Главная страница

Тжірибелік дадыны йренуге арналан дістемелік нСаулар маманды 5В130200 Стоматология


Скачать 99.11 Kb.
НазваниеТжірибелік дадыны йренуге арналан дістемелік нСаулар маманды 5В130200 Стоматология
Дата24.05.2023
Размер99.11 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаUKTs_4_kurs_PSVDO_kaz.doc
ТипДокументы
#1156333
страница5 из 5
1   2   3   4   5



ХХ. Тақырып: Жоғарғы жақсүйектің мүсінін құю әдісін жүргізу.

1. Мақсаты: студенттерді жоғарғы жақтың мүсінін құю дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: жоғарғы жақтың мүсінін құю дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)


№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Құралдарды таңдау: резиналы колба, шпатель, гипс, су.










2

Қалыпты дайындау: қалыпты ағынды су астында шаяды және су қалдықтарын жою үшін оны сілку қажет.










3

Гипсті араластыру: резиналы колбаға қажетті мқлшерде су құяды, кейін оған гипс қосады. Түйіншектер, ауа көпіршіктері болмау үшін тиянақты сұйық консистенцияға дейін араластырады.










4

Араласқан гипсті бағалау: араласқан гипс гомогенді, қаймақ тәрізді консистенциялы болуы қажет, ауалы көпіршіктері болмауы керек.










5

Мүсін құю. Сұйық консистенциялы гипстің кішкене бөлігін қалыптың таңдайлық беткейіне жағады. Резиналы колбаны қалыпқа жақындата отырып, тіс қатарын гипспен толтырады. Қалыпты жиектеріне дейін толтыру үшін тағы гипс қосады.










6

Мүсіннің негізін қалыптастыру: Үстелге гипсті салады, оның үстіне қасықтың беткейі үстелге параллельді қылып, қасықты айналдырып жәймен гипске тығыздайды. Мүсіндік негіздің биіктігі 1,5 – 2 см кем болмауы тиіс. Шпательдің көмегімен гипсті қалыптың жиектерімен реттей отырып, оның артық жерлерін алып тастайды. Гипс толық қатқаннан кейін мүсінді алуға кіріседі.










7

Қалыптың мүсінін ашу: мүсін толық қатқаннан кейін алдымен қалыптан қасықты ажыратады, содан кейін мүсін жиектеріндегі гипстің артық бөліктерін ала отырып, оны босатуға кіріседі. Гипстік модельді гипстік қалыптан ажыратуды вестибулярлы жағынан бастайды. Оң қолға тістехникалық шпательді ұстап, Ісаусақпен мүсінді ұстап, ал қолмен үстелді, содан кейін шпательдің үшкір ұшын сынық сызығына қойып, рычаг тәрізді қолданып, бір бөлігін бөледі. Осы әдіспен бүкіл вестибулярлы қабырғасын босатады.










8

Мүсінді қию. Дайын мүсін қиылу қажет. Мүсін негізі тегіс, әрі окклюзионды беткейге параллельді болуы керек. Бүйір беткейлері өтпелі қатпарды зақымдамайтындай қылып қиылу қажет.











ХХІ. Тақырып: Төменгі жақсүйектің мүсінін құю әдісін жүргізу.

1. Мақсаты: Студенттерді төменгі жақтың мүсінін құю дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: төменгі жақтың мүсінін құю дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)


№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Құралдарды таңдау: резиналы колба, шпатель, гипс, су.










2

Қалыпты дайындау: қалыпты ағынды су астында шаяды және су қалдықтарын жою үшін оны сілку қажет.










3

Гипсті араластыру: резиналы колбаға қажетті мқлшерде су құяды, кейін оған гипс қосады. Түйіншектер, ауа көпіршіктері болмау үшін тиянақты сұйық консистенцияға дейін араластырады.










4

Араласқан гипсті бағалау: араласқан гипс гомогенді, қаймақ тәрізді консистенциялы болуы қажет, ауалы көпіршіктері болмауы керек.










