Тыныс Ерасыл. Эссе. Тыныс Ерасыл Эссе Жмыс рылымын басару, сапасын басару
Скачать 23.1 Kb.
|
Тыныс Ерасыл Эссе - Жұмыс құрылымын басқару, сапасын басқару. Жекеленген азаматтардың және қоғамның негізгі интелектуалдық ондық потенциалына өнімнің сапасын бағалау, және бақылау әдістері туралы білім жиынтығы да жатады. Бұл білім жиынтығына- өнімнің жасалуы кезендеріндегі сапасын бағалау және бақылау осы білім негіздерін өндірісте қолдану әдістері де жатады. Бүгінгі танда өнім сапасын басқару әдістері тұрақты жүйеге айналады. Сондықтан бұл білім сапасын игерудің маңызы зор. Өнім сапасы мәселелерінің ғылыми тұрғыдан шешу керек. Ал ұйымдастыру мәселелері өндірісті басқару барлық деңгейлерінде және ғылыми техникалық қызметтерде шешілуі керек. Ғылыми негізінде сапаға қойылатын талаптарды негіздеу туралы білім оларды бақылау және қамтамасыз ету шаралары жатады. Бұл білім жиынтығы қарастырылып отырған нысандарға байланысты 3-ке бөлнеді: Квалиметрия, Сапаны басқару, Сертификация. Сапаны басқару мен бақылау - өнімнің сапа көрсеткішін, норматифті құжаттарды тұжырымдау әдістерін, сапа деңгейін бағалаужәне сапаны бақылауды қарастырады. Бұл жерде ықтималдылық және статистикалық әдістерге: өнім сапасының деңгейін бағалау. Сынық нәтижелерін өңдеу және талдау әдістеріне шешімдерді қабылдау және оларды ұғыну әдістеріне көп көңіл бөлінеді. Әр түрлі өндірістің сапасын сандық бағалау әдістерін зерттей тін ғылым сапасын квалиметрия деп аталады. Квалиметрияның п/б және даму тарихы бірнеше 10-ған жылдардан асады. Тіптен ол бүгінгі таңдағы отын алғанға дейін дамыған. ISO/ОПМС 9000:2000 «Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі қағидалар және сөздік». (Quality management systems-fundamentals and vocabulary) халықаралық құжатында сапаның мынадай анықтамасы берілген: «Сапа дегеніміз - сапа көрсеткіштерінің белгіленген талаптарға сәйкестік дәрежесі». Осындай анықтаулар отанымыздың (Кеңестер Одағында) бірінші рет шығып пайдаланылған МЕСТ 15467-70. «Өнімнің сапасы. Терминдер» және 15467-79. «Өнімнің сапасын басқару. Негізгі түсініктер. Терминдер мен анықтамалар» стандарттарында келтірілгендей атап өтуіміз қажет. Мұнда: «Өнімнің сапасы дегеніміз - өнімнің тағайындалуына сәйкес белгіленген тұтынуын қанағаттандыруға жарамдылығын ескертетін қасиеттері жиынтығы». Өнім сапасына талаптар. Сапа бойынша өнімнің градациясы ГОСТ 15467 сәйкес сапа бойынша өнімнің жылдық, ақаулық және жарамсыз деп бөледі. Жылдық өнім-бұл өнім, орнатылған талаптарды қанағаттандырады. Бұл жіберілген нормативтік құжаттардың ауытқуын иемдену үщін, ақаусыз болуы мүмкін. Өнімнің өмірлік циклының келесі этаптарында пайда болған жасырын ақаулар мынаны білдіреді, осыған дейін берілген өнім жарамды деп қате саналса, шындығында ақау болып көрінеді. Әрбір бөлек өнім орнатылған талаптарға сәйкестендірілмесе ақаулы өнім деп түсіндіріледі. Жарамсыз өнім (брак)-ақаулықтың бар болуына байланысты тұтынушыға берілмейді. Табылған ақаулар ескірген болса түзетілетін жарамсыз, ал технологиялық немесе экономикалық және түрлі себептерге байланысты табылған ақау ескірмеген болса, онда ол түзетілмейтін болады. Егер кәсіпорындарда сапаға көңіл аудармаса, онда ақауларды және жарамсыздықтарды (брактарды) түзетуге маңызды құралдар талап етіледі. Үлкен әсерден ақауларды болдырмауға ақпаратты игерумен қол жеткізуге болады. Осы уақытқа дейін, сапамен арнайы ішкі бөлімшелер айналысу керек деп санап келдік. Рыногтық экономикаға өту кезінде өнім сапасына әсер ететін факторларды оқып білуге қажеттілікті қамтамасыз етіп, оның жоғары деңгейге жеткізу үшін кәсіпорын қызметкерлеріне күш салу бағытталу тиіс деп,- саналған. Түрлі мемлекеттерде жүргізілген зерттеулер сапаға аз назар бөлетін компаниялардың уақытының 60%-ті жарамсыздықтардың түзетілуіне кететіні көрсетілді. Сапаны жоғарылатуда шығындармен кездесетінімізсөзсіз, бірақта жоғары сапасы түрлендірілуі, өнімнің жақсаруының арқасында пайда алумен ақталатып отырады. Бөлек топтардағы өнімдер және отандық өнеркәсіп түрлері және жақын шет елдерде өнімдер сортқа, маркаларға, топтың қиындылығы және сапа, нөмер, сапа категориясына және т.б. бөлінеді. Өнім сапасының градациясы, тұтынатын тауар ретінде кестеде көрсетілген: Тұтынушы тауарының сапа градациясы
