Главная страница
Навигация по странице:

  • Қонақбай Жансұлтан №17

  • Шідер Балнұр №21

  • УПП есептер. Тергеуші тараптарды татуласуына байланысты істі ысартты


    Скачать 109 Kb.
    НазваниеТергеуші тараптарды татуласуына байланысты істі ысартты
    Дата27.10.2021
    Размер109 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаУПП есептер .doc
    ТипДокументы
    #257023

    1
    Қарағанды ет комбинатының директоры Л.М.Оспанов, комбинат ішін аралап жүріп мұздатқыш цехының ішін аралап жүріп мұздатқыш цехының жұмысшысы Ғ.Т.Бағдаулетовтың дәлізде темекі шегіп тұрғанын көрі, оны басқа жұмысшылардың көзінше қатты балағаттаған.

    Ғ.Т.Бағдаулетовтың темекі тартып болып, қайта жұмысқа кірісемін деген сөзін аяқ асты етті. Өйткені цех жедел жұмыс алған болатын, оны өте тез орындау керек болатын. Прокурор Ғ.Т.Бағдаулетовтың арызынсыз жеке айыптау өндірісін бастады, өйткені Бағдаулетов директорға бағынышты болған соң арыз жазуға жүрексінетінін білді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған соң, тергеуші Аязбековке Бағдаулетов келіп, директормен келісімге келіп татуласқанын айтып, ол туралы жазбаша арыз береді.

    Тергеуші тараптардың татуласуына байланысты істі қысқартты.
    Осы жағдайды бағалаңыздар?

    Жеке айыптау істерін жүргізу ерекшеліктері қандай?

    Тергеуші қылмыстық істі дұрыс қысқартты ма?

    Прокурор қандай шешім қабылдауы керек?
    2

    Қ.Шәкіровтың пәтерінен мүлік ұрланған жайлы кезекші бөлімге хабарлама келіп түсті. Оқиға болған жерді қарауда, ұйықтайтын бөлмеде заттар ұрланған шкафтың үстінен қол саусақтарының іздері табыылды. Дактилоскопиялық сараптама қорытындысымен алынған із бұрын сотталған Т.Хамитовтың сол қолының сұқ саусағынікі екені анықталды. Хамитов ұсталынып оған Қ.Шәкіровтың мүлікін ұрлағаны үшін айып тағылады. Хамитов өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол бұрын Қ.Шәкіровпен таныс еместігін, оның пәтерінде ешқашан болмағандығы, ұрлық істеген уақытта ата-анасының үйінде болғадығы туралы жауап береді. Т.Хамитовтың айғағын (алиби) ата-анасы растады. Тергеу барысында мүлік табыылған жоқ.

    1. Көрсетілген жағдайда Т.Хамитовтың кінәлілігі дәлелденді деп санауға бола ма?

    2. Айыпталушының кінәлілігін дәлелдеуде дактилоскопиялық сараптама қандай рөл атқарады?

    3. Т.Хамитоввтың кінәлілігін дәлелдеу үшін қосымша қандай әрекеттерді жүргізу қажет?
    3

    Полиция қызметкерімен М.Тұрсынбаевтан есірткі заттарға ұқсас белгілері бар заттар алынып, химиялық сараптамадан өткізуге жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттар шынында есірткі екендігі анықталды. Есірткі заттың салмағы қылмыстық жауапкершілікке тартуға болады, сонымен қатар М.Тұрыснбаевтан заттарды алу фактісі толығымен қылмыстық істің материалдарымен дәлелденген. Олар: М.Тұрсынбаевтың мойындау жауабы, заттарды алу хаттамасы және куә ретінде жауап берген куәгерлердің жауаптары.

    Бірақ, М.Тұрсынбаевтан алынған заттарды сараптамаға жіберу рәсімі заңға сәйкес реттелмеген: хаттамада М.Тұрсынбаевтың және куәгерлердің қолы қойылмаған, алынған заттар қапталып мөрленбеген. Сол себепті тергеуші М.Тұрыснабаевтың кінәсі дәлелденбеген деп, қылмыстық істі қысқартып тастаған.

