Главная страница

3 Тәжірбиелік сабақ. Тжірбиелік саба 3 Таырыбы Жалпы ылымды атаулар мен анытамалар Сабаты масаты


Скачать 35.99 Kb.
НазваниеТжірбиелік саба 3 Таырыбы Жалпы ылымды атаулар мен анытамалар Сабаты масаты
Дата04.12.2020
Размер35.99 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла3 Тәжірбиелік сабақ.docx
ТипДокументы
#156731


Тәжірбиелік сабақ № 3
Тақырыбы: Жалпы ғылымдық атаулар мен анықтамалар
Сабақтың мақсаты: Студенттерге ғылыми экспериментте қолданылатын ғылыми атаулар мен анықтамаларды үйрету.
Эксперимент латынша experimentum – сынама, тәжірибе cөзінен шыққан. Эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады.
Психологиялық ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперимент кеңінен қолданылады. Мұндай эксперименттердің артықшылығы сол – бізге керекті үдеріс пен құбылыс кашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Психологиялық эксперимент жасағанда психикалық үдерістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін, олардың уақытын, өту шапшандығын т.б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады.

Биологиялық эксперимент сәл өзгеше анықтамаға ие: Биологиялық эксперимент немесе тәжірибе дегеніміз биологиялық құбылыстың, белгінің ерекшеліктерінің мәнін, шығу тегін, себебін және олардың басқа құбылыстармен, белгілермен арақатынасын дұрыс түсіну үшін зерттеушінің оларды жасанды түрде ұйымдастырып, жүргізуі және оны зерттеуі.

Эксперименттік зерттеу – өлшеу аппаратурасы мен эксперименттік әдістерді пайдалану кезінде зертханалық немесе басқа (өндірістік) жағдайда нақты нысанмен өткізілетін зерттеу.

Ойлау – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті.

Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген.

Ойлау – адам миының ең жоғары қызметі, сыртқы дүние заттарын, олардың маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын аралық, дерексіз және жалпылама түрде бейнелейтін қызмет. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау үдерістерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толық ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен объектісінің арасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи үдерісте қалыптасып дамиды және заттардың сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алдын болжап, болашағын айқындап, осыған байланысты алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды шешу барысында оның ойлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен дамып отырады.

Гипотеза (грекше – жорамал) – белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын, тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал. Дүниедегі заттар, құбылыстар мен үдерістер олардың қасиеттері мен байланыстары туралы ғылыми білім сан алуан түрде бейнеленеді. Солардың бірі – теория. Ал ғылыми теорияның қалыптасуында гипотезаның маңызы зор.

Гипотеза – ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория.

Әдетте, гипотеза өзін құптайтын байқауларға (мысалдарға) негізделе жасалады, сондықтан рас болып көрінеді. Гипотезаны аяғында не дәлелдеп ақиқатқа айналдырады, немесе одан (қарсы мысал келтіру арқылы) бас тартып оны алдамшы тұжырымдамаға жатқызады. Ал, бас тартпаған және дәлелденбеген гипотеза – ашық (анықталмаған) мәселе (проблема) деп аталады.

Зерттеулердің жұмыстық гипотезасы – тәжірибе қалай жүреді, оның соңғы нәтижесі қалай болады, сол жөнінде алдынала жасалған болжам. Оны ғылыми эксперименттен бөліп алуға болмайды, керісінше, ол – ғылыми эксперименттің бөлігі болып табылады. Зерттеулердің жұмыстық гипотезасы зерттелетін құбылыстың тудырушы себептерін анықтай алмаған жағдайда жасалады.

Зоотехнияда бақылау нәтижесінен туған қорытындылар – келесі эксперименттерге гипотеза ретінде қызмет етеді. Гипотеза жасалмас бұрын бақылау нәтижелерімен алдымен идея – ой тудырады. Осы идеяларды бірінен соң бірін қалдырып отырып (зерттеп), ұштап, содан соң нақты тәжірибе жасау үшін гипотеза құрылады.

Идея мен гипотезаны тудырушы – ғылыми фантазия – құбылыстардың (заттардың) жаңа образын қалыптастыратын интеллектуалдық үдеріс (процесс).