Заманауи менеждменттің негізгі міндеттерінің бірі - кәсіпорынды басқарудың тиімді жүйесін құру болып табылады. Мұндай жүйе оңтайлы ұйымдық құрылымның көмегінсіз жүзеге аспайтыны анық. Айтылып отырған ұтымды ұйымдық құрылымға ұйымныңдамуына, біртұтас қызметіне бағытталған және өзара байланысқан бөлімдердің жиынтығын жатқызамыз. Дәл осындай құрылым ұйымның сыртқы және ішкі ортасымен тиімді қарым-қатынас орнатуға, ұйымның стратегиясына бағыттала отырып, алға қойған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Әрбір басқару құрылымы менеджменттің жалпы қағидаларына жауап беруі тиіс, оның ішінде еңбек бөлінісінің тиімділігі, кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі, сонымен қатар ұйымның ішкі және сыртқы ортасына сай болуы керек. Басқару құрылымы жалпы механисттік және органикалық құрылым болып екіге бөлінеді. Механисттік құрылым бюрократиялық және нысандандырылған (формалдандырылған). Бұл құрылым тұрақты түрде жұмыс істейтін ұйымдарда қолданылады. Осындай механисттік немесе бюрократиялық құрылымдарға сызықтық, функционалдық, сызықтық-функционалдық және дивизиондық құрылымдар жатады. Ал, органикалық құрылымға сыртқы ортаның қандай да бір белгісіз жағдайына және инновацияларына бағыттала отырып басқарылатын тез бейімделетін, икемді құрылымдар жатады. Ұйымдық құрылымды қалыптастыру үрдісі мақсаттар мен тапсырмаларды жүйелеуді, бөлімшелердің құрылымы мен орнын анықтауды, сонымен қатар оның құжаттарын, жағдайын, әдістерін өзіне біріктіреді. Аталған бүкіл жүйені үш негізгі кезеңге бөліп қарастырсақ болады: 1. Жалпы ұйымдық сызбаны қалыптастыру. Бұл кезеңде ұйымның негізгі сипаттамасы анықталады. 2. Негізгі бөлімшелердің құрылымын және олардың арасындағы байланысты әзірлеу. Бұл кезеңде сызықтық функционалдық және бағдарламалық нысандық бөлімдер арасында ғана емес, басқару аппаратының дербес бөлімшелері арасында да ұйымдық шешімді әзірлеу қарастырылады және сонымен бірге олардың арасында нақты тапсырмаларды бөлу мен ұйымішілік байланыстарды құру көзделеді. Дербес (базалық) бөлімшелерге мыналар жатады: бөлімдер, басқарушылар, секторлар, бюро, зертханалар) және олар сызықтық-функционалдық және бағдарламалық-нысаналық жүйешіктерге бөлінеді. Дербес (базалық) бөлімшелердің өздерінің ішкі құрылымы болуы мүмкін. 3. Ұйымдық құрылымды регламенттеу – басқару аппаратының мінездемесі мен басқару қызметінің тәртібін қарастырады. Ол өзіне мыналарды біріктіреді: базалық бөлімшелердің ішкі элементтерінің құрылымын анықтауды; нақты орындаушылар арасында орындалатын тапсырмаларды белгілеу; оларды орындау жауаптылығын белгілеу; бөлімшелер арасында басқарушылық жұмысты орындау тәртібін жасау; Басқаруға кеткен шығындарға басқару аппаратын қамтамасыздандыруға кеткен ағымдағы шығындар, техникалық жабдықтарды қолдану, ғимарат пен бөлмені ұстау, басқару кадрларын дайындау және қайта дайындау. Басқару процесінің тиімділігін бағалаған кезде сандық және сапалық көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Мұндай көрсеткіщтер нормативтік мінездемеге ие. Басқару аппараттарының нормативтік мінездемесіне келесілер кіргізілуі мүмкін: өнімділік, тиімділік, икемділік, жылдамдылық, менімділік: Басқару аппаратының өнімділігі болып ұйым шығарған тауар немесе өңделген ақпарат табылуы мүмкін; Басқару аппаратының тиімділігі негізінде құрылымдалу шығыны түсіндіріледі. Тиімділікті бағалау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылуы мүмкін: басқару аппаратын ұстауға кететін шығындар, белгілі бір жұмыс түрін орындауға кететін шығын. Икемділік – басқарушы органның сыртқы ортада болып жатқан жағдайларға тез икемделе алуымен, сонымен қатар, шешім қабылдау, жаңа байланыстарды орнатумен ерекшеленеді. Басқару аппаратының сенімділігі үздіксіз жұмыс істеумен сипатталады. Басқарулық аппараттың және оның жүйешіктерінің тыңғылықтығын бағалау үшін жоспарланған тапсырмалардың орындалу деңгейін және бекітілген нормативтерлің жасалынуын қадағалаумен қатар, нұсқауларды орындау барысындағы ауытқулардың болмауымен анықталады. Басқарудың тиімділігін анықтау үшін басқару жүйесінің және ұйымдық құрылымының сәйкестігін анықтау керек. Анықтау міндеттер мен мақсаттардың теңгерімділігіне, жұмыскерлер құрамының жұмыс көлемі мен қиындығына, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуіне, технологиялық құралдармен қамтамасыз етілуіне қарай теңгерімділігіне сүйенеді. |