    1. Тергеуші қабылдаған шешім дұрыс па?

    2. Айғақта заттарды алу және сақтау тәртібі қандай?


    4

    Кәмелетке толмаған П.Р.Үсеновке Л.И. Қарабаеваның құлақшынын тонағаны үшін айып тағылды.Айыпталушы ретінде жауап алынуда П.Р.Үсенов тонаудағы өз кінәсін мойындады,бірақ ол бұрын сотталған Д.Д.Қасембаевтың қысымымен және одан қорықанынан адам тонағанын айтқан,сол себепті Д.Д.Қасембаевтан жауап алып,оны қылмыстық жауапкершілікке тартуын қалайтынын айтты.Бірақ тергеуші П.Р.Үсеновтың қалауын қабылдамады.Ол қабылдамауын былай деп түсіндірді:»көрсетілген жағдайлар П.Р.Үсеновтың жауапкершілігінің дәрежесі мен сипатына ешқандай әсері жоқ».

    1. Тергеуші дұрыс шешім қабылдады ма?

    2. Қандай жағдайлар қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жатады?


    5
    Ы.И.Айлин деген азаматтан оның көршісі Ү.Р.Мырзатаевадан ұрланған заттар жөнінде куә ретінде жауап алынды.Жауап алудың алдында жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілді. Ы.И.Айлин Ү.Р.Мырзатаеваның мүлкін ұрлау жағдайы бойынша ештеңе білмейтіндігін айтты.Қылмыстық істі әрі қарай тергеуде,ұрлықты жасаған нақ Ы.И.Айлинің өзі екені анықталды және оның кінәлігі толық дәлелденді.

    1. Бұл жағдайда Ы.И.Айлин жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылама?

    2. Куә ретінде кімнен жауап алынады,кімнен жауап алуға болмайды?


    6

    З.И.Амангельдин мен Б.Б.Әубакіровпен сатып алу шартын жасасып,өз автокөлігін Б.Б.Әубакіровке сатады екі жақтың келісімі бойынша автокөлік үшін шет ел ақшасымен есептеседі.Валютаны беру мезетінді екеуі полиция қызметкерлерімен ұсталды.Одан кейін екеуі заңсыз валюта операциясын жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.Автокөлік пен валюта олардан алынып заттай дәлел ретінде қылмыстық істің материалдарына тіркелді.

    1. Автокөлік және шет ел ақшасын дәлелдемелердің қандай қайнар көзіне жатқызуға болады.

    2. Іс бойынша шешім қабылдағаннан кейін айтылған заттардың тағдыры қалай шешіледі?


    7

    Тергеуші П.П.Шакенов Д.Л.Айзадаеваны зорлау қылмыстық ісін тергеуде,жәбірленушіге қатысты психолого-психиатриялық сот сараптамасын,қылмыс жасалу мезетіндегі Д.Л.Айзадаеваның психикалық жағдайын білу үшін тағайындады.Жәбірленуші тергеушінің шешіміне прокуратураға шағым берді,онда тергеушінің психолого-психиатриялық сараптамасын жүргізу шешімі оның ары мен намысын қорлайтынын көрсетті.

    1. Прокурор Д.Л.Айзадаеваға қандай жауап беруі керек?

    2. Мұнда тергеуші жәбірленушінің құқығын бұзды ма?

    3. Берілген сараптама қорытындысын дәлелдемелердің қандай қайнар көзіне жатқызған дұрыс,айыпталушының кінәлілігін дәлелдеуде олардың рөлі қандай?

    8

    Айыпталушы қылмыс жасамағандығын,яғни сол уақытта ол үйінде болып, телевизордан футбол ойынын көргенін айтты Айыпталушының алибиін тексеру үшін тергеуші телеорталыққа футбол жарысының көрсетілуі уақытын анықтауға сұрау салды.Телеорталық тергеушінің сұрауына футбол ойының көрсетілуі күні мен уақыты және ұзақтығы туралы анықтама хатын ұсынды.

