|
1-ші сабақ Растрлық суреттерді өңдеу.. Тексерілді за мерзімді жоспарды тарауы
Тексерілді:_____________
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
|
| Мектеп: «№57 С. Мұқанов ЖОББМ» КММ
|
|
|
| Күні: 09.11.2021 ж.
|
| Мұғалімнің аты-жөні: Дуйсембиев Ж.
| Сынып: 5 А, Ә
|
| Қатысқандар:
| Қатыспағандар:
| Сабақтың тақырыбы
| Растрлық кескіндерді өңдеу.
|
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 5.2.2.2 Растрлық кескіндерді құру және өңдеу «5.2А Ақпарат және оның өңдеу» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
| Сабақтың мақсаты
| Барлығы:
Растрлық кескіндерді құруды және өңдеуді үйрену.
| Көпшілігі:
Paint графикалық редакторының терезесі элементтерін білу. Графикалық редакторда растрлық кескіндерді құру және өңдеу.
| Кейбірі:
Растрлық графиканың ерекшеліктері мен кемшіліктерін білу
| Ойлау дағдылары
| Білу, түсіну, қолдану.
| Бағалау критерийі
| Paint графикалық редакторының интерфейсімен танысады. Растрлық кескіндерді құра алады және өңдей алады. Растрлық графиканың ерекшеліктері мен кемшіліктерін атап көрсете алады.
| Тілдік мақсаттар
| Лексика және терминология
Растрлық графика, пиксель, палитра, графика, компьютерлік графика, масштаб, графикалық редактор, Paint
| Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Paint редакторы не үшін қажет? Графика дегенде көз алдарыңа не елестете аласыңдар?
| Құндылықтарға баулу
| Жаңа және өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.
Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.
Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ
барысында белсенділік таныту.
| Пәнаралық байланыс
| Бейнелеу өнері
| Алдыңғы білім
| Әртүрлі ақпараттарды атап шығу және көрсету.
|
Сабақ барысы
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
| Сабақтың басы
Білу
| Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Сыныпқа психологиялық ахуал орнату және оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында жақсы тілектер айтқызып, сыныпқа психологиялық ахуал орнатамын.
Топқа біріктіру
«Дорбадағы асықтар» әдісі арқылы екі топқа біріктіру.
І топ «Расторлық»
ІІ топ «Векторлық»
Бағалау парағын ұсынамын.
Үй тапсырмасы.
"Жас тілші" әдісі бойынша екі топтан екі оқушы рольге ене отырып үй тапсырмасына қатысты сұрақтарды оқушыларға қояды. Оқушылар сұраққа жауап береді.
Ақпарат термині туралы не білесіңдер? Қазіргі кезде ақпараттың қандай түрлері бар? Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды? Ақпараттың түрлеріне жеке жеке тоқталыңдар?
|
Түрлі-түсті асықтар Кеспе қағаздар Жұлдызша жинау
| Сабақтың ортасы
Түсіну
Деңгейлік тапсырмалар
Қолдану
| Оқушыларды жаңа тақырыппен және мақсатымен таныстырамын. Расторлық кескіндерді құру және өңдеу.
Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында «Білгенді бөліс» әдісі арқылы
І топқа «Графика және компьютерлік графика түрлері»
ІІ топқа «Растрлық редакторда кескінді құру, сақтау, ашу және өңдеу тәсілдері» тақырыптары бойынша топқа бөліп беремін. Топтар тақырыпты топпен талқылап бір-біріне түсіндіреді. Тапсырма №1 Терезе элементтері мен атауын сәйкестендір.
Дескриптор
Paint графикалық құрал саймандардың атын біледі. Paint графикалық құрал саймандарды бір-бірінен ажырата алады.
Тапсырма №2 Берілген суретті салып оның масштабын өзгерте отырып суреттің сапасының өзгеруін бақылау.
Дескриптор
Расторлық графиканы пайдалана отырып сурет сала алады. Салынған суреттің өлшемін өзгерте алады. Өзгерген суреттегі ерекшеліктер мен кемшіліктерін көре алады.
Тапсырма №3
Графикалық редакторды қолдана отырып,«Менің үйім» тақырыбында сурет салыңыздар.
|
|
|
Дескриптор
- сурет сызықтарының қалыңдығы мен түсін таңдай алады;
- үшбұрыш, дөңгелек және т.б. стандартты фигураларды салу үшін құралдарды қолданады;
- ауыстыру амалын қолданып растрлық кескінді өңдей алады;
- көшіру және өшіру амалын қолданып растрлық кескінді өңдейді;
|
Ауызша бағалау
Мұғалімдерге арналған оқулық 5 сынып.
Арман ПВ баспасы
Компьютер
Мұғалімдерге арналған оқулық 5 сынып.
Арман ПВ баспасы
Дискрипторлар арқылы бағалау
| Сабақтың соңы
| «Оқушылардың сұраққа берген жауаптары» әдісі
арқылы сабақты қорытындылаймын.
Графика дегеніміз не? Компьютерлік графика нешеге бөлінеді? Расторлық кескінді қандай бағдарламада құруға болады? Өзгертетін бейнелерді қайдан алуға болады? Paint дегеніміз не? Файлды қалай сақтауға болады? Сақталған файлды қалай ашуға болады?
Кері байланыс
Не білдім, не үйрендім, не білгім келеді деген сұрақтарға жауапты стикерлерге жазу арқылы кері байланыс береді.
|
Аяқталмаған сөйлем
Информатика
5-сынып
Өзін өзі бағалау
стикер
|
| Үйге тапсырма: Расторлық кескіндерді құру және өңдеу.
|
| Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сізбасқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын
Сақтау
| Cыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған диалог және қолдау көрсету тәсілі бойынша тапсырманы орындауда қабілеті төмен оқушыларға нақты көмек беріледі. «Жас тілші» әдісімен жалпы оқушыларды қамтып үй тапсырмасы сұралады. «Білгенді бөліс» әдісі арқылы берілген тақырыпты түсініп бір-бірімен бөлісіп топтық жұмыс орындалады. Жеке жұмыс ретінде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Қабілетті оқушыларға ізденісті талап ететін тапсырма қарастырылды. Сабақта «оқушылардың сұраққа берген жауаптары арқылы» әдісімен сабақты қорытындылап, кері байланыс жасатылды.
| Үй тапсырмасын орындау барысында жұлдызшалар жинау арқылы бағалаймын. Сабаққа қызығушылығын арттыра отырып бағалаймын.Жаңа сабақ барысында «Білгенді бөліс» әдісін қолдана отырып оқушыларды ауызша мадақтау сөздер арқылы бағаланады. Деңгейлік тапсырмаларды орындау кезеңінде дескрипторлар арқылы бағаланады.сабақты қорытындылауда «Аяқталмаған сөйлем » әдісі арқылы кері байланыс аламын.
Кері байланыста оқушылыр стикерлерге жазып өзін өзі бағалайды
|
Оқушылардың компьютер алдында отыру ережесін сақтауын қадағалау.
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма?
Барлық оқушылар оқумақсатына қол жеткіздіме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
| Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
|
| Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
| |
|
|