Главная страница
Навигация по странице:

  • Тыныс алу кезеңдері

  • Өкпедегі газдар алмасуы

  • 4. Ұлпалардағы газдар алмасуы

  • Негізгі инспирация еттері

  • Өкпенің серпімділігі мынаған байланысты

  • Өкпенің ауа көлемдері

  • ӨЖС =

  • Газдардың меншікті қысымы мен кернеуі

  • Газдардың қанмен тасымалдануы

  • СО2-нің қанмен тасымалдануы

  • тыныс. Тыныс алу 1. Тыныс алу физиологиясы Дрісті жоспары


    Скачать 2.93 Mb.
    НазваниеТыныс алу физиологиясы Дрісті жоспары
    Анкортыныс
    Дата27.08.2022
    Размер2.93 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаТыныс алу 1.pptx
    ТипДокументы
    #654423

    Тыныс алу физиологиясы

    Дәрістің жоспары:

    • Тыныс алу, оның маңызы.
    • Тыныс алудың кезеңдері.
    • Тыныс алу жүйесі.
    • Тыныс алу қозғалыстарының биомеханикасы.
    • Өкпенің ауа көлемдері.
    • Газдардың қанмен тасымалдануы.
    • Өкпе мен ұлпалардағы газдар алмасуы.
    • Тыныс алудың реттелуі а) тыныс орталығы, оның орналасуы б) тыныс орталығының тонусы в) тыныстың рефлекстік өзін-өзі реттеуі, тыныс фазаларының алмасу механизмі

    Тыныс алу – оттегіні ағзалар мен ұлпаларға жеткізу, оның жасушалардағы тотығу үрдістерінде пайдаланылуы, сондай-ақ организмнен көмір қышқыл газын шығару үрдістерінің жиынтығы.

    Тыныс алу кезеңдері тыныс алу 5 кезеңнен тұрады:

    • Сыртқы тыныс алу – өкпенің желденуі, атмосфералық ауа газдарының өкпе альвеолаларына және өкпеден сыртқы ортаға тасымалдануы.
    • Өкпедегі газдар алмасуы – альвеола ауасы мен қан арасындағы газдар алмасуы.
    • 3. Газдардың қан арқылы тасымалдануы – оттегінің өкпеден ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан өкпеге тасылуы.

      4. Ұлпалардағы газдар алмасуы –оттегінің капиллярлар қанынан ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан қанға диффузиясы.

      5. Ұлпалық тыныс алу –жасушалардағы тотығу-тотықсыздану үрдістері.

    Тыныс алу жүйесі Адамның тыныс алу жүйесіне мыналар кіреді:

    • Ауа жолдары.
    • Өкпе.
    • Тыныс бұлшық еттері.
    • Тыныс жүйкелері.
    • Тыныс орталықтары (ОЖЖ).

    Өкпенің морфо-функциялық бірлігі ацинус болып табылады.

    Рис 91

    Тыныс қозғалыстарының биомеханикасы

    Сыртқы тыныс алу көкірек қуысы көлемінің өзгеруі арқасында жүзеге асады. Өкпе оның соңынан дем алғанда кеңейіп (инспирация) және дем шығарғанда (экспирация) тарылып пассивті түрде ілесіп отырады.

    Негізгі инспирация еттері:

    • Көкет.
    • Сыртқы қабырға аралық еттер.
    • Шеміршек аралық еттер.

    Қосымша:
    • Тіс тәрізді еттер.
    • Көкірек-бұғана-емізік еттері.
    • Трапеция тәрізді еттер.
    • Үлкен және кіші көкірек еттері.

    Негізгі инспирация еттерінің жиырылуы нәтижесінде көкірек қуысының көлемі фронталдық, сагиталдық және вертикал бағытта ұлғаяды.

    Осылайша, дем алу – белсенді үрдіс.

    Жай дем шығару пассивті жүреді, инспирация еттері босаңсиды, көкірек қуысы тарылады. Белсенді дем шығаруда экспирация еттері қатысады:
    • Құрсақ еттері (ішкі және сыртқы қиғаш, тік және көлденең құрсақ еттері).
    • Ішкі қабырға аралық еттер.

