алынбайтын protez аскыну. Тістерді протездеу
Скачать 22.52 Kb.
|
Тістерді протездеу – бұл бүкіл әлемдегі ең қажетті және танымал медициналық процедуралардың бірі болып табылады. Себебі, протез орнату әртүрлі ауыр стоматологиялық мәселелермен кездескен адамдарға әдемі және сау күлкіні қайтаруға мүмкіндік береді. Алайда протездеу үрдісі басқа да стоматологиялық манипляциялар сияқты әртүрлі асқынуларға әкелуі мүмкін. Ауыз қуысында кез келген патологиялық процесстің дамуын көрсететін кез келген белгіні байқау дәрігерге көрінуге себеп болып табылады. Алынбайтын протездеуден кейінгі асқынулар себептері ортопедиялық емді диагностикалау мен жоспарлау қателіктері ауыз қуысын протездеуге дайындаған кездегі қателіктер протездеудің клиникалық кезеңдерінің қателіктері протездеудің техникалық кезеңдерінің қателіктері ауыз қуысының нашар гигиенасы Алынбайтын протездеу кезінде ең жиі кездесетін асқынулар: токсикалық стоматит; протездеу астындағы тіс аурулары пародонтиттер протездеу кезінде қолданылатын материалдарға аллергиялық реакциялар гальваникалық синдром тым биік немесе тым қысқа сауыт әсерінен дұрыс емес тістем физикалық дискомфорт Стоматит және гингивиттер (қызыл иектің қабыну процесстері) Токсикалық стоматит — металлдық протездер арасындағы электрохимиялық процесстер нәтижесінде сілекейге түсетін «ауыр» металлдар әрекетіне негізделген ауру. «Ауыр» металлдар бұл жоғары атомдық массасы бар металлдар. Металлдық протездің әсеріне негізделген токсикалық стоматит тілді күйдіру, ащы дәм келу, гиперсаливация, парестезия құбылысы, жалпы жүйке статусының бұзылуы сияқты субъективті симптомдармен көрінеді. Тілді күйдіру деңгейі әр науқаста әр түрлі болып келеді, ол ауыздағы металлдық протездер саны және оны қолдану ұзақтығына тікелей байланысты. Күйдіру әдетте тұрақты түрде болады және бас ауыру, тітіркендіргіштік, нашар ұйқымен қатар жүреді. Асқынудың бұл түрі негізінен тісті қате егеу әсерінен болады. Екінші себебі ретінде қызыл иекке батып тұратын көпір тәрізді протездің өте массивті аралық бөлімі болуы мүмкін. Ол қысым түсетін аймақтағы өткір ауырсыну, қызару және ісінумен сипатталады. Сонымен қатар аралық бөлім және қызыл иек арасындағы аралықтың тым ұзын немесе тым қысқа болуы қате болып саналады, себебі ол тамақ және бактерия қалдықтарының жиналуына әкеліп. Соңында жағымсыз иіс және қабыну реакциясын тудырады. Көпір тәрізді протездің және бөлек сауыттардың үшкір қырлары болуы тіл және ұртты қажау сияқты созылмалы жарақаттарды тудыруы мүмкін. Протездеуден кейін туындаған ауыз қуысының шырышты қабатының кез келген қабыну құбылыстарында дәрігерге көрінген жөн. Қабынуға қарсы терапия ретінде әртүрлі гельдер қолдануға болады, мысалы Метрогил Дента және Ротокаин сияқты әртүрлі экстракттар. Протездер астындағы тіс аурулары (кариес, пульпит, периодонтит)Барлық ортопедиялық конструкциялар түгел сау немесе алдын ала протездеуге дайындалған тістерге бекітіледі екенін ескеру қажет. Жеткіліксіз диагностика немесе ауыз қуысының протездеуге дұрыс емес дайындығы кезінде сауыт астындағы кариес, пульпит немесе тіпті периодонтит пайда болуы мүмкін. Уақытылы анықталмаған патологиялық процесс нәтижесінде тісті жұлдыртуға дейін әкеледі. Периодонтит пайда болуына конструкцияны жоспарлаған кезде белгілі бір ережелерді сақтамау себеп болады, мысалы егер көпір тәрізді протез тым ұзын немесе сауыт тым биік болуы, ол тісті сүйекте ұстап тұратын тіндерге көп күш түсуін тудырады. Кариес, пульпит и иные заболевания зубов под протезами возникают из-за несоблюдения требований гигиены. Для того, чтобы протезная конструкция не оказывала слишком сильного давления на десенные ткани, ее всегда устанавливают таким образом, чтобы между ее нижним краем и десной оставалось небольшое пространство. В этом пространстве скапливаются кусочки пищи и бактерии, которые могут провоцировать появление неприятного запаха, развитие воспалительного процесса