    1. Заңдағы дәлелдемелер ұғымына бұл анықтама хатты дәлелдеме деп санауға бола ма?

    2. ҚІЖК-нің 105-бабының 2-бөлімінде көрсетілген «өзге де құжаттар дегеніміз не»?


    9

    С.Т.Жетібаевтың мүлкін ұрлаудағы қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысын жәбірленушімен көршілес тұрып жатқан тек қана куә А.И.Бекетбаеваның жауабына негізделді. С.Т.Жетібаевтың пәтерінің есігін бұзып, дорбамен заттар алып шыққанын бұрын бір мектепте оқыған А.А.Шәрінов екенің айтты.Ұрланған заттар тергеу барысында табылған жоқ.Істі сотта қарағанда А.А.Шәріповтың адвокаты, С.Т.Жетібаевтың дүниесі ұрланған уақытта және куә ретінде жауап алғанда, А.И.Бекетбаева ұзақ уақыт бойы психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғандығын және сол кезде (ұрлық жасаған кезде) аурып жүргені туралы психодиспансердің анықтама хатын ұсынды.



    1. Бекетбаеваның берген жауабы іс бойынша дәлелдем бола ала ма?

    2. Кімнен куә ретінде жауап алынбайды?


    10

    Ж.С.Тоқсанбаевтан бөтенің затын ұрлағаны үшін сезікті ретінде жауап алынғанда,өз кінәсін толық мойындап,ұрланған заттардын тыққан жерін көрсетуге келісімін берді.

    1. Осы жағдайда қандай тергеу әрекеттерін жүргізу қажет

    11

    Л.Д.Исабековаға дене жарақатын келтіру ісі бойынша куә ретінде жауап берген Ж.Ж.Қасымбаева, жәбірленуші Л.И.Исабекованы ұрған оның күйеуі Л.И.Исабеков екенін мәлімдеген, бірақ күйеуі әйелін ұрғанда Ж.К.Қасымбаеваның болмангандығы, ал айтқан сөздері жәбірленуші Л.И.Исабекованың айтуына негізделгенін айтқан.

    1. Дәлелдеуге жататын мән-жайларға байланысты саралаңыздар?

    2. Қасымбаеваның жауабын саралаңыздар.
    12

    Тергеуші Т.Т.Жұматаев есірткі заттарды көп мөлшерде заңсыз сатқаны үшін айыпталған А.М.Нақысбаеваның қылмыстық ісі бойынша, оның есірткі заттарды Р.У.Әлімбаевқа сатқаны туралы автордың қолы қойылмаған хат алды.

    1. Алынған хатты А.М.Нақысбаеваның ісі бойынша дәлелдеме ретінде қолдануға бола ма?

    2. Қандай жағдайларда дәлелдемелер іс бойынша қолдануға рұқсат етілген деп танылды.


    13

    Дүкен қоймасының электросымын жөндеуде электромонтер Ж.П.Қасенов техника қауіпсіздік тәртібін бұзып, электр тоғына ұрынғаннан кейін мерт болады.Оқиға болған жерде келген жедел тергеу тобы өлікті оқиға болған жерді қарау және Ж.П.Қасенов электросымдарын жөндеу уақытында қоймада болған куәлардан жауап алып, Ж.П.Қасеновтың электросыммен жұмыс жасау нәтижесінде тоққа түсіп қайтыс болғанын дәлелдейді.

    1. Бұл жағдайда Ж.П.Қасенов өлімінің себебін анықтау үшін медицина-сот сараптамасын тағайындау керек пе?

    2. Қандай жағдайларда сараптама тағайындау міндетті болып табылады?


