Главная страница

аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден. Тыныс жолдары ауруында


Скачать 18 Kb.
НазваниеТыныс жолдары ауруында
Анкораурулар
Дата17.12.2021
Размер18 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден.docx
ТипДокументы
#307230

Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді.

Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді.

Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешекқызылшаполиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.

Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар:

  1. ауру қоздырғышы (микроб),

  2. сыртқы орта және

  3. қабылдаушы сезімтал организм.

Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактериявируссаңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсиямикоплазмахламидия, т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегіпаратифдизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, битбезгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады.


написать администратору сайта