әдістер. Төнкерілген тышқандар. Ткерілген тышандар деби мтін
Скачать 17.95 Kb.
|
3 тапсырма Төңкерілген тышқандар Әдеби мәтін Ертеде Өркен атты адам өмір сүріпті, ол 87 жаста болған еді. Өмір бойы сабырлы және ымырашыл адам болатын. Ол өте кедей және сонымен қатар өте бақытты болған еді. Өркен үйінің ішінен тышқандарды байқаған кезде еш қамықпады. Бірақ тышқандар көбейе берді. Бұл оны ызаландыра бастады. Олар көбейе берді- көбейе берді, ақыры, Өркеннің шыдамы таусылды. «Бұлай болмайды. Бұл өте ұзақ жалғасып кетті», - деп ойлайды. Өркен дүкенге жүгіріп барып, тышқан қақпанын, ірімшік және желім сатып алды. Үйге оралған соң, тышқан қақпаның астына желім жағып төбеге жапсырып қойды. Содан соң ішіне ішіне ірімшік салып қойды. Сол түнде, тышқандар індерінен шығып, төбеде жапсырылып тұрған тышқан қақпанын көріп, жай ғана әзіл деп ойлап қалды. Олар еденде серуендеп жүріп, бірін-бірі итеріп, төбені көрсетіп қатты дауыстап қарқылдады. Ақыры, тышқан қақпанын төбеге жапсырып қою орынсыз болды. Таңертен Өркен төменге түскенде, тышқан қақпанында ештеңе жоқ екенін көрді. Сосын орындықтың аяқтарына желім жағып, төңкеріп, тышқан қақпаның жанына төбеге жапсырып қойды. Дәл осылай, үстелді, теледидарды және шамды да жапсырып қойды. Ол еденде тұрғанның барлығын төңкеріп, төбеге жапсырып қойды. Өркен тіпті кілемді де жапсырып қойды. Келесі түні, тышқандар інінен шыққаннан кейін, бұған қарап күліп, әзілдеп жүріп еді, енді төбеге қарап тынышталып қалды. «О, құдай-ау! Қараңдар еден ана жақта!»деп біреуі айқайлап жіберді. «О, тәңірім! Біз төбеге салбырап тұрған шығармыз!», - деп екіншісі айқайлады. «Менің басым айналып кетті», - деді үшіншісі. «Менің басыма қан құйылып кетті», - деді тағы біреуі. «Бұл сұмдық қой! Дереу бірдеме істеуіміз керек!», - деді ұзын мұртты кәрі тышқан. «Егер тағы біраз басыммен тұратын болсам, есімнен танып қалам!»деді жас тышқан. «Мен де!» «Мен бұған шыдамаймын!» «Біреуіңіз көмектесіңіздер. Тезірек!» Тышқандар естері шықты. «Мен не істеу керектігін білемін, біз барлығымыз басымызбен тұрамыз да, барлығы өз орнына келеді», - деді кәрі тышқан. Барлық тышқандар келісіп басымен тұрды, біраз уақыттан кейін, бірінен кейін бірі миына қан құйылудан естерінен тана бастады. Келесі күні, таңертен Өркен төменге түскенде, тышқан толы еденді көрді. Тышқандарды жинап себетке салып қойды. Сөйтіп, мынаны есте сақтау керек: қаншалықты дүниені төңкеріліп жатқандай болып көрінсе де сіз жерде нық тұрғаныңызға сенімді болуыңыз керек. «Төңкерілген тышқандар» мәтіні бойынша сұрақтар Неліктен Өркен тышқандарды құртқысы келді? А. Ол әрқашан да тышқандарды жек көретін В. Олар тым көбейіп кетті С. Олар тым қатты күлетін D. Олар бүкіл ірімшікті жеп қойды 2. Өркен тышқан қақпанын қайда орнатып қойды? А. Себетке В. Тышқан індерінің жанына С. Орындықтардың астына D. Төбеге 3. Неліктен бірінші түні тышқандар індерінен шыққаннан кейін, бірін-бірі итеріп, төбені көрсетті? А. Төбеден орындықты көріп қалды В. Өркенді ақылсыз деп есептеді С. Олар тышқан қапанындағы ірімшікті алғысы келді D. Олар көргенінен шошып кетті 4. Неліктен Өркен тышқан қақпанында тышқандарды таппағаннан кейін жымиды? Ол тышқандардың ақылды екен деп бір айла ойлады 5. Өркен орындықты төбеге жапсырып қойғаннан кейін не істейді? А. Жымиды да, үндеген жоқ В. Тышқан қақпандарын сатып алды С. Барлығын төбеге жапсырып қойды D. тышқандарға ірімшік берді 6. Келесі түні тышқандар қайда екенін білмей не істеді? Тышқандар қайда тұрғаны жайлы не шешті?Олар төбеде төңкеріліп тұрмыз деп ойлады 7. Екінші түнде тышқандардың абыржығанын растайтын сөйлемдердің бірін тауып, жазыңыз. О тәңірім біз төбеде салбырап тұрған шығармыз 8. Болып жатқан жайтты түсінбей қалған тышқандар әңгімеде қалай бейнеленген? А. Өркеннің тышқандар жайлы ойын әңгімелей отырып В. Тышқандардың қайда тіршілік еткенін сипаттай отырып С.тышқандар бір-біріне не айтқанын әңгімелей отырып D. тышқандардың кімге ұқсайтынын сипаттай отырып 9. Неліктен келесі таңда еден тышқандарға толы болды? А.Тышқандар тым көп уақыт басында тұр В.Өркен тышқандарға тым көп ірімшік берді С.Тышқандар төбеден құлап қалды D. Өркен еденге желім жағып қойды 10. Өркен тышқандарды еденнен жинап алып, қайда салып қойды? Оларды себетке салып қойды 11.Тышқандарды алдау жеңіл болды ма? Жеңіл екені жайлы бір себеп және жеңіл емес екені жайлы бір себеп жазыңыз. Себебі ол тышқан қақпанын төбеге іліп қойды.сосын ол отырғыш пен барлық жихазды төбеге жабыстырып қойды 12. Сіз Өркенды іс-қимылынан таныдыңыз. Оған сипаттама беріп, екі дәлелдейтін мысалды келтіріңіз айлакер,қу,сабырлылау.ол барлық жихазды төбеге жабыстырып қойды да тышқандардыалдады 13.Қай сөздер әңгімені нақтырақ сипаттайды? А.байыпты және мұңды В.Қорқытатын және толқытатын С.қызықты және ақылды D. толқытатын және жұмбақ 14. Өркен мен тышқандардың әрекеттері жайлы ойланыңыз. Әңгіменің ақылға сыймайтынын түсіндіріңіз. Себебі онда тышқандар бәрін түсінет сөйлеп күле алады және жихаздарды төбеге жабыстырып қою мүмкін емес |