    14

    О.Р.Досанов, М.И.Сапаров және Т.О.Байтасов азаматша И.Р.Абжанованың мүлкін тонаған. М.И.Сапаров пен Т.О.Байтасов әрқайсысы 3 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасына сотталған, ал О.Р.Досановқа қатысты материалдар, оның қашып кетуіне байланысты бөлек өндіріске бөлінген. М.И.Сапаров пен Т.О.Байтасовқа қатысты үкім шыққаннан соң, біраз уақыт өткеннен кейін О.Р.Досанов ұсталынып жауапқа тартылады. И.Р.Абжанованы тонауға О.Р.Досановтың қатысқандығын анықтау үшін, сотқа М.И.Сапаров пен Т.О.Байтасов жауап алуға шақыралады.

    1. М.И.Сапаров пен Т.О.Байтасовтың процессуалдық жағдайын анықтаңыздар.Олар сотта кімдер ретінде жауап береді (куә,айыпкер,сотталған адамдар)?

    15

    Айыпталушы ретінде жауап алынған Т.Р.Тұяқбаев өзінің некеге тұрмаған әйелі М.М.Шакенова өліміне әкеліп соққан дене жарақатын келтіру бойынша тағылған айыпты толық мойындады.

    Айыпталушының айғағын бекіту үшін жауап алуда бейне жазу қолданды.

    1. Айыпталушы Т.Р.Тұяқбаевтан жауап алу процесі жазылған дискіні іс бойынша заттай дәлелдеме ретінде пайдалануға бола ма?

    2. Жауап алу барысында бейне-жазу мен дыбыс-жазу құралдары қолданылса, жауап алу хаттамасын толтыру міндетті ме?


    16

    А.Р.Әбеуіп және А.З.Адамбаевқа қатысты алаяқтық әрекет жасағаны үшін айыпталды.Алдын ала тергеуде А.Р.Әбеуіп пен А.З.Адамбаевтан берген жауаптарында қарама қайшылықтар болды, сол үшін тергеуші екеуінің араларында беттестіру жүргізуге шешім қабылдады.Беттестіруде А.Р.Әбеуіп пен А.З.Адамбаев алғашқы жауаптарын растады.

    1. Беттестіру хаттамасын Әбеуіптің кінәлілігін дәлелдейтін дәлелдеме деп санауға бола ма?

    Қонақбай Жансұлтан

    17

    А.Ә.Ахметов түнгі уақытта, үйдің иелері болмағанды пайдаланып, А.Т.Қаппасованың үйіне кіріп, мүлкін ұрлап кетеді.Оның кінәлілігі қылмыстық іс материалдарымен толығымен дәлелденеді.Айыпталушы ретінде жауап бергенде А.Ә.Ахметов өзін кінәлі деп мойындап, А.Т.Қаппасовадан ұрланған заттарын көрші подъездің алдында тұрған Нива автокөлігімен тасығандығын және ұрланған заттарын тасып біткеннен кейін, көлікті айдап кеткен орнына қайта апарып қойғанын,сонымен қатар көліктің мемлекеттік нөмері мен сериясын айтты.

    Жол полициясының мәліметі бойынша айтылған автокөлікті айдап кетті деген арыз жоқ.Жалпы А.Т.Қаппасованың дүниесін ұрлаған мезгілде,ешкімнен автокөлік айдап кетті деген ешқандай арыз түспеген.

    1. Осы жағдайда А.Ә.Ахметовты автокөлікті айдап кетті деп айыптауға негіз бар ма?

    2. Айыпталушының өз кінәсін мойындауы қандай жағдайларда айыптау негізіне жаткызылады?


    18

    А.Р.Мустафинаға қарсы қарақшылық шабуыл жасау бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуде, қылмысты жасаған айыпталушы О.Р.Хасеновтан пышақ алынды.Алынған пышақ А.Р.Мустафинаға тануға ұсынылып, О.Р.Хасеновтың қорқытып ақша және асыл бұйымдарды талап еткенде көрсеткен пышағы екені анықтады.

    1. Осы қылмыстық іс бойынша О.Р.Хасеновтан алынған пышақ заттай дәлелдеме бола ма?

