Тыныс алу. Тмау оздырыштары
Скачать 32.19 Kb.
|
Тұмау қоздырғыштары Тұмау кең тараған тыныс жолының инфекциялық ауруы. Тұмау қоздырғыштары Orthomyxoviridae туыстығына жатады. Олар жоғары тыныс жолдарының кілегей қабатын мекендейді. Бұл туыстыққа адамдарда, жануарларда, құстарда ауру қоздыратын вирустар жатады. Морфология. Тұмау вирионының құрылымы күрделі. Оның құрамында бір жіпшеден тұратын РНК, спираль тәрізді нуклеокапсид жэне липидкөмірсутек протеинді қорғаныс қабықшасы болады. Вириондар жіпше тәрізді, қабықшасында шығып тұрған пепломерлері бар. РНК қожайын клеткасының ядросында синтезделеді (жинақталады). Вирустың белоктары цитоплазмада синтезделеді. Вирионның қалыптасуы клетка қабықшасының жанында болады. Культивирлеу. Тұмау вирусы тауық эмбрионында жақсы көбейеді. Сонымен қатар маймылдың бүйрек клеткасында және адамның эмбрионында культивирлеуге болады. Антигендік құрылымы. Тұмау вирусының S - антигені бар, ол А, В, С типтерге бөлінеді. А вирусында сонымен қатар тағы 2 антиген бар: 1. Гемаглютинин, 2. Нейраминидаза; Гемаглютининнің 4 түрі бар: Н 0, Н 1, Н 2, Н 3. Нейраминидазаның 2 түрі бар: N 1, N 2. Қоршаған орта факторына төзімділігі. 65 градус температура тұмау вирусын 5 - 10 минуттан кейін өлтіреді. 50 градус температурада өзінің инфекциялық қасиетін жояды. Бөлме температурасында бірнеше сағаттан кейін белсенділігі төмендейді. Қышқылды, сілтілі ортада, дезинфекциялаушы ерітінділерде бірден өледі. Ультракүлгін сәулесіне, ультрадыбыс әсеріне өте сезімтал. Глицерин әсеріне төзімді, онда бірнеше айға дейін сақталады,. Жануарлар қабылдаушылығы. Үй жануарлары эпидемия кезінде вирусқа икемді келеді, бірақ эпидемиялық маңызы жоқ. Тәжірибелік жануарлардан ақ тышқандар, күзендер сезімтал. Инфекция көзі. Ауру адам. Таралу жолы. Ауа - тамшылары. Патогенезі. Вирус жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабатына түсіп, агзаға енеді, қанға тарайды. Кілегей қабатта вирус клеткілерді өлтіреді. Бұл екінші инфекцияның қоздырғыштарының енуіне жағдай жасайды: пневмония, бронхит, т.б. Жоғары тыныс жолдарын мекендейтін бактериялар белсеніп, аутоинфекция пайда болады. Сонымен қатар вирус созылмалы ауруларды қоздырады. Мысалы: туберкулез, т.б. Иммунитет. Вирус нейтралдайтын антигемагглютинин арқылы құралады. Ағзаның қорғанысы сонымен қатар қансарысуындағы интерферон арқылы да болады. Алдын - алу шаралары. Ауруды оқшаулау, бөлмені желдету, ылғалды жинау, салқын тиюден сақтану, т.б. Арнайы алдын - алу шаралары. Тұмауға қарсы вакцина қолдану. Сонымен қатар интерферон, оксалин майы. Емі. Ремантадин, антибиотиктерасқынуға қарсы. Вирусологиялық диагностика. Зерттеу мақсаты. Вирусты және оның типін анықтау, қансарысуда қарсыденелерді анықтау. Зерттеу материалы. 1. қан 2. мұрын жұтқыншақ ішіндегісі. Негізгі зерттеу әдістері: 1. Тауық эмбрионында мұрын жұтқыншақ ішіндегісін культивирлеу; 2. Риноцитоскопиялық зерттеу; 3. Иммунофлюоресценция; 4. Серологиялық зерттеу. ТҰМАУ ГРИП Тұмау - шақыралатын ауру тез жұғатын тез таралатын жұқпалы ауру. Ерте заманда әрбір жылда аурудың үлкен пандемиялары болған. 