5

Мүсін құю. Сұйық консистенциялы гипстің кішкене бөлігін қалыптың тіласты бөлігіне жағады. Резиналы колбаны қалыпқа жақындата отырып, тіс қатарын гипспен толтырады. Қалыпты жиектеріне дейін толтыру үшін тағы гипс қосады.










6

Мүсіннің негізін қалыптастыру: Үстелге гипсті салады, оның үстіне қасықтың беткейі үстелге параллельді қылып, қасықты айналдырып жәймен гипске тығыздайды. Мүсіндік негіздің биіктігі 1,5 – 2 см кем болмауы тиіс. Шпательдің көмегімен гипсті қалыптың жиектерімен реттей отырып, оның артық жерлерін алып тастайды. Гипс толық қатқаннан кейін мүсінді алуға кіріседі.










7

Қалыптың мүсінін ашу: мүсін толық қатқаннан кейін алдымен қалыптан қасықты ажыратады, содан кейін мүсін жиектеріндегі гипстің артық бөліктерін ала отырып, оны босатуға кіріседі. Гипстік модельді гипстік қалыптан ажыратуды вестибулярлы жағынан бастайды. Оң қолға тістехникалық шпательді ұстап, Ісаусақпен мүсінді ұстап, ал қолмен үстелді, содан кейін шпательдің үшкір ұшын сынық сызығына қойып, рычаг тәрізді қолданып, бір бөлігін бөледі. Осы әдіспен бүкіл вестибулярлы қабырғасын босатады.










8

Мүсінді қию. Дайын мүсін қиылу қажет. Мүсін негізі тегіс, әрі окклюзионды беткейге параллельді болуы керек. Бүйір беткейлері өтпелі қатпарды зақымдамайтындай қылып қиылу қажет.













ХХІІ. Тақырып: Ортодонтиялық аппаратты шақтап көру.

1. Мақсаты: Студенттерді ортодонтиялық аппаратты шақтап көру дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: ортодонтиялық аппаратты шақтап көру дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Дайын ортодонтиялық аппаратты бағалау: базистің қалыңдығына, артқы жиегінің ұзындығына, тегістеу сапасына, бекітуші, сонымен қатар белсенді элементтердің - доғалардың, кламмерлердің, серіппелердің, құлыптардың орналасуына және сапасына көңіл аударады.










2

Шақтап көру алдында аппаратты дайындау: аппаратты щетка көмегімен ағын сумен мұқият жуады және стерильді салфеткамен кептіреді.










3

Ауыз қуысына аппаратты шақтап көру: кламмерлер мен белсенді элементтердің орналасуын бағалайды. Металлды бөліктердің үшкір жиектері мен ұштарын тегістейді, аппаратты салуға кедергі жасайтын бөліктер фрезалар көмегімен алынады.










4

Аппараттың тұрақтылығын тексеру: егер аппарат қозғалмалы болса, себебін анықтайды. Кемшілікті көшірме қағазы көмегімен базистің тістерге жанасуын анықтау және пластмассаның шығыңқы бөлігін егеу жолымен жояды.










5

Қиық жасау: аппараттың құрылымына байланысты бордың көмегімен сагиттальды немесе секторальды қиықтар жасайды, аппаратты өңдейді, тегістейді.










6

Баланы аппаратты енгізуге және шығаруға үйрету: айна алдында баланы аппаратты дұрыс енгізуге және шығаруға, сонымен қатар аппараттың бөлек элементтерінің (доғалардың, серіппелердің, кламмерлердің) орналасуына үйретеді.










7

Винтті бұрау бойынша ұсыныстар: винтті ілмекпен стрелка бойынша аптасына 2 рет бір айналыммен бұрайды.










8

Аппаратты қолдану және оған күтім бойынша ұсыныстар: бала үнемі аппаратты қолданады. Сөйлеуді тез қалпына келтіру үшін балаға дауыстап көбірек оқу, аппаратпен тағам қабылдау, ауыз қуысының гигиенасын сақтау ұсынылады, ортодонтиялық аппаратты арнайы щеткамен және сықпамен күніне екі рет тазартады.











