Главная страница

Амантай. Тлалы асиеттер ш дрежеде болады


Скачать 56.97 Kb.
НазваниеТлалы асиеттер ш дрежеде болады
Дата22.04.2022
Размер56.97 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАмантай.docx
ТипДокументы
#491219

 Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен  өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.

 

 

 

Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:

1. Әрбір  адам ең алдымен адамзат қауымының  мүшесі ретінде шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы қасиеттерді иелену. Олардың қатарына: қуану, қайыру, болжамдық, елді сүю, арамдық –зұлымдарға, әділетсіздіктерге, әділеттікке және т.б. көптеген рухани-психологиялық қасиеттер жатды.

2. Әр  адамның физикалық ерекшеліктерінен  жоғары жүйке жүйесінің қызметінен  туындайтын және тек өз басына  тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім  көрінісінде, темперментінде, қимыл  мен жүріс тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.

3. Адам  белгілі бір елде, рухани дәстүрде  белгілі дәрежеде жеткен материалдық  және рухани мәдениет жемістерін  сусындап өседі. Сол дәуірдің  тарихи ортаның жемісі осының бәрі адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады.   

 Тұлғаны  анықтайтындар қатарыны: нені және  қалай білетіндігі, нені және  оны қалай бағатыны, нені және  оны қалай жандандырады, кіммен  және қалай қатынас жасайтыны,  оның көркемдік қажеттілігі жән оны қалай қанағаттандыратындығына байланысты.

Ең  негізгісі өзінің әрекетіне, шешіміне, тағдырына деген жауапкершілігіне сай өлшемі тұлғаны толық көрсетеді.

Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен  көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент,  қабілет,  мінез.

Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі  реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға  мен организм бірлікте қарастырылады.

Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құрылымы.   

 Тұлға  құрылымын К.К.Платонов төрт құрылымшадан  тұратынын белгіледі:   

1) Тұлға бағыты мен қатынасындағы  құрылымша: ниет, қызығушылық, бейімділік, идеялары, көзқарас,  дүниетанымы, сенімі, құштарлығы жатады.   

2) Тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесі. Оған адамның білімі, дағдысы, білігі мен әдеті жатады.    

3) Адамның  психикалық процестердегі жеке  ерекшелігі – яғни, ес, қабылдау, түйсіну, ойлау, қабілеттерінің жеке көріністері.    

4) Құрылымшадағы биологиялық негізділік – тұлғаның типологиялық,жас ерекшеліктік, жыныстық  өзгешеліктері енеді.    

 Платонов  пікірінше, құрылым құрылымшаларының  өзіндік үлес салмақтары бар.  Биологиялық,психологиялық процесс,әлеуметтік  тәжірибе сияқты үш құрылымша  жалпы психологияға топталған,тек  бағыттылық қана әлеуметтік психология үлесіне қалған.

А.Н.Сухов, А.А. Деркач тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құрылымына мыналарды, жатқызды:

  • ментальдық, құнды-мәнділік өрісі, себептілік өрісі (бағыттылық, өмірлік мақсат, жоспар, өмірлік жол);

  • когнитивтік сипат (әлем суреті); 

  • «Мен сипаты» («Мен» тұжырымы», «Мен – образы», өзіне қатынасы, өзін бағалауы);

  • тексеру локусы; 

  • тұлғаның статусты-рольдік сипаты; 

  • тұлғаның эмоциональді психикалық күйі мен әлеуметтік сезімі.

Осылардың кейбірін ғана қарастырайық.  

 «Мен» - бұл тіл мен ойлау негізінде қарым-қатынаста қалыптасумен болатын тұлғаның өзіндік санасы.  

 «Мен-образ» - біздің өзіміз туралы біліміміз, өзіміз туралы не ойлайтынымыз.    

 Өзіндік  баға саналы сипатында өзін-өзі  сыйлау формасы болады. Өзіндік  баға шындыққа сай болғанда «Мен-образ» өзін-өзі бекіту мен өзіндік жетілуге жақын болады. Имидж – бұл «Мен-сырты»: адамның өзін сыртқа көрсетуі, айналасындағыларға қандай әсер қалдыруы. 

 Тексеру локусын (латынша Lokus – орын) американ ғалымы Д.Роттер ұсынған. Мұны түсінудің екі типі бар. Олар:интернальді және экстремальді .Интернальді типтегі адам өз ісінің нәтижесі жеке сапалығы: жетік білушілік, мақсатқа талпынушылық, жеке қабілеттілікке байланыстылығына сенімд. Экстремальді типтегілер – жеңісі (сәтсіздігі) сыртқы күш көмегі немесе айналадағылардың қысымы деп есептейтіндер.  

 Тексеру  локусы ерекше жеке сипаттама  болып табылады. Нәтижесінде адам  әлеуметтік проблемаларды дұрыс  құбылыс ретінде қарап, оған  бейімделеді немесе керісінше  де болады. Әлеуметтену мазмұнын  бағалағанда, тұлғаның нақты жағдайға бейімделуімен емес, өркениет пен мәдениет, жалпы адамзаттық образбен өмір сүру сияқты әлемдік стандартпен қараған жөн.

Тұлғаның әлеуметтік психологиялық  типологиясы.  

 Американ  психологы А.Маслоу өзінің «Мен»  өзін жүзеге асыру `(самоактуализация) жөнінде» деген еңбегінде адамның өзгелерге қатынасы жөнінде былай деп жазған: «Өзгеге өзіңе қарағандай қара, ал екінші өзін айналаны қалай қабылдаса, өзгені солай қабылдайды».  

 Американ  ғалымы Э.Шостром А.Маслоудың бірінші типтегі адамын – актуализатор, екінші типті - манипулятор деп атайды. Осы екі типті зерттей отырып, актуализатор типін - әділ, ашық, қызығушылығы тұрақты, өзіне сенімді десе; манипулятор типі – адамдармен қатынас жасағанда барынша бетпердешіл екі жүзді, өзгелерге немқұрайлықпен қарайтын және т.б. деп есептейді.  

 Манипуляторларды  салыстыра отырып, олардың арасындағы  айырмашылықтарды өзіне және  өзгелерге қатынасын, негізгісі  күнделікті өмірдегі мінез көріністеріне  байланыстыдеп көрсетеді. Э.Шостром  манипулятордың сегіз түрін анықтайды:

 Тұлғаны әлеуметтік-психологиялық  талдауда Юнганың типологиясы: экстровертті жәнеинтровертті түрлері ерекше маңызға ие. Бұл типтерді толықтыру мақстында психикалық төрт процесті: ойлау, эмоция, түйсік, интуиция қатысымен төрт түрі ішінара бөлді. Оларды: ойлағыштық, эмоциональдық, түйсінушілік, интуитивтік тип деп төртке бөлді.    

 Э.Шпрангер өмірлік құндылықтарына байланысты тұлғаның алты түрін:теориялық, экономикалық, эстетикалық, әлеуметтік, саяси, діни деп қарастырды.    

 Американ психологы Хорни адамның басқа адамдармен қарым-қатынасына қарай тұлғаның үш типін қарастырды:

  1. Үйірсек тип;

  2. Агрессивті тип;

  3. Жатырқаушы тип.

 

 Үйірсек тип – сүйікті, сыйлы болу мен қамқорлықта болу үшін қарым-қатынасқа жоғарғы қажеттілікке ие және өзгелер бағасына «мені сүйер ме екен, маған қамқорлығы қандай болар екен?» деуші тип.                                 

 Агрессивті тип - өзгелерге қатынасын мақсатқа жету құралы ретін құру тән. Мұндай адамдар үстем болуда қарсылықты қаламайды, өзге адамды «маған көмектесіп, пайдасы тиеді ме?» деген тұрғыдан ғана қарайды.       

Жатырқаушы  тип – мұндай типтегі адамдар эмоциональді келеді. Олар топтық іс-әрекетке қатысқанды қаламайды, қарым-қатынасқа қауіппен, жамандықтан құтыла алмайсың деп өзгелермен қарым-қатынасын дистанцияда ұстауды қалайтындар. Егер біреумен кездесе қалса «мені жайыма қалдыра ма екен?» деген өзіне сұрақ қоятындар.     

Норакидзе адамның мінезі мен ішкі себептер сәйкестігіне қарай тұлғаны үш типке бөледі:

  1. Гормониялық тұлға;

  2. Конфликтілі,қайшылықты тұлға;

  3. Импульсивті тұлға.

 

    Гормониялық  тұлға – мінезі мен ішкі мотивтері: ниет, моральдық принциптер, борыштық сезім, нақты мінездері арасында дау-дамайы жоқ, үйлесімді тұлға. Әлеуметті бағдарланған және адекватты.    

