Главная страница

терапия экзамен - 2. Тыныс жйесі ауруларында олданылатын рентгенологиялы тексеру тсілдері


Скачать 77.28 Kb.
НазваниеТыныс жйесі ауруларында олданылатын рентгенологиялы тексеру тсілдері
Дата08.12.2021
Размер77.28 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлатерапия экзамен - 2.docx
ТипДокументы
#296362
страница1 из 5
  1   2   3   4   5



Тыныс жүйесі ауруларында қолданылатын рентгенологиялық тексеру тәсілдері.

Бронхография,томография,флюрография,рентгенография,рентгеноскопия

Холицистография,ирригоскопия,гастроскопия

Спирография, пневмотахометрия, пикфлоуметрия

УДТ, пневмотахометрия, пикфлоуметрия

ЭКГ, ФКГ спирометрия

Дені сау адамның өкпесін тындау кезінде анықтаймыз:

Везикулярлы дем алысты

Бронхиалды демалысты

Қатқыл демалысты

Әлсіз демалысты

Сырылдар

Қалыпты жағдайда дем алыс тең:

16-20 рет 1 минутта

22-25 рет 1 минутта

30-35 рет 1 минутта

10-15 рет 1 минутта

40-45 рет 1 минутта

Өткір бронхиттің негізгі себебі:

Бактериялды инфекция

Тұқым қуалаушылық

Стресттік жағдайлар

Тамақтану режимінің бұзылуы

Кох таяқшалары

Созылмалы бронхит асқынулары:

Өкпе эмфиземасы

Өкпеден қан кету

Эксудативті плеврит

Өкпе туберкулезі

Құрғақ плеврит

Жедел бронхиттің бастапқы сатысына тән белгі:

Құрғақ жөтел

Жөтелмен бірге көп мөлшеоде ірінді қақырықтың бөдінуі

Қан түкіру

Тұншығу ұстамасы

Кеуденің қатты қысып ауруы

Плевралық пункция қай ауруда жасалады?

Эксудативті плевритте

Крупозды пневмонияда

Өкпе абсцесінде

Өкпе ошақты туберкулезінде

Бронхоэктатикалық ауруда

Өкпеден қан кету кезіндегі жедел жәрдем:

Кеуде тұсына мұзды мұйық қою

Кеуде тұсына жылытқыш қою

Кеуде тұсына қыша қағазын қою

Кеуде тұсына жылыту компрессін қою

Кеуде тұсына сүлік салу

Қай аурудың этиологиясында аллергия маңызды орын алады?

Өкпе демікпесі

Эксудативті плеврит

Крупозды пневмония

Өкпе абсцесі

Өкпе туберкулезі

Құрамында Шарко Лейден кристалдары, Куршман спиралдары мен эозинофилдер бар қақырық мына ауруға тән:

Өкпе демікпесіне

Эксудативті плевритке

Крупозды пневмонияға

Өкпе абсцесіне

Өкпе туберкулезы

Крупозды пневмонияда қақырық қандай түсте болады?

Тотық түсті

Ашық қызыл түсті

Сары түсті

Пиво түстес

Ақ түсті

Көбіне түнгі мезгілде дамитын ұстамалы экспираторлы ентікпе тән:

Өкпе демікпесіне

Созылмалы бронхитке

Эксудативті плевритке

Крупозды пневмонияға

Ошақты пневмонияға

Өкпе туберкулезі дегеніміз:

Кох таяқшалары әсерінен пайда болатын созылмалы жұкпалы ауру

Өкпенің созылмалы қабынуы

Өкпе ұлпаларының инфекциялы орнықты қабынулары

Өкпенің спецификалық емес қабынуы

Плевра қабының қабынуы

Өкпе туберкулезінің негізгі қоздырғышы:

Кох таяқшасы

Стрептококтар

Пневмококтар

Ішек таяқшалары

Энтерококтар

Құрғақ плевритте тындау кезінде анықталады:

Плевра үйкеліс шуы

Құрғақ сырылдар

Дымқыл сырылдар

Крепитация

Везикулярды дем алыс

Өкпе абсцесінің екінші кезеңінде беру қажет:

Жеке түкіргіш

Мұзды мұйық кеуде тұсына

Жеке ингалятор

Сүлік қою

Жылытқыш кеуде тұсына

Өкпе демікпесінің ұстамсы кезінде науқасқа енгізуге болмайды:

Морфин, промедол

Преднизолон, гидрокартизон

Эуфиллин, эфедрин

Димедрол, супрастин

Оттегі

Өкпеден қан кету кезінде мынадай препараттар қолданылады:

Децинон, аминокапрон қышқылы, викасол

Гепарин, ацетилсалицил қышқылы

Лимедрол, супрастин

Анальгин, баралгин

Клофелин, раунатин

Ошақты пневмония дегеніміз:

Өкпенің ошақты қабынуы

Өкпенің бөлігінің қабынуы

Өкпенің іріңді қабынуы

Өкпенің бір бөлігінің қабынуы

Плевра қабының қабынуы

Крупозды пневмония дегеніміз:

Өкпенің бір бөлігінің зақымдануымен және патоморфологиялық өзгерістерімен сипатталатын, клиникалық дамуы кезеңдікпен өтетін өткір өкпе қабынуы

Өкпенің ошақты іріңді қабынуы

Өкпенің инфекциялық аллергиялық қабынуы

Кох таяқшалары әсерінен өкпенің зақымдануы

Плевра қабының қабынуы

Өкпе туберкулезінің таралу жолдары:

Ауа, тұрмыстық қатынас, ауру адам мен мал арқылы

Жыныс жолдары арқылы

Инъекция арқылы

Дұрыс жауап жоқ

Барлық жауап дұрыс

Өкпе демікпесінің ұстамасы кезінде көрсетілетін жедел жәрдем:

Дымқыл өттегі, эуфиллин н/е эфедрин, адреналин, преднизолон көк тамырға

Клофелин н/е магний сульфат н/е лазикс көк тамырға, қыша қағазын желкеге, балтырға салу

Пенициллин н/е канамицин бұлшық етке

Нитроглицерин тіл астына, қыша қағазын жүрек тұсына салу

Папаверин немесе но-шпа бұлшық етке

Өкпеден қан кеткен кезде көрсетілетін жедел көмек:

Кеудеге мұзды мұйық салу, науқасты жатқызу, викасол бұлшық етке, аминокапрон қышқылы, кальций хлорид көк тамырға

Дымқыл оттегі, эуфиллин н/е эфедрин, адреналин, преднизолон көк тамырға

Клофелин н/е магний сульфат н/е лазикс көк тамырға, қыша қағазын желкеге, балтырға салу

Нитроглицерин тіл астына, қыша қағазын жүрек тұсына салу

Но-шпа немесе папаверин бұлшық етке

Өкпеден қан кеткенде қандай негізгі белгі тән?

Жөтелмен бірге ашық ал қызыл, көпірікті қан түкіру

«Кофе қоюы» тәрізді құсық құсу

Нәжістің қара май тәрізді болуы

Қоңыр қызыл түсті құсық құсу

Тамақ қалдығымен, қышқыл иісі бар құсық құсу

«Әйнек» тәрізді қақырықты жөтел, экспираторлы ентікпе – мына ауруға тән:

Өкпе демікпесіне

Жүрек астмасына

Өкпе шеменіне

Стенокардия ұстамасына

Крупозды пневмонияға

Өкпе демікпесіне науқас мынадай қалыпта болады:

Ортопноэ

Тіземен отырады

Бір қырынымен жатады

Шалқасымен аяқ жағын көтеріп жатады

Ауырған жағымен жатады

Өкпе демікпесінің ұстамасы кезінде өкпеде тындау кезінде анықталады:

Өкпенің барлық бөлігінде құрғақ ысқырықты сырылдар

Өкпенің төменгі бөлігінде дымқыл сырылдар

Бір жақ өкпеде орнықты дымқыл сырылдар

Бір жақ өкпеде амфориялық дем алыс

Везикулярды дем алыс

Өкпе демікпесінде кеуде сарайы:

Бөшкі тәріздес, қабырға аралары алшақ

Өзгермеген

Қабырға аралары жақын

Бір жағы үлкейіп, тері асты эмфиземасы бар

Құс төс тәрізді

Туберкулез ауруының негізгі симптомдары:

Дене қызуының көтерілуі, түнгі мезгілдегі тершендік, жөтел, қақырық тастау, қан түкіру, өкпеден қан кету, ентікпе, жүдеу

Дене қызуының төмендеуі, терінің құрғауы, құрғақ жөтел, кеуде құысының ауырғандығы, қан құсу, жүректің жиі соғуы

Дене қызуы бір қалыпта, құрғақ жөтел, кеуде құысының ауырғандығы, қан құсу

Таңертеңгісін жағымсыз иіспен іріңді қақырық тастау, әлсіздік, тамақтан бас тарту

Ұстамалы жөтел, көп мөлшерде іріңді қақырық тастау, кеуде құысының ауырғандығы

Өкпе туберкулезін анықтауда қандай қосымша зерттеулердің маңызы зор:

Флюрография, Манту сынамасын жасау, қақырықты зерттеу

ЭКГ

ФКГ

Бронхография

Спирография

Жедел бронхит дегеніміз

Бронхтың, бронхиоланың кілегей қабатының жедел қабынуы

Көмейдің кілегей қабатының жедел қабынуы

Өнештің кілегей қабатының жедел қабынуы

Өкпенің бронхиоларының, альвеодарының және басқа структураларының жедел қабынуы

Өкпенің жедел инфеккциялық қабынуымен, клиникалық белгілер дәріжесі ағымымен сипатталатын ауру

Бронхоэктаз ауруы дегеніміз:

Қалпына қайтып келмейтін бронхтағы өзгерістер және бронхтың функционалдық кемістігіне байланысты жүре бара болған өкпенің созылмалы локалды іріңді процессі

Грануляциялық тканімен, перифокалді қабыну инфильтрат аймағымен қоршалаған өкпе паренхимасындағы бір немесе бірнеше іріңді-некрозды сұйықтықпен толған қуыстың пайда болуымен сипатталатын өкпенің бейспецификалық қабыну ауруы

Бронхтың, трахеяның, бронхиолардың кілегей қабығының диффузды жедел қабынуымен сипатталатын тыныс алу жолдарымен созылмалы ауруы

Альвеолалар, бронхиолалар және өкпенің басқада структураларының әр түрлі этиопатогинезімен сипатталатың өкпенің ошақты қабыну процессі

Сатылы клиникалық ағымымен, өкпе тканінің циклдық патоморфологиялық өзгерістермен, өкпе бөлігінің қабынуымен сипатталатын ауру

Крупозды пневмонияның асқынуы:

Іріңді пневмония, эуссудативті плеврит, миокардит, жүректің ырғағының бұзылуы, ошақты нефрит, менингит

Өкпе эмфиземасы, ошақты пневмония, өкпе туберкулезі

Өкпеден қан кету, жөтел, өкпе инфаркты

Пневмосклероз, пневмокониоз, бронх демікпесі

Артриттер, бронхиттер, трахеиттер, бронх демікпесі

Бронхоэктаз ауруының пайда болуына себеп болатын аурулар:

Бронхопневмония, созылмалы деформациялық бронхит, өкпе туберкулезі, абсцессі, бронхқа бөгде заттардың енуі

Жедел бронхит, трахеит демікпесі

Құрғақ, эксудативті плеврит

Бронх демікпесі, миокардит

Ревматизм, пневмосклероз

Қай ауру жедел басталып, ентікпе, дене қызуы 38-40оС көтерілуі, қалтырау, бастың қатты аурғандығы, мұрынында, ерінінде ұшық, кеуденің зақымданған жағында акырғандық жөтелгенде, терең дем алғанда ұдей түседу, тотық түсті қақырық пайда болады:

Крупозды пневмония

Өкпе туберкулезі

Жедел бронхит

Созылмалы бронхит

Экссудативті плеврит

Инспираторлы ентікпе дегеніміз:

Дем алудың қиындауы

Дем алудың тоқтап қалуы

Дем шығарудың қиындауы

Дем алмасуы

Сирек дем алуы

Экспираторлы ентікпе дегеніміз:

Дем шығарудың қиындауы

Дем алудың қиындауы

Дем алудың тоқтап қалуы

Дем алмасуы

Сирек дем алуы

Құрғақ плевриттің негізгі клиникалық белгілері:

Кеуденің ауыруы тыныс алғанда, жөтелгенде өршуі, тындағанда плевраның үйкеліс шуы, дене қызуы, интоксикация белгілері

Кеуде қуысының ауырғандығы, жөтел, қақырық тастау, ентікпе, тындағанда ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар

Төс артының ауыруы, нитроглицерин әсері оңды

Таңертенгілік мезгілде ауызға толы сасық иісті қақырық бөлуі

Тотық түсті қақырық тастау, ентікпе, ұшық, қызу

Жедел бронхиттің пайда болу себептеріне жатпайды:

Уайым-қайғы, күзеліс

Ыссы, салқын ауаның әсері

Инфекция-вирусты, бактериялдық

Темекі, ішімдік пайдалану, салқын тию, механикалық тітіркендіргіштер әсері

Қышқыл, сілтілік улы булармен дем алу

Созылмалы бронхит дегеніміз:

Бронхтің кілегейлі қабығының және басқада қабаттарының қабынуымен, тұрақты немесе ұстамалы жөтелмен сипатталатын созылмалы ауру

Дертті түрде кеңіген бронхтың қабынуы

Өкпеде дәнекер тканінің өрбіп өсуі

Өкпенің кілегей қабығының жедел, созылмалы қабынуымен сипатталатын ауру

Плевраның қабынуымен сипатталын ауру

Плевритті тудыратын микробтар көбінесе:

Туберкулез микобактериясы

Ішек қоздырғышы

Стрептококктар

Қызылша вирустар

Вирустар

Плеврит дегеніміз:

Плевра қабықтарына фибриннің шөгу немесе плевра қуысына сұйықтықтың жинауымен сипатталатын ауру

Жедел пневмонияның асқыну салдарының туатын, инфекциялық этиологиялы өкпенің ошақты созылмалы ауруы

Әр түрлі патологиялық процесстің әсерінен өкпенің функциясының бұзылуыменен дәнекер тканінің өсуімен және оның тығыздануымен сипатталатын ауру

Өкпе тканінің патоморфологиялық циклдық өзгерістерімен, клиникалық ағымының дәрежелрімен, бір бөліктің жедел қабынуымен сипатталатын ауру

Бронхиола альвеола және өкпенің структуралық элементтерінің, этиопатогенезіне сай өкпенің жедел қабынуы

Өкпенің іріңді ауруларына жатады:

Өкпе абсцессі, бронхоэктазия ауруы

Бронхиттер

Бронх демікпесі

Пневмония

Өкпе туберкулезі

Қандай дәрілер өкпе туберкулезін емдеуге қолданылады?

Изониазид, рифмапицин, этамбутол, стрептомицин

Пенициллин, линкомицин

Преднизолон, кортизон

Сульфаниламидтер, левомицетин тобы

Бисептол, аспирин, стрептомицин

Крупозды пневмонияның клиникасы:

Жедел басталады, ентікпе, дене қызуы 38-40оС көтерілуі, бастың қатты ауыруы, мұрынында, ерінінде ұшық, кеуде ауырғандық жөтелгенде, терең дем алғанда ұдей түседу, тотық түсті қақырық

Бірітіндеп басталуы, дене қызуы 37оС көтерілуі, құрғақ жөтел, мұрыннан қан кету, ентікпе

Аяқтың, бетінің ісінуі, жөтел, іріңді қақырық тастау, ентікпе

Қан қысымының көтерілуі, кеуде қуысының ауырғандығы, жөтел, кілегей қақырық тастау

Қан қысымының төмендеуі, тері, кілегей бозаруы, қиындықпен бөлінетін қақырық

Созылмалы бронхит асқынуларын атап өтіңіз:
  1   2   3   4   5


написать администратору сайта