и кариеса. Именно поэтому эта маленькая щель нуждается в тщательном уходе (в промывании водой и антисептическими препаратами, очищении при помощи зубных нитей, проведении профессиональных гигиенических мероприятий у стоматолога). Протез астындағы кариес, пульпит және тағы басқа тіс аурулары гигиена талаптарын сақтамаған кезде пайда болады. Протез конструкциялары қызыл иек тіндеріне қатты қысым түсірмеу үшін оны әрқашан оның төменгі қыры мен қызыл иек арасында шамалы кеңістік қалатындай етіп орналастырады. Бұл кеңістікте жағымсыз иіс пайда болуына, қабыну процессі және кариестің дамуына әсер ететін тамақ және бактерия қалдықтары жиналады. Сондықтан бұл кішкентай аралыққа аса күтім қажет(антисептикалық препараттар және сумен шаю, тіс жіптері көмегімен тазарту, стоматологта кәсіби гигиеналық шараларды өткізу). Пародонтиттер (тісті қоршайтын барлық тіндердің қабыну үрдістері) Алынбайтын протездеу кезіндегі пародонтиттердің ең негізгі себебі ол тістерді уступсыз егеу болып табылады. Нәтижесінде тіс технигі модельде дұрыс сауытты жасай алмайды. Ол міндетті түрде тістен түсіп тұрады және түсіп тұрған қырыныі астында фиксация кезіндегі цемент қалады, ол патологиялық реакцияны тудырады және цементты конструкцияны зақымдамай ол жерден алу мүмкін емес. Ол қызыл иек көгеруі, ісіну және қанағыштығымен көрінеді. Әдетте эстетикасы да бұзылады. Конструкция таңдау организмнің жалпы жағдайы, қызыл иек биотипі, ақау ауқымы және т.б факторларға байланысты болады. Барлық жағдайларды ескермеген кезде тісті қоршайтын барлық тіндердің қабыну үрдістері пайда болып, ол зақымдалған тіс жанындағы сүйектің атрофиясына және оны жоғалтуға алып келеді. Бұл асқынудың алдын алу шарасы ретінде одонтопародонтограмма жүргізіледі, ол протездеу кезінде протездің дұрыс конструкциясын және тірек тістердің санын анықтауға мүмкіндік береді. Протездеу кезінде қолданылатын материалдарға аллергиялық реакциялар Бұл протездеу үрдісінің ең жиі кездесетін асқынулардың бірі болып табылады. Бұл патологияның негізгі симптомдары болып табылады: ауыз қуысының шырышты эпителийінің қызаруы мен ісінуі қол және бет терісінде бөртпелердің пайда болуы сілекей безінің қабынуы астма ұстамалары ауызда құрғау және күйдіру Аллергияның алғашқы белгілері протезді қондырғаннан кейін бірден немесе бірнеше сағат өткесін пайда болады. Кез келген аллергия симптоматикасы байқалғанда тезірек дәрігерге көріну қажет. Протез орнатқаннан кейінгі физикалық дискомфорт пациентті 10-15 тәулік арасындамазалауы мүмкін. Көбінесе протездеу процедурасын өткен адамдар сөйлеу функцияларының бұзылысы, сілекей бөлінудің күшеюі, ауызда жат дененің сезілуі сияқты сезімдермен кездеседі. Гальваникалық синдромГальваникалық синдром деп ауыз қуысында гальваникалық токтың пайда болуын атайды. Бұл құбылыстың негізгі себебі болып ауызда әр түрлі металдардың болуы саналады. Электролитке салынған кез келген құйма тек өзіне тән потенциалға ие болады екені белгілі. Егер ауыз қуысында әр түрлі потенциалды материалдар бар болса, онда гальваникалық токтың пайда болуына жағдай жасайтын барлық шарттар пайда болады. Бұндай жағдайларда электролит функциясын сілекей атқарады. Гальваникалық синдромға тән:ауыз қуысында металлдық дәм пайда болу ұйқы бұзылысы бас аурулары аллергиялық реакциялар протездің металлдық бөлшектерінің қараюы науқастың жалпы жағдайының нашарлауы Гальванизмды анықтағаннан кейін барлық металлдық конструкцияларды бионертті материалды протездерге ауыстыру қажет. Тым биік немесе тым қысқа сауыт пен тістердің әсерінен дұрыс емес тістемТым қысқа клиникалық сауыт болған кезде шайнау функциясының эффективтілігі төмен болады, ал тым ұзын болса барлық шайнау аппаратына көп күш түседі. Дұрыс емес тістем ерте немесе кеш самай-төменгі жақ буынын жағынан және неврологиялық ауыр бұзылыстарға алып келеді. Егер пациент протездеуден кейін буын ауырсынуын сезінсе, дереу дәрігерге қаралуы керек. |