1918-1920 жылдары тұмаудың өте ауыр пандемиясы (Испанка) болып, одан милиион адам қайтыс болған. Этиологиясы-қоздығышы. Аурудың қоздырғышы вирус оны жылы ағылшын ғалымы Шоуп Р шошқадан ашқан. Ал Ленинградта орыс ғалымы Смородинцев А.А Мәскеуде Зильбер Л.А вирусты ауру адамның бойынан тапқан. Бүгінгі таңда ауру вирустарының 3 түрі белгілі А.В және С.А вирусының А.А1, А2ТҮРЛЕРІ бар. Себебі «А» вирусы өте өзгергіш, әрбір 2-3 жыл сайын өзгеріп отырады, сондықтан бүрқ етпелер, індеттер «А» вирусына байланысты болады. В,С вирусымен шақырылатын аурулар бірен – саран кездеседі.Вирустар төменгі температураға өте төзімді, қайнатқанда бірден өледі, сыртқы ортада төзімсіз келеді. Әсіресе тік түскен күн сәулесінің әсерінен бірнеше минутта өледі, зарарсыздандыру ерітінділерінің әсерінен сезімтал. Эпидимиология – аурудың көзі. Ауру көзі ауру адам. Ең жұқпалы кезеңі - бастапқы кезең. Вирус ауру жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде майда сілекей тамшыларымен бөлінеді. Адамға ауру арқылы жұғады, кейде сүлгі, ыдыс, ойыншықтары арқылы жа жұғуы мүмкін. Тұмау індетке бейім ауру. Ауру мезгілі-қыс айлары, аурумен көбінесе жас балалар және қарт адамдар ауырады. Иммунететі қысқа вирустың сол түріне ғана пайда болады . Патогенезі аурудың дамуы. Вирус тыныс алу жолдары арқылы еніп, тыныс алу жолдарының шырышты қабатындағы эпителия жасушалары зақымданып, домбығып, кейде жасушалар өледі, қабыну процестері пайда болады. Қан тамырларының өткізгіштігі өседі, сондықттан қан кету қан ағуы мүмкін. Вирус қанға өтіп орталық жүйке жүйесіне, жүрек-қан тамырлана, эндокриндік жүйеге әсерін тигізіп, зат алмасу процесін бұзады. Тұмауратқан кезде адамның иммунеті төмендейді, сондықтан созылмалы ауруларды да қоздырады және қосымша аурулардың пайда болуыда мүмкін. Клиникалық белгілері. Жасырын кезең белгілері қамтиды, яғни не бәрі 1-2 күн. Ауру жедел басалады, науқас қалтырайды, дене қызуы тез көтеріледі 38-39-40 . Басы қатты ауырады, әсіресе маңдайы, қабағының үсті, көзі ауырады. Ауру жөтеліп, тамағы қырылдап, мұрнымен дұрыс дем ала алмайды, әлсіздік болады. Бұлшық еттері ауырып, буындары сырқырайды. Катаральдық белгілері кейіннен пайда болады. Ауру жөтеледі, түшкіреді, мұрнынан су ағады. Ауруды қарағанда беті, көзі, мойны, тамағы қызырып, жарыққа дұрыс қарай алмайды, аузы мұрнына ұшық шығады, кейде мұрнынан қан кетеді. Асқынуы. Аурулардың асқынуына байланысты: өкпе қабынуы, отит, синусит, гаймарит, минингит, менингоэнцефалит сияқты аурулар пайда болады. Диагноз қою. Эпидемологиялық анамнезді жинау Клиникалық белгілеріне қарау Зертханалық нақтама зерттеулер жүргізу. Ауыз-мұрын қуысынан жағынды алып ломинесцентті микроскоппен тексереді. Серологиялық зерттеуде қан алып РТГА, РСК реакциялары қойылады. Емдеу. Вирусқа қарсы ем жоқ. Жас балалары, қарт адамдарды және аурудың ауыр түрінде ауруханаға жатқызамыз. Ауруға төсек тәртібі тағайындалады. Көп мөлшерде жылы сұйықтар беріледі, шәйді балмен, қарақат т.