    Өкпе дем алу мен дем шығаруға пассивті қатысады, бұл Дондерстің физикалық-физиологиялық моделінен көрінеді.


    Өкпе плеврамен қапталған, плевраның висцералдық және париеталдық жапырақшалары арасында саңылау болады, ондағы қысым теріс.

    Жай дем алғанда ол –6 мм с.б., терең дем алғанда –20 мм с.б. дейін төмендейді.

    Жай дем шығарғанда –3 мм с.б.

    Плевра қуысындағы теріс қысым өкпенің серпімділігіне байланысты.

    Өкпенің серпімділігі – өкпенің өз көлемін азйтуына тырысатын күші.

    Өкпенің серпімділігі мынаған байланысты:

    • Альвеолалар ішкі бетін жауып жатқан сұйықтық (сурфактант) пленкасының беттік керілуіне.
    • Альвеолалар қабырғасында эластикалық және коллаген талшықтардың болуына.
    • Бронх еттерінің тонусына.

    Егер плевра саңылауына ауа кірсе пневмоторакс дамиды, өкпе бүрісіп қалады.

    Өкпенің ауа көлемдері


    Қалыпты тыныс ауасы (ҚТА) – 0,4 – 0,5 л.

    Қосымша дем алу ауасы – 1,5 – 2,5 л.

    Қосымша дем шығару ауасы – 1,2–1,5–2 л.

    ӨТС – 3,5 –5 л (ӨТС жынысқа, жасқа, бойға байланысты)

    Қалдық ауа – 1 л.

    Дем алу сыйымдылығы – ҚТА + қосымша дем алу ауасы.

    Функциялық қалдық ауа (ФҚА) = қосымша дем шығару ауасы + қалдық ауа

    ӨЖС = ӨТС + ҚА = 4,5 – 6 л

    ТМК = 6 – 8 л.

    Өкпе мен ұлпалардағы газдар алмасуы


    Атмосфералық ауа – О2, СО2, N2 газдарының қоспасы Альвеолалық ауа - альвеолаларды толтырып тұрған ауа қоспасы, ол организмнің ішкі газ ортасы болып табылады.

    Шығарылатын ауа – атмосфералық және альвеолалық ауалырдың қоспасы.

    Ауа құрамы

    О2

    СО2

    N2

    Атмосфералық

    20,93%

    0.03%

    79.04%

    Шығарылатын

    16-16.5%

    3.5-4%

    79.5%

    Альвеолалық

    14-14,5%

    5,5-6%

    80,5%

    Газдардың меншікті қысымы мен кернеуі (мм с.б.)

    Газдар

    Альвеол. ауа

    Веналық қан

    Артериалық қан

    Ұлпааралық сұйықтық

    О2

    100-110

    40

    100

    20-40

    СО2

    40

    46

    40

    60

    Газдардың қанмен тасымалдануы

    Газдардың қанмен тасымалдану түрлері:

    • Физикалық еріген түрде.
    • Химиялық қосылыстар түрінде.

    Оттегінің қанмен тасымалдануы

    Физикалық еріген жағдайда оттегінің 1%-ы тасымалданады.

    О2 негізгі бөлігі эритроцит Hb-імен қосылыс түрінде тасымалданады.

    1г Hb 1,34-1,36 мл О2-ні байланыстыра алады.

    Hb-нің оксигемоглобинге айналуы еріген оттегінің кернеуімен анықталады және HbО2 диссоциациасының қисығымен көрсетіледі, оны Баркфот зерттеген


    Қанның оттегіге сыйымдылығы О2-нің 100 қанмен байланыса алатын ең үлкен мөлшері, 18-20 мл немесе 180-200 мл/л.

    СО2-нің қанмен тасымалдануы

    Еріген жағдайда 2,5-3 об% тасымалданады.

    Көмір қышқылының тұздары түрінде 48-51об%.

    Карбгемоглобин түрінде – 4-5 об%.

    НСО3 иондары –плазмада Na бикарбонатын – NaHCO3 в эритроциттерде КНСО3 түзеді.

    СО2 тасымалдану механизмінде эритроциттер карбоангидразасының маңызы зор, ол көмір қышқыл газын СО2 және Н2О-ға ыдыратады, СО2 альвеола ауасына өтеді.



    написать администратору сайта