Фантазия – ғалымдардың белгілі бір бағытта ұзақ, ауыр жұмысының нәтижесінде қалыптасады. Сонымен қатар, фантазиясы жоқ адам бақылау арқылы қаншама фактілер жинай алғанымен, одан еш жаңалық аша алмайды.

Сонымен жаңалық ашу жолы мынадай: Фантазия- идея- гипотеза- эксперимент- жаңалық ашу.

Гипотезаны құру бірнеше кезеңдерден тұрады:

1) қажетті құбылыс алдын ала жан-жақты зерттеледі – байқау, бақылаудан жинаған фактілердің көрінуінің алдындағы, соңындағы жағдайлар, құбылыстар, географиялық орны, уақыт, құбылысты тудырушы жағдайлар және осылардың өзара байланысы т.с.с.;

2) құбылысты туғызатын негізгі себеп жөнінде жорамал жасалынады, гипотезаның нақты құрылымы анықталады. Гипотеза неғұрлым қарапайым, қысқа, түсінікті жасалуы керек;

3) жорамалданған себептерден туындайтын бір немесе бірнеше салдарды зерттеу арқылы құбылыс себептерінің анық-қанығына көз жеткізу керек;

4) себептен туындаған салдарды оның ерекшеліктерін ғылымда зерттелген нәтижелермен, фактілермен салыстыру арқылы табиғаттың немесе бұрыннан дәлелденген құбылыстың заңдылықтарына қайшы келмейтініне көз жеткізу керек. Егер қайшылық байқалса гипотеза алынып тасталады немесе басқа гипотезамен алмастырылады. Тек бар заңдылықтарға қайшылығы жоқ гипотеза ғана мүмкін болып саналады.

Ғылыми зерттеу үдерісі 3 кезеңнен өтеді:

1) бақылау арқылы фактілер жинау, оларды теориялық жағынан ой елегінен өткізу; 2) гипотеза, яғни зерттеудің жұмыстық болжамын жасау;

3) шешуші эксперимент қою.

Гипотезаның мақсатына қарай негізгі түрлері мынадай:

1) эксперименттің теориясы болып табылатын және сол арқылы ғылыми факт немесе заңдылықты анықтауға арналған гипотеза;

2) өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік тәжірибелерді, көптеген эксперименттік фактілерді біріктіретін және жасалып жатқан теорияның негізі болатын гипотеза. Ол екінші түрдегі эксперимент гипотезасы өмірге келген сәтте тоқтатылады. Яғни бірінші эксперимент гипотезасы сенімді, нақты ғылыми фактілер алу үшін қызмет етеді. Ал екінші түрдегі гипотезаның өмірі ұзақ және ол теорияға айналғанға дейін өмір сүреді. Бұл гипотеза кең ғылыми ізденістерге қолданылады (эксперимент, экспедициялық зерттеу, бақылау т.б.).

Гипотезаның пайда болуы ежелгі дәуірдегі математиканың дамуымен тығыз байланысты. Көне заман математиктері гипотезаны математикалық есептер шешімін дәлелдеу әдісі ретінде ұсынды және алғашқы жобаның дұрыстығын тексеру мақсатымен олардан қорытынды жасайтын дедуктивтік ойлау әдістерін кеңінен қолданды. Платон бойынша гипотеза – ой қорытудағы абсалюттік ақиқат сипатты қамтамасыз ететін дәлелдеудің синтетикалық талдау әдісі.

Гипотезаның жалпылығы – гипотезаның әрекет етуі таралатын нақты құбылыстар мен объектілер саны көп болғандағы көрінісі. Модель. Кей жағдайда гипотезаны көрнекі етіп көсетуге тура келеді, ол үшін модель құрастырылады.

Модель – гипотезаға байланысты, тіпті, сол гипотезаның негізгі қағидаларын өз бойына нақты қалыптастырған (сіңірген) көрнекі образ.

Модельдеу дегеніміз – эксперименттің бір түрі, бірақ мұнда объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель (жүйе, құбылыс) зерттеледі. Модель тек кеңістік жағдайда ғана жасалынбайды, ол – сурет, чертеж, тіпті ауызша сипаттау арқылы да жасалуы мүмкін. Соңғы кездері ғылымда модельмен тәжірибе жасау әдісі көп қолданылады. Онда тәжірибе түпнұсқаға емес, оған ұқсас үлгі – модельдің көмегімен жүргізіледі. Қазір компьютермен модельдеу жиі ұшырасады.

Модельмен тәжірибе жасау – зерттелетін нысанға тура қол жеткізу мүмкін емес жағдайда да жүргізіледі. Мысалы, гидроқұрылысшылар тек тәжірибе үшін өзенге бөгет сала алмайды. Мұндайда жобалау институтының зертханасында модельмен тәжірибе жасалады. Барлаушы немесе модельдік тәжірибелер. Мұндай тәжірибелерді, көбінесе, аз ғана (5-6 бас) малға, қысқа мерзімге, алдынала болжамды (гипотезаны) тексеру үшін жасайды. Бірақ, бұл тәжірибелердің нәтижесімен ешнәрсені дәлелдей алмайды. Мақсаты үлкен негізгі эксперимент қою үшін алдымен әдістемелерді жасау, пысықтау, аз шығынды эксперимент жасау, экспериментте қателіктер жіберіп алмау маңызды. Сондықтан, үлкен мал емес – лабораториялық жануарларға, үлкен табын емес – шағын табынға және ұзақ емес – қысқа мерзімде зерттеу жүргізеді. Нәтижесімен гипотезаны ұштайды, әдістемелерді пысықтайды немесе, тіпті болашаққа жоспарланған негізгі экспериментті тоқтатады.

Аналогия (грекше analogia – сәйкестік, ұқсастық) – әртүрлі объектілердегі кейбір қасиеттердің ұқсастығы; логикада дедукция, индукциямен қатар қолданылатын ой тұжырымы. Аналогияда ой өрісі жекеден жекеге немесе жалпыдан жалпыға қарай ойысады. Адам өз ойын тұжырымдай отырып, кейбір белгілердің ұқсастығынан солардың басқа белгілеріндегі ұқсастық туралы қорытынды жасайды.

Индукция (латынша – ой салу, бағыттау) физикада – тұрақты магнитті өрісте қозғалғанда немесе айналасындағы магнитті өрістің өзгеруі кезінде өткізгіштің бойындағы электрлік қозғаушы күштің қозуы. Тамақ өнімдерінің құрамындағы судың әсерінен оларды осындай жолмен қыздыруға болады. Ғылымдағы индукция – білімнің жеке пайымдауларынан жалпы қағидаларға қарай ауысуы. Индукция дедукциямен тығыз байланысты. Жекеден жалпыға дамитын логикалық ой тұжырымы. Дедукция (латынша – бөліп шығару) – сенімді сипатқа ие логика заңдары негізінде бір немесе бірнеше басқа тұжырымдамалардан (шарттар) жеке бір (жаңа) тұжырымды (салдар) дәлелдеп, шығару.

Дедукция – білімнің жалпыдан жекеге қарай көшуі, салдардың алғышарттардан шығарылуы. Ғылыми танымда дедукция индукциямен ажырағысыз байланысты. Дедукциялық пайымдауларды эмпирикалық зерттеулердің, мысалы, алғышарттарға және олардан шығатын қорытындыларға деген сенімнің талдануы ретінде түсінеді.

Бақылау – зерттеушіге қажетті құбылысты немесе тірі организм белгілері мен қасиеттерін, ерекшеліктерін сандық және сапалық тұрғыдан есепке алу, тексеру әдісі. Бақылау нәтижесін (фактіні) жазып-тіркеу (фиксация) және оны жан-жақты дұрыс сипаттау болса ғана фактінің ғылым үшін пайдасы болуы мүмкін. Бақылаудан алынған нәтижелерді, құбылыстарды (фактілерді) жан-жақты, дұрыс салыстыра, сипаттай білу қажет.

Ғылыми-зерттеу барысындағы бақылаған құбылысты сипаттаудың әртүрлі жолдары бар:

-құрылымдық тұрғыдан сипаттау (сыртқы-ішкі түрі, формасы, топографиялық орналасуы және өзара қатынасы;

-іс-қимылдық қызметіне қарай (функционалдық) сипаттау;

-генетикалық тұрғыдан сипаттау.

Сипаттау толық немесе ішінара жүргізілуі мүмкін. Бар фактілерді бақылаудан өндірістік тәжірибеге, ал одан – ғылыми-зерттеу экспериментіне өтеді. Бақылау мен эксперименттің арасындағы айырмашылықты былай да айтуға болар еді: егер бақылау нәтижесінде (барысында) табиғатта «өз еркімен кездесетін» құбылыстарды есепке алу арқылы алынған мәліметтер біздің санамызға еніп, ақиқатты айқындайды десек, ал, эксперимент нәтижесінде (барысында) біз өзіміздің ой-санамызға келген (солай деп түсінген) ғылыми болжамымыздың (гипотезаның), жорамалымыздың дұрыстығы мен бұрыстығын нақты тәжірибе (жасанды жағдай ұйымдастыру) арқылы тексереміз. Эксперименттің ерекшелігі – ол алдымен біздің ойымызда, санамызда бір жүйеге келтіріліп, сонан соң тура сол жүйемен, сондай жағдай жасалуы арқылы іс жүзінде тексеріледі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, нысаны, жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Жалпы мәселелерді зерттеу үшін жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке дарақтардың іс-әрекетін немесе мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады.

Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі теңдеулер, формулалар, кестелер, фотосуреттер, сұлбалар, техникалық құралдар (киноға түсіру, магнитофонға жазу т.б.) кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады, анкета мәліметтерімен де толықтырылады.

Бақылау – құбылыстың ішкі үдерісі жайлы толық мәлімет алу үшін қолданылатын әдістердің бірі.

Үдеріс (процесс) – латынша алға жылжу, өзгеріс деген мағынаны білдіреді – жағдай, даму сатысының қалыпты ауысымы. Мәселе – латынша міндет, тапсырма. Бұл – субъектінің нақты жағдайда туындаған қиындықтар мен қайшылықтарды өз білімі мен тәжірибесі арқылы шеше алмайтынын ұғыну. Мысалы, студенттерді оқытудың әдістемесін жетілдіру – педагогикалық зерттеулер мәселесі болуы мүмкін. Алайда, мәселені біржолғы эксперименттік зерттеу арқылы шешу мүмкін емес, себебі мәселені шешудің әдістері көп.

Болжам – бұл алда болатын құбылыс, белгі ерекшеліктері жөнінде ғылым мен тәжірибеге негізделген тұжырым, оны ұсыну үшін эксперименттік тексерісті қажет ететін пікір.

Рейтинг – білікті тұлғалар тұжырымына негізделген бағалау әдісі. Өзгеше айтқанда, рейтинг – қосалқы бақылау әдісі.

Көрсеткіштік өрнектеу – сапалық белгілерді сандық мөлшерге айналдыру тәсілі. Өрнектеу нысанның сапалық бағасын (қабілеттілігі, өнімділігі, ерекшеліктері т.б.) анықтауда, сипаттауда қолданылады.

Аннотация – мәтіндердің, кітаптардың, қолжазбалардың, мақалалардың қысқаша сипаттамасы; мәтіндерде берілген ойлардың, бағалардың, қорытындылардың мамазмұнын ашу.

Сұхбат – әңгімелесудің ерекше түрі, бағытталған диалог, зерттеушінің сұхбат алынып отырған адам туралы, басқа да адамдар, оқиғалар, мәселелер туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.

Баяндама – зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша жан-жақты ақпаратқа және ғылыми талдауларға, тәжірибе қорытындыларына негізделген хабарлама.

Пәлсапа (философия) – адамзат баласының сонау ерте заманнан бастау алған білім саласы, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны анық. Осы мәселелер философия пәнінің қарастыратын негізгі бөлімдері болып табылады.

Философия сөзі грек тілінен аударғанда – даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. «Философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор. Философия – дүниеге көзқарас, дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыдан қарағанда, дүниеге көзқарас үш типтен тұрады: мифологиялық, діни, философиялық.

Философиялық көзқарас – дүниеге көзқарастың ғылыми -теориялық түрі. Философиялық көзқарастың мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы – мұнда нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігі бар. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелері де айқындала түсті:

-онтология

– болмыс туралы (немесе дүниенің бастамасы жайында) ілім;

-гносеология

–таным туралы ілім;

-аксиология

– рухани құндылықтар туралы ілім;

-праксиология – адам шығармашылығы туралы ілім;

-антропология – адам туралы ілім;

-логика

– дұрыс ой қорыту жөніндегі ілім.

Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары:

-болмыстың өмір сүру жағдайы;

-материя, оның формалары;

-сана және санасыздық;

-адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны;

-жан, адамның рухани өмірі;

-қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және олардың даму заңдары.

Философияның негізгі пәні мен объектісі – адам және оның әлемдегі орыны. Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың арақатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.

Теория (грекше – пайымдау, анықтау) – белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теорияның мазмұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделіп, арнайы логикалық-методологиялық принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. Теория көбінесе болжамдық, тұспалдық сипатқа ие. Теорияның кең көлемді теориялық материалды жүйелеуге, сипаттауға бағытталған сипаттамалы теория және логикаға негізделген дедуктивті теория деген түрлері болады.

Практика (грекше – іс-әрекет, тәжірибе) – қоғамдық өндірісте табиғатты, қоғамдық қатынастарды өзгертуге бағытталған адамның мақсатты, мәнді қызметі, тарихи қалыптасқан өмір сүру әрекетінің сезімдік, заттық нысаны, адамның дүниеге қатынасы, адамдық болмыстың тәсілі, тәжірибесі. Практика – теорияның ақиқаттылығын дәлелдеумен қатар, оны дамытып, жетілдірудің негізі.

Ақиқат – таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі.

Ақиқат дегеніміз – біліміміздің бізден тысқары тұрған объектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі. Зерттеліп отырған нысан жөніндегі толық емес білімді – салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді – абсолюттік ақиқат деп атайды. Ақиқат дәлелдеуді қажет етеді. Ақиқаттың өлшемдері үшеу: сезімдік, рационалдық және практикалық. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат – білімнің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат – салыстырмалы, себебі ол үнемі ішкі қайшылықта дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын үдерісс.

Абсолюттік ақиқат – затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім.

Эмпиризм (грекше – тәжірибе) – «сезім тәжірибесі – білімнің бірден-бір көзі» деп есептейтін, «барлық білім тәжірибеге сүйенеді» дейтін таным теориясындағы бағыт. Кейбір эмпириктер (Гоббс, Юм) рационализмнің ықпалымен «тәжірибе білімге қажетті және жалпыға бірдей маңыз бере алмайды» деген тұжырымға келген. Эмпиризмнің шектелу сипаты сезімдік танымдағы тәжірибенің рөлін метафизикалық тұрғыда әсірелей көрсетуінде.

Болжау – ықтимал, объективті пісіп жетілген өзгерістерді тану үдерісі, теория мен практиканың дамуы арқылы құбылыстың келешегін анықтау. Кез келген салада болжау эмпиризмдік және ғылыми болып бөлінеді.

Эмпиризмдік болжау «күнделікті» практикаға, тәжірибеге негізделеді.

Ғылыми болжау – құбылыстардың, оқиғалардың, үдерістердің тууын, өзгеруін немесе болашағын алдынала болжау, нақты заңдарға, оның диалектикалық-материалистік талдауларына негізделген, күткен нәтижелерге қол жеткізу жолдары мен құралдарын анықтау. Болашақты танудың күрделілігі мен көлемділігі ғылыми болжаудың әртүрлі әдістерін: жалпылама әдіс (материалистік диалектика), жалпы ғылыми әдістер (талдау және синтез,

Объект (нысан) – адамзат санасына тәуелсіз өмір сүретін, субъектінің танымдық және өзге де қызметі бағытталған кез-келген құбылыс, зат; Табиғат, қоғам және адам – әмбебап нысан.

Тәжірибе – адамдардың материалдық, мақсатты іс-әрекеті; объективті болмысты игеруі және түрлендіруі; адам қоғамы мен танымын дамытудың жалпыға бірдей негізі.

Ұғым – объективті нәрселерді және олардың қасиеттерін көрсететін абстракттілі ойлау формаларының бірі. Ұғым – заттар мен құбылыстарды олардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнелеу, логикалық ойлаудың аса маңызды элементі.

Пікір – қандай да болсын бір зат жайында мақұлданылатын немесе теріске шығарылатын ой.

Ұғым туралы мәселені талдауды «белгі» ұғымынан бастайық.

Белгі – қандай да бір ұғымның, ойдың шартты немесе символдық бейнеленуі.

Белгі – тірі организмнің анатомиялық, физиологиялық, биохимиялық, өнімдік т.б. қасиеттерінің көрінісі.

Сапалық белгі – жеке мағынасы түсінік, атаулар түрінде көрсетілетін белгі.

белгі – жеке мағынасы сандық, мөлшерлік сипатта көрсетілетін белгі.

Нәтижелік белгі – тәуелділік, яғни басқа бір онымен байланыстағы түрткілік белгі әсерінен өз мәнін өзгертетін белгі.

Белгілер – заттардың бір-біріне ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын сипаттайды.

Идея (грекше – түсінік, елес, бейне): 1) ой, түпкі ой; 2) бір нәрсенің (мысалы, көркем, ғылыми, саяси шығарма) негізгі ойы; 3) теориялық жүйенің, логикалық құрылымның, соның ішінде дүниетанымның негізінде жатқан анықтаушы түсінік; 4) нәрсе немесе құбылыс жөніндегі жалпы түсінік. «Идея» терминін ең алғаш ежелгі грек ойшылдары Анаксагор мен Демокрит қолданған.

Әдіснама – әдістер туралы ілім, әдістер теориясы, зерттеліп отырған нысан жөніндегі мәліметтерді және жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдерінің жүйесі.

Түсінік – заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қатынастары бойынша берілетін санадағы бейнесі, сонымен қатар, заттарды жалпы белгілері бойынша жіктейтін немесе біріктіретін ойлау формасы. Түсініктерді эмпирикалық және теориялық деп бөлуге болады. Олардың арасында абсолюттік шекара жоқ. Әдетте эмпирикалық түсініктерге реальды шындық жағдайындағы құбылыстар мен заттарға байланысты түсініктер жатады, ал теориялық түсініктер де объективті өмірдегі заттар мен құбылыстарға байланысты, бірақ олардың негізгі қасиеттеріне бірден байқала бермейтін гипотетикалық қасиеттері алынады. Мысалы, «температура» деген түсінікке біз эмпирикалық және теориялық тұрғыдан анықтама берелік. Эмпирикалық деңгейде бұған сынап бағанының биіктігі арқылы анықтама беруге болады, ал теориялық деңгейге келетін болсақ, температураны дене молекулаларының орташа кинетикалық энергиясына пропорционал шама ретінде қарастыруға болады. Бұл жерде еске ала кететін бір жағдай – кез келген идеалдық объектіні сипаттау үшін реальды қасиеттер мен қатынастарды пайдалану шарт емес, гипотетикалық тұрғыдан қарастыру да жеткілікті.

Ғылымның мақсаты – әртүрлі заттар мен құбылыстардың қайталанып отыратын маңызды қасиеттері мен қатынастарын көрсететін жалпы заңдарды анықтау. Ал бұл мақсат ғылыми абстракция арқылы жүзеге асады. Абстракция ғылыми теорияға сәйкес келуі керек.

Бақылау сұрақтары:

  1. Психологиялық ғылыми-зерттеу, биологиялық эксперимент,эксперименттік зерттеу

  2. Ойлау, ойлау формалары, гипотеза, зерттеулердің жұмыстық гипотезасы

  3. Идея мен гипотезаны тудырушы, фантазия, гипотезаны құру бірнеше кезеңдері

  4. Ғылыми зерттеу үдерісі 3 кезеңі

  5. Гипотезаның мақсатына қарай негізгі түрлері, гипотезаның жалпылығы

  6. Модель, модельдеу, модельмен тәжірибе жасау

  7. Аналогия, индукция, дедукция

  8. Бақылау, үдеріс (процесс), болжам, рейтинг

  9. Көрсеткіштік өрнектеу, аннотация, сұхбат, баяндама

  10. Пәлсапа (философия), философия, философиялық көзқарас, философияның негізгі пәні мен объектісі

  11. Теория, практика, ақиқат, абсолюттік ақиқат,

  12. Эмпиризм, болжау, эмпиризмдік болжау Ғылыми болжау Объект (нысан) ұғым. пікір, белгілер, идея (грекше – түсінік, елес, бейне, діснама. түсінік, ғылымның мақсаты


написать администратору сайта