Сорғыларды тізбектей қосу. 12Соргыларды тизбектей косу. Тізбектей осу
Скачать 80.92 Kb.
|
Сорғы станцияларында қажетті арынды және берілісті (напор) қамтамасыз ету үшін бірнеше сорғыларды орнатады. Арынды ұлғайту үшін сорғылар тізбектей қосылады, ал берілісті ұлғайту үшін – параллельді. Тізбектей қосу. Сорғыларды тізбейтей қосу практикада өте сирек кездеседі. Сорғыларды тізбектей қосу шығындары ( ) тең болған кезде арынның мәнін ( ) арттыру үшін қолданады. Сорғылардың барлығы сұйықты бір арынды құбырөткізгішке сатылай ауыстырып құйылатын режимде екі немесе одан да көп сорғыларды қосуды айтады. Бірінші суретте екі сорғының тізбектей қосылған мысалы және олардың жалпы арынды сипаттамасы көрсетілген.
Кез келген көп сатылы сорғы бірнеше тізбектей қосылған бірсатылы сорғылар түрінде болуы мүмкін. Артықшылығы тек қана мынада: көпсатылы сорғыда сатыларын өшіру мүмкін емес, алайда реттеу үшін бұл қажет. Екі немесе одан да көп сорғыларды тізбектей қосу кезінде жұмыс істемейтін сорғы жүйеде қосымша кедергіні тудырады, ол кедергіні азайту үшін байпас (айналма), ал оған кері клапан орнатылады. Егер сыртқы жүйенің сипаттамасы өте жоғары болса, онда бірнеше сорғыларды тізбектей қосу қажет. Мұндай қосу кезінде сорғылар бір-біріне жақын немесе айтарлықтай үлкен арақашықтықта орналасуы мүмкін. Екі немесе одан да көп сорғыларды тізбектей қосу қолданылған кезде кезектегі сорғының максималды жұмыстық қысымына назар аудары керек немесе кірісіндегі қысымына ( ) екінші сорғымен туындайтын қысымды ( ) қосу керек. Осылайша алынған жалпы қысым сорғының максималды жұмыстық қысымынан аспауы қажет. Максималды жұмыстық қысымды қолданылатын сорғының техникалық сипаттамасынан немесе өндіруші зауыттардың каталогтарынан көруге болады. Ол корпустың беріктілігін, резиналы сақиналы нығыздалуын және механикалық кесілген жерді ескереді. Жүйеде пайдаланылатын ілмекті арматураның параметрлеріне де назар аударған жөн, себебі ілмекті арматура гидравликалық сорғыларға ұшырайды және ол жоғары берікті болуы керек. Тізбектей жұмыс істейтін сорғыларды қосатын құбырөткізгіштердің біріктірілген жерлері және шұғыл бұрылысы аз болуы қажет. Екі сорғы тізбектей қосылған кезде (бірінен кейін бірі) олардың арындары қосылады. Егер беріліс нолге тең болса, онда параметрлері бойынша бірдей екі сорғылардың арыны екі есе артады. Егер тізбектей қосылған екі сорғының берілісі арынсыз жүргізілсе, онда екі сорғы бір сорғыға қарағанда жоғары берілісті қамтамасыз етпейді. Сорғылардың сипаттамасын қосу ережесі: Сорғы қондырғысының ПӘК келесі формула бойынша анықталады: Параллельді қосу. Егер жүйе уақыт бойынша әрдайым шығын өзгеріп отырса немесе резервтік сорғыны орнату қажеттілігі туындаса, онда бұндай жағдайларда сорғылардың параллельді қосылуы қолданылады. Сорғылардың параллельді жұмысының ең қарапайым мысалы қабатталған (сдвоенные) сорғылар болып табылады, олар жылыту жүйелерінде қолданылады. Сорғылардың параллельді жұмысы кезінде берілісті патрубкада (жалғама құбырда) сұйықтың кері ағуын болдырмау үшін кері клапандарды орнату қажет. Егер бірнеше сорғылар параллельді қосылса, онда олардың шығындары ( ) қосылады. Қысымды арттыру қондырғысын реттеу жүйесі әрбір сорғының сағат бойынша атқарылған жұмыс көлемін бақылайды және олардың реттілікпен қосылуын реттейді. Бірінші әрқашан атқарылған жұмыс көлемі аз сорғылары қосылады, содан кейін атқарылған жұмыс көлемі одан үлкен сорғы қосылады, содан кейін атқарылған жұмыс көлемі одан да үлкен келесі сорғы қосылады және т.с.с. Сорғыларды сөндіру кері реттілікпен жүргізіледі. Бірінші болып атқарылған жұмыс көлемі ең үлкен сорғы сөндіріледі, содан кейін бұл сорғыдан атқарылған жұмыс көлемі төмен сорғы сөндіріледі және т.с.с. Бұндай тәсілмен сорғылардың жұмыстық ресурстары реттеледі (ол барлық сорғыларда жуық алғанда бірдей болады), осылайша толық станцияның жұмыс істеу мерзімі артады. Жұмыстың параллельды сүлбесінде арын нөлге тең болған кезде максималды беріліс екі есеге артады, егер қуаттылығы бірдей екі сорғы біруақытта жұмыс істесе. Егер беріліс нөлге тең болған кезде басқа шеттегі нүктені алсақ, онда параллельды қосылған екі жұмыстық сорғы бір сорғыға қарағанда жоғары арынды қамтамасыз ете алмайды. Бірнеше параллельды қосылған сорғыларды қолданудың әртүрлі себептері: Негізгі және резервті сорғыны пайдалану. Негізгі сорғының бұзылған жағдайында жұмысқа резервті сорғы іске қосылады. Негізгі және шыңдық насосты пайдалану. Негізгі сорғының ұлғайған жүктемеге шамасы келмей жатса, шыңдық сорғының қосылуы жүргізіледі. Жүктеменің өзгеруі кезінде пайдалану шығындардың төмендеуі. Параллельді жұмыс беріліс көлемін бөліп алуға және шығыдарды азайтуға мүмкіндік береді. Егер әртүрлі арынды екі сорғы параллель жұмыс істесе, онда жұмыстық сипаттамасындағы арын көлемінен асып кеткен кезде қуаты төмен сорғыны сөндіру қажет. Немесе қуаттылғы жоғары сорғының арындық сипаттамасын реттеу арқылы төмендетеді. Бұл ретте қуаттылығы жоғары сорғыда ПӘК төмендейді. Сорғылар сипаттамаларын қосу ережесі: Сорғы қондырғысының ПӘК анықталады: |