Конфликтілі, қайшылықты тұлға – мінезі мен себептер арасында қайшылығы бар, ниетіне іс-әрекеті, іс-әрекетіне ниеті үйлеспейтін адам.   

 Импульсивті тұлға – тек өз ниетіне байланысты ғана әрекет ететін, егер ниеті болмаса, іштей әсер етуге лайықты. Мұндай адамдар екі жүзділікпен өзін боямалап, іскер, ымырашыл, дербес етіп көрсетуі де мүмкін.  

Әлеуметтенудің әлеуметтік психологиялық  аспектісі. 

    Әлеуметтік психологияда әлеуметтенудің қысаң және кең түсіндіру тұрғылары қалыптасқан. Б.Д.Парыгин пікірінше,әлеуметтенуді қысаң түрде түсіну – бұл әлеуметтік ортаға ену,онда бейімделу; әлеуметтенуді кең түрде түсіну – филогенез,тарихи процесс.  

 Әлеуметтенудің  мазмұнына ұқсас басқа да түсініктер  бар. Олар: «тәрбие» мен «адаптация».    

Тәрбие – стихиялы процесс,әлеметтену одан кеңірек.    

Адаптация – бейімделу, әлеуметтенудің құрамдас бөлімі, механизмі іспеттес.   

 Адаптацияның  екі түрін: психофизиологиялық  және әлеуметтік психологиялық  деп ажыратуға болады.   

Әлеуметтік  психологиялық адаптация – жаңа әлеуметтік ситуацияға енгендегі өзінің тұлғалық ролін меңгеруі. Әлеуметтік психологиялық адаптация нәтижесіне қарай позитивті, негативті болып, ал механизміне қарай ерікті ,еріксіз болып бөлінеді.  

  Әлеуметтік психологиялық адаптация бірнеше кезеңде жойылады: 

 Әрбір әлеуметтік роль өзі көптеген мінездің мәдени нормалары, ережелері, стереотиптерін ендіреді. Өмір сүру барысында әлеуметтік рольдің біреуін ғана емес, бірнешеуін немесе көптеген әлеуметтік рольдерді жастық және қызметтік баспалдаққа байланысты меңгеруге тура келеді.      

 Әлеуметтену мазмұнына қарай екі жақты процесс. Бір жағында әлеуметтік тарихи тәжірибелер, символдар, құндылықтар, нормалар жатыр. Екінші жағында оны индивидтің меңгеру, интериоризациясыжатыр.      

 Интериоризация – бұл қоғамдық өмір сыртқы формасындағы процестердің сананың ішкі процесіне ауысуымен:талдап қорыту, вербалдану, ары қарай даму қабілеті.    

Мен-құрылымы әлеуметтік хабарларды қалай өңдейтінімізге қатты әсер етеді. Бұл  өзімізді және өзгелерді қалай қабылдауымыз жадымызды  сақтауымыз және оларды бағалауға ықпал  етеді. Егер студент  болу  Мен –тұжырымның орталық бөлігі болып есептелінсе, онда біз «студенттік» дағдыларды меңгереміз. Кезеңге тән білім, білікті өзімізде және өзгелердегі деңгейін белгілеп, байқаймыз, бағалаймыз. Біз өз кезегінде студенттік өмірге байланысты барлық жаңалықтар  мен хабарларды жинақтап отырамыз. Яғни, бұл біздің  Мен-құрылымға сол уақыттағы мұратына лайық келеді. Мен –құрылымы мынадай өзіне  тән қасиетерді жинақтайды.

  1. Өзіне деген сенімнің болуы;

  2. Өзіне тән қатысты хабарларды ұйымдастыру  және оны ауысып  отыруға бағыттау;

Мен–құрылымы  өзіне қатысты хабарлар мен тәжірибелерді  жинақтап, реттеп отыруды Осы тұрғыдан келгенде кітапханашының кталогтарды  жинақтауына және қайта реттеп отырушы  ретіндегі қызметіне теңейді. Дьюннің  психикалық ондық жүйесі ретінде  қарастырға  болады.

Сервантес «Назидательные новелла» атты еңбегінде  адам-шыны ол мөлдір, нәзік, әрі оның   құрылымынан дүниені тануға балады деп көрсетеді.


написать администратору сайта