б жемістердің қант қосындысын қосып ішу керек. Сонымен қатар ыстық сүтті де, әр түрлі шөптің тұндырмаларында ішуге болады. Ауруға қары берілетін дәрілерде: римонтадин, антигриппин немесе парацетамол, аспирин, интерферон, оксоцилин майы, оскарбин қышқылы ( С дәрумені), рутин, демодрол жөтелдің дәрісі, мұрынға тамызатын дәрілер. Қыша қағазын қою сияқты емдер қолданылады. Аурудың асқынған түрінде антибиотиктер беріледі, көк тамырға сұйықтар құйылады. Науқасты күту шаралары. Науқасты бөлек жылы, күн түсетін, желдетілетін бөлмеге жатқызу керек. Бөлме күніне 4-6 рет желдетіліп тұру керек, бірақ ауруға суық тигізуге болмайды. Аурудың өрбуінде әр түрлі асқынулар ( өкпе қабынуы мидың өкпенің ісінуі) болуы мүмкін, сондықтан аурудың жағдайын үнемі бақылап, дене қызуын өлшеп, қан қысымын анықтап тұру керек . Науқасты күтушілер 4 қабатты бет перде киюлері керек және оны 3-4 сағат сайын ауыстырып отырады. Күнделікті зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Науқастың қақырығына 1:5 мөлшеріндей 1 сағат хлорлы әк ұнтағы салынады. Ақ жайма, басқа киімдер, сүлгілерін 1-2% тамақ содасымен 15 минут қайнатады. Ыдыс аяқтар қайнатылады. Ылғалды тазаланулар тәуліне кем дегенде 2 рет 0,5% хлорлы әкпен хлорамин ерітіндісімен жүргізіледі. Алдын алу шаралары. Тұмаудыың эпидемиясының алдында егу жұмысын жүргізі. Ауруды дер кезінде оңашалап, емдеу. Халықтың санитарлық - гигиеналық мәдениетін үнемі көтеріп отыру. Дене шынықтырумен айналысу, дәрумендерді пайдаланып, жемістер жеу . ПАРАГРИПП Парагрипп - тұмауға ұқсас ауру. Парагрипп - жедел респираторлы ауру. Ауырған кезде науқастың дене қызуы көтеріледі, улану белгілері аздап байқалады, көмекей мен бронхы зақымданады. Этиология – қоздырғышы. Вирустың 4 түрі белгілі, олар сыртқы ортада төзімсіз, төменгі температурада жақсы сақталады. Эпидемиология - аурудың көзі. Ауру көзі - ауру адам. Таралу жолы - ауа арқылы, ауру суық кездерде пайда болады. Патогенезі - аурудың дамуы. Қоздырғыш жоғарғы тыныс алу жолдары арқылы мұрынға, көмекейге еніп, ауру бронхқа, бронхиолдарға тарайды, кейде бронхит өкпе қабынуына әкеліп соғады. Жас балаларда көмекей шырышты қабатының ісінуіне байланысты көмекейге сөл жиналады. Оған қоса көмекейдің жиырылуына байланысты жедел жиырылатын ларингит (ложный круп) пайда болып, тыныс жетіспеушілігі туындайды. Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі - 2-7 күн. Ауру қарт адамдарда катаралдық белгілермен сипатталады. Науқас кезінде дене қызуы 38ºС көтеріледі. Улану белгілері төмен болады, катаралдық белгілері басым келеді, тамағы тырнап ауырып, мұрны бітіп жөтеліп, мұрны қабынады (ринит). Тамағы қызарып, ісінеді. Дене қызуы 3-5 күн бойы көтеріледі. Жас балалардың көбінесе көмекейі (гортань) қабынады. Науқастың дауысы дұрыс шықпай, құрғақ "үру" жөтелі болады, науқас ентігеді, мазасызданады, жылайды, беті қызарады мұрын-ерін үшбұрышы көгереді. Бұл кезде балаға жедел көмек берілу