Главная страница
Навигация по странице:

  • Көрнекі құралдар

  • Білім алушы істей білуі тиіс

  • Гранулоциттер Агранулоциттер

  • Қан топтары Топтар

  • АВ(IV) АВ жоқ

  • Донордың қан тобы Реципиенттің қан тобы 0 (I)

  • В(III) - - + +

  • №13. Қан. Тәжірибелік сабақ стандарты. Тжірибелік саба 13. Таырып анны рамы. анны юы, сатылары. ан топтары жне резус фактор.ан ю Мамандыы Емдеу ісі


    Скачать 15.62 Kb.
    НазваниеТжірибелік саба 13. Таырып анны рамы. анны юы, сатылары. ан топтары жне резус фактор.ан ю Мамандыы Емдеу ісі
    Дата28.01.2022
    Размер15.62 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№13. Қан. Тәжірибелік сабақ стандарты.docx
    ТипДокументы
    #344447

    Тәжірибелік сабақ №13.

    Тақырып: Қанның құрамы. Қанның ұюы, сатылары. Қан топтары және резус фактор.Қан құю

    Мамандығы «Емдеу ісі»

    Сабақтың мақсаты:

    Оқушылар теория сабағында алған білімдерін тәжірибе сабағында көрнекі құралдарды пайдаланып, одан әрі жетілдіру. Көрнекі құралдардан қан түйіршіктері мен плазманың құрамын көрсетіп, қызметтерін айта білу. Гемолиздің түрлерін көрсетіп айту. Иммунитет түрлерін, қан топтарын кесте түрінде сызып, қанның ұюы сатыларын көрсетіп, айта білу. Қан құю, резус факторды айта білу.

    Көрнекі құралдар: Адам торсы, плакаттар, слайдтар, таблицалар.

    Білім алушы білуі тиіс:

    -қан қызметтерін;

    -қанның физикалық-химиялық қасиеттерін;

    -қан плазмасының құрамын;

    -қан түйіршіктерінің құрылысын, қызметін білу;

    -эритроциттердің құрылысы, қызметтерін;

    -лейкоциттердің құрылысын, түрлерін, қызметтерін;

    -лейкоцитарлық формуланы;

    -эритроциттердің тұну жылдамдығын;

    -гемолиз және оның түрлерін;

    -иммунитеттің түрлерін білу;

    -қанның ұюы сатыларын ;

    -қанның ұйыту және ұйытуға қарсы жүйелері туралы түсінікті;

    - қан топтарын, құрамын;

    -қан құюды;

    -резус факторды, резус сәйкессіздік туралы білу;
    Білім алушы істей білуі тиіс:

    -қанның физикалық-химиялық қасиетін білу;

    -қанның құрамы және қасиеттерін;

    -қан плазмасының құрамын ажырата білу;

    -қан түйіршіктерінің құрылысын, қызметін айта білу;

    -гемоглобиннің құрылысын, қызметін, қалыпты жағдайдағы мөлшерін айта білу;

    -лейкоцитарлық формуланы сызып, лейкоциттің түрлерін ажыратып, айта білу;

    -эритроциттердің тұну жылдамдығын айта білу;

    -гемолиз және оның түрлерін, айта білу;

    -иммунитеттің түрлерін айта білу;

    -қанның ұю сатыларын сызып, көрсете білу;

    -қан топтарын кесте түрінде сызып,ажырата білу;

    - резус-факторды, резус сәйкессіздікті ажырата білу;

    -қан құюды кесте түрінде сызып, айта білу;
    Лейкоцитарлық формула

    Гранулоциттер

    Агранулоциттер

    Лейко-

    циттер

    1 мкл-де

    Эозино-фильдер,%

    Базо-

    фильдер,%

    Нейтрофильдер, 60-70%

    Лимфо-

    циттер, %

    Моно-циттер, %

    Балғын

    Таяқша

    ядролы

    Сегмент

    ядролы


    4000-9000


    1-4


    0- 0,5


    0-1


    2-5


    55-68


    25-30


    6-8



    Қанның ұю сатылары
    1 саты: тромбопластин негізі+Са²+плазма факторлары тромбопластин;

    2 -саты: тромбопластин+ Са²+протромбин тромбин;

    3 -саты:тромбин+фибриноген фибрин.

    Қан топтары

    Топтар

    Агглютиногендер (эритроциттерде болады)

    Агглютининдер

    (плазмада болады)

    0 (I)

    жоқ

    α және β

    А(II)

    А

    β

    В(III)

    В

    α

    АВ(IV)

    АВ

    жоқ



    1 топ қаны-46 %, 2 топ -42 %, 3-топ -9%, - топ-3 % құрайды

    Қан құю


    Донордың қан тобы

    Реципиенттің қан тобы

    0 (I)

    А(II)

    В(III)

    АВ(IV)

    0 (I)

    +

    +

    +

    +

    А(II)

    -

    +

    -

    +

    В(III)

    -

    -

    +

    +

    АВ(IV)

    -

    -

    -

    +



    - агглютинация (эритроциттердің желімделуі), құюға болмайды. Аттас аггютиногендер мен агглютининдер кездескенде эритроциттердің агглютинациясы пайда болады.


    написать администратору сайта