    2. Заттай дәлелдемелерді рәсімдеудің процессуалдық тәртібі қандай?

    19

    Жол полиция қызметкерлері Ш.Балықовтың автокөлігін қарау нәтижесінде шолақ мылтық тауып алды. Балистикалық сараптама жүргізіп, оның қорытындысы бойынша Ш.Балықовтан алынған қару деп танылды. Алынған шолақ мылтық заттай дәледеме ретінде қылмыстық істің материалдарына қосылған.

    1. Алынған шолақ мылтық қалай және қай жерде сақталуы керек?

    2. Заттай дәлелдеменің тағыдырын шешуге кім және қандай жағдайда өкілетті?



    20

    Кәмелетке толмаған Қ.Мұртазаевты қалалық травматология орталығының азық сақтау қоймасынан азық-түлік ұрланғаны үшін айыпталған қылмыстық ісін тергеуде, тергеуші травматология орталығына нақты қанша зардап келгені, оның мөлшерін және ұрланған заттар тізімін анықтамады. Сол себепті сот істі қосымша тергеуге қайтару туралы шешім қабылдады.

    1. Соттың мұндай шешімі тәуелді ме?

    2. Қылмыстық іс бойынша қандай жағдайлар дәлелдеуге жатады?


    Шідер Балнұр
    21

    И.Жұмабаева ауруханаға ми шайқалысы диагнозымен түскеннен кейін, кезекші дәрігер полицияға хабарлайды. И.Жұмабаева өзінен жәбірленуші ретінде жауап алғанда, оған дене жарақатын келтірген және тонай жаздаған белгісіз екі ер адамды айтты. И.Жұмабаева оларды қараңғы болғандықтан жақсы көре алмағандығын айтын, бет-жүзіне сипаттама беруден бас тартты. Жедел-іздестіру жолымен Жұмабаеваға дене жарақатын оның танысы Е.Мәтінов келтіргені анықталды. Тергеуші И.Жұмабаева Мәтіновтың ұрып-соғуына байланысты қатыстылығын білуүшін қосымша жауап алды. Бірақ И.Жұмабаева бұл фактіні растамай өзінің алғашқы берген жауабын растады. Осы жағдай бойынша жауап алынған Мәтіновте И.Жұмабаеваны ұрып-соғуына қатыстылығын мойындаған жоқ.

    1. Жедел-іздестіру жолымен алынған мәліметтерді дәлелдеме ретінде қолдануға болады ма?

    2. Дәлелдемелердің рұқсат етілгендігі дегеніміз не?


    24

    К.Дәуленбаев әскерге кетіп бара жатып Н.Қадірсізовқа электрогитарасын әскери борышын өтеп келгенше уақытша пайдалануға береді. Н.Қадірсізов одан кейін К.Дәуленбаевтың электрогитарасын Қ.Әкімовке ұялы телефонға айырбастап жібереді. Айырбастауда гитараның иесі К.Дәуленбаев екенін жасырады. К.Дәуленбаев әскерден келгеннен кейін Н.Қадірсізовтан гитарасын талап етеді. Сол себепті Н.Қадірсізов Қ.Әкімовтың пәтеріне ұрланып кіріп гитараны алып кетеді. Осыдан кейін Қ.Әкімов электрогитарасын ұрлап кеткені туралы арызымен полицияға барады. Н.Қадірсізов күдікті ретінде ұсталды және күдікті ретінде жауап алған кезде мойындайтын айғақ беріп, гитараның жатқан орнын айтты. К.Дәуленбаевтан гитара алынып, іске заттай дәлелдеме ретінде тіркелді. Тергеу барысында К.Дәуленбаев электрогитараны қайтару туралы арыздарын берді.

    1. Электрогитараның иесі кім екендігі қалай шешіледі және осы жағдайдағы заттай дәлелдің тағдыры қалай шешіледі?

    22

    Әскери қызметкер У.Байділдин қару тазалау кезінде, байқамай қарудан оқ атып, Ж.Шүкеевке дене жарақатын келтіреді.