керек, яғни тез ауруханаға жатқызылады. Себебі мұндай жағдайда өліп кетуі мүмкін. Қосымша ауру қосылса, науқастың жағдайы нашарлайды, дене қызуы көтеріледі, улану белгілері өрістейді. Диагноз қою, емдеу, алдын алу жұмыстары тұмау сияқты. АДЕНОВИРУСТЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ Аденовирусты жұқпалы ауру - жедел вирусты ауру, ол тыныс алу жолдарының, көздің, лимфабездердің зақымдануымен сипатталады. Этиология – қоздырғышы. Адамнан вирустың 32 түрі бөлінген, антигендік құрылысымен өзгешеленеді. Вирустар сыртқы ортаға төзімсіз болып келеді. Эпидемиология - аурудың көзі. Ауру көзі - ауру адам. Таралу жолы - ауа арқылы. Кейде шаң - тозаң және тағам арқылы да жұғады. Бұл аурумен көбінесе балалар ауырады. Патогенезі - аурудың дамуы. Қоздырғыш жоғарғы тыныс алу жолдары арқылы енеді, кейде көздің шырышты қабығы арқылы да ауру жұғады. Вирус кілегейлі қабаттарда өсіп - өніп, оны қабындырады. Ішкі ағзаларды да зақымдайды. Иммундық жүйені бұзады, сондықтан қосымша аурудың қосылуы да мүмкін. Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі - 4 - 14 күнге дейін ал орташа кезең 5-7 күнді қамтиды. Ауру жедел катаралдық белгілерімен, улану белгілерімен сипатталады. Бірінші күннен бастап мұрыннан су ағады, тамағы ауырып, даусы өзгереді, көзі қызарып, көзінен жас ағады, жөтеледі, түшкіреді, тамағы қызарып, бездері ісініп, үстінде ақ қабат пайда болады. Лимфа бездері, бауыры, көк бауыры үлкейеді, іші ауырып, өтуі де мүмкін. Дене қызуы бір қалыпты немесе субфебрильді 38ºС көтеріледі, сәл басы ауырады, әлсіздік пайда болады, бұлшық еттері ауырып, тамаққа тәбеті төмендейді. Аурудың ұзаққа созылуы мүмкін. Кейде қосымша аурулар да қосылады. Диагноз қою, емдеу, алдын алу шаралары тұмау ауруларындағы сияқты. ҚАЛЫПТАН ТЫС ӨКПЕ ҚАБЫНУЫ - АТИПИЧНАЯ ПНЕВМОНИЯ (АП) SARS. Severe acute respiratory syndrome – жедел респираторлық ауруларының белгілері ( ТОРС – тяжелый острый респираторный синдром ). Бұл ауру өткен ғасырдың 30 - жылдарында зерттелген және Вьетнам соғысы кезінде анықталған. Қазіргі кезде 30 дан астам мемлекеттерде кездеседі. ( Оңтүстік Шығыс Азия, Канада, АҚШ, Оңтүстік Африка, Қытай, Жапония, Вьетнам, Сингапур). Этнология қоздырғышы. Коронавирус . Тұмау вирусынан төзімдірек. Әртүрлі зарарсыздандыру ерітінділеріне ( эфир, хлороформ, фенол, альдегид, формальдегид, 70% спирт , 56º С дейін қыздырғанда ) сезімтал . Вирустың бірнеше түрі бар: адамның, сиырдың және шошқаның . Эпидемиология - ауру көзі. Олар ауру адам, аурудан айыққандар, құстар, ірі қара малдар, шошқа, ит және т.