пропеж. Тыныс жйесі модульі бойынша ішкі аурлар пропедевтикасы пнінен 3 курс студенттеріні ортынды білімін, науастарды тексеру дістерін орындауын жне дадыларын баалауа арналан баылаулшегіш ралдары
Скачать 34.18 Kb.
|
«Тыныс жүйесі» модульі бойынша ішкі аурлар пропедевтикасы пәнінен 3 курс студенттерінің қортынды білімін, науқастарды тексеру әдістерін орындауын және дағдыларын бағалауға арналған бақылау-өлшегіш құралдары *** 1)Жоғарғы тыныс жолдарындағы кедергі қандай өзгерістерге әкеп соқтырады// Инспираторлық ентікпе *** 2)Ұсақ бронхтар мен бронхиолдар түйілуі қарағанда көзге көрінетін қандай өзгерістер береді:// Экспирациялық ентікпе *** 3)Өкпенің тыныс алу көлемінің азаюы қандай көзге көрінетін өзгерістер береді// Аралас демікпе *** 4)Кенеттен қатты ұстама тәрізді ентігудің аталуы:// Астма (тұншығу) *** 5)Тыныс жетіспеушілігі дәрежесін анықтаудың клиникалық көрсеткіші// Ентігу,цианоз (ісінудің сонғы сатысында) *** Кеудені қарағанда ассиметрия бары анықталса, қандай визуальды көрсеткіштер зақымдалған жақты анықтауға мүмкіндік береді?// Ауру жақтың қалыңқы болуы *** Дауыс дірілінің аускультативті эквивалентін атаңыз:// Бронхофония *** Альвеолдардың патологиялық үрдіске қатысуын қандай тыныс шуы білдіреді// Қосымша (крепитация) *** Қандай аускультативті феномен өкпе тіні тығыздалуының ерте пайда болатын белгісі// Маятник тәрізді, бронховезикулярлы тыныс *** Өкпе тінінің қабынудан тығыздалуының алғашқы сағаттарында (крупозды пневмонияның қан құйылу сатысында) аускультацияда естілетіні:// Крепитация *** Науқас 72 жаста, көп жыл бойы тәуоігіне 1 қораптан шылым шегеді, таңертеңгілікте жөтеледі, жабысқақ сұр түсті қақырық бөледі. Объективті қарағанда кеудесі күбі тәрізді кеңіген, дауыс дірілі әлсіреген және әлсіреген везикулярлы тыныс. Осы науқаста енді қандай басты шағымның бірі болуы мүмкін?// Аралас ентігу *** Науқас 32 жаста, бензин буымен дем алғаннан кейін экспираторлы тұншығу сезімі пайда болды. Объективті қарағанда дене қалпы ортопноэ, қашықтықтан естілетін құрғақ ысқырықты сырылдар бар. Аускультацияда: өкпенің барлық аймақтарында шашыраңқы құрғақ сырылдар. Науқаста қандай синдром белгісі бар?// Бронхиальды обструкция *** Науқас 32 жаста, кеудесі қалыпты пішінді, тыныс қимылынан аз-кем қалыңқы. Перкуссияда оң жақта тынық дыбыс анықталады, аралық қуыс ығыспаған, осы тұста айқын крепитация, дыбысты ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Науқаста қандай синдром белгілері бар?// Ошақты пневмония *** Науқас 32 жаста, кеудесі қалыпты пішінді, тыныс қимылынан аз-кем қалыңқы. Перкуссияда оң жақта тынық дыбыс анықталады, аралық қуыс ығыспаған, осы тұста айқын крепитация, дыбысты ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Тыныс сипаты қалай өзгереді?// Қатқыл қатаң тыныс,дем шығару ұзарған *** Жағымсыз сасық иісті қақырық бөлінуі// А) өкпе рагінде Б) крупозды пневмонияда В) созылмалы бронхитте + С) өкпе абсцессінде Д) тыныс (бронх) демікпесінде Плевра қуысында сұйықтық жиналуына тән перкуторлы дыбыс қандай// А) айқын өкпелік Б) қорапты + В) тынық Д) тынықтау-тимапникалық Е) тимпаникалық Балалар өкпесінде естілетін тыныс аталуы қандай// А) везикулярлы + Б) пуэрильді В) әлсіреген везикулярлы Д) бронхиальды Е) күшейген везикулярлы Патологиялық бронхиальды тыныс естілуі// А) тыныс (бронх) демікпесінде Б) құрғақ плевритте В) созылмалы бронхитте + Д) крупозды пневмонияда Е) өкпе эмфиземасында Ылғалды сырылдың пайда болуы// А) бронхтардың бұлшық еттері түйілгеннен Б) бронх өзегінде жабысқақ сөл жиналғаннан В) бронхтардың кілегеі қабаты ісінгеннен + Д) бронхтарда сұйық қақырық жиналғаннан Е) бронх өзегі бітелгеннен *** Плевраның үйкелу шуының сырылдар мен крепитациядан айырмашылығы// А) тек ішке дем алған кезде естіледі Б) жөтелден соң дыбыс өзгереді В) стетоскопті басыңқырап тыңдағанда әлсірейді Д) тек тыныс шығару кезеңінде естіледі + Е) ауыз-мұрынды жауып орындаған «жалған» тыныс қимылдарында естіледі *** Құрғақ сырылдар қалыптасу механизмін көрсетіңіз// + А) бронхттар тарылып, өзегінде жабысқақ сөл пайда болғаннан Б) патологиялық қуыста сұйық сөл болғаннан В) плевра жапырақшалары беттері қалыңдағаннан Д) альвеолдар қабырғасы тербелісінен Е) альвеолдарда сұйықтық пайда болғаннан *** Ауа және қақырыққа толған өкпе қуысы тұсында естілетіні// А) ызылдаған құрғақ сырылдар Б) ысқырықты құрғақ сырылдар В) крепитация Д) ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар + Е) бронхиальды тыныс және ылғалды ірі көпіршікті сырылдар *** Бронхтар өзегі жабысқақ сөлмен тарылғанда естілетін тыныс// А) амфоралық Б) везикулярлы + В) қатаң Д) бронхиальды Е) күшейген везикулярлы *** Өкпеде түйінді тығыздалулар пайда болғанда естілетін тыныс қандай// А) везикулярлы + Б) бронховезикулярлы В) бронхиальнды Д) әлсіреген бронхиальды Е) күшейген везикулярлы *** Қарағанда кеуденің бір жартысы тыныстан қалыңқы, қабырға аралық кеңістік жазыңқы және шығыңқы болса, дауыс дірілі анықталмаса, перкуторлы тынық дыбыс болса, қандай патологиялық өзгеріс туралы ойлау керек// + А) экссудативті плеврит Б) бөліктік пневмония В) пневмоторакс Д) құрғақ плеврит Е) ошақты пневмония *** Қарағанда кеуденің бір бөлігі тыныстан қалыңқы, кеуденің осы жері ішке қарай ойысқан (батыңқы). Қандай патология туралы ойлаған жөн// + обтурациялық ателектаз гидроторакс өкпедегі қуыстан пневмоторакс бөліктік қабыну *** Науқас іріңді қақырық бөлінуіне, жөтелге шағымданады. Әсіресе осылар сау жағына жатқан кезде, алға қарай еңкейгенде күшейеді. Сонымен қатар енгігеді, кейде қан қақырады. Анамнезінде: бала кезінде бронхитпен, пневмониямен жиі ауырды. Перкуссияды: сол жақта аздап перкуторлы дыбыс тұйықталған және көк ет қозғалғыштығы шектелген. Аускультацияда: жөтелден соң азаяатын ірі-орта көпіршікті ылғалды сырылдар. Рентгенограммада: өкпе суреті күшейген және ұялы өзгерістер бар. Қандай ауру туралы ойлаған жөн// + А) бронхоэктазиялық ауру Б) крупозды пневмония В) өкпенің жедел абсцессі Д) тыныс (бронх) демікпесі Е) экссудативті плеврит *** Ауру 25 жаста. Спортпен айналысып жатқан кезде кеуденің оң бөлігінің қатты шаншуы, ентігу пайда болған. Қарағанда кеуденің оң бөлігі тыныстан қалыңқы, дауыс дірілі әлсіз, перкуторлы дыбыс тимпанды. Аускультацияда қандай тыныс шуы естіледі// + әлсіреген везикулярлы тыныс әлсіреген бронхиальды тыныс қатаң тыныс саккодирлі тыныс *** Ауру 25 жаста. Спортпен айналысып жатқан кезде кеуденің оң бөлігінің қатты шаншуы, ентігу пайда болған. Қарағанда кеуденің оң бөлігі тыныстан қалыңқы, дауыс дірілі әлсіз, перкуторлы дыбыс тимпанды. Ауруда қандай синдром бар// А) өкпе тіні тығыздалу Б) обтурациялық ателектаз + В) пневмоторакс Д) гидроторакс Е) өкпе ауалылығы өсу синдромы *** Іріңге толы өкпе қуысы бар науқастың мәжбүрлі қалпын көрсетіңіз// Ауыратын қырымен жатады. *** Кеуденің ауруы пайда болуы// А) бронхтардағы обструктивті өзгерістерден Б) өкпедегі рестриктивті өзгерістерден В) өкпе тіні ыдырағаннан Д) өкпенің түйінді қабынуынан + Е) плевра зақымдалғаннан *** Сақтана дем алумен, жөтелмен сипатталатын ауруды көрсетіңіз// + А) құрғақ плеврит, крупозды пневмония Б) жедел және созылмалы бронхит В) интерстициальды не өкпе түбірі тұсындағы пневмония Д) орталықта (өкпе түбірі тұсында) орналасқан өкпе рагі Е) өкпе абсцессі және бронхоэктаздары *** Көлемді 300 мл не одан да көп қақырық бөлумен сипатталатын ауруды көрсетіңіз// А) түйінді және крупозды пневмония Б) өкпе эмфиземасы, пневмосклероз В) тыныс(бронх) демікпесі Д) іріңді обструктивті бронхит + Е) өкпе абсцессі, бронхоэктаз ауруы *** Терең шулы және сирек тыныс түрі аталуын атаңыз// + А) Куссмауль тынысы Б) Биотт тынысы В) Чейн-Стокс тынысы Д) Грокко тынысы Е) аралас тыныс *** Біржақты дауыс дірілінің күшеюі болатын патология мысалын көрсетіңіз// А) пневмоторкс Б) гидроторакс В) гемоторакс + Д) өкпенің бөліктік қабынуы салдарынан тығыздалуы Е) обтурациялық ателектаз *** Өкпенің жедел абсцессінің тығыздалуы сатысында перкуторлы дыбыс// + А) тұйықталған Б) тынық В) қорап тәрізді Д) тимпаникалық реңді Е) айқын өкпелік дыбыс *** Өкпенің жедел абсцессінің екінші кезеңіне тән емес клиникалық симптомды табыңыз// + А) дене қызуының 40 градусқа дейін көтерілуі Б) кенеттен көлемді іріңді қақырықтың бөлінуі В) кейде қақырықпен қан бөлінуі Д) дене қызуының қалыпты мөлшерге дейін төмендеуі Е) мол қақырық бөлінгеннен кейін науқас сезімдерінің жақсаруы *** Бронхтардың «таңертеңгілік туалеті» кездеспейтін патологияны атаңыз// А) өкпе абсцессі + Б) өкпе эмфиземасы В) бронхоэктазиялық ауру Д) өкпе рагінің ыдырау сатысы Е) кавернозды туберкулез *** «Айқын өкпелік перкуторлы дыбыс» дегеніміз – ол// Күшті,ұзақ,төмен дыбыс *** Салыстырмалы перкуссия ережесіне қайшы жауапты табыңыз// Алдымен 1 өкпені, сосын келесі өкпені перкуссиялау *** Инспираторлы ентігу дегеніміз – ол// Демді ішке алудың қиындауы *** Қиын бөлінетін жабысқақ қақырық бөлу қандай патологияға тән// Тыныс демікпесі (астма) *** Өкпе эмфиземасы бар науқас кеудесіндегі перкуторлы дыбыс қандай// Қорап тәрізді *** Өкпе тіні тығыздалу синдромында перкуссияда анықталатын дыбыс// Тынық дыбыс *** Бөшке тәрізді кеудеде өкпе тұсында анықталатын перкуторлы дыбыс// Қорап тәрізді *** Бронхитке тән тынысты атаңыз//ееее Қатқыл везикулярлы (ылғалды сырыл) *** Плевраның үйкелу шуының сырылдар мен крепитациядан айырмашылығы// Жалған тыныс *** Везикулярлы тыныстың патологиялық әлсіреуі// Крупозды пневмония (1 саты) *** Ішке дем алудың соңында құлақ түбінде құрғақ шашты уқалағандағы дыбысқа ұқсас тырсыл тәрізді дыбыстар естілуі// Крепитация *** Спирография не спирометрия арқылы анықталмайтын көрсеткішті атаңыз// А) Тыныс қоры көлемі Б) Қалдық ауа көлемі В) Қосымша көлем Д) Тыныс көлемі + Е) Дем алғандағы, дем шығарғандағы ауа ағымы тездігі *** Тыныс жүйесінің функциональды зерттеу әдісіне жатпайтынын көрсетіңіз// А) спирометрия Б) Пневмотахометрия В) Оксигемометрия Д) Бронхография Е) капиляроскапия *** Дене қалпына байланысты мол көлемді іріңді қақырық бөлу, жөтел тән патология// А) Іріңді обструктивті бронхит Б) Өкпе эмфиземасы + В) Өкпе іріңдігі Д) Пневмокониоз Е) Компресионды ателектаз *** Плевраның патологияға қатысуымен байланысты симптом// А) Везикулярлы тыныстың күшеюі + Б) Тыныс алғанда кеуденің ауруы В) Қан қақыру Д) Тотық түсті қақырық Е) Экспероторлы ентігу *** Кеуденің бір бөлігі көлемі өсуі кездесетін патология// А) Обтурациялық ателектаз Б) Крупозды пневмония В) Пневмосклероз + Д) пневмоторакс Е) Тыныс демікпесі *** Экссудативті плеврите дауыс дірілі қалай өзгереді// А) Өзгермейді + Б) Сұйық тұсында әлсірейді, тіпті анықталмауы мүмкін В) Екі жақтада күшейеді Д) Екі жақтада әлсірейді Е) Сұйық үсті тұсында күшейеді *** Өкпенің төменгі шегінің екі жақта да төмендеуі болатын патология/ А) Пневмонияларда + Б) Өкпе эмфиземасында В) Асцитте Д) метиоризмде Е) Бауыр өскенде *** Қатаң тыныспен қатар дыбыссыз ылғалды сырылдар естілуі тән патология// А) Эксудативті плеврит Б) Крупозды пневмония 11 сатысы В) Крупозды пневмония 1 сатысы Д) Ошақты пневмония + Е) Созылмалы бронхит *** «Status astmaticus» жағдайында өкпе аускультациясында естілетіні// А) Ызылдайтын сырылдар + Б)Құрғақ, ысқырықты сырылдар, мылқау аймақтар В) Орташа көпршікті ылғалды сырылдар Д) Ірі көпіршікті ылғалды сырылдар Е) Дыбыссыз ұзақ көпіршікті сырылдар *** Қосымша Доп Пульм Каз 107-120 *** Перкуссиялағанда тимпаникалық дыбыс негізделуі// Қуыс кеңістігі *** Келтірілген мысалдардың қайсысында кеуде аурады// Плевра зақымдалған *** Тат түстес қақырық бөлінуі// Крупозды пневмония *** Кеуденің астеникалық пішініне тән белгілерін көрсетіңіз// Бойы ұзын,90 томен,зат алмасу жоғары, *** Омыртқа жотасының артқа қарай дөңестеніп қисаюы қалай аталатынын көрсетіңіз// Кифоз *** Егер науқасты қарағанда кеуденің жарты бөлігі басыңқы болса және ол тыныс алғанда қалыңқы болса, осы өзгерістер қандай патологияға тән екенін көрсетіңіз// Обструкциялық ателектаз *** Өкпенің компрессиялы ателектазына қандай перкуторлы дыбыс тән// *** Бронхпен тар саңылау арқылы қосылатын каверна қандай перкуторлы дыбыс береді// Жарылған құмыра *** Қалыпты жағдайда Крениг кеңістігі енін көрсетіңіз// А) 3-4 см + Б) 5-8 см В) 8-10см Д) 1-2 см Е) 10-12см *** Балалар өкпесін тыңдағанда қандай тыныс естіледі// А) Везикулярлы + Б) Пуэрильді В) Бронхиалды Д) Әлсіреген везикулярлы Е) Күшейген везикулярлы *** Қарағанда кеуде клеткасы бөшке тәрізді боп, аускультациялағанда өкпеде үнсіз везикула тынысы естілсе, олар қандай патологияға тән// А) Түйінді пневмония Б) Диффузды пневмосклероз В) Крупозды пневмония Д) Екі жақты пневмоторакс + Е) Өкпе эмфиземасы *** Крепитация қандай патологияда естіледі// А) Бронхтардың жабысқақ сөлмен тарылуында Б) Бронхтар кілегей қабығының ісінуінде В) Бронхтар ішінде сұйық немесе қоймалжың сөл жиналғанда + Д) Алвеолаларда сұйық сөл жиналғанда Е) Бронхтар бұлшықеті түйілгенде *** Өкпені тыңдағанда дәрігер қатқыл тыныспен қатар үнсіз дыбысты ылғалды сырыл естісе, олар қандай патологияға тән екенін көрсетіңіз// А) Түйінді пневмония Б) Крупозды пневмония В) Крупозды пневмонияның 11 сатысы Д) Экссудативті плеврит + Е) Созылмалы бронхит *** Тыныс демікпе ұстамасы кезінде науқас өкпесінде естілетін сырылды атаңыз// *** А) Ызылдаған сырыл + Б) Құрғақ ысқырықты сырыл В) Ірі көпіршікті сырыл Д) Орта көпіршікті сырыл Е) Ұсақ көпіршікті, үнсіз сырыл Н ПРО БҚММУ 703-15-15. Бақылау-өлшеу құралдары (білім алушылардың білімін, біліктілігі мен дағдыларын бағалау үшін), БӨҚ эталоны (бақылау сұрақтары, тесттер, билеттер). Төртінші басылым. Ф ПРО ЗКГМУ 703-15-15. Контрольно-измерительные средства (для оценки знаний, умений и навыков обучающихся), эталон КИС (контрольные вопросы, тесты, билеты). Издание четвертое. |