    1. Бұл қару заттай дәлелі ретінде тіркеле ме?

    2. Қандай заттар қылмыс құралы болады деп саналады?


    23

    А.Қазкеев дүкеннен асыл заттарды ұрлағаннан кейін, оларды белгісіз біреулерге сатып жібереді. Ақша А.Қазкеевтің үйіне тінту кезінде алынды.

    1. А.Қазкеевтан алынған ақша дәлелдемелердің қай түріне жатады?


    №25

    Алаяқтық жасаған айыпталушы А.Айтбаев ұлттық мектепте әзірбайжан тілінде оқып, қазақ тілін мүлдем білмейтіндіктен, аудармашы қатыстыруын талап етті. Тергеуші аудармашы ретінде мектепте әзірбайжан тілінен мұғалім болып істейтін қарындасын шақырды. Істі сотта қарағанда А.Айтбаевтың адвокаты аудармашы тергеуді жүргізген тергеушіге туысқан болғандықтан оның қатыспауын қалады. Сот адвокаттың қалауын қанағаттандырды.

    1. Соттың мұндай әрекеті негізді ме?

    2. Қандай жағдайда іс бойынша өндіріске аудармашы қатыса алмайды?


    №26

    Үш қабатты үйдегі бірінші қабатта тұратын М.Хамзиннің пәтерінде О.Оспанов пен М.Хамзин екеуі арақ ішіп, спирттің күштілігін білу үшін ыдысқа құйып жаққанның нәтижесінде М.Хамзиннің пәтерінде өрт болады. Өрттің салдарынан М.Хамзиннің үстінде тұратын А.Елемесованың үйіне өрт түседі. А.Елемесованың пәтеріндегі дүние мүлік күйіп кетеді. А.Елемесова полицияға О.Оспанов пен М.Хамзин өрт қойғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызымен барады. Оларға қатысты бөтеннің мүлікін абайсызда өртеу жолымен жою, бүлдіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталады.

    Аызда Оспанов пен Хамзиннің абайсызда келтірген зиянның сомасы көрсетілген. Тергеу барысында жәбірленуші Елемесоваға келтірген зардаптың сомасын тексеруде пәтерді жөндеуге байланысты құжатты сұрайды, нәтижесінде А.Елемесова келген зардап сомасын бірнеше артық көрсетеді. Ал зардап мөлшері О.Оспанов пен М.Хамзинді жауапкершілікке тарту үшін жеткіліксіз деп, тергеуші жәбірленушіге келген зардап сомасын азамттық заң тәртібімен өндіріп алуына кеңес береді.

    1. Қылмыспен келтірілген зардап сипаты мен мөлшері қылмыстық істі тергеуде қандай рөл атқарады?

    2. Қылмыспен келтірілген зардап мөлшері міндетті түрде дәлелдеуді қажет етеді ме?


    №27

    Мас күйінде жолдың жаяу адамдардың өтуіне рұқсат етілмеген жерінде өтіп бара жатқанда, Р.Малинді автокөлік соғып кетеді, соның нәтижесінде денесіне ауыр жарақат келеді. Р.Малинді соғып кеткен жүргізуші Ф.Акбергенов жауап бергенде соқпауға мүмкіндігі болмағанын айтты.

    1. Ф.Ақбергеновтың кінәлілігін немесе кінәсіздігін анықтауда қандай тергеу әрекетін жүргізу қажет?

    2. Ф.Ақбергеновті жауапқа тартуға бола ма?


    №28

    Кісі тонаған А.Сексенбаевтың қылмыстық ісі бойынша тергеуші оның үйін тінту туралы қаулы шығарады.Тінту барысында пәтерден: тонау кезінде киген маска және ұрланған қара күзен терісінен жасалған құлақшын, «D&G» фирмасының шарфы, әмиян тауып алады.

    1. Тергеушінің атынан тиісті құжаттар жазыныздар?

    2. Тергеушінің іс-әрекетіне баға беріңіздер?


