртүрлі дайындық жаттығуларын пайдаланыңыз.

Сұрақ: Секіру кезінде қандай динамика пайдаланылады? (Мысалы, кенеттен, күшті). Секіру арқылы біз фитнестің қандай компоненттерін дамытамыз? Дене шынықтыру жүктемесі ағзаның энергетика жүйесіне қалай әсер етеді?

(С, Т, ҚБ) Сыныпты бірнеше топқа бөліп, ұзындыққа секіру элементтері бар жарыс өткізу. Топтар секіру шұңқырының алдына қатарға тұрып, келесі секірулерді орындау бойынша жарысқа түседі:

а) белгілі кедергі (нығыздалған доп, гимнастика орындығы, резеңке бау, мат және т.б.);

б) қосарланған немесе үштік кедергілерден секіру (орындықтар, плинтустар, кубтар);

в) бақылау сызығынан ең үздік нәтижеге секіру.

Қатысушылар бір мезетте екпіндеп, итерілу тақтайынан немесе көрсетілген орыннан секіру керек.

Секіруді дұрыс орындағаны үшін – бір ұпай.

Ұпай көп жинаған топ жеңіске жетеді.

Міндеттерін естеріне түсіріңіз: әртүрлі кедергілерден өтіп және оларсыз ұзындыққа секіру дағдыларын қалыптастыру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауларын қадағалаңыз.

Секіру фазаларын сақтау маңыздылығын талдаңыздар.







Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97


написать администратору сайта