Главная страница
Навигация по странице:

  • Модуль -VI. Эндокрин жүйесінің аурулары

  • Қант диабеті. Қант диабетінің асқынуы

  • Новый. Тест жауаптары Терапия. Тестовые вопросы по предмету Внутренние болезни


    Скачать 172.99 Kb.
    НазваниеТестовые вопросы по предмету Внутренние болезни
    АнкорНовый
    Дата04.01.2022
    Размер172.99 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТест жауаптары Терапия.docx
    ТипДокументы
    #323831
    страница10 из 13
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

    Бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі


    1

    Бүйрек нефрондарының азаюынан зәр түзу қызметінің төмендеуі, экскрециялық және инкрециялық функциясының жетіспеушілігі:

    a) пиелонефрит

    б) бүйрек амилоидозы

    в) бүйрек жетіспеушілігі:

    г) бүректің қатерлі ісігі

    е) нефрит


    2

    Бүйрек жетіспеушілігіндегі науқастың тыныс алу өзгерісінің түрі:

    a) Биото

    б) ритмді

    в) Куссмауль

    г) Чейн- Стокс

    е) Грокко


    3

    «Анасарк» дегеніміз:

    a) тобықтағы ісік

    б) іш қуысындағы ісік

    в) тізеге дейінгі ісік

    г) бүкіл денедегі ісік

    е) бет әлпетінің ісінуі


    4

    Бүйрек жетіспеушілігімен науқасты тиімді емдеу тәсілі:

    a) оксигенотерапия

    б) гемодиализ

    в) сипмтоматикалық

    г) гемотрасфузия

    е) фитотерапия


    5

    Уремиялық команың алдын алу шаралары:

    a) созылмалы гломерулонефритті емдеу

    б) созылмалы гепатитті емдеу

    в) созылмалы ишемиялық жүрек ауруларын емдеу

    г) гипертония ауруларын емдеу

    е) геморрагиялық диатездерді емдеу


    6

    Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен науқасты жалпы қарағанда анықталады:

    a) тілі, ерні таңқурай түстес қызарады

    б) таңертең бет әлпеті, бүкіл денесінің ісінуі

    в) тері жамылғысы қою кофе түстес,бет ұшының «энантемалық» қызаруы

    г) ауыз мұрын үш бұрышының көгеруі

    е) акроцианоз, еріндерінде герпестік бөртпелер


    7

    Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде биохимиялық қан талдауында көбейеді:

    a) холестерин

    б) азот қалдығы

    в) ақуыз

    г) билирубин

    е) қант


    8

    Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін емдеуде қолданылатын дәрілер тобы:

    a) глюкокортикоидтар

    б) бронхолитиктер

    в) жүрек гликозиттері

    г) анальгетиктер

    е) витаминдер


    9

    Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің асқынуы:

    а) анафилактикалық шок

    б) бауыр комасы

    в) уремиялық кома

    г) геморрагиялық шок

    е) кардиогенді шок


    10

    Азотты шлактар:

    а) альбуминдер, глобулиндер

    б) билирубин, холестерин

    в) креатинин, зәр қышқылы

    г) глюкоза, липопротеидтер

    е) холестерин, ақуыз


    11

    Гемодиализ жүргізуге көрсеткіштері:

    а) метастаз берген қатерлі ісік

    б) тәулігіне 500 мл зәр бөліу

    в) психикалық бұзылыстар

    г) гипокалиемия

    е) гипергликемия


    12

    Созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне әкелетін қауіпті фактор:

    a) созылмалы гломерулонефрит

    б) созылмалы ишемиялық аурулар

    в) созылмалы асқорыту жүйесінің аурулары

    г) созылмалы бауыр аурулары

    е) созылмалы тыныс жүйесінің аурулары


    13

    Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде бүйрек шумақтарының фильтрациясының көлемін және түтікшелердің реабсорбциялау функциясын анықтайтын тексеру сынамасы:

    а) Зимницкий

    б) Реберг- Тареев

    в) Нечипоренко

    г) Үш стакан сынамасы

    е) Пастернацкий


    14

    Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде уремияның соңғы сатысында науқастың тынысы:

    а) қалыпты дем

    б) Биот демі

    в) Грокко демі

    г) Куссмоуль демі

    е) Чейн- Стокс демі

    15

    Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастын биохимиялық кан құрамында креатиннің деңгейі 1,72 ммоль/л , белок мөлшері 40-60гр/ тәулігіне . Сонымен қатар науқаста ұйқышылдық, бас ауру енжарлық байқалады. Бұл көрініс бүрек жетіспеушілігінің қайсы сатысына тән белгілер:

    а) декомпенсация

    б) уремиялық

    в) минимальді

    г) созылмалы

    е) бастапқы





    16. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде уремияның сатылары:

    а) комепсация, декомпенсация, субкомпенсация

    б) латентті, азотемиялық, уремиялық

    в) минимальді, орташа, биік

    г) жедел, жеделдеу, созылмалы

    е) бастапқы, айқындалу, терминальді





    Модуль -VI. Эндокрин жүйесінің аурулары





    Тиреотоксикоз. Эндемиялық зоб


    1

    Қалқанша безінің гиперсекрециясы, жүйелермен, мүшелердің қызметінің бұзылуы:

    а) тиреотоксикоз

    б) гипотиреоз

    в) гликемия

    г) феохрамацитом

    е) микседема


    2

    Тиреотоксикоздың этиологиясы:

    а) адинамия

    б) ас тұзын көп қолдану

    в) ұйқы безінің секрециясының өзгеруі

    г) гипофиз безінің секрециясының өзгеруі

    е) бүйрекүсті безінің секрециясының өзгеруі


    3

    Тиреотоксикозда анықталатын диагностикалық көз симптомы:

    а) Кера

    б) Ортнера

    в) Грефе

    г) Захарин-Геда

    е) Пастернацкий


    4

    Тиреотоксикозда пальпация жүргізгенде анықталатын терідегі өзгерістер:

    а) тері жұмсақ, нәзік, дымқыл

    б) тері қатты, қабыршықтанған

    в) тері суық, дымқыл

    г) теріде геморрагиялық бөртпелер

    е) күс- күс қабыршықтанған


    5

    Тиреотоксикоз ауруының асқынуы:

    а) Квинке ісігі

    б) анафилактикалық шок

    в) гипергликемиялық кома

    г) тиретоксикалық криз

    е) гипертониялық криз


    6

    Тиреотоксикоз ауруының жүктілікке әсері:

    а) жүктілікке әсері жоқ

    б) мезгілінен ерте босану

    в) босанудан кейінгі қан кету

    г) кеш босану

    е) планцетаның ерте ажырауы


    7

    Тиреотоксикоз ауырған науқасты қарағанда анықталатын өзгерістер:

    а) терінің түсінің сарғаюы, тырнақ іздері

    б) қолының дірілдеуі, көз алмасының сыртқа шығуы

    в) геморрагиялық бөртпелер, гематомалар

    г) ұйқышылдық, ешнәрсеге қызықпаушылық

    е) акроцианоз, герпестік бөртпелер


    8

    Тиреотоксикоз ауруындағы жалпы симптомдары:

    а) дауысының қарлығуы, жөтелу

    б) тұншығу, ентігу

    в) ашушаңдық, тершеңдік

    г) ұйқышылдық, сөйлеудің қиындауы

    е) әлсіздік, ұйқылшылдық


    9

    Тиреотоксикозда жүргізілетін зертханалық диагностика:

    а) зәрді қантқа тексеру

    б) қандағы тиретроптық гормонның деңгейін анықтау

    в) қандағы билирубин деңгейін анықтау

    г) лабораториялық тексеру жүргізілмейді

    е) қандағы холестерин деңгейін анықтау


    10

    Эндемиялық зобтың дамуына ықпал ететін факторлар:

    а) ас тұзын көп қолдану

    б) жиі диетаны бұзу

    в) организмдегі йодтың жетіспеушілігі

    г) организмдегі темірдің тапшылығы

    е) организмдегі фолий қышқылының тапшылығы



    11

    Эндемиялық зобпен ауырған науқастың терісі:

    а) жылы, нәзік,жұмсақ

    б) құрғақ, күс-күс, қатты

    в) дымқыл, суық, жұмсақ

    г) жылы, дымқыл, қатты

    е) жұмсақ, дымқыл


    12

    Эндемиялық зобта қалқанша безінің өсу дәрежесін анықтайтын тексеру әдісі:

    а) пальпация

    б) перкуссия

    в) анамнез жинау

    г) лабораториялық тексеру

    е) аускультация


    13

    Бүйрек үсті безінің секрециясының жетіспеушілігінен дамитын патологиялық процесс:

    а) Қант диабетті

    б) Аддисон-Бирмер ауруы

    в) Иценко- Кушенга ауруы

    г) Акромегалия

    е) Гигантизм


    14

    Феохромоцитомалық гипертониялық криз кезінде енгізілетін дәрі:

    а) фентоламин 5 мг

    б) пропранолол 10 мг

    в) индапамид 1,5 мг

    г) верапамил 40 мг

    е) нифедипин 5 мг


    15

    Науқастың бет пішіні толған айдай дөңгелек, бет ұшы қызарған, аяқ- қолдары арық жіңішке. Іш терісінде ал қызыл- пурпуралы немесе қою қызыл сызықтар (стрии) бар.

    Бұл клиникалық көрініс эндокрин жүйесінің ауруларына тән:

    а) Эндемиялық зобқа

    б) Аддисон-Бирмер ауруына

    в) Иценко- Кушенга ауруына

    г) Акромегалия

    е) Гипотиреозға





    Қант диабеті. Қант диабетінің асқынуы

    1

    Қант диабетінің этиологиясы:

    а) тамақтану режимін жиі бұзу

    б) тәтті тағамдарды көп жеу

    в) аллергендер

    г) иммунитеттің төмендеуі

    е) жиі етеккірдің келуі


    2

    Инсулинге тәуелді қант диабетінің негізгі симптомдары:

    а) жөтелу, қақырық тастау

    б) қақырық тастау, ентігу

    в) жүрек тұсының шаншуы,ентігу

    г) шөлдеу, көп су ішу, көп зәр бөлу

    е) тез шершау, ентігу, жүрек қағысының жиілеуі


    3

    Қалыпты жағдайдағы қант көрсеткіші:

    a) 3,3 5,5 мкмоль /л

    б) 18,5  20,0 мкмоль/л

    в) 55,5  68,0 мкмоль/л

    г) 78,5  82,0 мкмоль/л

    е) 4,5  6,2 мкмоль/л


    4

    Қант құрамының жоғарылауы:

    a) гипербилирубинемия

    б) азотемия

    в) гипергликемия

    г) диспротеинемия

    е) глюкозурия


    5

    Қант диабеті ауруында қолданатын дәрі:

    a) строфантин

    б) эуфиллин

    в) гипотиазид

    г) инсулин

    е) индометацин


    6

    Қант диабетінің асқынуы:

    a) уремиялық кома

    б) диабеттік кома

    в) бауыр комасы

    г) анафилактикалық шок

    е) кардиогенді шок


    7

    Гипергликемиялық кома:

    a) қандағы азот қалдықтарының көбеюі

    б) қандағы билирубин көрсеткішінің көбеюі

    в) қандағы қант көрсеткішінің күрт көбеюі

    г) қандағы қант көрсеткішінің күрт төмендеуі

    е) қандағы калийдің көбеюі


    8

    Гипогликемиялық кома:

    a) қандағы кальцийдің жетіспеушілігі

    б) қандағы билирубин көрсеткішінің көбеюі

    в) қандағы қант көрсеткішінің күрт көбеюі

    г) қандағы қант көрсеткіші күрт төмендеуі

    е) қандағы азот қалдықтарының көбеюі


    9

    Гипоглекемиялық команың дамуына ықпал ететін факторлар:

    a) инфекцияның организмге түсуі

    б) инсулин дозасын аз енгізу

    в) инсулин дозасын көп енгізу

    г) ас тұзын көп қолдану

    е) стрестік жағдайлар


    10

    Гипергликемиялық команың симптомы:

    a) тоникалық тырысқақ

    б) ацетон иісінің шығу

    в) бас ауруы

    г) метеоризм

    е) тершеңдік


    11

    Гипогликемиялық комада көрсетілетін жедел жәрдем:

    a) анальгин 50 %  10 мл ертіндісін енгізу

    б) инсулин 40 бірлігін  10 мл ертіндісін енгізу

    в) глюкоза енгізу 40 % 10 мл ертіндісін енгізу

    г) строфантин –К 005 %  1 мл ертіндісін енгізу

    е) дроперидол 0, 25%- 5 мл ертіндісін енгізу



    12

    Гипогликемиялық команың симптомы:

    a) тоникалық тырысқақ

    б) ацетон иісінің шығуы

    в) бас ауруы

    г) метеоризм

    е) көз қарашығының кеңеюі


    13

    Глюкозурия:

    a) зәр құрамында қант түйіршіктерінің пайда болуы

    б) зәр құрамында ақуыздың анықталуы

    в) зәр құрамында эритроцит түйіршіктерінің анықталуы

    г) зәр құрамында лейкоциттердің анықталуы

    е) зәр құрамында эпительдердің анықталуы


    14

    Гипергликемиялық кома кезінде зәрде пайда болады:

    а) уробилин

    б) стеркобилин

    в) ацетон

    г) ақуыз

    е) эритроцит түйіршектері


    15

    Гипогликемиялық кома кезінде алғашқы медициналық көмек :

    а) көк тамырға 40% 60 мл глюкоза ерітіндісін енгізу

    б) көк тамырға инсулин

    в) асқазанды жуу

    г) тазалау клизмасын жасау

    е) дымқылданған оттегі беру


    16

    Қант диабет ауруына тән белгілер:

    а) арықтау, полиурия, гипергликемия

    б) арықтау, шөлдеу, гипогликемия

    в) шөлдеу, iсiну, альбуминемия

    г) әлсiздiк, апатия, олигурия

    е) жөтелу, ентігу, альбуминемия



    17

    Науқасқа инсулиндi енгiзгеннен кейiн аяқ-қолының дiрiлдеуi, аштық сезiмiнiң пайда болуы нені бiлдiредi:

    а) гипертониялық криздi

    б) гипогликемиялық жағдайды

    в) гиперликемияны

    г) коллапсты

    е) токсикалық шокты

    18

    Инсулин дозасын көп енгізгенде дамитын асқыну:

    а) гипергликемиялық кома

    б) гипогликемиялық кома

    в) кардиогенді шок

    г) бауыр комасы

    е) токсикалық шок


    19

    Инсулинге тәуелсіз қант диабеттінің алғашқы белгілері:

    а) жүрек тұсының ауырсынуы, жүрек ритмінің өзгеруі, ентігу

    б) көп зәр бөлу, терінің қышуы, бүкіл денесінің ісіну

    в) буынның ауырсынуы, қозғалысының шектелуі

    г) терінің қышуы, ырнақ іздерінің қалуы, көз склерасының сарғаюы

    е) терінің қышуы, жүргенде аяқтың ауырсынуы, көрудің нашарлауы, жүрек тұсының ауырсынуы


    20

    Науқастың терісі құрғақ, көз алмасы жұмсақ, қарашығы кеңейген, демалысы терең жиі (куссмауль демі). PS 102 рет ритмді,Қ/қ 100/ 70 мм.сын.бб. Сіңір рефлекстері төмен, ауызнан ацетон исі шығады. Бұл жағдайды қалай бағалайсыз?

    а) гиперосмолярлық кома

    б) уремиялық кома

    в) алкогольді кома

    г) гипогликемиялық кома

    е) гипергликемиялық кома






    написать администратору сайта