    №29

    Қылмыс жасауға қатысты бар-жоқтығын тексеру кезінде Ш.Бәкіровтың күртешесінің ішкі қалтасына пышақ тауып алынады. Криминалистикалық сараптамасының қорытындысы бойынша пышақ суық қару деп танылды.

    1. Пышақты заттай дәледеме ретінде заңға сәйкес рәсімдеңіздер және осыған тиісті қаулы толтырыңыздар?


    №30

    Ревизор, А.Қалиев деген азаматтың арызы бойынша автопарктің қаржы шаруашылық қызметін тексеру нәтижесінде, автопарк директоры Т.Кузембаев мүлікті ысырап еткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

    1. Автопаркке ревизия жүргізген жіне қылмыстық сотқа дейінгі тергеп тексеруге негіз болатын мәліметтер берген ревизор, клешекте осы іс бойынша сараптама жүргізуге құқығы бар ма?


    №31

    Б.Кәкімовта пара алды деп айыптау жөніндегі істі сот қарағанда, Б.Кәкімов өзін кінәлімін деп танымағандықтан, қылмыстық істі тергеген С.Ахмадиевты сотқа куә ретінде шақырылды. Ол алдын ала тергеуде мойындаған кінәсін тергеуші С.Ахмадиевтің күш көрсету әсерінен бергендігін айтты, соңынан Б.Кәкімовтың бұл арызы жалған жасалғандығы анықталады.

    1. Б.Кәкімовты тергеуші С.Ахмадиевтің күш көрсету жала жабқаны үшін және жалған түсініктеме бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға бола ма?
    32

    Жол көлік оқиғасы туралы қылмыстық істі тергеуде, куә А.Смағұловтың берген жауабының дұрыстығына және әділдігіне тергеуші күмәнданды. Осыған байланысты А.Смағұловтың тұратын жеріндегі ауруханадан оның денсаулығы туралы мәлімет сұрайды, нәтижесінде оның көзінің нашар көруімен байланысты мүгедек екенін біледі.

    1. Аурухана берген анықтама іс бойынша дәлелдеме бола ма?


    33

    Әскери бөлім командирі подполковник К.Барменовты өлтірген прапорщик А.Ыстыбаев күдікті ретінде жауап бергенде бұл қылмысты жасағаны жайлы мойындап айғақ беріп, подполковвник К.Барменовты өлтірген жері мен оның мәйітін көмген жерін көрсетуге келісті.

    1. Бұл жағдайда қандай тергеу әрекеттерін жүргізу қажет?

    2. Жүргізілетін тергеу әрекетін заңға сәйкес қалай рәсімдеуге болады және оның нәтижесінде анықталған мәліметтерді А.Ыстыбаевтың кінәлігін дәлелдейтін дәлелдеме ретінде пайдалануға бола ма?


    34

    Күзет қызметін өтеу уақытында, күзетші кезегінен ауысу кезінде қатардағы Б.Арсызбаев қарудан абайсызда оқ атып алып, соның нәтижесінде сержант И.Байтұрсыновқа ауыр дене жарақатын келтірді. Бұл қылмыстық істі ҰҚК-нің тергеушісі тергеп, АК-74 автоматын алып, оны қылмыс құралының заттай дәлелі ретінде іске тіркейді және оны қызмет кабинетінде сақтайды.

    1. Бұл қару заттай дәлел ретінде тіркеле ме?

    2. Қандай заттар қылмыс қаруы болып табылады?

    3. Заттай дәлелдемені сақтау тәртібі қандай?


    35

    Өзінің жылқысы ұрланғаны туралы арыз жазып, азаматша А.Доқсқалиева учаскелік инспектор И.Есжановқа барды. Учаскелік инспектор осы ұрлықты 7 күн тексеріп, қылмыстық сипатын анықтағаннан кейін қылмыстық сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Содан кейін арызды қылмыстық істі тіркейтін журналға жазып, есепке алды.

    1. Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, есепке алу, шешім қабылдау тәртібі қандай?