ХХІІІ. Тақырып: Пон индексін анықтау

1. Мақсаты: Студенттерді Пон индексін анықтау дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: Пон индексін анықтау дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)


№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Құралдарды таңдау: мүсін, сызғыш, штангенциркуль, карандаш.










2

Жоғарғы төрт күрек тістің енін анықтау: оң қолға штангенциркуль алып, әр күрек тістің экватор аймағына қояды және оның қашықтығын өлшейді.










3

Жоғарғы жақ премолярларында Пон нүктесін анықтау: оң жақтағы премолярдың төмпешікаралық фиссурасының ортасынан нүктені тауып, оны сондай сол жақтағы нүктемен қосады және сызғыш көмегімен осы аралықты өлшейді.










4

Жоғарғы жақ молярларында Пон нүктесін анықтау: оң жақтағы молярдың фиссурасының алдыңғы иілу аймағындағы нүктесін тауып, оны дәл сондай сол жақтағы нүктемен қосады және сызғыш көмегімен осы аралықты өлшейді.










5

Төменгі жақ премолярларында Пон нүктесін анықтау: оң жақтағы премолярдың ұрттық төмпешігінің дистальды бөлігіндегі нүктені тауып, оны сондай сол жақтағы нүктемен қосады және сызғыш көмегімен оның қашықтығын өлшейді.










6

Төменгі жақ молярларында Пон нүктесін табу: оң жақтағы молярдың артқы ұрттық төмпешігінен нүктені тауып, оны сол жақтағы сол сияқты нүктемен қосады және осы аралықты сызғыш көмегімен өлшейді.










7

Пон индексін есептеу:













8

Қорытынды: Тіс қатарының тарылуы мен кеңеюін анықтайды











ХХІV. Тақырып: Коркхауз индексін анықтау.
1. Мақсаты: Студенттерді Коркхауз индексін анықтау дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: Коркхауз индексін анықтау дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)


№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Материалдарды таңдау: мүсін, сызғыш, штангенциркуль, карандаш.










2

Жоғарғы төрт күрек тістердің енін анықтау: оң қолға штангенциркуль алады, әрбір тістің экваторы аймағында орнатады және осы қашықтықты өлшейді.










3

Жоғарғы жақтың премолярларында Пон нүктелерін анықтау: оң жақ премолярдың төмпешікаралық фиссурасының ортасында нүктені табады, сол жағынан осындай нүктемен қосады.










4

Жоғарғы жақ тіс доғасының алдыңғы кесіндісінің ұзындығын анықтау: премолярларда нүктелерді қосатын сызыққа перпендикулярлы орталық күрек тістердің тісаралық кеңістіктерінің еріндік беткейінен өтетін сызық жүргізеді және штангенциркульмен осы қашықтықты өлшейді.










5

Төменгі төрт күрек тістердің енін анықтау: оң қолға штангенциркуль алады, әрбір тістің кескіш жиегі аймағында орнатады және осы қашықтықты өлшейді.










6

Төменгі жақтың премолярларында Пон нүктелерін анықтау: оң жақ премолярдың ұрттық төмпешіктерінің дистальды қырқасында нүктені табады, сол жағынан осындай нүктемен қосады.










7

Төменгі жақ тіс доғасының алдыңғы кесіндісінің ұзындығын анықтау: премолярларда нүктелерді қосатын сызыққа перпендикулярлы орталық күрек тістердің тісаралық кеңістіктерінің еріндік беткейінен өтетін сызық жүргізеді және штангенциркульмен осы қашықтықты өлшейді.










8

Тіс доғасының алдыңғы кесіндісінің ұзындығын бағалау: Коркхауз кестесі бойынша жоғарғы жақ тіс доғасының қысқаруы мен ұзаруын анықтайды. 2 мм-ге азайтылған осы сандар төменгі жақтың алдыңғы кесіндісінің ұзындығын анықтау үшін қолданылуы мүмкін.










