|
Сабау. Тіл тадыры ел тадыры
Чапаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
«Тіл тағдыры – ел тағдыры»
Дайындаған : Қамиева Д.Ж
2022-2023 жж
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты
| «Тіл тағдыры – ел тағдыры»
| Күні
| 05.09.2022
| Класс жетекші:
| Қамиева Д.Ж
| Класс:
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
| «Тіл тағдыры – ел тағдыры»
| Сабақтың мақсаты:
| Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру.
| Құндылықтарды дарыту
| Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге баулу.
| Ресімдеу
| Слайд,презентация
| Музыкалық және бейне көркемдеу
| интерактивті тақта, слайд
| Үлестірмелі материалдар
| мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
| Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
| Презентация
| Дайындыққа арналған әдебиет
| Интернет материалдары
| Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
| Мұғалім әрекеті
| Оқушы әрекеті
| Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
| Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
| Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дүбірлетсін өңірді, Дүрілдетсін дүлдүлі. Қазақ деген елімнің Құтты болсын, бұл күні!- дей отырып, дөңгелек үстелімізді Мұхтар Шахновтың «Тіл мен рух» әнімен ашуды жөн көрдім. Оқытушының сөзі: Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 24 жыл уақыт болды. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойынымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.
| Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
| Компьютер
Презентация
| Сабақ басы (13 мин)
| Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту. Біздің бақытқа жетер даңғыл жолымыз - туған Отанымызды, туған тілімізді сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша болуға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау. «Мемлекеттік тіл мәселесі» тақырыбына қысқаша мәлімет оқылынады. (Осы оқылған мәлімет бойынша сұрақтар қою, талдау
| Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық. Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар: 1. Біз не үшін қазақ тілін үйреніп жатырмыз? 2. Жұмыста қазақ тілін қолданасыздар ма? 3. Біздің ауданымызда қазақ тілінің мәртебесі қандай деп ойлайсыздар?
| Презентация
| Ортасы (20 мин)
| «Кім жылдам» сұрақ - жауап өткізу. Сұрақ - жауап 1. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1989 жылы) 2. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма? (Мұхтар Әуезов «Абай жолы») 3. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов) 4. Қазақстанда екі адам атымен аталатын қандай темір кен орны бар? (Соколов - Сарыбай) 5. Президент жарлығымен Семей полигоны қай жылы жабылды? (1991 жылы, 29 тамыз)
|
Қызықты мәліметтер (тіл туралы) Полиглоттар тарихынан қызықты деректер берейін: Шығыс ғұламасы Әл - Фараби 70 - ке жуық тілді меңгерген. * * * А. С. Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген. * * * Ұлы Абай орыс - қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген. * * * Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен. * * * Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.
| Презентация
| Соңы
| Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көп ойлармен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - сол ана тілің. Ана тілінің бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу - саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол - туған жерді, отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз.
|
Оқушыларға тіл туралы өлеңдерін жатқа айтады
| Комппютер
|
Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінің
«Тіл тағдыры – ел тағдыры»
тәрбие сағатына байланысты
Анықтама
Қыркүйек айының 5 күні 5 «а» сыныбында тәрбие сағатының жоспары бойынша, «Денсаулық басты байлық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Сынып сағатына 10 оқушы қатысты.
Тәрбие сағатының мақсаты: Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру.
Сынып сағатының барысында «шаттық» шеңберінде тұрып, жақсы көңіл күй тіледі. Оқушылар мұғаліммен амандасып, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырды. Дөңгелек үстел үстіндегі қағазға жазылған тапсырмаларды орындады. «Кім жылдам?» ойыны арқылы сұрақтарға жауап берді. Бүгінгі тәрбие сағаты бойынша өз ойларын қосып, мерекеге байланысты әр оқушы өз тілегін білдірді.
Тәрбие сағаты алға қойған мақсатына жетті.
|
|
|