    2. Жоғарыда көрсетілген жағдайда ішік істер органының учаскелік инспекторыарыз бойынша шешім қабылдауда заңда көрсетілген тәртіпті сақтады ма?

    3. Қылмыс туралы арыздарды қабылдауды, оларды есепке алып, дұрыс шешім қабылдауды бақылаудың түрлері мен тәсілдері қандай?

    4. Анықтама жүргізуді реттейтін ІІМ-нің бұйрығын атаңыздар?


    36

    Аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшісі желтоқсанның 12-күні Ж.Алданазаровтың бұзақылық әрекеті туралы арыз тіркеді, келесі күні, яғни желтоқсанның 13-күні таңертең ол туралы ІІББ-на баяндады. ІІБ бастығы арызға мынадай бұрыштама қойды. «Қылмыс іздестіру бөлімінің бастығына қылмыстық сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүмкіндігін шешуіңізді өтінемін». Қылмыс іздестіру бөліміне арыз 14 желтоқсанда түсті. 15 желтоқсанда қылмысты іздестіру бөлімінің төтенше уәкіліне берілді.

    1. Осы арзы бойынша қылмыстық іздестіру бөлімінің төтенше уәкілі неше күннің ішінде тиісті шешім қабыылдайды?

    2. Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды шешу мерзімі кай уақыттан басталады?

    3. ІІБ-нің бастығы арызды неге тергеушіге жібермеді?


    37

    Абай қаласының ауруханасына ауыр дене жарақатымен Қарағанды қаласында тұратын азамат А.Исабаев түсті. Абай қалалық ІІБ-нің қылмысты іздестіру бөлімшесінің төтенше уәкілі Ж.Омаров ауруханаға келіп, А.Исабаевтан болған оқиғаның мән-жайы бойынша түсініктеме алды. А.Исабаевтың айтуынша, жұмыстан шыққаннан кейін Қарағандыдадағы үйіне кетпекші болып автобустың аялдамасына келгенде, белгісіз бұзақылар ұрып кетіпті.

    7 күн өткеннен кейін осы фактіні тексеру нәтижесінде жиналған құжаттардың арасында А.Исабаевтің арызы пайда болды. Арызда А.Исабаев өзінің жарақатанған себебін былай түсіндіреді «Өз үйімде, кешкі сағат 18-де, погребтен картоп алып шығып келе жатқанда құладым»-депті.

    Жоғарыда көрсетілген басқа ешқандай мәлімет жоқ.

    1. Осы жағдайға баға беріңіздер, ҚР ҚПК бойынша шешімдердің бірін қабылдауға жиналған мәліметтер жеткіліті ме, жеткілікті болмаса не істеу керек, қандай дәлелдемелер, қандай жолмен жиналуға тиіс?


    38

    Өзін-өзі өлтіру туралы хабар түсе саласымен тергеуші оқиға болған жерге шығып кетті. Куәгерлердің берген түсініктемелеріне сәйкес азамат С.Әбілқасымов мас күйінде әйелімен жанжалдасып, өз үйінің төбе сырғауылына арқан байлап, асылып өлгені анықталды. Өлімнің нақыт себебін анықтау үшін тергеуші сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы шығарып, оны жүргізуді аудандық емханалық дәрігер-патологоанатомы К.Еспаевқа жүктеді. Азамат С.Әбілқасымовтың өлі денесін моргке жіберді. Сараптама қорытындысын алған соң тергеуші тексеру материалдары бойынша азамат С.Әбілқасымовтың іс-әрекетінде қылмыстың құрамы жоқ болғандықтан, сотқа дейінгі тергеп тексеруден бас тартты.

    1. Осы жағдайға талдау жасаңдар?

    2. Тергеушінің іс-әрекеті ҚПК-нің талаптарына сәйкес келе ме?

    3. Сараптама тағайындаудың негізі мен тәртібі қандай?

    4. Тергеушінің іс-әрекетіне баға беріңдер?


    написать администратору сайта