ХХV. Тақырып: Герлах индексін анықтау.
1. Мақсаты: Студенттерді Герлах индексін анықтау дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: Герлах индексін анықтау дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)


№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Құралдарды таңдау: мүсін, сызғыш, штангенциркуль, карандаш.










2

Жоғарғы алдыңғы сегментті анықтау (SI): оң қолға штангенциркуль алады және экватор аймағында әрбір күрек тістің енін өлшейді.










3

Жоғарғы бүйір сегменттерді анықтау (Lor и Lol): оң қолға штангенциркуль алады және ит тістің мезиальды беткейінен бірінші молярдың дистальды беткейіне дейін қашықтықты өлшейді.










4

Жоғарғы жақ тіс қатарлары сегменттерінің қатынасын анықтау: Герлах формуласы бойынша анықтайды

Lor≥SI≤Lol

Lor≥SI≤Lol

Lor=Lol (±3%), мұнда L - бүйір сегмент, r - оң жақ, l - сол жақ.










5

Төменгі алдыңғы сегментті анықтау (Si): оң қолға штангенциркуль алады және кескіш жиегі аймағында әрбір күрек тістің енін өлшейді.










6

Төменгі бүйір сегменттерді анықтау (Lur и Lul): оң қолға штангенциркуль алады және ит тістің мезиальды беткейінен бірінші молярдың дистальды беткейіне дейін қашықтықты өлшейді.










7

Төменгі жақ тіс қатарлары сегменттерінің қатынасын анықтау: Герлах формуласы бойынша анықтайды

Lur≥SI≤Lul

Lur≥SI≤Lul

Lur=Lul (±3%), мұнда L - бүйір сегмент, r - оң жақ, l - сол жақ.










8

Қорытынды: SI=L (±3%) - қалыпты жабылу; SI=L-0,1 (±3%) – тіке тістесу.











ХХVІ. Тақырып: Снагина индексін анықтау.
1. Мақсаты: Студенттерді Снагина индексін анықтау дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: Снагина индексін анықтау дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)


№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Құралдарды таңдау: мүсін, сызғыш, штангенциркуль, карандаш.










2

Жоғарғы жақ апикальды базисінің енін анықтау: оң және сол жағынан ит тістер мен бірінші премолярлардың түбір ұштары арасында нүктелерді табады және штангенциркуль көмегімен осы қашықтықты өлшейді.










3

Жоғарғы жақта А нүктесін анықтау: таңдайлық беткейінен мойын аймағында орталық күрек тістерді қосатын сызықпен ортаңғы таңдай тігісінің қиылысу нүктесін табады.










4

Жоғарғы жақ апикальды базисінің ұзындығын анықтау: штангенциркуль көмегімен ортаңғы таңдай тігісі бойымен А нүктесінен бірінші тұрақты молярлардың дистальды беткейлерін қосатын сызыққа дейін қашықтықты өлшейді.










5

Төменгі жақ апикальды базисінің енін анықтау: оң және сол жағынан ит тістер мен бірінші премолярлардың түбір ұштары арасында қызылиек жиегі деңгейінен 8 мм төмен нүктелерді табады және штангенциркуль көмегімен осы қашықтықты өлшейді.










6

Төменгі жақта Б нүктесін анықтау: орталық күрек тістердің кескіш жиектерінің алдыңғы беткейін табады.










7

Төменгі жақ апикальды базисінің ұзындығын анықтау: штангенциркуль көмегімен перпендикуляр бойымен Б нүктесінен бірінші тұрақты молярлардың дистальды беткейлерін қосатын сызыққа дейін қашықтықты өлшейді.










8

Қорытынды: қалыпты жағдайда жоғарғы жақ апикальды базисінің ені әрбір жақтың 12 тұрақты тістерінің мезиодистальды мөлшерінің қосындысынан - 44%, төменгі - 40% құрайды.