б Таралу жолы- ауа- тамшылары, ауадағы шаң- тозаң. Сонымен қатар жанасу арқылы және су, тағам арқылы жұғады. Патогенезі - аурудың дамуы. Вирус тыныс алу жолдары мен асқорыту жолдарының эпителия жасушаларын зақымдайды. Жасушалардың өткізгіштігі жоғарылап, су - электролиттік алмасуы бұзылады. Жасушалар өліп, альвеол зақымданып, өкпе- ісінеді, ошақты және бөлікше өкпе қабынулары дамиды . Клиникалық белгілері. Ауру жедел басталып, науқастың дене қызуы 38ºС - қа тіпті одан да жоғары көтеріледі. Науқастың көңіл- күйі нашарлап, бұлшық еттері, басы ауырады, басы айналады, тамағы ауырып, тамағы қырнайды, мұрынмен дем ала алмай, тынысы тарылады, кеудесі ауырады. Науқас ентігеді, отыра алмайды, берілген емнің көмегі болмайды. Қатты құрғақ жөтел басталады және тыныс алу жетіспеушілігі пайда болады. Қан қысымы төмендейді. Жүрек қан- тамырларының жұмысы бұзылады. Өкпе жүрек жетіспеушілігі өлімге әкеледі . Диагноз қою: 1.Эпидемиологиялық анамнезді жинағанда( 10 күн бұрынғы басқа елдерде болғанын анықтау). 2.Клиникалық белгілеріне қарау. 3.Зертханалық нақтама зерттеулер жүргізу. Рентгендік вирусологиялық (электрондық, микроскоппен) зерттеулер. Серологиялық зерттеулер жүргізу (ПЦР, РЭМА, ИФА). Зерттеулер алынатын материалдар: қан, қақырық, нәжіс, бронх жағындысы , ауыз мұрын қуысының жағындысын арнайы зертханада тексереді . Емдеу. Вирусқа қарсы дәрілер: рибаверин, рибамидил, наферон, нитрон, озелтамивир, арбидол, ремантадин. Интерферон дәрілері: циклоферон, амиксин . Симптомдық ем: дене қызуын түсіретін, аналгетиктер, жөтелге қарсы дәрілер. Көк тамырға плазма салынады. Улану белгісіне қарсы сұйықтықтар: глюкоза, гемодез, калий препараттары, дәрумен емдері беріледі: гармондары- преднизалон тағайындалады. Антибактериалдық ем: (антибиотиктер цефалоспориндер, тетрациклин және т.б). Алдын алу шаралары. Арнайы алдын алу егу жұмысы жоқ. Иммунитетті көтеру, микроэлементтермен дәрумендерді қабылдау. Жедел турде адын алу жұмыстарын жүргізу. Жерімізге аурудың басқа елдерден енуіне жол бермеу үшін санитарлық бақылоу жұмыстарын жүргізу. Көліктерде зарарсыздандыру ережесін қатаң сақтау, сол жердегі қызметкерлерге арнайы нұсқаулар беру, олардың орындалуын қатаң қадағалау. Ауру ошағында індетке қарыс шаралар. 1.Науқасты ауруханаға жатқызу . 2.Ауаны тазартып, зарарсыздандың, сәулелендіру. 3.Науқаспен қарым - қатынаста болғандардың тізімін жасап, оларды - 10 күнде оңашалап, дене қызуын өлшеп тексеру керек. 4.Егер қарым - қатынаста болған адам шетелден келген болса және аурудың бірнеше белгісі байқалса, оны боксқа жатқызып, ауру көріністері пайда болған жағдайда оған ем жасау қажет . 5.Қарым - қатынаста болғандардың ауыз - қуысын, мұрнын 0,05% марганцовка ерітіндісімен тазалау, сүрту қажет. 6.Көзді 1% бор қышқылымен жуу немесе сумен жақсылап жуу керек. 7.Ауыз қуысын, тамақты қосымша 70% спиртпен немесе 0,05 % марганцовка ерітіндісімен сүртіп, 1% бор қышқылымен тазалаймыз. 8.Жедел алдын алуда рибавирин 8-12 мг\кг, әр 8 сағат сайын 7-10 күн беріледі. 9.Виразол, рибамидил, интерферон, реаферон, циклоферон, аминсин, биосурф беріледі. 10.Жеке бастың тазалығын сақтау, қолды жуу, зарарсыздандыру және шынықтыру жұмыстары жүргізіледі. 11.Осы ауруды жұқтыру қауіпі зор адамдар арасында болғанда эпидемиологиялық қаупі зор жерлердегі дәрігерлер арнайы оба ауруында киетін киімдерді киіп жұмыс істеулері керек . 12.Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу . |