8.06сит. есеп. Тыныс жолдары обструкциясыны алдын алу
Скачать 16.44 Kb.
|
Ситуациялық есептер №1. Науқаста тыныс алу жүйе қызметі бұзылған. Науқаста АҚҚ төмендеуі,тыныс алу жиілігі жоғарлауы. Тыныс жолдары обструкциясының алдын алу: Іркілісті пневмония және бронхит жиі төсек тәртібіндегі пациенттерде байқалады. Өкпенің төменгі аймақтары тыныс алу кезінде толығымен жайылмайды, төменгі аймақтарға ауа жетіп бармайды. Мұрын қуысында, трахея , бронхтарда қою шырыш жиналып, микробтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туады. Патогенді микробтардың көбеюі пневмония дамуына алып келеді. Іс –әрекеттері: -Пациентті төсегінде жайлы қалыппен қамтамасыз ету, төсектің бас жағын көтеру; -Күніне 2 реттен кем емес мұрын, ауыз қуыстарын тазалау; -Қақырықты жібіту және бөлінуін жақсарту үшін сілтілі ингаляциялар, қақырықты түсіретін микстуралар беріледі. -Кеудеге қанның келуін күшейту және зат алмасу процестерін жақсарту үшін күнара оңқа немесе қыша қойылады, тәулігіне 2 кеудеге уқалау жүргізіледі. -Активті және пассивті тыныс гимнастикасын орындау, резеңке шар үрлеу ұсынылады. Кез-келген инсультта есте сақтау, зейін бұзылулары, психикалық қызметті бақылау бұзылады. Мейіргернің міндеті: -Туыстарына бұзылулар сипатын түсіндіру; -Дәрігердің келісімімен эмоционалды тұрақсыздық және шаршағыштық жағдайында пациенттің туыстарымен қарым- қатынасын шектеу; -Емдеу және реабилитацияға пациентте жағымды эмоция адамдарды қосу; -Пациентті асықтырмау; -Таным процестері бұзылғанда пациентке уақыт,орын,маңызды адамдар туралы ескерт; Инсульт кезінде сөйлеу бұзылулары байқалады. Пациенттерде сөйлеу қабілеті немесе сөздерді түсіну қабілеті бұзылады. Сөйлеу бұзылулары жиі депрессияға алып келеді, пациентте жазылу сенімінің жоғалуына алып келеді. Сөйлеу қызметінің қалпына келуі кейде 3-4 жылдарға дейін созылады. №2. 1.Науқаста жүрек-қан тамырлар жүйесі бұзылған 2.Науқаста АҚҚ жоғарылауы 3. ЖҮРЕК РЕАБИЛИТАЦИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ І-кезең- стационарлы пациенттердің реабилитациясы. Стационарда реабилитацияның бірінші кезеңі пациент өмірін ерте белсендету және жүрек-қантамыр жүйесі ауруының мәнін түсіну үшін туыстарын психологиялық дайындауды өз ішіне алады. Реабилитация жүргізу және физикалық, физиологиялық көрсеткіштерді қалыптастыру барысында пациенттерге сауығып кетуі үшін қандай факторларды бақылау қажеттілігі түсіндіріледі. Реабилитацияның бірінші кезеңінің міндеттері пациенттің стационарда болу мерзіміне, ота түріне, санына байланысты болып келеді. Ауруханадан шығар алдында пациентті жүрек реабилитациясы бағдарламасы туралы ақпараттандыру қажет. ІІ кезең- амбулаторлы пациенттер реабилитациясы- жүрек реабилитациясының негізгі міндеті екінші кезеңге тура келеді, 3 айдан 12 айға дейін созылатын бағдарлама құрастырылады. Реабилитация бағдарламасын орындау пациент стационардан шыққаннан соң басталады. Бағдарламаның созылу уақыты пациенттің физикалық белсенділік деңгейіне болған қажеттілігіне және ауру ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Жүрек реабилитация бағдарламасы бөлімдері: -Өмір барысында пациенттің мүмкіндіктерін кеңейту -Физикалық жаттығулар -Тамақтану бағдарламасы -Дене салмағын тұрақты ұстау -Шылым шегуді тоқтату -Физикалық көрсеткіштерді басқару -Фармакотерапия Физикалық белсенділік функционалды мүмкіндіктерді арттырады, қауіп факторларын төмендетеді және жүрек-қантамыр жүйесі аурулар жиілігін едәуір төмендетеді. Жүйелі физикалық белсенділіктің мақсаты болып дене салмағын төмендету саналады,ол өз кезегінде кенеттен өлім қаупін төмендетеді. Жүректің ишемиялық аурулары бар пациенттер шылым шегуді тастауға физикалық және рухани дайын болуы керек және «пассивті» шылым шегуден қашу керек. |