ХХVІІ. Тақырып: Изар индексін анықтау.
1. Мақсаты: Студенттерді Изар индексін анықтау дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: Изар индексін анықтау дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)


№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Материалдарды таңдау: фотосурет, сызғыш, карандаш.










2

Офрион нүктесін анықтау (oph): фотосуретте беттің ортаңғы сызығы және қасүсті доға арқылы сызық жүргізеді, осы сызықтардың қиылысу нүктесі офрион нүктесі болады.










3

Гнатион нүктесін анықтау (gn): фотосуретте беттің ортаңғы сызығы мен иекастында сызықты жүргізеді, осы сызықтардың қиылысу нүктесі гнатион болады.










4

Беттің ұзындығын өлшеу: офрион және гнатион нүктелерін қосуды жүргізеді және сызғыш көмегімен осы қашықтықты өлшейді.










5

Зигион нүктелерін анықтау (zy): фотосуретте оң және сол жағынан бет доғалары аймағында нүктелерді табады.










6

Беттің енін өлшеу: оң және сол жағынан зигион нүктелерін қосуды жүргізеді және сызғыш көмегімен осы қашықтықты өлшейді.










7

Морфологиялық беттік индексті анықтау: формула бойынша есептейді












8

Қорытынды: беттің формасын бағалайды, 104 және одан жоғары индекс мөлшері жіңішке бетті, 97-ден 103-ке дейін – орташа, 96 және одан төмен – жалпақ бетті сипаттайды.











ХXVІІІ. Тақырып: Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды жүргізу.

1. Мақсаты: Студенттерге салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды жүргізу дағдысын үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды жүргізу дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Балалар және олардың аналарымен әңгімелесу жүргізеді. Әңгімелесу кезінде шыдамдылық пен байсалдылық танытып, оларға сұрақ қоюға мүмкіндік беру қажет.










2

Тісжегінің алдын алудың негізгі принциптері және оның асқынулары туралы мәлімдеме жасайды.










3

Одонтогенді қабыну ауруларының алдын алудың негізгі принциптері туралы мәлімдеме жасайды.










4

Балалық жарақат алудың алдын алудың негізгі принциптері туралы мәлімдеме жасайды.










5

Вирустық аурулардың алдын алудың негізгі принциптері туралы мәлімдеме жасайды.










6

Пародонт ауруларының алдын алудың негізгі принциптері туралы мәлімдеме жасайды.










7

Туа пайда болатын бет – жақ аймағының аномалияларының алдын алудың негізгі принциптері туралы мәлімдеме жасау.










8

Санбюллетень шығарады.










6. Студенттің білімін бағалау критерийілері

6.1. Баллдық – әріптік жүйеде бағалау кестесі

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Бағаның сандық эквиваленті

Бағаның пайыздық құрамы

Әдеттегі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

50

Қанағаттанарлықсыз

6.2. Кесте. Студенттің білімін бағалау критерийілері

Білімінің бағасы

Баға критерийі

«Өте жақсы» - әріптік символы«А», сандық эквиваленті 4,0 және пайыздық құрамы 95-100% және «А-», сандық эквивалент 3,67 және пайыздық құрамы 90-94%

Бұл баға, егер студент програмдық материалға толық анықтама беріп, ешқандай қате жібермесе, сенімсіздік танытпай, уақытылы дұрыс қорытынды мен лабораториялық жұмыстарын орындап, оның нәтижесін тапсырарда ерекше ойлану қабілеттілігін көрсетсе, уақытылы және қате жібермей коллоквиумдерді және және үй тапсырмасын орындаса, ғылыми – ағарту жұмыстармен айналысса, дисциплинаны меңгеру кезінде өз бетімен қосымша әдебиеттер пайдаланса, програмдық материалды өз бетімен жүйеліндіре алса қойылады.

«Жақсы» - әріптік символ «В+», сандық эквиваленті 3,33 және пайыздық құрамы 85-89%, «В», сандық эквиваленті 3,0 және пайыздық құрамы 80-84% және «В-», сандық эквиваленті 2,67 және пайыздық құрамы 75-79%.

Бұл баға, егер студент програмдық материалды 75%-дан кем емес меңгерсе, жауап бергенде айқын қателер жібермесе, уақытылы қорытынды және лабораториялық жұмыстарын орындап, ешқандай ескертусіз тапсырса, ескертусіз уақытылы коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын тапсырса, ғылыми – ағарту жұмыспен айналысса, мұғалім нұсқауы бойынша қосымша әдебиет пайдаланса, жіберген қателерін өзі дұрыстай алса, програмдық материалды мұғалімнің көмегімен жүйелендіре алса қойылады.

«Қанағаттанарлық» - әріптік символ «С+», сандық эквиваленті 2,33 және пайыздық құрамы 70-74, «С», сандық эквиваленті 2,0 және пайыздық құрамы 65-69%, «С-», сандық эквиваленті 1,67 және пайыздық құрамы 60-64%, «D+», сандық эквиваленті 1,33 және пайыздық құрамы 55-59% және «D», сандық эквиваленті 1,0 және пайыздық құрамы 50-54%.

Бұл баға, егер студент програмдық материалды 50% - дан кем емес меңгерсе, қорытынды және лабораториялық жұмыстар, үй тапсырмасын орындауда мұғалімнің көмегіне жүгінсе, коллоквиум тапсырарда қателер жіберсе, қосымша әдебиеттер қолданбаса, материалды жүйелендіруде көп қиналса қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» - әріптік символ «F», сандық эквивалент 0 және пайыздық құрамы 0-49%.

Бұл баға, егер студент программалық материалдың жартысынан көбін меңгермеген болса, жауап берерде айтарлықтай қателіктер жіберсе, ешқандай қорытынды жұмыстарды орындамаса, негізгі әдебиетті оқымаса қойылады.


7.Ұсынылатын әдебиеттер:


негізгі:

1. Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М.: ГЭОТАР -Медиа, 2009. – 768 с.

2. Базикян Э.А. Стоматологический инструментарий: цветной атлас/ Э. А. Базикян. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007.-168 с.

3. Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006. – 640 с.

4. Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007. – 254 с.

5. Персин Л.С. Ортодонтия М.: Медицина, 2004. – 360с.

6. Курякина Н.В. Детская терапевтическая стоматология. – М. –Н.Новгород, 2004– 744 с.

7. Зеленский В.А. Детская хирургическая стоматология и челюстно - лицевая хирургия: учебник/ В. А. Зеленский, Ф. С. Мухорамов. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2009. -208 с.

8. Стоматология детская. Терапия: учебник/ ред. В. М. Елизарова.-М.: Медицина, 2009. -408 с.

9. Стоматология детская. Хирургия: учебник/ ред. С. В. Дьякова. - М.: Медицина, 2009. -384 с.

қосымша:

1. Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н Ортодонтия: учебное пособие. М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 424 стр.

2. Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям у детей.-М.: МЕДпресс-информ, 2007.-164 с.

3. Особенности обезболивания при лечении стоматологических заболеваний у детей/ Под рук. С.А. Рабиновича.-М.: МЕДпресс-информ.-2005.-120 с.

4. Хорошилкина Ф.Я. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение.- МИА: М., 2006 -544с.

5. Оразалин Ж.Б. Толеуов К.Т. Хирургиялық стоматология. Алматы, 1998. – 368 бет.

6. Кұлманбетов И.Э. Стоматология терминдершщ орысша - казакша түсіндірме сөздік/ И. Э. Кұлманбетов. - Алматы: Эверо, 2009. -100 б.

7. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 616 с.

8. Боровский Е.В. Кариес зубов: препарирование и пломбирование/ Е. В. Боровский. - М.: Стоматология, 2001. -144 с.

9. Курякина Н.В. Стоматология детского возраста: учебник/ Н. В. Курякина. - М.: МИА, 2006,2007.-632 с.
1   2   3   4   5


написать администратору сайта